Международная экономика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 18:16, лекция

Описание

Оқу-әдістемелік кешен - «Халықаралық экономика» пәніне типтік негізінде құрастырылған
Дәріс сабақтары негізінде берілген теориялық материалдар Халықаралық экономика (international economics) — халықаралық тауар айырбасы, өндіріс факторларының қозғалысы және халықаралық экономика саясатын құру және қаржыландыру облысындағы түрлі мемлекеттік шаруашылық субъектілерінің өзара әрекеттесу заңдылықтарын зерттейтін, нарықтық экономика терориясының бір бөлігі болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

1.doc

— 858.00 Кб (Скачать документ)
  1. Иммигранттар отбасы - инвестиция үшін тиімді объект. 
    Иммигранттар жанама (сұранысты кеңейту арқылы) және жаңа 
    бизнесті   дамыту арқылы тікелей, жаңа жұмыс орындарын 
    жасақтауға ықпал етеді.
  2. Иммиграция жалақы мен табыс бөлінудің орта деңгейіне 
    елеулі әсер бермейді. Тек жекелеген жағдайларда белгілі кәсіптік 
    топтар ішіндегі бәсекелестіктің күшеюіне, кейде жалақының 
    төмендеуіне әкеледі. Бәсекелестік күшеюінен бір мамандық өкілдері 
    ұтылса да, жалпы алғанда, қоғам ұтыста болады.
  3. Халықаралық еңбек миграциясы өндіріс факторларының 
    тиімді пайдалануына әсер етеді.
  4. Донор-елдерде ақша аудару түріндегі мигранттардан түсетін 
    валюталық қаржылар оң әсерін береді.

Бірақ, миграцияның жалпы  теориясы әлі де толық жасақталған  жоқ, ал өндіріс факторлар теориясы миграция құбылысын толық түсіндіре  алмайды. Арзан жұмысшы күші мен жоғары пайда мүмкіндігі, еңбек күші молдылығымен сипатталатын елге капитал тартылу үшін жеткіліксіз.

5.1.3. Еңбек күшінің халықаралық миграциясындағы еңбек рыногының орны

Еңбек рыногынсыз әлемдік  экономикалық жүйенің толық іс-әрекет етуі мүмкін емес. Бұл жүйенің қозғаушы және өзгертуші күштерінің бірі болып еңбек күші миграциясы табылады. Әлемдік еңбек күші рыногы шетел жұмысшы күшіне ұсыныс пен сұраныс механизмі жұмыс істеген жағдайда пайда болады. Сонымен қатар, ұсыныс пен сұраныс абстрактылы емес, жұмысшы күшінің оның пайдалану жеріне қозғалысының нақтылығы арқылы жүзеге асырылады.

Енбек күші рыногының үш типі болады: жергілікті (аймақтық), ұлттық және халықаралық, жергілікті (аймақтық) еңбек рыногына мыналар тән:

-  Енбек ресурстарының бір бөлігінің шетелге кетуі жергілікті деңгейде өте қатты білінеді. Ол жекелеген кәсіптік-мамандық топтар, салалар, территорияда білініп, енбек ресурстарының құрылымдык тапшылығының пайда болуына әкелуі мүмкін.

2. Иммиграция жаңа  жұмыс орындарын жасақтауға көмектеседі.

Миграцияның оң және теріс  әсері ұлттық еңбек рыногында жақсы байқалады:

  1. Еңбек күші миграциясы жергілікті еңбек рыноктарындағы шиеленісті жоя алады.
  2. Сыртқы еңбек миграциясы еңбек күшінің сапалық құрылымының өзгеруіне әсер етеді.
  3. Миграция маманданған және маманданбаған жұмысшы күші тапшылығын жоюдың көзі ретінде табылады. Ұлттық еңбек рыногының тиімді дамуы тек еңбек күшінің еларалық қозғалысының еркіндік жағдайында болуы мүмкін;

4.  Жоғары білікті мамандардың шетелге "ауып кетуі". 
Халықаралық еңбек рыногында:

  1. Миграция ұсыныс пен сұраныс механизмінің тәсілі ретінде көрінеді.
  2. Миграция жергілікті рыноктарды мамандық, кәсіп, мамандық 
    деңгейі бойынша қамтамасыз етеді.
  3. Ол ұлттық рыноктарда жұмысшы күші санын реттеу функция- 
    сын атқарады.

Халықаралық еңбек рыноктарын зерттеу барысында қазіргі уақытта еңбек қатынастарының негізгі модельдері айқындалғаны белгілі болды. Ол модельдерге еуропалық (құрлықтық), англосаксондық, қытайлық, скандинавтік, жапондық және тағы басқалары жатады.

