ҚР заңнамасы негізнде инвестициялау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 10:21, курсовая работа

Описание

Кіріспе....................................................................................3

Инвестиция түсінігі және мәні..............................................4
Инвестициялар мәні және
олардың нысандары.................................................................4
1.2 Қазақстан экономикасының
инвестициялық қызметіндегі тенденциялар.............................6 1.3 Инвестицияның қызметті
жетілдіру жолдары................................................................10

II. Қазақстан Республикасына шетел
инвестицияларын тартудың мәселелері
мен перспективалары..............................................................13

2.1 Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және
оларды шешу жолдары.................................................................................13
2.2Шетел инвестицияларын Қазақстан
экономикасында қолдану.......................................................18

III. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЗАҢНАМА..................................22
3.1 Инвестициялық заңнаманың пайда
болу және даму тарихы.......................................................22
3.2 Қазақстан Республикасындағы
инвестициялық заңнама дамуының
негізгі кезеңдері...................................................................25

Қорытынды..........................................................................35
Қолданылған әдебиеттер.....................................................36

Содержание

Кіріспе....................................................................................3

Инвестиция түсінігі және мәні..............................................4
Инвестициялар мәні және
олардың нысандары.................................................................4
1.2 Қазақстан экономикасының
инвестициялық қызметіндегі тенденциялар.............................6 1.3 Инвестицияның қызметті
жетілдіру жолдары................................................................10

II. Қазақстан Республикасына шетел
инвестицияларын тартудың мәселелері
мен перспективалары..............................................................13

2.1 Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және
оларды шешу жолдары.................................................................................13
2.2Шетел инвестицияларын Қазақстан
экономикасында қолдану.......................................................18

III. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЗАҢНАМА..................................22
3.1 Инвестициялық заңнаманың пайда
болу және даму тарихы.......................................................22
3.2 Қазақстан Республикасындағы
инвестициялық заңнама дамуының
негізгі кезеңдері...................................................................25

Қорытынды..........................................................................35
Қолданылған әдебиеттер.....................................................36

Работа состоит из  1 файл

Мазмұны.docx

— 71.13 Кб (Скачать документ)

Қазақстан отандық және шетелдік инвесторлардың қызметін реттейтін  «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 9 қаңтардағы №373-II Заң қабылданды. Аталмыш Заң  шетелдік және отандық инвесторларға  арналған заңнаманың біріңғай талаптары  түріндегі құқықтық режимді сәйкестендіруге  мүмкіндік берді.

Мемлекет инвесторларға  инвестициялық қызметті көтермелеуге бағытталған бірқатар инвестициялық  преференциялар беру кіретін тікелей  инвестицияларды қолдайтын белсенді іс-шаралар қолдануда.

Осындай преференцияларға салықтық, кедендік преференциялар, сондай-ақ табиғи гранттар беру жатады.

Республикада шетелдік инвестициялардың жаңа инвестицияларын жылжытуға  қатысты Қазақстан Республикасының  инвестициялық мүмкіндіктерін көрсету  жөніндегі белсенді ақпараттық жұмыс  бағдарламасы іске асырылуда. Шетелдік ықтимал инвесторлармен қарым-қатынас  орнату, шетелдік инвесторлардың түсініктемелерін жақсы қабылдайтын заңнама процесін қалыптастыру жөнінде іс-шаралар  жүзеге асырылуда.

Белгілі халықаралық орталықтарда еліміздің тартымды инвестициялық  имиджін қалыптастыру және шетелдік инвесторларды көптеп тарту жөнінде  халықаралық конференциялар, тұсаукесерлер, семинарлар мен жөңгелек ұстелдер ұдайы  өткізіледі.

Осыған байланысты жүргізілетін инвестициялық саясатта еліміздің  инвестициялық ахуалын одан әрі  жақсартуға, шелдік жіне отандық инвесторларға  ең төмен саяси және өаржы тәуекелімен  еліміздің экономикасына инвестицияларды  кедергісіз салу үшін мүмкіндік беруге ерекше назар аударылады.

Инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту мақсатында инвестициялық  саясаттың өңірлік аспектілері  күшейтілуде. Өңірлердегі инвестициялық  сачсат орта мерзімді бағдарламалармен байланыстырылып жүзеге асырылады  және өңірдің экономикалық-географиялық ерекшелігіне байланысты сараланады. Қазақстанның әр бір өңірінде кісңпкерлер  бизнестің таңдалған бағытын  шығармашылықпен ойластырған жағдайда инвестициялық преференция алады.

