Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 10:21, курсовая работа
Кіріспе....................................................................................3
Инвестиция түсінігі және мәні..............................................4
Инвестициялар мәні және
олардың нысандары.................................................................4
1.2 Қазақстан экономикасының
инвестициялық қызметіндегі тенденциялар.............................6 1.3 Инвестицияның қызметті
жетілдіру жолдары................................................................10
II. Қазақстан Республикасына шетел
инвестицияларын тартудың мәселелері
мен перспективалары..............................................................13
2.1 Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және
оларды шешу жолдары.................................................................................13
2.2Шетел инвестицияларын Қазақстан
экономикасында қолдану.......................................................18
III. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЗАҢНАМА..................................22
3.1 Инвестициялық заңнаманың пайда
болу және даму тарихы.......................................................22
3.2 Қазақстан Республикасындағы
инвестициялық заңнама дамуының
негізгі кезеңдері...................................................................25
Қорытынды..........................................................................35
Қолданылған әдебиеттер.....................................................36
Кіріспе....................................................................................3
Инвестиция түсінігі және мәні..............................................4
Инвестициялар мәні және
олардың нысандары.................................................................4
1.2 Қазақстан экономикасының
инвестициялық қызметіндегі тенденциялар.............................6 1.3 Инвестицияның қызметті
жетілдіру жолдары................................................................10
II. Қазақстан Республикасына шетел
инвестицияларын тартудың мәселелері
мен перспективалары..............................................................13
2.1 Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және
оларды шешу жолдары.................................................................................13
2.2Шетел инвестицияларын Қазақстан
экономикасында қолдану.......................................................18
III. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЗАҢНАМА..................................22
3.1 Инвестициялық заңнаманың пайда
болу және даму тарихы.......................................................22
3.2 Қазақстан Республикасындағы
инвестициялық заңнама дамуының
негізгі кезеңдері...................................................................25
Қорытынды..........................................................................35
Қолданылған әдебиеттер.....................................................36
Пайдасыз келісім шарттар
Сыртқы қарызды бақылау және басқару бойынша жұмыстардың маңызды бөлігі жан - жақты бағалаудан өткен тиянақты таңдалып алынған және дайындалған нақты жобаларды жүзеге асыру үшін қарызды алу маңыздылығын ескере отырып, шетелдік несиелерді конкурстық негізде таңдау болып табылады. Қарыздар мен несиелердің басым көпшілігі нақты жобаларды қаржыландыру үшін тартылуы тиіс: кен орындарын игеру,
шағын кәсіпорындарды , білім және денсаулық сақтау жүйесін дамыту, демографиялық жағдайды жақсарту, т.с.с.
Мұндай бағыт республика экономикасын дамытуға жол ашатын тиімді жобаларға қорлар салымын қамтамасыз етіп, қарыз қорларын өтеу үшін оның нақты мүмкіндіктерін жоғарлатады. Осымен байланысты банктік және тәуелсіз сарапшыларды тарту арқылы ұсынылатын инвестициялық жобаларға алдын - ала сараптама жасау қажет. Мұндай сараптама негізінде жобалардың техника - технологиялық, бағалық және құқықтық жағына толықтырулар енгізілуі тиіс. Маркетингтік зерттеулер жүргізілуі тиіс: шикізат көлемі және жеткізетін көздері, қажетті мамандар және жұмысшылар саны, өткізу нарығының мүмкіншілігін бағалау. Содан кейін жобаның негізгі өлшемдері анықталуы керек: оның пайдасы мен шығындары, тиімділігі, қайтарымдылық мерзімі, сонымен бірге валюта қайтарымдылығы, коммерциялық тәуекел деңгейі, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге әсері - өндіріс көлемінің өсімі, бюджет, ұлттық табыс өсімі, шығындардың төмендеуі, әлемдік нарықта өнімнің бәсекеқабілеттілігінің жоғарлауы. Жобаның экономикалық аспектілерінің сапалық және сандық талдауы жобаны таңдау мен оған сараптама жасаудың негізгі белгісі болып табылады. Мемлекет дамуының мақсаттарын жүзеге асыруға салынатын жобаны бағалауға бағытталуы тиіс: экономиканы көтеру, халықтың өмір сүру деңгейі, еңбек өнімділігін жоғарлатуға бағытталатын бағдарламаны жүзеге асыру есебінен әлеуметтік іс - шаралар жүргізу, жұмыс орындарын ашу, жергілікті ресуртарды қолдану, кадрларды оқыту, қоршаған ортаны жақсарту.
