Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 18:36, курсовая работа
Қазақстанның орталықтанған – жоспарлы экономикадан нарықтықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде. Олар – меншік қатынастары; шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмі; олардың өзара қаржылық байланыстарының формалары; қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне мүдделілігінің дәрежесі.
КІРІСПЕ 3
1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАДА ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Бағалы қағаздар нарығының жалпы түсінігі 4-5
1.2 Бағалы қағаздардың түрлері 6-9
1.3 Мемлекеттегі бағалы қағаздар нарығының қызметі 10-13
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУЫ
2.1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының пайда болуы 14-15
2.2 Бағалы қағаздар нарығының даму жолдары 16-17
2.3 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының құқықтық негіздері.........................................................................................................17-18
3 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР. ҚОР БИРЖАСЫ
3.1 Бағалы қағаздар нарығының мамандары..............................................19
3.2 Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар.....................................................20
3.3 Қор биржасы және оның қызметі..................................................................21
3.4 Биржалық операциялар..............................................................................22-24
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………..….25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ………………………………………………26
Мемлекеттік қазыналық вексельдер мемлекеттік қазыналық облигацияларды ішкі мемлекеттік қарыз мөлшерінде мемлекеттік бюджетті қаржыландыру мақсатында Қаржы Министрлігі шығарады. Ал қысқа мерзімді ноталарды банк жүйесінің бірқалыпты жұмысын қамтамасыз ететін қаржы қорын толтыру мақсатында Ұлттық банк шығарады. Жекешенлендіру купондары аукцион арқылы сатылған мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіруге пайдаланады, ал оның көптеген мөлшері жеке адамдар қолында осы күнге дейін сақталуда. Кәсіпорындар банкротқа ұшырап, жұмыс істемей тұрған қазіргі кезде жекеменшктендіру купондарының орнына берген акциялар оны иемденушілерге әлі дивиденд (пайда) түсіре қойған жоқ.
Қазіргі кезде Республикада бағалы қағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргіілуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру мақсатында мемлекет бұрынғыдай ақша белгілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздар, мысалы мемлекеттік қысқа мерзімді вексельді шығаруда. Алайда, бағалы қағаздар нарығының дамуы жолында шешуін талап ететін экономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәселелер көп.
Экономикалық мәселелерге:
Ал, әлеуметтік-психологиялық мәселелерге бағалы қағаздар нарығында маман кадрлардың аздығы мен халықтың инвестициялық белсенділігнің төмен деңгейлігі жатады. Бұл мәселелер халықтың басым көпшілігінің бағалы қағаздар нарығының мәнің түсінбеушілігі мен инвестиция беруге психолгиялық дайындығының жоқтығынан туындайды.
Бағалы қағаздар нарығына мамандарды Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның осы іспен шұғылдануға рұқсат берген Оқу орталықтары дайындайды. Оқу орталықтарының жұмысын Ұлттық коммисия төрағасының жарлығына сәйкес құрлған Аттестациялық коммисия үйлестіріп отырады. Аттестациялық коммисияның құрамына Ұлттық коммисияның бір мүшесі оның басқармасы болып, бағалы қағаздар нарығын реттейтін Бас басқарманың мамандары кіреді. Қазіргі уақытта оқуды табысты бітіріп, мамандық туралы бірінші санатты куәлік алған 1500-дай адам брокерлік, диллерлік іспен айналасуға құқық алды.
Дүниежүзілік нарық тарихында бағалы қағаздар нарығының негізгі үш үлгісі (моделі) бар. Олар:
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының ерекшелігі – жекеменшіктендіру механизмі арқылы мешік қатынастары өзгертуге жеке инвесторлармен өз мемлекетіміздің әрбір азаматың қатыстыру. Соның нәтижесінде жеке меншіктендіруге банк жүйесі қатысқан жоқ. Дүниежүзілік тәжірибе дәлелдегендей банктер бағалы қағаздар нарығында жеке үстемдік (монополизация) рөль атқарады. Дәл осы жағдай көпшілік мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығының банктік үлгісінен бас тартуына әкеп соқтырды. Сондықтан еліміздегі экономикалық өзгеріс әлеуметтік белгіленген бағалы қағаздар нарығын құруға негіделгені дұрыс. Отандық бағалы қағаздар нарығының құрылуына әрбір азаматтың қатысуына мүмкіндік берген жоқ. Дәл осы мүмкіндіктерді бағалы қағаздар нарығының банктік емес үлгісі, яғни немесе нарықтық үлгісі іске асыра алады деген ойлар бар.
