ҚР заңнамасы негізнде инвестициялау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 10:21, курсовая работа

Описание

Кіріспе....................................................................................3

Инвестиция түсінігі және мәні..............................................4
Инвестициялар мәні және
олардың нысандары.................................................................4
1.2 Қазақстан экономикасының
инвестициялық қызметіндегі тенденциялар.............................6 1.3 Инвестицияның қызметті
жетілдіру жолдары................................................................10

II. Қазақстан Республикасына шетел
инвестицияларын тартудың мәселелері
мен перспективалары..............................................................13

2.1 Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және
оларды шешу жолдары.................................................................................13
2.2Шетел инвестицияларын Қазақстан
экономикасында қолдану.......................................................18

III. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЗАҢНАМА..................................22
3.1 Инвестициялық заңнаманың пайда
болу және даму тарихы.......................................................22
3.2 Қазақстан Республикасындағы
инвестициялық заңнама дамуының
негізгі кезеңдері...................................................................25

Қорытынды..........................................................................35
Қолданылған әдебиеттер.....................................................36

Содержание

Кіріспе....................................................................................3

Инвестиция түсінігі және мәні..............................................4
Инвестициялар мәні және
олардың нысандары.................................................................4
1.2 Қазақстан экономикасының
инвестициялық қызметіндегі тенденциялар.............................6 1.3 Инвестицияның қызметті
жетілдіру жолдары................................................................10

II. Қазақстан Республикасына шетел
инвестицияларын тартудың мәселелері
мен перспективалары..............................................................13

2.1 Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және
оларды шешу жолдары.................................................................................13
2.2Шетел инвестицияларын Қазақстан
экономикасында қолдану.......................................................18

III. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЗАҢНАМА..................................22
3.1 Инвестициялық заңнаманың пайда
болу және даму тарихы.......................................................22
3.2 Қазақстан Республикасындағы
инвестициялық заңнама дамуының
негізгі кезеңдері...................................................................25

Қорытынды..........................................................................35
Қолданылған әдебиеттер.....................................................36

Работа состоит из  1 файл

Мазмұны.docx

— 71.13 Кб (Скачать документ)

         Мазмұны

 

Кіріспе....................................................................................3

 

Инвестиция  түсінігі және мәні..............................................4

    1. Инвестициялар мәні және

олардың нысандары.................................................................4

1.2 Қазақстан  экономикасының 

инвестициялық қызметіндегі тенденциялар.............................6 1.3 Инвестицияның қызметті

жетілдіру жолдары................................................................10

 

II. Қазақстан Республикасына шетел

инвестицияларын тартудың мәселелері

мен перспективалары..............................................................13

 

2.1 Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және

оларды шешу жолдары.................................................................................13

2.2Шетел инвестицияларын  Қазақстан 

экономикасында  қолдану.......................................................18

 

III. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ  ЗАҢНАМА..................................22

   3.1  Инвестициялық  заңнаманың  пайда 

болу  және  даму  тарихы.......................................................22

3.2  Қазақстан  Республикасындағы  

инвестициялық  заңнама  дамуының 

негізгі  кезеңдері...................................................................25

 

Қорытынды..........................................................................35

Қолданылған әдебиеттер.....................................................36

 

 

 

 

Кіріспе

 

Бұл тақырыпты алғандағы  мақсат  еліміздің инвестициялық  саясаттың ролін, яғни алатын орнын, маңыздылығын, тәуелсіз елімізге қажеттілігін атап көрсету .

Оған дәлел 2005 жылдың 18-ақпандағы  Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан  халқына Жолдауы. Онда еліміздің 1990- жылдардың басындағы экономикалық ахуалынан неден басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның іщкі өнімінің екі есе ұлғаюына, нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды. Жолдауда « Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей  шетел инвестициясы тартылды. Бұл  бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екенін барша  инвесторларға көрсетеді» деп  айтылуы  инвесторлармен қатар еліміздің  экономикасының даму жолына түскендігін, әлем Қазақстанға өз қаржысын салғысы  келетінін көрсетеді. Өйткені инвестиция дегеніміз  табыс табу және капиталды  ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі  жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысты  немесе іске жұмсалынуы тиіс. Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың ең алғашқы, яғни 1997 жылы 10-қазанда Алматы қаласында өткен  Республика белсенділерінің жиналысындағы  «Қазақстан – 2030» барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының  артуы» Жолдауында шетел инвестициясы тоқталды.

