Кұнды қағаздар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 18:36, курсовая работа

Описание

Қазақстанның орталықтанған – жоспарлы экономикадан нарықтықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде. Олар – меншік қатынастары; шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмі; олардың өзара қаржылық байланыстарының формалары; қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне мүдделілігінің дәрежесі.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАДА ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Бағалы қағаздар нарығының жалпы түсінігі 4-5
1.2 Бағалы қағаздардың түрлері 6-9
1.3 Мемлекеттегі бағалы қағаздар нарығының қызметі 10-13
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУЫ
2.1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының пайда болуы 14-15
2.2 Бағалы қағаздар нарығының даму жолдары 16-17
2.3 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының құқықтық негіздері.........................................................................................................17-18
3 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР. ҚОР БИРЖАСЫ
3.1 Бағалы қағаздар нарығының мамандары..............................................19
3.2 Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар.....................................................20
3.3 Қор биржасы және оның қызметі..................................................................21
3.4 Биржалық операциялар..............................................................................22-24
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………..….25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ………………………………………………26

Работа состоит из  1 файл

Bagila.doc

— 210.50 Кб (Скачать документ)

Басқа қарыз міндеттемелерінен  вексельдің үш түрлі айырмашылығы бар:

  • Біріншіден, вексельдің дерексіздігі, яғни қарызды қандай жағдайға, не мақсатқа алғандығы көрсетілмейді;
  • Екіншіден, оның дауыссыздығы, яғни қарызды қандай жағдайда алғандығына қарамастан міндетті түрде өтеу керек;
  • Үшіншіден, вексельдің айналмалылығы, яғни вексель иемденуші оны басқа адамдарға беруіне болады.

Қолдану өрісіне қарай, вексель жәй және аудармалы вексель деп екіге бөлінеді. Жәй вексель айналысы төрт сатыдан тұрады:

    1. вексельді сатып алушы сатушыға береді;
    2. сатушы тауарды тиеп қояды немесе тапсырыс бойынша қызмет көрсетеді (вексель берушіге);
    3. сатушы белгіленген уақытта вексель бойынша төлем өтеуді ұсынады;
    4. сатып алушы көрсетілген қызметке, алынған тауарға ақы төлейді – вексельді өтейді.

Жәй вексельді пайдаланғанда  тек екі жақ өзара әрекет жасайды, яғни вексель беруші өзі делдалды қарастырмай-ақ белгіленген уақытта вексель иемденушісіне қарызын өтейді.

Аудармалы вексель деп  несие берушінің қарыз алушыға  вексельде көрсетілген соманы үшінші кісіге төлеу жөніндегі берген жазбаша  үкімін айтады. Аудармалы вексельдің айналысы  сегіз сатыдан тұрады:

  1. вексель беруші төлеушіге, яғни қарыздарға тауарды және траттаны (аудармалы вексельді) береді;
  2. төлеуші вексель бойынша акцепт беріп, оны вексель берушіге қайтарады;
  3. вексель беруші акцептелген вексельді ремитентке – аудармалы вексель бойынша ақша алушыға жібереді;
  4. ремитент аудармалы вексельді трассатқа төлемді өтеуге жібереді;
  5. трассат банкке вексельді төлеуге үкім беріп және сонымен бірге вексельдің сырт жағына оның төленгені жөнінде белгі қояды;
  6. ремитент вексельді несие берушіге жібереді;
  7. несие беруші вексельді ақшаны өз шотына аудару үшін трассаттың банкіне жібереді;
  8. ақша трассаттан несие берушіге несиені өтеу ретінде түседі.

Төлем уақыты келгенде несие  беруші несиені өтеу үшін трассатқа, яғни вексельді акцептеген төлеушіге  вексельді ұсынады. Трассат ақшаны несие берушіге аударған соң вексельді жояды. Вексельді басқа біреуге пайдалануға берген жағдайда «индоссамент» деген белгі жазылады. Оны вексель иемденуші, яғни индоссант жазады, ал индоссаментті алған адам индоссат деп аталады. Вексельді өтеу үшін екінші, үшінші адамдарға аудару процесі индоссация деп аталады.