Бағалы қағаздар нарығының нарықтық үлгісінің банктік үлгіден айырмашылықтанры мыналар:
Бұлардан басқа
Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасында қалыптасып келе жатқан бағалы қағаздар нарығының үлгісіне нақты біріңғай көзқарас жоқ. Сондықтан бағалы қағаздар нарығына уақыт талабына сай әлі де біраз өзгерістер еңгізілуі мүмкін.
Кез-келген мазмұны қоғамда орын алып және одан әрі дамып келе жатқан экономикалық құбылыстарға сай болуы шарт. Себебі құқықтық нормаларды шығару белгілі-бір экономикалық мүдделерге қызмет көрсетуге бағытталған. Халық шаруашылығын дамытудың «кеңестік» үлгісінен экономиканың еркін өркендеуінің нарықтық үлгісіне өту кезі құқықтық негіздерді түбегейлі реформалау арқылы нарықтық қатынастарды дамытуға жол ашатын заң шығаруды қажет етеді. Әдетте бұндай реформа жүргізудің мақсаты – осы тұрғыда тіпті жаңа заң шығару емес, революцияға дейінгі Ресей империясы мен Кеңес мемлекетінің жаңа экономикалық саясат кезінде орын алған құқықтық институттарды қалпына келтіру еді. Сонымен бірге нарықтық үлгімен дамыған өркениетті мемлекеттердің (мысалы, АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Жапония және т.б.) тәжірибесін үйреніп, оны мемлекетімідің экономикасын реттеуге бейімдендіру керек. Соның ішінде, Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын және оның қызметін қамтамасыз ететін құқықтық ережелерді қайта дамыту қажет.
Бағалы қағаздар нарығын құқықтық ережелермен қамтамасыз ету деген мемлекеттік органдардың бағалы қағаздар айналымы тиімді және мағыналы болу үшін белгілі-бір жағдай жасайтын заңдар шығару. Және сол заңдардың мемлекет мүддесі мен халық керегін қанағаттандырып, нарық қатынастарына бет алған қоғамның объективті экономикалық заңдарына сай келуі. Қазіргі кезде Қазақстанның мемлекеттік заңдарына мемлекетіміздің егемендік алғаннан бергі шыққан заңдар, Президенттің жарлықтары және үкіметтің қаулылары, сонымен қатар Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның құқықтық актілері жатады. Бағалы қағаздар нарығын құқықтық ережелермен қамтамасыз ету мәселесіне ақшалай қарыз міндеттемелерінің айналысы (яғни оларды сату және сатып алу) және белгілі-бір ұйымдық-құқықтық түрде құрылған шаруашылық субъектілерін басқарумен олардың меншігіне қатынасы құқығы кіреді. Айтылып отырған бағалы қағаздар нарығындағы мүліктік құқық олар туралы шыққан заңдарда көрсетілген ерекше құжатпен расталады. Ол құжат бағалы қағаздар деп аталады. Бірақ азаматтық құқық қатынастарымен расталғанымен кейбір бағалы қағаздар бағалы қағаздар нарығына айналысқа түспейді. Мысалы, Қазақстан заңдары бекіткен – ипотекалық куәліктер, сол сияқты коносамент және тауарларды орналастыру құжаттары тауарлар нарығында, яғни тауар биржасында айналымға түседі. Ал бағалы қағаздар нарығы, алдыңғы тарауда айтып кеткеніміздей, қаржы нарығының құрамдас бөлігі. Қаржы нарығы капитал нарығы мен ақша нарығынан құралатындықтан бұл жерде осы аталған екі нарықтың құқықтық қамтамасыз етілуі сөз болады.
