Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 18:16, лекция
Оқу-әдістемелік кешен - «Халықаралық экономика» пәніне типтік негізінде құрастырылған
Дәріс сабақтары негізінде берілген теориялық материалдар Халықаралық экономика (international economics) — халықаралық тауар айырбасы, өндіріс факторларының қозғалысы және халықаралық экономика саясатын құру және қаржыландыру облысындағы түрлі мемлекеттік шаруашылық субъектілерінің өзара әрекеттесу заңдылықтарын зерттейтін, нарықтық экономика терориясының бір бөлігі болып табылады.
Жоғарыда көрсетілгеннен басқа, басқа мемлекет үкіметтері мен компанияларға бір жылға дейін берілетін қысқа мерзімді несиелер бар. Қысқа мерзімді капиталдар қозғалысы, ең алдымен, елдің ағымдағы төлемдер жағдайы (баланс дефициті) немесе пайыз мөлшеріндегі айырмашылық нәтижесіндегі капиталдың пайдалы колдануды іздестіруіне байланысты болады.
Бірақ қысқа мерзімді несиелердің басым бөлігі банкаралық несиелер болып табылады. Қысқа мерзімді несиелердің жаңа түрі- жоғары өтімділігі бар, бағалы қағаздар рыногында алынып-сатылатын және жоғары сұранысқа ие болатын еуровалюта сертификаты болды.
Орта мерзімдегі еуронесие
рыногында корпорациялардың 3 айдан
6 айға дейінгі мерзімге өзгермелі
пайыз мөлшерімен шығарылып, бағалы
қағаз болатын еуроноталар кең
Қазіргі уақытта, еурорынокта несиелердің негізгі түрі - уақытша банк операциялары мен қатерді азайту үшін құрылған, халықаралық банк синдикаттарының бір жылдан он жылға дейін мерзімге берілетін несиелері болып табылады.
ОЭСР елдер қарызға алынған ресурстардың 80%-нен астам үлесіне ие болған. Ал ірі қарыз алушыларға АҚШ, Жапония мен Германия кіреді. Бұл рынокты дамушы елдер кең пайдалануда. Бірқатар жаңа индустриалды елдер қаржы рыноктарының интер-ұлттандыруының белсенді мүшелері болып отыр, олар қарыз алушы ретінде ғана емес, капитал экспортерлері ретінде де көрінуде. Бұл ең алдымен Оңтүстік Корея, Бразилия, Аргентина, Гонконг, Тайланд, Индонезия, Қытай сияқты елдерге қатысты болып отыр.
Қазіргі жағдайда, әлемдік қаржы рыногында дамушы елдердің жағдайы қиындады. Өйткені ресурстарды тартуда, жоғары білімді және мәдениетті халқы бар, жоғары маманды жұмысшы күші бар, дамыған ғылыми-индустриалды потенциалы бар өтпелі экономикадағы елдер белсенді бәсекелес болып отыр. Осы елдердің көптеген салалары мен кәсіпорындары жаңартуды қажет етіп отыр, ал экспорттары негізінен шикізат пен материалдар болуда. Халықаралық несие рыногының жалпы даму тенденциясы бұрынғы социалистік елдердің халықаралық қаржы ұйымдарына қарызының тез өсуі болып отыр.
Шетелден капиталды тартуда қарыз алу ең жеңіл түрі болып табылады, өйткені оның басты талабы - несиені уақтылы қайтару. Осы жол арқылы ел қазіргі тұтынуын жоғарылатып, ағымдағы қаржы мәселелерін шешуге мүмкіндік алады. Бірақ одан кейін елдерге негізгі сома мен пайыздарын төлеуі қажет, ал ол болашақта ел тұтынуын қысқарту қажет екендігін көрсетеді. Осы тұрғыдан қарастырғанда, тікелей шетел инвестицияларының артықшылығы бар.
Негізгі әдебиеттер: 1,2,3
Қосымша әдебиеттер: 1,2
Тақырып 9. Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы
1.Халықаралық еңбек
миграциясының мәні және
Кұл иеленушілік және
феодалдық құрылыс кезінде
Капитализм жағдайында халықтың территориялық орын ауыстыру сипаты күрт өзгерді. Жұмысты іздеуге байланысты көшіп-қонудың жаңа түрі пайда болды. Капитализм мен нарықтық экономиканың осы жағдайларында экономикалық мәжбүрлікке негізделген жұмысшы күші миграциясы халықаралық деңгейге шығады,
Территориялық мобильдіктің күшеюі бір жағынан жұмысшының өндіріс құралдарынан бөлініп, заңды еріктілігіне негізделген жұмысшы күшінің тауарға айналуы болса, екінші жағынан капитал қорлану процесі жұмысшы күші қозғалысының объективті себебі болды. Сөйтіп, капитализм кезіндегі өндіргіш күштердің өсуі мен дамуы жұмысшы күшінің миграциясын күшейтуді меңзейді. Капитализм дамуымен миграциялық процестегі жұмысшы күші миграциясы, басқаша айтқанда еңбек миграциясы кең өріс алды.