Вексельді толтырғанда  кәсіпорын басшысы мен оның бас  бухгалтері қол қояды. Егер вексельді  жеке адам берсе, онда ол өзі қол  қояды. Вексельде қажетті риквизиттер (мәліметтер) болуы шарт:

  • векселдік таңба болуы керек;
  • төлемнің уақыты көрсетілуі керек;
  • мендеттеме бойынша келісілген соманы төлеу керек;
  • төлем өтейтін жер көрсетілуі керек;
  • кімге және кімнің үкімі бойынша төлемді;
  • вексельді толтырған жері және уақыты;
  • вексель берушінің қолы.

 

Осы айтылған мәліметтердің  тек біреуі ғана көрсетілген жағдайда векселдің құқықтық күші жойылады.

Вексельді қолдану аясына келісім жағдайына және олардың  тауармен немесе ақшамен қамтамасыз етілуіне байланысты коммерциялық, қаржылық және жалған вексельдер болып та бөлінеді.

Коммерциялық вексельдер – тауарларды сату және сатып алу келісімдерінің негізінде айналысқа түседі. Бұндай вексель нақты тауар кепілдігіне беріледі, яғни ол сату операцияларын несиелендіру мақсатында беріледі.

Несие келісімдерін ақшалай  түрін рәсімдеу қаржы вексельдері болып есептеледі. Оған банктік, қазыналық, траст және басқа банк емес несие ұйымдарының вексельдері жатады.

Жалған вексельдерді беру нақты не материалдық, не ақша құндылықтарының қозғалысымен байланысты емес. Оларға достық, қола, яғни құр  қуыс және қарсы жүретін вексельдер жатады. Олардың кепілімен несие алу үшін және банкте есепте болу мақсатымен беріледі. Демек, жалған вексельдер ештеңемен қамтмасыз етілмеген құжат.

Бағалы қағаздардың  басқа түрлері. Бағалы қағаздардың өте көп басқа түрлері болады. Оларды әртүрлі эмитенттер шығарады. Солардың екі-үш түрлерін қарап өтейік. Корпорацияның жарғысына қарсы келмесе онда оның «екінші қатардағы», немесе айналымдағы бағалы қағаздарға қосымша тағы да бағалы қағаздар шығаруға апитал табуға мүмкіндігі бар. Оларды  «құқықты бағалы қағаздар» деп те атайды. Оларға жазылу құқын опцион, варрант деген сөздер айқындайды.

Жазылу құқын үш түрлі  жолмен жүзеге асыруға болады:

  1. өз құқын іске асыру, яғни жаңа акция сатып алу. Ол үшін сертификатты толтырып және ақша аударып корпорацияға жіберу керек;
  2. жазылу құқын сатуға болады;
  3. жазылу құқын пайдаланбауға да болады.

Жазылу  құқы – қысқа мерзімді бағалы қағаз. Әдетте, ол бір айдан аспайды. Егер корпорацияның акциясы қор биржасындағы айналымда болса, онда құқық сертификаттары да сол биржада бағалануы мүмкін. Оларға басқа баға қойылады.

  Опцион – шартқа енгізілген мерзімдік талапты көрсететін бағалы қағаз. Ол бойынша екі жақтың біріне белгілі бір уақыттың ішінде көрсетілген ақыға бағалы қағаздардың біраз мөлшерін сатуға немесе сатып алуға құқық беріледі, ал екінші жақ қажт болғанда шартта белгіленген ақыға бағалы қағаздарды сатуға және сатып алуға міндеттенеді. Опцион – заңды түрде бекітілген стандартты құжат. Онда сатылатын бағалы қағаздар саны көрсетіледі. Оның өлшемі лот деп аталады. Яғни, бір лотта 100 дана бір атаулы бағалы қағаз болады.

Бағалы қағаздардың  туынды түрлерінің бірі – варрант.  Варрант – ерекше бағалы қағаз. Ол корпорацияның айналымдағы бағалы қағаздарына сатушының сатып алушыға меншік құқын беретін міндеттемесі. Варрант иемденушісі қолындағы варрантты белгілі бір уақыт аралығында тұрақты бағамен онда белгіленген жәй акциялар санына айырбастауға құқығы бар. Варрант ұзақ мерзімді бағалы қағаз. Әдетте оны корпорация облигацияларымен және артықшылықты акцияларымен қоса шығарады.

Бағалы қағаздардың  келесі тобына  қаржы нарығы айналымындағы  мемлекеттік институттар және банктердің қарыз міндеттемелері жатады. Олар:

  • қазыналық вексельдер;
  • депозиттік сертификат;
  • чек.