Бағалы қағаздар туралы Қазақстан заңдары орыстың азаматтық (саудалық) құқықтарына негізделіп шығарылады. Қазіргі кезде заң шығару біраз кезеңнен өтті.
1917 жылғы Қазан революциясына
дейін Қазақстан Ресей
Сол уақытта, яғни 1922 жылы РСФСР-дың азазматтық кодексі төмендегі ережелерді біріктірді:
Ол кезде вексельдер және шектермен қатар тауарларды сақтау, жылжымайтын мүліктерді сатып алу-сату келісімдеріне қоймалық, кепілдік куәліктер және т.б. бағалы қағаздар қолданылды. Заң жүзінде бағалы қағаздар туралы жалпы ұғым болғанымен бұл айтылған қағаздар бағалы қағаздар нарығын құрай алған жоқ. Себебі айтылған бағалы қағаздардың ұлттық экономиканы дамыту мақсатында өндірісті ұйымдастыру үшін қаражат жинауына мүмкіндігі жоқ. Ал инвестициялық бағалы қағаздарды, яғни акциялар, заңды тұлғалардың облигациялары шығаратын және оларды айналымға түсіретін механизм тіпті болған жоқ. Қор биржалары мен бағалы қағаздар нарығының кәсіпкер делдалдары (диллерлер мен брокерлер) жұмыс істейтін құқықтық негізі болмады. Себебі делдардар социализм және коммунизм идеаларына жат элеметтер деп есептелді.
Заң шығарудың келесі кезеңінің негізі – 1977 жылы шыққан КСРО Конституциясы мен 1962 жылы шыққан КСРО және Одақтас республикалардың азаматтық заңдарының негіздері КСРО-да, оның ішінде Қазақстанда, жалпы «ішкі нарықта» қандай болса да бағалы қағаздар айналымын тоқтатты. КСРО Конституциясында жеке меншік, еркін кәсіпшілік іс-әрекеттері қаралмағандықтан айналымға акциялар, облигациялар шығаратын акционерлік қоғамдар және басқа шаруашылық қоғамдары мен серіктестер құру туралы құқық болған жоқ.
Мемлекеттің «өз ішінде» айналымға түсетін мемлекеттік облигациялар шығарылды. Олар бағалы қағаздар деп аталды. Мемлекетке облигация сатып, ақша тарту тиімді болса, ал халықққа облигацияны сатып алып, аз болса да пайыздық өсім, не ұтыс алу тиімді болды. Бірақ ол облигациялардың қолдан-қолға өтіп, сату-сатып алу айналысы, яғни бағалы қағаздар қағаздарымен «ойын» ұйымдастыратын қызуғышылық ынта болмады. Себебі, мұнда азазматтық құқықтың негізі – келісім еркіндігі сақталған жоқ, яғни облигациялар міндетті түрде күшпен жалақының бір бөлігінің орнынга берілді.
Дегенмен КСРО халықаралық сауда-есеп айырысуында төлем қаржысы ретінде вексельдер, чектер және сол сияқты төлем құралдарын кеңінен пайдаланды. Оған дәлел 1936 жылы Кеңес Одағы 1930 жылы «Ауармалы және жай вексельдер туралы Ережені еңгізу туралы», жоғарыда айтылған қаулы қабылдады. Ол Ереже Кеңес Одағы ыдарағанша пайдаланылды. Казірде оны пайдаланбау туралы ешбір шешім қабылданған жоқ. Ал чектер, жоғарыда көрсетілген, 1929 жылғы «Чектер туралы ереже» бойынша қазірде пайдаланылуда.
Экономиканы қайта құру
идеясы өндірісті қосымша
Қазақстанда 1990-1994 жылдары бағалы қағаздар шығарып және оларды кейбір нарықта сатуға мүмкіндік беретін бірсыпыра құқықтық негіздер құрылды. Олар: