Кұнды қағаздар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 18:36, курсовая работа

Описание

Қазақстанның орталықтанған – жоспарлы экономикадан нарықтықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде. Олар – меншік қатынастары; шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмі; олардың өзара қаржылық байланыстарының формалары; қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне мүдделілігінің дәрежесі.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАДА ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Бағалы қағаздар нарығының жалпы түсінігі 4-5
1.2 Бағалы қағаздардың түрлері 6-9
1.3 Мемлекеттегі бағалы қағаздар нарығының қызметі 10-13
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУЫ
2.1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының пайда болуы 14-15
2.2 Бағалы қағаздар нарығының даму жолдары 16-17
2.3 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының құқықтық негіздері.........................................................................................................17-18
3 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР. ҚОР БИРЖАСЫ
3.1 Бағалы қағаздар нарығының мамандары..............................................19
3.2 Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар.....................................................20
3.3 Қор биржасы және оның қызметі..................................................................21
3.4 Биржалық операциялар..............................................................................22-24
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………..….25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ………………………………………………26

Работа состоит из  1 файл

Bagila.doc

— 210.50 Кб (Скачать документ)

Стеллаж — бағалы қағаздар бойынша мерзімді мәміленің түрі, мұнда екі жақтың бірі (стеллажды сатып алушы) мәміле мерзімі басталғанда сатушы мен сатып алушы жағдайының бірін тандау құқына ие болады.  
Пролонгациялық мәміле — бағалы қағаздар бойынша жасалатын мәміленің бір түрі немесе бағалы қағаздар нарығының өсуіне қарай есеп айырысудың мерзімін кейінге қалдыру.

Репорт — мерзімді мәміленің түрі, мұнда бағалы қағаздың иесі (биржа іскері, екінші деңгейдегі банк) оларды белгілі бір уақыттан кейін жаңа, неғұрлым жоғары бағамен сатып алуға міндеттеніп, банкке сатады; сату бағасы мен сатып алу бағасының арасындағы айырма репорт деп аталады.  
Депорт — оған белгілі бір мерзімінен кейін төмен курспен кері сату шартымен бағалы қағаздарды сол күнгі курс бойынша сатып алу тән.  
Қор биржасы акционерлік қоғамдардың жұмысын қадағалап, оны көрсетіп отыратын анықтаушы тәрізді. Бағалы қағаздар курсының ұзақ уақыт бірқалыпты төмендеуі инвесторларға бұл қоғамда істің мәз емес екендігін көрсетіп, оған инвестиция салудың тежеп, тіпті бұл қоғамның акцияларын сата бастауды меңзейді.  
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Сонымен қазіргі Егемен Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының  алғашқы нұсқалары Кеңес Одағы  заңдарының негізінде пайда бола бастады. Бағалы қағаздар нарығы тек  әдеттегі тауар-ақша қатынастары және меншік қатынастары жағдайында дамуы  мүмкін. Мемлекеттік меншікті жаңа нарықтық қатынастарға сай өзгерту тек оны жекеменшіктендіру арқылы ғана іске асуы ең маңызды міндеті. Ондағы мақсаты - бағалы қағаздармен келісуге қатысушылардың заңды мүдделерімен құқығын сақтауды қамтамасыз ету. Мысалы, кейбір тауарларға немесе қызмет түрлеріне сұраныс өссе, онда соған сәйкес бағасы да өседі. Демек, оларды өндіруден пайда да өседі, сондықтан басқа салалардың бүгінгі сұранысы азайып, олардың экономикалқ тиімділігі кеміп, ондағы капитал өніміне сұраныс өсіп тұрған салаларға құйылады. Бағалы қағаздар осы механизмнің қызметін қамтамасыз ететін құрал. Олар уақытша бос капиталды сату-сатып алу арқылы тиімді өндіріске бағыттап отырады.

Бағалы қағаздарды шығаруды мемлекет органдары қатаң қадағалап  отырады. Оларды шығарушылардың барлығы Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі жағындағы бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияда тіркеуден өтіп, мемлекеттік тіркеу нөмірін алу қажет.

Тағыда айта кетерлік, бағалы қағаздар нарығының жұмысын  қамтамасыз етіп, оның міндетін атқаратын мамандар керек. Жалпы нарықта оларды делдалдар деп атайды. Ол жұмысқа баға белгілеп, қажетті хабарларды тарататын компьютерлік техниканы қажет етеді.

Қазақстан Республикасының  құқықтық негіздерінде бағалы қағаздар туралы түсініктер берілген. Сол құқықтық негіздері бойынша әр бағалы қағаздардың иемденушілері заңды сақтауы тиіс. «Бағалы қағаздар нарығы» тақырыбына курстық жобаны жазу себебім, Егемендік Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының дамуында ерекше орын алады. Бұл саладағы Г.С. Сейтқасымовтың, Ғ.Н. Шалғымбаева т.б. жазушы ғалымдардың үлесі зор.

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

 

1. Баян Көшенова «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары» Жалпы оқу құралы – Алматы 2000

2.  Кошенова Б. «Бағалы қағаздар нарығының заңдары». Алматы. 1999

3. Карагусов Р. Ценными бумаги и регулирование их обращения в РК. Алматы. 1995.

4. ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы. 1995.

5. Мәуленова С. С. “Экономикалық теория”. Алматы “Экономика” 2004ж. 43-48 б.

6. Мейірбеков А. Қ., Әлімбетов Қ. Ә. “Кәсіпорын экономикасы”. Алматы “Экономика”2003ж., 43-48б.

7. Нұрғалиев Қ. Р. Қазақстан экономикасы. Алматы “Қазақ университеті” 1999ж.., 184-188б

Русско-казахский толковый экономический словарь предпринимателя. – Алматы. 1993.

8. Рынок ценных бумаг и его финансовые институты: Учебное пособие/ Под.ред. В.С. Торконовского, 1994.

9. Сборник нармотивно-законадательных актов по ценным бумагам в РК – Алматы. РЦ БК. 1997.

10. Шалгимбаева Г.Н. Рынок ценных бумаг. Механизмы государственного регулирования. Алматы. 1997.

Ценные бумаги и фондовый рынок /Г.С. Сейткасимова и др. – Алматы. 1998.

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Кұнды қағаздар