 

Чек - заңды түрде бекітілген ақшалы құжат. Ол қаржы институттарындағы ағымдағы есепшот иесінің чек иесіне көрсетілген соманы төлеуін талап еткен жарлығы. Чектер бірнеше түрге бөлінеді:

  • атаулы чектер, оны чек беруші белгілі бір адамның аты-жөнін көрсетіп толтырады;
  • ордерлі чектер, олар жеке немесе заңды тұлғаларға толтырылады;
  • иесі ұсынушы чектер, ол бойынша көрсетілген сома чек ұсынушыға төленеді.

 

1.3 Мемлекеттегі бағалы  қағаздар нарығының қызметі

 

Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтардан өзінің айрықша  тауарымен өзгешелінеді. Ол өзгеше тауар - бағалы қағаздар. Ол біріншіден, меншік белгісі, екіншіден, қарыз міндеттемесі, яғни олар бойынша табыс алу құқы және табыс төлеу міндеттемесі пайда болады. Бұдан бұрын айтқанымыздай, бұл тауарды өз құны аз болса да, өте жоғары нарық бағасымен сатуға болады. Бағалы қағаздардың көрсетілген құны өте төмен болғанымен, мысалы өндіріс кәсіпорынына жұмсалған нақты капиталдың белгілі бір мөлшерін көрсетеді. Егер бағалы қағаздарға нарықтық сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса, онда оның бағасы көрсетілген құннан жоғары болады. Бұндай нарықтық бағаның номиналдан ауытқуы, бағалы қағаздардың «жалған капитал» екенін көрсетеді.

Жалған  капитал – нақты капиталдың қағаз белгісі, яғни өндірістік капиталдың оқшауланып шыққан бір бөлігі.

Бағалы қағаздар ақша капиталының немесе басқа материалды құндылықтардың орнына жүретін символы болғандықтан, оны қордың құндылықтары деп те атайды. Сонымен қатар, бағалы қағаздар қордың инструменті немесе құралы болып та есептеледі. Себебі тек сол құралды пайдаланып, нақты құндылықтарға қол жеткізуге немесе сол құндылықтар бір субъектіден екіншіге ауысуға болады. Сонымен бағалы қағаздар нарығы капитал нарығының, яғни ақша және басқа материалдық құндылықтардың нақты қызметін көрсетеді.

Бағалы қағаздар нарығы нарықтық экономикада күтпеген кездейсоқ  болатын процестердің реттеушісі. Бұл алдымен капиталды инвестициялау процесіне қатысты. Капиталды инвестициялау деген оның капиталға мұқтаж өндіріс салаларына құйылуы, ал артық болған уақытта сол саладан қайта алынады. Капиталдың бұндай айналыс механизмі мынадан түсінікті. Мысалы, кейбір тауарларға немесе қызмет түрлеріне сұраныс өссе, онда соған сәйкес бағасы да өседі. Демек, оларды өндіруден пайда да өседі, сондықтан басқа салалардың бүгінгі сұранысы азайып, олардың экономикалқ тиімділігі кеміп, ондағы капиьал өніміне сұраныс өсіп тұрған салаларға құйылады. Бағалы қағаздар осы механизмнің қызметін қамтамасыз ететін құрал. Олар уақытша бос капиталды сату-сатып алу арқылы тиімді өндіріске бағыттап отырады. Нарықтық экономиканың тәжірибесінде капитал ең алдымен қоғамға шын мәнінде қажетті өндіріске орналасады. Нәтижесінде қоғамдық өндірістің кең үйлесімді құрылымы пайда болып, тапшылықсыз экономика қалыптасады: қоғамдық өндіріс негізінен қоғамдық сұранысқа сай болады. Бұл өркендеген нарық экономикасының басты жетістігі. Біздің еліміздегі Мемлекеттік жоспарлау комитеті басқарған орталықтанған – жоспарлы экономика 70 жыл (1921-1991жж.) бойы қоғамның зарарсыз өсуін қамтамасыз ете алмады. Ал нарықтық қатынастарды дамыту қоғамдық экономиканың шарықтап өркендеуіне жеткізетіне ақиқат шындық.