«Шетел инвестицияларын  тиісінше қорғауды және пайданы кері қайтарып алу мүмкіндіктері бұрынғысынша назарда бірінші кезектегі мәселелер  қатарында ұсталады.» -деп атап өтілуі инвестициялардың  еліміздің экономикасын дамытуға қажеттілігін көрсетеді.

2003 жылдың 9-сәуірдің Президенттік  Қазақстан Жолдауында үкімет 2015 жылға дейінгі Индустриялық - инновациялық  даму бағдарламасын әзірлеген: 

Инвестициялық сипаттағы  тікелей мемлекеттік шығасылардың жылына орта есеппен 38 миллиард теңге (250 миллион доллар) болатынын жоспарлап  отырмыз. Бұл қаражаттың едәуір бөлегі өндірістік және ғылыми инфрақұрылымды жасақтау мен жаңартуға жұмсалатын болады.

Индустриалық - инновациялық даму бағдарламасын іске асыру мақсатында даму институттарының жүйесі құрылады әрі капиталданатын болады.

 

 

 

    1. Инвестиция түсінігі және мәні

         1.1 Инвестициялар мәні және олардың нысандары.

 Экономикадағы инвестицияға  әр түрлі көзқараста анықтама  беріледі. Жалпы алғанда – бұл  табыс алу мақсатында капитал  салу.

Қаржы көзқарасыны алғанда  – бұл бағалы қағаз сатып алу, оған ақса салу. Инвестицияларды қаржыландыру үшін жинақ ақшаның бөлігін бөлу қажет., осыған байланысты инвестициялар  келешекте өнім шығаруды арттырып, оны тұтыну үшін ағымдағы тұтынудан  бас тартуды қарастырады. Макроэкономикалық  тұрғыдан инвестициялар нақты маңызға  ие болады, олар негізгі өндірістік қорларға(негізгі капиталға), тұрғын үй құрылысына және запастардың өсіміне  салынатын салымға жұмсалатын шығын  ретінде қарастырылады. Бағалы қағазды  сатып алу макроэкономикалық  көзқарас тұрғысынан, инвестициялау  болып саналмайды.

«Инвестициялар туралы»  ҚР Заңында инвестициялар – бұл  мүліктің барлық түрлері (жеке адам тұтынатын  тауарларды қоспағанда), сондай-ақ лизинг шарты жасалған сәттен бастап қаржы  лизингінің заттары, сондай-ақ инвестор заңды тұлғаның қаржылық капитал  салатын оларға құқықтар немесе кәсіпкерлік  қызметте пайдаланылатын тіркелген  активтердің ұлғаюы.

Ұлттығ қоғамдық ұдайы  өндірістің әр түрлі фазаларында  инвестициялау процесі; инвестициялайтын объектілерді құру жөніндегі қызметті жүзеге асыру; және ең соңында ір түрлі  салаларда  жаңадан құрылған қорларды пайдалануға беру сияқты әрқалай  көрінеді. Инвестициялау процесінде жай және ұлғаймалы ұдайы өндірістің, өтеу және қорланудың көздері мен  міндеттері тоқайласып, инвестицияларда  ерекше құрылымдық бөлімшелердің айрықша  нысандары мен түрлерін туындатады. Халық шаруашылығы құрылымының  тұрғысынан алып қарағанда инвестициялар  күрделі құрылыс пен құрылыс  атериалдары өнеркәсібі, күрделі  құрылысқа бағдарланған машина жасау  салалары инвестициялық саланың  ерекше кешені ретінде қарастырылады.

Инвестициялар мен инвестициялық  қызметтің келесідей сипаттамалары  жеке аталады.

Инвестициялық қызмет-бұл  инвестициялардың салымы және оларды іске асыру жөніндегі практикалық  іс-қимылдар.

Инвестициялық қызметке жеке де, сондай-ақ заңды, оның ішінде шетелдік тұлғалар, мемлекеттер мен халықаралық  ұйымдар қатысуы мүмкін.

Инвестор-бұл шешім қабылдайтын  және меншікті немесе қарызға алынған  ақшалай, сондай-ақ инвестициялық жобаға өзге де тартылған және олардың мақсатқа орай пайдалануын қамтамасыз ететін мүліктік зияткерлік құндылықтар.