Жобаны мемлекеттік
III. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЗАҢНАМА
3.1 Инвестициялық заңнаманың пайда болу
және даму тарихы.
Еліміз бен шет елдердің инвестициялық заңнамасының дамуының негізгі тенденциялары мен жалпы заңдылықтарын анықтау үшін оның пайда болуы және жеке дара заң саласы ретінде қалыптасу тарихын зерттеу қажет.
“ИНВЕСТИЦИЯ” ұғымы VIII ғасырдың басында пайда болды. Алғашында ол тек пайда табу үшін қолданылатын еркін ақша құралы болып есептелді. Бұл кезеңде шотланд инвесторлары болашақта баю мақсатында америка батысындағы фермерлік жерлерді сатып ала отырып, сол кезде қарапайым және дамушы Америка нарығына капитал сала бастады. Алғашқы инвестициялық компаниялар жабық типтегі қорлар болды. 1822 жылы Бельгия королі Вильям І Брюссельде тіркелген тұңғыш инвестициялық траст құрды. Оның негізгі қызметі шет мемлекеттерге займдар бөлу негізінде инвестицияны жүзеге асыруға рұқсат беру. ХІХ ғасырдың 80-жылдары мұндай трасттар Шотландия мен Англияда пайда болды. Ең алғашқы жабық типті қорлардың бірі 1868 жылы Лондонда құрылған Шетелдік және колониялды инвестициялық траст.
Алғашқыда инвестициялық трасттар бай отбасылармен құрылды. ХІХ ғасырда онда тағайындалған сенімді тұлғалар сол отбасылардың мүлкін басқарған. Кейінен инвестициялық қатынастардың ары қарай дамуы мақсатында акциялары акциялары ашық саудаға шыққан, инвестициялауға қатысушы инвесторлардың санының көбейуіне өз ықпалын тигізуші компанияларға айнала бастады Инвестициялық қызметті жүзеге асыруды реттейтін алғашқы арнайы заңнамалық актілердің бірі 1940 жылғы АҚШ-та қабылданған “Инвестициялық компаниялар туралы” Заң және “Инвестициялар бойынша кеңесшілер туралы” заңдар.
Алғашқы
заң инвестициялық
Көптеген дамыған елдердің инвестициялық заңнамасының құрамына құнды қағаздар туралы заңдар кіреді, себебі басқа объектілеге қарағанда құнды қағаздарға инвестициялар кеңінен тараған (бұлар реалды активтер деп аталады). Тарихи тұрғыдан қарағанда да ең алдымен құнды қағаздарды инвестициялау заң негізінде бекітілген. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін мемлекеттердің интеграцияға ұмтылыс тенденциясы күшее түсті. Социалистік мемлекеттердің құрылуына байланысты, аясында экономикалық, саяси және әлеуметтік салаларда ынтымақтастық дамыған екі негізгі мемлекеттер блогі пайда болады. Бүкіләлемдік Банк тобына жататын Халықаралық қайта құру және даму банкі, Экономикалық дамудың халықаралық қауымдастығы, Халықаралық қаржы корпорациясы; аймақық деңгейде – Еуропалық экономикалық қоғамдастық тәрізді Халықаралық экономикалық ұйымдар құрылады. Социалистік мемлекеттер блогінде де интеграциялық процестер жүзеге асырыла бастайды – Варшава шарты жасалады және Экономикалық өзаракөмек кеңесі құрылады. Дәл осы кезеңде жаңа тұрғыда және аса тар ұғымда инвестициялық қатынастардың қайта өркендеу кезі деп толықтай айтуға негіз бар. Инвестицияларды құқықтық реттеу тек аймақтық деңгейде ғана емес, сонымен қатар социалистік елдер арасында, сондай-ақ социалистік жолға енді тұрған мемлекеттер арасында да достастық және ынтымақтастық туралы екіжақты келісімдер жасала бастады. Бұл елдерге “ізгі” саяси миссияларын жүзеге асыру үшін айтарлықтай қаржылай көмек көрсетіле бастайды, зауыттар мен фабрикалар салынып, экономиканың және ауыл-шаруашылығының және т.