3.Жұмысшы күші миграциясын мемлекеттік реттеу. Кез келген елдің миграциялық заңы екі негізгі бөлікке белінеді: миграциялық және эмиграциялық.

Донор ел - бұл жұмысшы күшінің белсенді экспорты бар мемлекет. Миграциялық сальдосы теріс болады.

Реципиент ел - жұмысшы күшінің белсенді ағымы келіп, оның импорты байқалатын мемлекет. Миграциялық сальдо оң болып табылады.

Донор елдердің қатарына дамушы елдер, ал реципиент-елдерге  жоғары дамыған елдер тобының  кіруі жалпы әлемдік тенденция болып табылады.

Қазіргі экономикалық әдебиетте еңбек миграциясының түрлі елдердің экономикасына әсер етуінің нәтижелері белсенді түрде зерттелуде. Ел экономикасына экспорт-импорттың әсерін ашатын теориялар аса көп қызығушылық тудыруда. Донор елдің экономикасында миграция нәтижесі бірден көрінбейді, әсіресе теріс жақтары біраз мерзімнен кейін байқалады, ал реципиент -елдің нәтижелері, керісінше, бірден көріне бастайды.

Донор елдің экономикасына  миграция әсері туралы 80-жылдары өткізілген зерттеулер нәтижелері сыртқы халық миграциясы көбінесе осы елдердің еңбек рыноктарының қалыпты жағдайға келуін көрсетті.

Мысалға Пәкістанда 80-жылдардың екінші жартысындағы миграция елдегі жұмыссыздық деңгейінің 1/3 бөлігіне азаюына әкелді. Осындай жағдайлар Бангладеш пен Үндістанда да байқалды.

Көптеген  мамандардың пікірінше, миграция процесінің дамуы донор елден ең маманданған, белсенді еңбек ресурстарының кетуіне әкеліп соғады. Олар шетелге білімділердің кетуі, ел экономикасына толтырылмайтын зиян әкеледі деп есептеуде. Соңғы онжылдықтардағы зерттеулер бұл көзқарастарды растады. Миграция нәтижесінде ел өз жұмысшы күшінің қаймағы болатын адамдарынан айырылып, босаған жұмыс орындарына дайындығы мен белсенділігі төмен жұмыскерлермен толықтырылатын жағдайлар болған. Мысалға Египетте құрылыс жұмысшыларының Парсы шығанағына жаппай эммиграциясы елдің құрылыс саласындағы еңбек өнімділігінің төмендеуіне әкелді. Иордания да осыған ұқсас жағдайда, басқа елдерден агроөндірістік салалар мен ауыл шаруашылығына жұмысшыларды тартуға мәжбүр болды. Еңбек миграцияның ауқымдылығына байланысты, Йемен де елеулі экономикалық қиындықтарға душар болды.

Сонымен бірге 80-жылдардағы зерттеулер жағдайлардың тек осындай сызба бойынша дамымайтындығын айқын көрсетті.Көптеген жағдайларда, миграция белсенділігі маманданбаған, жартылай маманданған еңбек ресурстарының кетуіне байланысты екені белгілі болды. Халықаралық еңбек ұйымы деректері негізінде жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша, Таяушығыстық экономикалық өрлеу кезінде негізгі азиялық донор-елдерден шыққан еңбек мигранттарының көбі аз маманданған немесе маманданбаған болғаны анықталды.

Қазіргі уақытта бұл  елдерде кәсіптік-мамандану құрылымы сақталып, олар үй қызметшілерін экспорттауға мамандануда.

Маманданған жұмысшылардың кетуі барлық жағдайда орны толмас зиян әкеле бермейді. Оның салдары еңбек рыногындағы жағдай мен сыртқы миграцияға қай кәсіптік топтар енетініне байланысты. Бірқатар Оңтүстік Азия елдерінде, маманданған еңбек ұсынысы сұраныстан көп болғандықтан, еңбек миграциясы жұмыссыз жастардың жұмысқа орналасу мүмкіндігін жоғарылатты.

Эмиграциялық мәліметтерді зерттеу миграцияның орта табыс пен жалақының орта деңгейінің көтерілуіне әсер ететінін көрсетті. Тіпті халықтың ең кедей топтарының табысы мен жалақысының деңгейін аз дегенде кемітпей, жоғарылауына әкеледі. Сондықтан әлеуметтік салада миграцияның оң әсерін көбінесе қоғамның барлығының болмаса да, бір бөлігінің әл-ауқатының жоғарылауымен байланыстырылады.