Қаржы емес т активтерге қаржы салымдары мен инвестициялар  жатуы мүмкін. Инвестициялар ақша салымының көзі бойынша меншік  және тартылған көзге : меншік нысаны бойынша:отандық және шетелдікке, мемлекеттік  және жеке меншік көзге бөлінеді.

Қаржы салымдары деп басқа  заңды тұлғалардың бағалы қағаздарына  ақшалай қаражаттың, материалдық  және басқа да құндылықтардың салымы, мемлекеттік және жергілікті қарыздардың  пайыздық облигациялары, елдің аумағында  құрылған басқа заңды тұлғалардың  жарғылық капиталдары, кәсіпорындардың  шет елдердегі капиталы,, сондай-ақ заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаға  берген қарызы аталады.

«Инвестициялар туралы»  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес портфельдік (қаржы) инвестициялар-басқа  кәсіпорындардың акцияларына, облигацияларына, басқа да бағалы қағаздарына, активтеріне  салынатын салым. Қаржы салымы нақты  өндіріске салынатын инвестициялардың қосымша көзі болуы мүмкін. Портфельдік  инвестициялардың бөлігі-материалдық  өндірістің әр түрлі салалары кәсіпорындарының акцияларына салынатын салымдардың  өзінің тегі бойынша өндіріске салынатын  тікелей инвестициялардан ешқандай айырмашылығы болмайды.

Кәсіпорын жүзеге асырған  қаржы салымы қарыз бен кредитті өтеу мерзіміне байланысты ұзақ мерзімдіге (бір жылдан асатын) және қысқа мерзімдіге (бір жыл ішінде табыс алатын) бөлінеді.

Қаржы емес активтерге салынатын  инвестициялар- бәл негізгі капиталға  салынатын инвестициялар, күрделі  жөндеуге жұмсалатын шығындар, жер  телімдері мен  табиғатты пайдалану  объектілерін сатып алуға жұмсалатын инвестициялар, материалдық емес активтерге (патенттер, лицензиялар, бағдарламалық  өнімдер, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік  – конструкторлық әзірлемелер және т.б), материалдық қаражатының запасын  арттыруға салынатын инвестициялар.

Негізгі капиталға салынатын  инвестициялар деп негізгі қорларды сатып алуға, құруға және ұдайы жаңғыртуға (объектілердің жаңа құрылысы, оларды кеңейту, қайта жаңарту мен техникалық қайта жарақтандыру, машина, жабдық, құрал мен аспаптар сатып алу, негізгі отарды қалыптастыру, көп  жылғы өсімдәктер және т.б аталады) жұмсалатын шығындардың жиынтығы аталады.

Материалдық емес активтер – бұл жер телімдерін, табиғатты  пайдалану объектілерін пайдалануға  арналған патенттер,лицензиялар, құқықтар, авторлық құқықтар, ұйымдастыру шығындары, сауда белгілері, тауарлық белгілер, бағдарламалық өнімдер, нау-хау жіне т.б.

Негізгі құралдарды  күрделі  жөндеу жабдықтарды, машиналарды, көлік  құралдарын, ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеуге бөлінеді.

Материалдық айналым қаражатының  запасын толықтыруға жұмсалатын инвестициялар – бұл айналым  қаражатының запасқа түсімінен  және олардың кетуінен пайда болатын  шығын және өнімнің запасқа түсуі  мен олардан алудың арасындағы айырма ретінде анықталады.

«Инвестициялар туралы»  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нақты инвестициялар –  жаңа кәсіпорын құруға және жұмыс  істейтін кәсіпорындарды қайта жаңартып, техникалық жарақтандыруға жұмсалатын салым. Кәсіпорын бұл жағдайда-инвестор, ол қаражат салып өзінің өндірістік капиталын – негізгі өндірістік қорларды және оныі жұмыс істеу үшін қажетті айналым қаражатын арттырады.

Осы орайда меншікті және тартыл,ан құралдар инвестициялық процесті қаржыландыру көзі болып табылады.

Меншікті құралдарға:

  • Кәсіпорындар мен ұйымдардың иелігінде қалатын пайда;
  • Амортизация;
  • Қорланым;
  • Сақтандыру органдары залалды өтеу түрінде төлейтін сомалар жатады.