б., бүтіндей салалары қайта жаңғыра бастайды. Бұған қоса, социалистік елдерде (ең алдымен, бұрынғы КСРО) әртүрлі салаларда әртүрлі деңгейде мамандар дайындала бастады. Осындай кеңауқымды қызметтің негізгі мақсаты – социалистік жолды таңдаушы мемлекеттердің санын көбейту және социалистяік елдердің әскери, саяси альянсын күшейту. Алайда саяси міндеттер көмек көрсетуші мемлекеттердің экономикасына шығындар әкелді. Инвестициялық қатынастар негізінен тек біржақты сипатта болмай, өзара тиімді болуы тиіс. Социалистік мемлекеттердің өзара қатынасы тура сондай деңгейде болды. Онжылдықтар бойы жүзеге асырылып келе жатқан мұндай инвестициялық қызмет бұрынғы социалистік достастық елдері әлі күнге дейін шыға алмай отырған экономикалық дағдарысқа әкеліп соқты. Алайда инвестициялық қызметтің шынайы дамуы ХХ ғасыр 80-жылдарының үлесінде. Елде басталған жаппай қайта құру сыртқыэкономикалық қызметке де өз әсерін тигізді. 1986 жылы КОКП ОК-і (ЦК КПСС) Политбюросының біріккен кәсіпорындар құру мүмкіндігі туралы шешімі іс жүзінде мемлекет экономикасына шет ел инвестицияларының келуіне жол ашты. Бұл шешім КОКП ОК және КСРО Министрлер Кеңесінің 1986 жылғы 19 тамыздағы №991 және №992-ші “Сыртқыэкономикалық байланыс тарды дамыту шаралары туралы” және “Социалистік елдермен экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты басқаруды дамыту бойынша шаралар туралы” екі қаулысымен байланысты болды. Бұл актілермен сыртқыэкономикалық қатынастар саласында және инвестициялық заңнаманың ұлттық жүйесін құрудағы реформаларды жүзеге асыруға өту анықталды.
КСРО Жоғарғы Кеңесімен 1990 жылы 10 желтоқсанда қабылданған “КСРО-дағы инвестициялық қызмет туралы заңнама негіздері” Заңы инвестициялық қызмет субъектілерінің арасындағы өзара қатынасын реттеуші келісім-шарт екендігін заң негізінде бекітті. Қазақстанда басқа кеңес республикаларындағыдай шет ел инвестициялары туралы және инвестициялық қызмет туралы заңдар қабылданды. 1991 жылғы 5 шілдедегі КСРО-ның шет ел инвестициялары туралы заңнамалық негіздері республикаларға кеңестік конституциямен қолданыстағы заңдарға қайшы келмесе, шетел инвестициялары туралы өз заңдарын қолдануға құқық берді. Осы кезеңде Қазақстанда Кеңес Одағы мен американдық Одағы мен американдық “Шеврон” корпорациясы арасында тұңғыш инвестициялық келісім жасалды.
Алайда, кеңестік инвестициялық заңнаманың ғұмыры ұзақ болған жоқ. Кеңес Одағының ыдырауы мен тәуелсіз және егеменді елдердің пайда болу процесі басталды. 1993 жылы Шеврон корпорациясымен Қазақстан Республикасы арасындағы инвестициялық келісім жаңа және аса тиімді шарттарда қайта жасалды және кәзіргі замандағы ең ірі инвестициялық келісімдердің біреуі болып табылады.
Бұл кезең ұзаққа созылмасада толықтай бұрынғы кеңес республикаларының соның ішінде Қазақстан Республикасының да ұлттық инвестициялық заңнамасын құруда шешуші роль атқарды және де нақ сол кезде кәзіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан инвестициялық қызметтің негізі қаланды. Мәселен, Ресей Федерациясында 1991 жылғы 4 шілдедегі Инвестициялық қызмет туралы Заңы (әрине, енгізілген өзгертулері және толықтыруларымен) бүгінгі күні де қолданыста.
Инвестициялық заңнама тарихы туралы мәселені қарастыруды тәмәмдай отырып, келесідей пайымдауларға келуге болады:
3.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық заңнама дамуының негізгі кезеңдері.
Әлемдік экономикада
Қазақстан Республикасының инвестициялық заңнамасы өз қалыптасуы мен дамуында негізгі 4 кезеңнен өтті.