Орталықтандырылған жүйеден  шаруашылық жүргіздің нарықтық негізіне көшудің нәтижесінде инвестициялық  қызмет түбегейлі өзгерді. Осы саладан  мемлекеттің кетуіне байланысты күрделі құрылысты қаржыландыру практикасы өзгеріп, кәсіпорындардың  инвестициялық қызметін меншікті қарыз  қаражатының есебінен кеңейтуге  жол ашылды, енді шетелдік инвестицияларға  тәуелділік күшейді, осының барлығы  инвестицияның көздері мен оның көлемінің өзгеруіне ісер еткен  шешуші факторға айналды.

Осының нәтижесінде  инвестициялық  қызметте келесідей тенденциялар белең  алды.

Біріншіден, экономиканы  реформалау жылдары меншік нысандары  бойынша барлық қаржыландыру көздерінің есебінен күрделі салымдардың құрылымы айтарлықтай өзгерді. Мәселен, егер 1992 жылы мемлекеттік меншіктің үлесі 81% -ды, муниципалдық меншіктің үлесі - 6%-ды құрды, араласы (шетелдік инвестициялары бар кәсіпорындарды қосқанда)-10%-ды, жеке меншік 3%-ды құраса, 2006 жылы меншік нысандары бойынша күрделі салымдардың  құрылымы мүлдем басқаша қалыптасты: мемлекет меншіктің үлесі 11,6%-ға дейін  төмендеп, жеке меншіктің үлесі 65,1%-ға , шетелдік үлес 23,3%-ға дейін ұлғайды.  2009 жылы шетелдік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын өндеу өнеркәсібінің  салалары бойынша негізгі капиталға  салынған инвестициялардың үлесі 12%-ды құрады.

Екіншіден, мемлекет өзінің инвестициялық салаға қатысуын қысқартты. Бюджет есебінен қаржыландырылатын  негізгі капиталға салынған инвестициялардың үлесі 1992 жылы инвестициялардың жалпы  көлемінің 16,6%-ын құраса, 2006 жылы осы  көрсеткіш 11,2%-ға дейін төмендеді. 2009 жылдың бірінші тоқсанында өндеу  өнеркәсібінде негізгі капиталға  салынатын инвестицияларды республикалық  бюджеттен қаржыландыру жүргізілген  жоқ.

Үшіншіден, күрделі салымдарды қаржыландыру көздерінің құрылымында  елеулі өзгрістер орын алып отыр: экономиканың мемлекеттік емес секторы қаражатының  ұлесі артып, халықтың жеке меншік тұрғын үйге жұмсалатын қаражатының көлемі ұлғайып келеді. Қазақстанда 2000 жылмен салыстырғанда 2006 жылы тұрғын үй құрылысының  қарқыны 5,1 есеге ұлғайып, 2008 жылдың қантар-желтоқсан айларында тұрғын үй құрылысына 44335 млн теңге салынды, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 83,9%-ды құрады.

Кәсіпорындардың меншікті қаражаты күрделі салымдардың негізгі  көзі ретінде өзінің маңызын жойған жоқ. Экономиканы реформалау жылдары  инвестициялық процесті орталықтан жекелеудің тұрақты тенденциясы  қалыптасты, осы қаражаттың үлесі  үнемі артып келеді.

Инвестициялық  процесті жандандыру ішкі нарықтан мемлекеттік  бюджеттің тапшылығын жабу үшін тартылатын қаражаттың үлесін қысқартуға; қаржыландыру көздерін кеңейту  мақсатында мемлекеттің  қарызға алынған қаражаттың бөлігін  қайтару жөніндегі кепілдігін беруге; мемлекеттің инвесторлармен және басқа  да кредиторлармен тәуекелді бөлісу негізінде инвестициялық жобаларды  кредиттеуге қатысуына қорланымды неғұрлым тиімді пайдалану үшін кәсіпорындарды сауықтыру мен банкроттық механизмін қолдануға ықпал етеді.