Капитализм дамуының әр сатысында еңбек миграциясы ұғымына өзіндік түсінік болған.
1880 жылға дейін Батыс Еуропа, Англия, Германия және Швецияның бір бөлігінде ескі имиграция деп аталатын миграция басым болды. Осы кезеңде ірі машина индустриясы дамуына байланысты ағымдағы халықтың тығыздығы, әсіресе аграрлық халық тығыздығы басым болды. Сөйтіп миграциялық ағымдар АҚШ-қа, Австралияға, Канадаға бағытталды.
Жаңа миграция кезеңі американдық өндірістің артта қалған Шығыс және Оңтүстік Еуропадан, Австро-Венгрия, Италия және Россиядан жұмысшыларды әкелуінен басталды.
Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін бұрынғы әлемдік шаруашылық байланыстар күрт өзгеріп, ғылыми-техникалық прогресс күш ала бастап, еңбек күші рыногының интернационализациясы жұмысшы күшінің миграция процесіне елеулі өзгерістер әкелді.
Сөйтіп. енбек миграииясы - бұл еңбекке жарамды халықтың қандай да бір қоғамның экономикалық қажеттілігіне айналған, еңбек күшін қажет ететін орындарға байланысты қозғалысы.
Халық миграциясының
басты функциясы әр түрлі елдердегі,
аудандардағы және елді мекендердегі
жұмысшы күшінің түрлі
Миграцияны ішкі және сыртқы миграцияға бөледі.
Халықаралық миграцияға иммиграция, эмиграция, рэмиграция, білімділердің кетуі, миграциялық сальдо ұғымдары тән.
Иммиграция - жұмысшы күшінің басқа елге, жұмысқа немесе оқуға белгілі мерзімге орналасу мақсатымен келуі немесе жұмысшылар импорты.
Эмиграция – жұмысшы күшінің экспорты, басқаша айтқанда шетелде жұмыс орындарын алу мақсатымен елден кетуі.
Реэмиграция - эмигранттардың Отанына тұрғылықты өмір сүру үшін қайтып келуі (оралмандар).
"Милардың ағымы" -жоғары білімді мамандардың халықаралық қозғалысы.
Миграциялық сальдо - кетіп қалған және келген мигранттар арасындағы айырма. Егер эмиграция иммиграциядан көп болса, миграциялық сальдо теріс болып, елден жұмысшы күшінің кетуі байқалады. Ал егер эмиграция иммиграциядан аз болса, миграциялық сальдо оң болып, елге жұмысшы күшінің келуі байқалады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының топтастыруына сәйкес, сыртқы миграцияның төмендегідей түрлері бар:
Соғыстан кейінгі жылдары болған ірі миграциялық ағымдар жаңа мемлекеттік шекаралар орнауы, әлемдік социализм жүйесінің пайда болуы және отарлық жүйенің күйреуімен байланысты болды.
КСРО, АҚШ, Ұлыбритания арасындағы Потсдам келісіміне сәйкес Германия шекарасы халықтың басым бөлігі ГДР мен ГФР территориясына көшуіне әсер ететіндей өтті. Шығыс Азияда Қытай мен Кореядан Жапонияға 6 млн. адам көшірілді.
Израиль, Вьетнам,
Куба, Эфиопия, Ауғаныстандарда саяси өзгеріст
XX ғасыр босқындар ғасыры деп аталуда. 1999 жылы әлемде олардың саны 27,4 млн. адамнан асып кетті. (1980-9,6 млн.) Амалсыз миграция көптеген елдерге әсер етіп, әлемдік сипат алды. Амалсыз мигранттардың басым бөлігі - 83 пайызы - дамушы елдерде орнықты.
Мигранттардың заңды статусы бойынша, халықаралық миграция Ресми және заңсыз болып бөлінеді.
Заңсыз мигранттар - елге жұмыс іздеу барысында, заңды (жеке шақырулар, турист ретіне) немесе заңсыз негіздерде келіп, жұмысқа орналасқан адамдар. Рұқсатсыз орналасқандар заңсыз деп саналады.