Тартылған қаражаттың құрамына:  

  • Банктердің кредиттері, акция сатудан түскен қаражат, қайырымдылық және өзге де жарналар мен қаражаттар;
  • Қарызға алынатын қаражаттың сан алуан түрлері, оның ішінде кредиттері;
  • Мемлекеттік және жергілікті бюджеттің қаражаты;
  • Бюджеттен тыс қорлардың қаражаты;
  • Шетелдік инвестициялар жатады.

Негізгі капиталға салынатын  инвестициялар өзінің технологиялық  құрылымы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары, машиналар мен жабдықтар, құралдар мен аспаптар; негізгі құралдарды күрделі жөндеу; өзге де күрделі  жұмыстар мен қызметтердің түрлерінен құралады.

Негізгі қорларды ұдайы өндірістің бағыттары бойынша негізгі капиталға  салынатын инвестициялар жаңа құрылыс  салуға, жұмыс істейтін кәсіпорындарды кеңейту, қайта жаңартуға, техникалық қайта жарақтандыруға және жұмыс  істейтін қуаттарды қолдауға жұмсалатын инвестицияларға бөлінеді.

Шетелдік инвестициялар  қаржы емес активтерге салынатын  қаржы инвестициялары мен инвестициялардың құрамдас бөлігі болып табылады.

 

 1.2  Қазақстан экономикасының инвестициялық қызметіндегі                   тенденциялар.

 

Қазақстан Республикасы республика экономикасына инвестиция тарту  саласында елеулі нәтижеге жетті. Мемлекеттің  ұстанған инвестициялық саясатының арқасында жоғарғы экономикалық нәтижелерге қол жеткізді. Елдегі инвестициялық ахуалдың жақсаруы емлекет  қызметі басымдылығының бірі болып  табылады. Тұрақты және мақсатты жұмыс  жүргізудің арқасында Қазақстан, халықаралық  сарапшылардың ба,асы бойынша, ТМД  елдері арасында инвестициялық реформа  жүргізудің көшбасшысы болып танылады.

    Standart & Poor’s, Moody’s Investors Service және FitchIBKA халықаралық рейтингтік  агенттіктердің инвестициялық рейтингті,  «инвестициялық» кластағы (ВВС) кредиттік  рейтингті тағайындауы, Әлемдік  банктің 2003 жылы Қазақстанды инвестиция  салуға ең тартымды жиырма  елдің қатарына енгізуі республикадағы  инвестициялық ахуалды растайды.

Қазақстан өзі таңдаған инвестициялық  саясатта инвесторлармен жасалатын  қарым-қатынастарда тұрақтылық пен  айқындылық, заңнама нормаларының ашықтығы, инвесторлар мүдделерінің қорғалуы, жергілікті және шетелдік инвесторлар  үшін тең жағдай жасау, бұрын жасалған келісімшарттардың орнықтылығы  қағидаларын ұстанады.

2000 жылдан бастап жалпы  экономикалық жағдайдың тұрақтануының  және кәсіпорындар мен ұйымдардың  қаржы жағдайының жақсаруының  нәтижесінде инвестициялық және  құрылыс қызметі жанданды. 2000-2006 жылдар аралығында Қазақстанда  негізгі капиталға салынған инвестициялардың  көлемі 3,4 есеге ұлғайып, 2007 жылы  негізгі капиталға салынған инвестициялардың  көлемі 3234193 млн теңгені құрады  немесе 2006 жылмен салыстырғанда  11,3%-ға артты, ал 2008 жылдың сәуір-желтоқсан  айларында негізгі капиталға  3836141 млн теңге салынды. 2009 жылдың  қаңтар-ақпан айларында негізгі  капиталға салынған инвестициялардың  көлемі 373,1 млрд теңгені құрады, бұл  өткен жылдың осы кезеңмен  салыстырғанда 9,7%-ға аз.

Мемлекет экономиканың шикізат  емес салаларына инвестиция салу үшін жағдай жасайды. Ірі инвесторларға  бірқатар жеңілдік беру қарастырылған  тиісті заңнама базасы әзірленіп  кабылданды.

Инвестициялық салық преференцияларын беру арқызы өндеу өнеркәсібінің  тіркелген активтеріне инвестиция тарту жөніндегі саясат айтарлықтай  нәтижеге жеткізді. Республикада инвестициялық  қызметтің құқықтық өрісінде сапалы өзгерістер орын алды.

Информация о работе ҚР заңнамасы негізнде инвестициялау