Инвестициялық қызметі мемлекеттік  реттеу ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуына бағытталған  инвестициялық саясат жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу:

  • Мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларға сәйкес;
  • Мемлекеттік инвестицияларды тікелей басқару арқылы;
  • Преференциялар, салық ставкалары мен жеңілдіктері сараланған салық жүйесінің көмегімен;
  • Жекелеген аумақтардың, салалардың, өндірістердің дамуына дотация, субвенция, бюджеттік несие түрінде қаржылай көмек көрсету арқылы;
  • Қаржы және кредит саясаты (бағалы қағаз шығарып, оларды айналысқа жіберу), амортизациялық саясаттың баға белгілеу саясаты нысанында;
  • ҚР аумағында белгіленген қолданыстағы заңнамаға, жерді жіне басқа да табиғи ресурстарды пайдалану ережелеріне сәйкес;
  • Мемлекеттік нормалар мен стандарттардың сақталуын бақылап, сондай-ақ міндетті түрде сертификаттау ережесін сақтап;

Орындау үшін тиісті заңнама  актілері мен қаулылар шығарып, оларды нақтылау, сондай-ақ белгілі бір  экономикалық, оның ішінде инвестициялық  саясат жүргізіп, елдің инвестициялық  қызметі мен экономикасына ықпал  етудің экономикалық да (жанама), сондай-ақ әкімшілік те (тікелей) әдістерін  пайдаланады.

              1.3 Инвестициялық қызметті жетілдіру  жолдары

Инвестициялық қызметтің  жақсаруына инвестициялар мен жалпы  инвестициялар саласын ұйымдастыру  мен басқаруға өзгеріс енгізу ықпал етуі тиіс.

Қазақстан Индустриялық-инновациялық дамудың 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған стратегиясы қаблданды. Стратегияда  жеке меншік сектордың бастамаларына  қолдау көрсету, ұлттық экономиканың шикізат  емес салаларының дамуы үшін қажетті  заңнамалық және институциялық жағдай жасау қарастырылады.

Инвестицияларға мемлекеттік  қолдау көрсетуде экономиканың дамуы  үшін қолайлы инвестициялық ахуал  қалыптастыру және жұмыс істейтін өндірістерді қазіргі заман технологиялар  қолданып кеңейту, жаңа өндіріс ұйымдастыру  және оларды жаңартуға инвестиция салуға ынталандыру, қазақстандық мамндардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсаты қойылады.

Инвестицияларды мемлекеттік  қолдауда инвестициялық преференциялар беру қарастырылады.

Инвестициялық преференция  беру «Инвестиция туралы» Қазақстан  Республикасының Заңында реттеледі, Аталмыш Заңда инвестицияларды  ынталандырудың құқықтық және экономикалық негіздері белгіленіп, инвесторлар  Қазақстан Республикасында инвестициялауды  жүзеге асырған кезде олардың  құқықтарына кепілдік беріледі, сондай-ақ инвестицияларды мемлекеттік қолдау шаралары, дауларды инвесторлардың қатысуымен шешу тәртібі анықталады.

«Инвестиция туралы» Заңда  бұрынғы инвестициялық заңнаманың өзін-өзі ақтаған және жақсы көрсеткен  жақтары , сондай-ақ инвестицияларды  көтермелеу мен қолдаудың халықаралық  тәжірибесі ескеріліп сақталған.

Заңды инвестицияларды мемлекеттік  қолдаудың қарастырылған жаңа механизмінде бірқатар елесідей елеулі айырмашылықтар бар.

Біріншіден, отандық жіне шетелдік инвесторларды қолдау мен  көтермелеу, сондай-ақ олардың тең  дәрежедегі құқықтығы қарастырылған.

Шетелдік және отандық  инвесторлардың теңдігі иеліктен айыру  мен мемлекет иелігіне алудан кепідік  беру кезінде, мемлекеттік органдар тексеріс жүргізгенде, инвестициялық  дауларды шешкенде, табысты пайдаланғанда, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен  лауазымды тұлғалардың іс-қимылынан  келтірілген зиянды өтеу кезінде  әділдік табу қажет.

Екіншіден, инвестициялық  дау ұғымын заңнамамен бекіту арқылы инвестициялық дауларды шешудің  жетілдірілген механизмі, сондай-ақ осы дауларды Қазақстан Республикасының  соттарында ғана емес, сонымен бірге  тараптардың келісімі бойынша халықаралық  арбитраждық соттарда шешу мүмкіндігі ұсынылады.

Үшіншіден, Заңда шетелдік инвесторлармен бұрын жасалған келісім  шарттардың тұрақтылық қағадасы  расталады.