Оның кері салдарына, көбінесе, әлеуметтік теңсіздіктің өсуі мен осы негіздегі қоғамдағы  әлеуметтік шиеленістің өсуін жатқызады. Бірақ бүгін эксперттердің көпшілігі бұл көзқарасты, бірқатар зерттеулерге жүгініп, қолдамайды.

Азия миграциясын  ДЕҰ-БҰҰ жобасы шеңберінде жүргізілген зерттеулер осы елдердің мигранттарының көбісі шетелге жұмысқа орналасуына дейін әлеуметтік сатысының ең төменгі топтарынан, маманданбаған еңбекшілер екенін анықтады. Сондықтан еңбек миграциясы әлеуметтік теңсіздікке емес, қайта әлеуметтік теңсіздіктің төменделуіне әкеледі.

Экспортер ел мен импортер ел үшін ең үлкен мәселе қабылдаушы елдегі жұмысқа алу, елге келу мен еңбек жағдайын реттейтін заңдарды бұзумен байланысты заңсыз миграция болып табылады.

Заңсыз миграция мәселесі барлық елдерге тән. Бұл құбылысқа теріс көзқарас, елде ресми рұқсатсыз болудың ішкі еңбек рыногында бәсекелестікті шиеленістіре түсуімен байланысты, өйткені  заңсыз мигранттар ең төменгі ақыға жұмыс істеуге келісіп, әлеуметтік төлемдерді талап етпейді. Оған қосымша, олар мемлекетке салық төлемейді, өйткені жұмыс берушілер заңсыз жұмысшыларды пайдалануын барынша жасыруға тырысады. Басқа жағынан бұл жұмысшылар салық төлеушілер арқасында жасалған әлеуметтік игіліктерді пайдалануға мүмкіндік алады, сондықтан олар қоғам үшін масылға (өз жағынан ешқандай шығын шығармай қоғамдық игіліктерді пайдаланушы (экономикалық, саяси, психологиялық және тағы басқадай) айналады.

Заңсыз эмиграцияны, көбінесе еңбекке жарамды халықтың артық мөлшері бар, дамушы елдердің төмен маманданған жұмыскерлері қолданады. Соңғы уақытта бұл мәселе ұшықтырыла түсті. Мысалға АҚШ-та 1 млн. заңсыз мигранттар бар, ал Германияда елге келгендердің 1/Ззаңсыз осы елде қалып қояды.

Донор-елдердің экономикасы  үшін мигранттардың валюталық қаржыларының келуінің өте маңызды мәні бар. Олар көптеген елдерде қаржы жағдайының жақсаруына көмектеседі.

Төлем балансының статистикасындағы  еңбек күші миграциямен байланысты көрсеткіштер ағымдағы операциялар балансының бір бөлігі болып табылып, 4 баппен топтастырылады:

Еңбек табысы, жұмыстыларға берілген төлем - ел резиденттеріне мигранттардың (жекелеген резидент емес тұлғалар) жасаған жұмысы үшін алынған еңбекақы, нақты ақша немесе заттай басқа төлемдері. Жеке резидент емес тұлғалар қатарына бір жылдан кем болған шетел жұмысшыларының бәрі, оның ішінде маусымдық жұмысшылар, шекаралас мемлекеттерден келген жұмысшылар, уақытша табысқа келген жұмысшылар, шетел өкілдіктеріндегі жергілікті персонал кіреді.

Мигранттар  ауысуы - мигранттардың басқа елге көшкендегі өзімен бірге алынатын мүліктің ақшалай құнының бағалау көрсеткіші. Бұл жердегі эмигранттың мүлігін шығару елдің тауар экспорты ретінде көрсетіледі.

Жұмыскерлердің аударулары - мигранттардың отанында қалған туыстарына ақша мен тауарды жіберулері. Жіберу кезінде олардың бағалық құны есептелінеді.

Жеке төленбеген аударулар - мигранттардың кетер кездегі алынған мүлік пен келесіде отанына тауар жіберулерінің ақшалай эквивалент бағасы.

Экономистердің есептеулері  бойынша, еңбек күшінің экспорттық тиімділігі тауар экспортының тиімділігінен бес есе көп. Мысалға, жұмысшы күшінен алынған табыс ұлттық төлем балансындағы барлык валюта түсімдерінің 20-30 пайызын құрайды.