Бірінші кезеңі – бұл инвестициялық заңнаманың қалыптасу кезеңі, алғашында шет ел инвестициялары туралы заң ретінде. Ол өз бастауын шет ел капиталына қажетті кепілдіктер ұсыну негізінде, шет ел инвестицияларын тиімді тартуды, жаңа технологиялар және басқару тәжірибесін алуды қамтамасыз ету мақсатын көздеген 1990 жылы 7 желтоқсанда қабылданған “Қазақ КСР-дағы шет елдік инвестициялар туралы” Қазақ КСР-ның Заңынан алады. Заң республикада ашық типтегі экономика құруға бағытталған және елдің әлемдік тәжірибедегі шаруашылық прициптеріне жедел өтуге қызмет етуі тиіс еді. Алайда заң актісінің шет ел инвестицияларын реттеуде айтарлықтай кемшіліктері болды, себебі нарықтық экономика жағдайында Қазақстан Республикасының даму ерекшеліктерін жеткілікті деңгейде ескермеді және
тәуелсіздік алу жағдайында Қазақстан халықтарының мүддесін толыққанды бейнелей алмады. Сондай-ақ, бұл заңды қабылдаудың жақсы жақтары да болды: біріншіден, республикада қалыптасқан инвестициялық қатынастарды заңды түрде бікіткен бірінші акт; екіншіден, осы заң актісі төрт жыл бойы еліміздің экономикасына шет ел инвестицияларын тарту тәртібі белгіленген, яғни шет ел капиталының тартылуына өз үлесін қосты; үшіншіден, тұңғыш рет шет ел инвесторларына өз қызметтерін жүзеге асыруға байланысты кепіл берілді (мәселен, 20-жылдары кеңес мемлекеті шет ел инвестицияларын қабылдағанымен олардың қызметіне байланысты ешқандай кепідік берілмеген). Сол себептен шет елдік инвестицияларға берілетін кепіл туралы тарауды енгізу, потенциалды инвесторлардың қызығушылығын арттырып, олардың әрекет етуіне айтарлықтай ықпалын тигізді.
Инвестициялық
заңнаманы құру мезгілі
бойынша өз бастауын
1990 жылғы 22 ақпандағы “Қазақ
КСР-нің мемлекеттік
Сонымен, бұл кезең Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарының дамуының және тәуелсіз, егеменді мемлекеттің ұлттық инвестициялық заңнамасын құраудың алғашқы сатысы.
Инвестициялық заңнама дамуының Екінші кезеңнің бұрын қолданыста болған Қазақ КСР-гі шет ел инвестициялары туралы заңның күшін жойған 1994 жылы 27 желтоқсанда қабылданған “Шетел инвестициялары туралы” Қазақстан Республикасының Заңын қабылдаумен басталады. Жаңа заң Қазақстан экономикасына шет ел инвестицияларын тартудың негізгі құқықтық және экономикалық негіздерін белгілейді,
шет ел инвестицияларына қатысты мемлекеттік кепілдікті бекітеді, оларды жүзеге асырудың және шет ел инвесторларына қатысты туындаған дауларды шешудің ұйымдастырушылық-құқықтық формаларын анықтайды. “Шет ел инвестициялары туралы” заңмен бір уақытта Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық кодексі
(жалпы бөлім) қабылданды.Заңды күшіне енісімен (1 наурыз 1995), 1963 жылғы Қазақ КСР-нің Азаматтық кодексі; 1991 жылғы Кеңестік республикалар және КСРО-ның азаматтық заңдар негізінің 1-71 баптары (азаматтық заң негіздерінің қалған баптары 1999 жылдың 1 шілдесіне дейін, яғни Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің негізгі бөлімі қабылданғанға дейін қолданыста болды); 1991 жылғы Қазақстан Республикасының “Жеке меншік туралы”, “Кәсіпорындар туралы”, “Кепілпұл туралы” заңдары заңды күшін жойды. Азаматтық заңдардың кодефикациялануы Қазақстан Республикасында ұлттық заңнама жүйесінің қалыптасуында және нарықтық қатынастарды реттеуші құқықтық нормаларды реттеуде маңызды роль атқарғандығын баса айтуға болады.
Инвестициялық заңнаманың дамуындағы екінші кезеңнің ерекшелігі, ол кезде қабылданған заңдардың және нормативтік актілердің басым бөлігі уақытша сипатта болды және алдағы уақытта күшін жояды. Сондай-ақ, бұл кезеңде қазіргі уақытта қолданыстағы Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастарды реттеуші заңдардың негізін қалауда өз үлесін қосқан маңызды құқықтық база құрылды.
Инвестициялық заңнаманы дамыту мен жетілдірудегі үшінші кезеңнің басталуына 1997 жылы 28 ақпанда қабылданған “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау” туралы Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануы түрткі болд Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы Заңының мәні, оның қабылдануымен: біріншіден, Қазақстан Республикасында тікелей инвестициялар туралы арнайы заң қалыптаса бастады; және екіншіден, Қазақстан Республикасының инвестициялық заңнамасы жаңа сапалы сатыға көтерілді.