Экономиканың шикізат  емес салаларына инвестиция салуды жандандыру және осы процестерді мемлекеттік  қолдау мақсатында қаржы институттары мен экономиканың басымды және бәсекеге қабілетті секторларына инвестициялық  ресурстарды шоғырландыру әрі бөлу механизмдердің жүйесі қалыптастырылады. 2006 жылдың наурыз айында Қазақстанның Даму банкі, Ұлттық инвестициялық қор, Қазақстанның Инвестициялық қоры және т.б құрылды. Әр бір институт өз ісімен айналысады, олар экономиканың игеруші  секторының жобаларын кредиттеп, қаржыландырмайды. Осы институттардың қызметі жаңа және жұмыс істейтін жоғары технологиялық  әрі экспортқа бейімделген өндірістерді құрып, дамытуға, ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеулерді қолдауға, ғылымды көп  қажетсінетін өндірістерді дамытуға инвестиция тартуға бағытталған.

Заң бойынша олар жеке меншік бизнеспен бірікпей жобаларды қаржыландыруға бағытталған.

Инновациялық жобаларды  қаржыландыруда мемлекеттің жеке меншік сектормен тәуекелдерді бөліп, оның мүмкіндіктерін кеңейтетін стратегиясы  орынды әрі өзін-өзі ақтайды.

«Қазына» қоры мен даму институттары әлеуметтік-экономикалық маңызы жоғары жобаларға қатысады, олардың қызметі бизнесті дамытып, бизнес-ұсыныстарды қолдауға бағытталған.

Қазақстанның Даму банкі  жылы құрылған. Банктің мақсаты:

  • Мемлекеттік инвестициялық саясатты жетілдіру жіне оның тиімділігін арттыру;
  • Өндірістік инфрақұрылымды жіне өндеу өнеркәсібін дамыту;
  • Ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға жәрдем көрсету болып табылады.

Даму банкінің негізгі  салалық инвестициялық басымдылықтарына:

  • Алкогольдік өнім мен темекі бұйымдарын қоспағанда ауыл шаруашылығы өнімін өндеу;
  • Тоқыма және тігін қнеркәсібі;
  • Тері өндірісі, теріден бұйым және аяқкиім жасау;
  • Кокс, мұнай өнімдері мен ядролық материалдар өндірісі;
  • Баспа ісін қоспағанда целлюлоза-қағаз өнеркәсібі;
  • Жарылғын заттарды қоспағанда химия өнеркәсібі;
  • Резина және пластмасса бұйымдарының өнеркәсібі;
  • Өзге де металл емес минералдық өнім өндірісі;
  • Қару-жарақ пен оқ-дәрісін қоспағанда машина және жабдық жасау;
  • Тұрғын үй құрылысын, оқу, қонақүй, спорт сауықтыру және қоғамдық-сауық кешендері мен барлау-бұрғылауды қоспағанда құрылыс;
  • Көлік жіне байланыс жатады.

   Ұлттық инновациялық  қор 2003 жылы құрылды. Ұлттық  инновациялық қордың қызметі  Қазақстан Республикасында жоғарғы  технологиялық эәне ғылымды көп  қажетсінетін өндірістердің инновациялық  белсенділігінің өсуіне жәрдем  көрсету мақсатында құрыды.

    Қордың инвестициялық  қызметінің негізгі бағыттары:

  • Қазақстан Республикасының аумағында венчурлік қор құруды инвестициялау және инвестиция тарту, шетелдік венчурлік қорларға инвестиция салу.
  • Инновациялық жобаларды іске асыратын компанияларды инвестициялау.
  • Ұлттық инновациялық инфрақұрылымның элементтерін (технопарк, технологиялық бизнес-инкубатор) инвестициялау.
  • Қолданбалы ҒЗТКЖ-ны қаржыландыру.
  • Венчурлік қорларды жарғылық қорын құрып, оларға қатысу,
  • Инвестицияланатын компаниялардың жарғылық капиталына үлестік бақылаусыз қатысу арқылы инновациялық жобаларды қаржыландыру;
  • Жоғарғы технологиялық және ғылымды көп қажетсінетін өнім өткізетін келешекті нарықтарда жағдаяттық және маркетингтік зерттеу жасау;
  • Отандық инновациялық өнімдерді сыртқы нарвөтарға жылжыту;
  • Қаржыландыратын инновациялық жобаларды ұйымдастырушылық, жедел және басқадай алып жүру;
  • Инновациялық жобарлар жөніндегі ақпараттық лдерекқор құру, келешекті жобалардың болуы жөнінде инвесторларды хабардар ету;
  • Технопарк, бизнес-инкубатор және инновациялық  инфрақұрылымның басқа да элементтерін құруға қатысу.

Информация о работе ҚР заңнамасы негізнде инвестициялау