Бірқатар ел үшін, әсіресе кішігірім елдер үшін эмигранттардың ақшалай аударулары валюталық түсімдердің маңызды көзі ретінде болуда- Мысалға, Буркина-Фасода тауар экспортынан түсетін түсімдердің 31-42 пайызын, Капо Вердеде -39-54 пайызын, Йеменде 28-72 пайызын қүрайды.

Үндістан, Пәкістан сияқты ірі елдерде оның мөлшері  экспорт түсімдерінің 10-27 пайызын құрайды. Еңбек ресурстарының экспорты бойынша 1 орынды иеленетін Филиппинде бұл саладан жыл сайын 3 млрд АҚШ долларына дейін ақша түсіп, тауар экспорты табысы тек 9 млн. АҚШ долларын құрауда. Эмигрант-жұмысшылар үшін қор жинау нормасының жоғары болуы тән. Қор жинаудың орташа нормасы түрік эмигранттарында 35 пайызға, пәкістандықтарда 70 пайызға дейін болуда.

Ақшалай аударулар өндірістің өсуі мен жұмыстылық деңгейіне әсер ете алатын ішкі сұранысты ынталандырады. Бірқатар ішкі еңбек рыноктары тар елдерде олар инфляциялық қысымды күшейтіп, импорттың кеңеюіне әсер етуі мүмкін.

Теориялық тұрғыдан, еңбек  күші экспортер-елдің табысының, басым бөлігі эмигранттардың ақша аударулары болса да, онымен шектелмейді. Басқа да төлем балансына оң ықпал ететін табыстар - шетелде жұмысқа орналастыратын фирмаларға салынған салықтар, эмигранттардың өз еліне жасаған портфельді және тікелей инвестициялар, оқытуға, денсаулық сақтау мен басқадай әлемдік шығындардын азаюы т.б. Эксперттердің есебі бойынша, отанына қайтқанда мигранттар өзімен бірге, алдында банктер арқылы жасалған аудармаларға тең мөлшерде қаржы әкеледі деп саналуда.

Экспортер - ел үшін болатын оң салдарға еңбек рыногындағы жағдайдың жақсаруы, әлеуметтік шиеленістің әлсіреуі, елге валюта қаржы ағымының ұлғаюын жатқызуға болатыны сөзсіз. Отанына Қайтып келетін реэмигранттар өзімен бірге жоғары өндірістік және техникалық деңгейдегі кәсіпорында істеген тәжірибесін, кәсіпкерлік дағдыларды ала келеді. Бұл елге құрал-жабдық, машиналар әкелінеді. Осы елді әлемдік шаруашылық және экономикалық мәдениетке, тартылуына мүмкіндік беріп, оған сауда-экономикалық серіктес ретінде қызығушылықты жоғарылатады. Осының нәтижесінде экспортер ел маманданған жұмысшыларды ақысыз алады. Жоғарыда айтылғанды қорытындылай келе, еңбек миграциясының теріс және оң салдары бар екенін айтамыз. Оны 1-кестеде көрнекті түрде көруге болады.

Теріс жақтары

Оң  жақтары

1. Активті эмиграция экономика, ғылым техниканың кейбір бағыт-тарының дамуын баяулатады.

1. Кәсіби ұтыс: кәсіби білімнің жо-ғарылауы, нарықтық экономикамен танысып, оны басқару әдістерін білу.

2. Қоғам халықтық ең  интел-лектуалды тобы, жоғары кәсіби, іс-әрекет белсенділігі бар ғылыми-еңбек потенциалын жоғалтады.

2. Экономикаға валюта қаржыларының келуі.

3. Халықтың кетуі елдегі  демо-графиялық жағдайға әсер  етіп, оның қартаюына әкеледі.

3. Еңбек рыногында шиеленісті төмендету.


Әрбір ел өз миграциялық  саясатының бағыттары мен мақсаттарын  анықтауда еріктілігіне қарамастан, халықаралық ұйымдар құжаттарында бекітілген белгілі бір құқықтық ережелер бар. Еңбек миграциясының мәселелерін реттеудің үш деңгейі бар: халықаралық, аймақтық және ұлттық.

Халықаралық деңгейде еңбек  күші миграциясын реттеуде 185 мемлекет-мүшесі бар, штаб-квартирасы Нью-Йоркте орналасқан, 1945 жылы құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымы маңызды орын алады.

БҰҮ-ның арнайы құрылымы - қашқындар ісі бойынша (БҰҰ) Бас  комиссары Басқармасы 1950 жылы құрылды. 1951 жылы 108 ел қашқындар статусы конвенциясына  қол қойды.

Информация о работе Международная экономика