Кәсіпорынның қосымша  капиталға мұқтаждығы көптеген жағдайға байланысты олардың бастылары –  негізгі қорды құру және ескі қорларды жаңарту, айналыс құралдарын толықтыру. Бұл мұқтаждықтар нарық конъюктурасына тікелей байланысты. Сонымен қатар  конъюктураның өзгеруі белгілі-бір уақыт арасында болып тұрады. Сондықтан кәсіпорын қажетті қаражатты белгілі-бір уақытта, яғни нарық конъюктурасының өздеріне қолайлы кезінде алғаны жөн. Қазақстан Республикасында әзір бұндай жағдай қалыптасқан жоқ, себебі банктік несие әрі қымбат, әрі шектелген, ал бағалы қағаздар нарығы жаңадан қалыптасу кезінде.

Экономикасы дамыған  мемлекеттерде бағалы қағаздар көмегімен  қосымша капитал алу анағұрлым  жеңіл. Акция және облигация сияқты бағалы қағаздарды шығаруға және оларды тіркеуге екі жеті, эмиссиялық проспектісін шығарып және нарыққа қатысушылардың оларды талқылауына екі-төрт жеті, оларды сатып алу-сатуға және есеп айырысуға екі-үш жеті уақыт кетеді екен, қорытындысында бір-жарым, екі ай ішінде эмитент өзіне қажетті капиталды жинап, оны басқару құқығына ие болады. Сонымен бағалы қағаздар нарығы – экономикалық өрлеуді көп жағдайда қаржыландыратын ең оңай және қолайлы қаржы көзі.

2 ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР  НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУЫ

2.1 Қазақстан Республикасындағы  бағалы қағаздар нарығының пайда болуы

 

Бағалы қағаздар нарығының  кейбір элементтері 20-шы жылдары КСРО-да экономикалық саясат кезінде болған. Ал қазіргі егемен Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының алғашқы нұсқалары  Кеңес Одағы заңдарының негізінде 90-шы жылдардың басынан бастап пайда бола бастады.

Елде дамыған бағалы қағаздар нарығы қалыптасуы үшін оның құрамдас бөліктері болуы қажет. Олар:

  • Сұраныс пен ұсыныс;
  • Делдалдар мен басқа қатысушылар;
  • Нарықтық инфрақұрылым, яғни коммерциялық банктер, қор биржалары, инвестициялық институттар және с.с.;
  • Нарықты реттейтін және өзін-өзі реттейтін жүйелер.

Нарықтың осы құрамдас бөліктері қазіргі уақытта негізінен  құрылып болды. Бұл жөнінде елімізде экономикалық жүйені реформалауды тереңдету  жолында қабылданған Қазақстанда  мемлекеттік меншікті жекеменшіктендіру Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі субъектілері – акционерлік қоғамдардың құрылуын тездетуде шешуші роль атқарады.

Дегенмен, Қазақстан экономикасының дағдарысы жағдайында толыққанды бағалы қағаздар нарығы болуы мүмкін емес. Бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі көп жағдайда халықтың әл-ауқатына байланысты. Себебі бағалы қағаздарға сұраныс халықтың тұрмысын айқындайды. Сондықтан халықтың табысының өсуі -  Қазақстанда бағалы қағаздар нарығы дамуының басты шарты.

Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының құрылымы және бағалы қағаздардың  өтімдісі қандай? Республикада қалыптасқан  жағдай сипаттағанындай бағалы қағаздардың  ең көлемдісі және ең өтімдісі мемлекеттік  қарыз міндеттемелері. Мемлекеттік  қарыз міндеттемелері нарығының ерекшелігі оған қатысушыларға байланысты:

Біріншіден, мемлекеттік  бағалы қағаздардың элементі – Қаржы  Министрлігі;

Екіншіден, Ұлттық банк –  оның (қаржы Министрлігінің) қаржы  агенті (уәкілі), сонымен бірге мемлекеттік  бағалы қағаздардың дилері. Дегенмен, бағалы қағаздар нарығына бұл қатысушылар мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару мен оларды айналымға түсіру шарттарын анықтаушылар. Мемлекеттік бағалы қағаздар:

  • Мемлекеттік қазыналық вексельдер;
  • Мемлекеттік қазыналық облигациялар;
  • Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерімді ноталары;
  • Жекеменшіктендіру купондары.

Информация о работе Кұнды қағаздар