Халықаралық миграцияға бірқатар заңдылықтар тән:
2.Миграцияның экономикалық эффектілері. Халықаралық еңбек күші миграциясы көптеген ғасырлар бұрын пайда болды, осы уақыт ішінде жұмысшылардың қозғалысын түсіндіретін теориялық негіздерде елеулі өзгерістер болды. Экономистер арасында еңбек күші миграциясы анықтамасында, оны зерттеудің тәсілдерінде біраз қайшылықтар бар.
Бірқатар ғалым-экономистердің
пікірінше, халықаралық еңбек миграциясы
- бұл басқа елдің
Зерттеушілердің бір бөлігі миграцияны еңбек рыногында ішкі тепе-теңсіздікті жою әдісі ретінде қарастыруда. Егер елде еңбек күшінің тапшылығы болса, шетел жұмысшы күші тартылады, ал артықшылығы болса, жұмысшыларды шетелге жұмысқа орналастыру ынталандырылады.
Батыс экономикалық әдебиеттерінде еңбек күшінің территориялық қозғалысы экономикалық ғылымның дәстүрлі тақырыбы болып табылады.
Белгілі ғалымдар Е.Ли, Р.Харрис, М.Тодаро, М.Тапинос еңбектерінде миграция донор-елдер мен рецепиент-елдердегі жағдай теңсіздігі салдары немесе осы екі топ елдердің ішкі теңсіздіктер нәтижесі ретінде көрсетілген. Бұл авторлар миграцияның қозғаушы мүдделерін нақтылап, жекелеген факторлар арасындағы сандық тәуелділігін анықтап және миграция ағымдарының қарқындылығын нақтылауға талаптанды. Көрсетілген авторлар халықаралық миграцияны рецепиент-елдің экономикасына мигранттардың еңбегін пайдаланудың салдары негізінде қарастырды.
А.Льюис пен К.Кандлебергер2 экономикалық өсу мен шетелдік еңбекті шексіз пайдалану мүмкіндігі арасындағы тікелей байланыстылық туралы тұжырымды алға шығарды. Осы теориялық негіздемелер Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ОЭСР елдерінің ресми доктринасының негізіне кірді. Осы доктрина тұрғысынан шетел еңбегін тарту экономикалық өсудің ынталандырушы құралы ретінде қарастырылды.
Неокейнсшілер миграция нәтижесінде, әсіресе жоғары маманды жұмысшылар эмиграциясы елдің экономикалық жағдайының нашарлануына әкелу мүмкіндігін мойындаған.
Соңғы жылдары миграцияны талдауда негізгі көңіл экономикалық өсудің эндогендік факторы ретіндегі адам капиталының шоғырлануын зерттеуге ауды. Өйткені жинақталған адамзаттық потенциал экономикалық дамудың алғышарты болып табылады. Миграция теориясында бұл тәсіл елдер арасындағы экономикалық өсу қарқынындағы айырмашылықтың бір түсініктемесі болуда.
Осы көзқарасты бірқатар зерттеушілер де ұстанып, жұмысшы күшін шеттен тарту экономикалық тоқыраудан құтқармайтындығын, өйткені шетел жұмысшыларының санын реттеудің бұрынғыдай кең мүмкіндіктері жоқ болмағанымен түсіндіруде. Сондықтан, миграцияны капиталистік экономиканың трансұлттандырудың жалпы заңдылықтарының көрінісі ретінде қарастыру концепциясы алға тартылды. Шетел еңбегін пайдалану ішкі отарлау терминімен сипаттала бастады. Басты назар мигранттардың алдын ала еңбек рыногының екіншілік сегменті шеңберінде жұмысқа душар болатындығына аударылды. Ол еңбектің ауыр және зиян жағдайлары мен, кәсіби өсу мүмкіндігі жоқтығымен сипатталады.
Айта кететін жағдай, бар концепциялардың біреуі де іс жүзінде дәлелденбей, миграция жолында қабырғалардың және онда есіктердің неліктен болуын түсіндірмеді.
ХХ-ғасырдың 80-90 жылдары неолиберализм тұрғысынан халықаралық миграцияны зерттеу кең тарады. Бұл жерде миграция адам капиталының қозғалысының моделі ретінде көрсетілді. Бұл концепцияның негізгі қағидасы Дж.Саймонның "Иммиграцияның экономикалық салдары" еңбегінде көрсетілді. АҚШ-ты мысал ретінде ала отырып, Дж.Саймон мынаны дәлелдеді: