ҚР заңнамасы негізнде инвестициялау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 10:21, курсовая работа

Описание

Кіріспе....................................................................................3

Инвестиция түсінігі және мәні..............................................4
Инвестициялар мәні және
олардың нысандары.................................................................4
1.2 Қазақстан экономикасының
инвестициялық қызметіндегі тенденциялар.............................6 1.3 Инвестицияның қызметті
жетілдіру жолдары................................................................10

II. Қазақстан Республикасына шетел
инвестицияларын тартудың мәселелері
мен перспективалары..............................................................13

2.1 Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және
оларды шешу жолдары.................................................................................13
2.2Шетел инвестицияларын Қазақстан
экономикасында қолдану.......................................................18

III. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЗАҢНАМА..................................22
3.1 Инвестициялық заңнаманың пайда
болу және даму тарихы.......................................................22
3.2 Қазақстан Республикасындағы
инвестициялық заңнама дамуының
негізгі кезеңдері...................................................................25

Қорытынды..........................................................................35
Қолданылған әдебиеттер.....................................................36

Содержание

Кіріспе....................................................................................3

Инвестиция түсінігі және мәні..............................................4
Инвестициялар мәні және
олардың нысандары.................................................................4
1.2 Қазақстан экономикасының
инвестициялық қызметіндегі тенденциялар.............................6 1.3 Инвестицияның қызметті
жетілдіру жолдары................................................................10

II. Қазақстан Республикасына шетел
инвестицияларын тартудың мәселелері
мен перспективалары..............................................................13

2.1 Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және
оларды шешу жолдары.................................................................................13
2.2Шетел инвестицияларын Қазақстан
экономикасында қолдану.......................................................18

III. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЗАҢНАМА..................................22
3.1 Инвестициялық заңнаманың пайда
болу және даму тарихы.......................................................22
3.2 Қазақстан Республикасындағы
инвестициялық заңнама дамуының
негізгі кезеңдері...................................................................25

Қорытынды..........................................................................35
Қолданылған әдебиеттер.....................................................36

Работа состоит из  1 файл

Мазмұны.docx

— 71.13 Кб (Скачать документ)

Тікелей  инвестициялар  туралы  заң  қабылданғанға  дейін,  инвестициялық  заңдар  бірінші  кезекте  шет  елдік  инвесторлардың  мүддесін  қорғауға  бағынысты  болған  және  шет  ел  инвестицияларына  аса  қолайлы  құқықтық  режим  орнатуға  бағытталған.  Мұның  барлығы  тек  ұлттық  инвесторлардың  ғана  емес  мемлекеттің  де  мүддесіне  қайшы  келді,  өйкені  іс  жүзінде  қандай  жолмен  болмасын,  әйтеуір  инвестицияларды  тарту  жүргізілді,  ақырында,  олардың  республикаға  тиімділігі  нөлге  тең  болды. 

Себебі  шетелдік  инвестициялар  жер  қойнауын  пайдалануға  салынып  отырды,  яғни  ел  экономикасының  дамуына  ешқандай  әсерін  тигізбеді  және  шет  елдік  инвесторлардың  жер  қойнауын  экспансиялауын  күшейте  түсті.

 Әрине,  бұл  біздің  жер  қойнауын  зерттеуде  шет  елдік  инвесторлардан  бас  тарту

 керек   екендігімізді  білдірмейді,  тепе-тең  жағдайда  біз   көбнесе  ұлттық  инвесторларымызға   қарай  бет  бұруымыз  керек. 

Шетел  инвестициялары  туралы  заң  көтеген  өзгерістерге  ұшырады.  Оған  түрткі  болған  шарт  негізіндегі  мемлекеттің  миллиондаған  шығындары,  және  мемлекет  мүддесін  қорғау. 

2000  жылы  23  тамызда  Қазақстан  Республикасы  Президенті  Жарлығымен  Қазақстан   Республикасының  Ұлттық  Қоры  құрылды.  Оның  негізгі  мақсаты   мемлекеттік  қорландыруды  қалыптастыру  (жинақтау  функциясы),  сонымен   қатар  республикалық  және  жергілікті  бюджеттердің  әлемдік   баға  конъюнктурасына  тәуелділігін  азайту  (тұрақтандыру  функциясы).  2001  жылы  29  қаңтарда  Қазақстан   Республикасы  Президенті  Жарлығымен  Ұлттық  қорды  қалыптастыру  және  пайдалану  ережелері  бекітілді;  осы  актіге  және  2001  жылғы  18  мамыр  айында  шыққан  "Қазақстан  Республикасының   Ұлттық  Қорын  сенімгерлікпен  басқару  жайындағы  шарт  туралы"  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  қаулысына  сәйкес,  2001  жылы  20  шілдеде  Қазақстан   Республикасы  Ұлттық  Банк  Басқармасымен   “Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Қорының  инвестициялық  операцияларды   жүзеге  асыру  ережелері”  бекітілді. 

Қазақстан  Республикасында  инвестициялық  заңнаманың  дамуының  алғашқы  екі  кезеңін  сипаттау  кезінде,  біз  саналы  түрде  құнды  қағаздар  нарығы  туралы  заңдарды  және  олардың  инвестициялық  қатынастардың  даму  және  қалыптасу  процесіне  әсері  туралы  мәселені  қарастырудан  саналы  турде  бас  тарттық,  себебі  ол  өзінің  пайда  болу  мезетінен  бастап,  инвестициялық  заңнамадан  тәуелсіз  және  жеке  дара  жүзеге  асырылды.  Инвестициялық  заңнамасы  ашғашында-ақ  құнды  қағаздар  туралы  және  құнды  қағаздарға  инвестиция  салу  туралы  заңдар  ретін  қалыптасқан  көптеген  дамыған  елдерге  қарағанда,  Қазақстан  Республикасында  инвестициялық  заңнама  реалды  активтерге  бағытталған  болды  (соның  ішінде  жер  қойнауын  пайдалану),  тек  1997  жылы  5  наурызда  “Құнды  қағаздар  нарығы  туралы” Заң  қабылданысымен,  инвестициялық  қызметтің  бір  бөлігі  ретінде  инвестицияны  құнды  қағаздарға  және  басқа  да  қаржылық  активтерге  салу  заңды  негізде  бекітілді.  Сонымен,  құнды  қағаздар  нарығында  инвесторлардың  екі  негізгі  топтары  анықталды:

  1. инвесторлар  (жеке  қаражаттарын  құнды  қағаздарға  салушы  жеке  және  заңды  тұлғалар);
  2. институционалдық  инвесторлар  (өздері  тартқан  ақшалардың  басым  бөлігін  инвестиция  ретінде  құнды  қағаздарға  салушы  заңды  тұлғалар; нақтылай  келгенде,  қолданыстағы  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  қызмет  ететін  инвестициялық  қорлар,  банктер,  мемлекеттік  емес  зейнетақы  қорлары,  сақтандыру  ұйымдары  және  басқа  да  ұйымдар).

Құнды  қағаздар  нарығы  туралы  заңмен  қатар  1997  жылы                           6  наурызда  “Құнды  қағаздармен  жасалатын  мәмілені  тіркеу  туралы”  Қазақстан  Республикасының  Заңы  және  “Қазақстан  Республикасындағы  инвестициялық  қорлар  туралы”  Қазақстан  Республикасының  Заңы  қабылданды.  Оның  негізгі  мақсаты  құнды  қағаздар  нарығында  инвесторлардың  құқығын  қорғау  және  инвестициялау  тәуекелін  төмендету  арқылы  тарту  және  кейіннен  ақша  қаражатын  құнды  қағаздарға  диверсификациялы  инвестициялау.

Сондай-ақ,  инвестициялық  қатынастарды  дамытуда  валюталық  реттеу  туралы  заңнама  да  маңызды  роль  атқарды:  1996  жылы                  24  желтоқсанда  қабылданған  “Валюталық  реттеу  туралы” Қазақстан  Республикасының  Заңы;  2001  жылы  31  наурызда  қабылданған  “Капиталдар  қозғалысымен  байланысты  валюталық  операцияларды  тіркеу  ережелерін  бекіту  туралы”  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банкі  Басқармасының  қаулысы;  2002  жылы  18  қаңтарда қабылданған  “Валюталық  құндылықтарды  пайдаланумен  байланысты,  қызметті  лицензиялау  ережелерін  бекіту  туралы” Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банкі  Басқармасының  қаулысы;  және  басқа  да  нормативтік-құқықтық  актілер. 

Инвестициялық  қызметті  жүзеге  асыруда  белгіленген  кепілдіктер  және  преференциялар  және  жеңілдіктер  жүйесімен  қатар  тікелей  инвестициялар  туралы  заңмен,  инвесторлар  алдында  Қазақстан  Республикасының  атынан  өкілдік  ететін  жалғыз  мемлекеттік  орган  құру  туралы  жарияланды.  Осыған  орай  Инвестиция  бойынша  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  коммитеті  құрылды  және  1997  жылы  24  наурызда  “Инвестиция  бойынша  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  коммитеті  туралы  ережелерді  бекіту  туралы”  Үкімет  қаулысы  шықты. 

Ақырында,  Мемлекеттік  Комитет  республикалық,  мемлекеттік  мекеме  ретінде  Қазақстан  Республикасының  инвестиция  бойынша  агенттігі  болып  қайта  құрылды. 1999  жылғы 26  көкектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің  ол  туралы  Ережелеріне сәйкес  Қазақстан  Республикасында тікелей  инвестицияларды  мемлекеттік  қолдау 

аясындағы  бақылауды  және мемлекеттік  басқару  функциясын  жүзеге  асыруға  өкілетті,  Үкімет  құрамына  кірмейтін  орталық  атқарушы  орган  болып  табылады.

2000  жылғы  13  желтоқсандағы  Қазақстан   Республикасының  Президенті  Жарлығымен  Қазақстан  Республикасының   инвестиция  бойынша  агенттігі   таратылып,  оның  функциялары   мен  өкілеттігі  Қазақстан   Республикасы  сыртқы  істер   министрлігі  жанында  қайта   құрылған  Инвестициялар  бойынша   комитетке,  ал  жерқойнауын   падалану  саласындағы  өкілеттіктері  – Қазақстан  Республикасының   Энергетика  және  минералды   ресурстар  министрлігіне   өтті.  Бұл  уақытта  Қазақстан   Республикасының  Сыртқы  істер   министрлігінің  Инвестициялар   бойынша  комитеті  төрағасының  2001  жылғы  30  наурызда  “Экономиканың   маңызды  секторларында  инвестициялық   қызметті  жүзеге  асырушы   инвесторлар  контрактілерін  тіркеу  тәртібі  туралы  Нұсқауларды   бекіту  туралы”  және  “Экономиканың   маңызды  секторларында  инвестициялық   жобаларды  жүзеге  асыру   үшін  инвесторлардан  преференциялар  мен  жеңілдіктер  алу   туралы  арыздарды  қабылдау  тәртіді  туралы  нұсқауларды   бекіту  туралы” бұйрықтары  қабылданды.

Алайда,  бір  жарым  жылдан  кем  уақыт  ішінде  кезекті  қайта  ұйымдастыру  жүргізілді.  Нәтижесінде,  Қазақстан  Республикасының  Экономика  және  сауда  министрлігі  Экономика  және  бюджетті  жоспарлау  министрлігі  мен  Өндіріс  және  сауда  министрлігіне  бөлінді.  Өндіріс  және  сауда  министрлігіне  өндірістік,  құрлыс  және  сауда,  стандарттау,  метрология  және  сертификаттау  саласындағы  өкілеттіктер  мен  функциялар  өтті;  сонымен  қатар  Өндіріс  және  сауда  министрлігінде  Инвестиция  бойынша  комитет  құрылды.

Инвестициялар  бойынша  комитеттің  құрылуына  түрткі  болған    Тікелей  инвестициялар  туралы  Заңның  мәні  және  негізгі  мақсаты  экономиканың  өндірістік  дәне  ауыл-шаруашылығы  тәрізді  қызығушылық  тудырмайтын  секторларына  жеңілдіктер  мен  преференциялар  ұсыну  арқылы  шет  елдік  және  отандық  капиталды  тарту. 

Жер  қойнауын  пайдалану  экономиканың  маңызды  салаларына  жатпайды  және  мемлекеттік  қолдауды  қажет  етпейді  және  алғашында-ақ  инвесторлардың (бірінші  кезекте  шет  ел  инвесторларының)  қызығушылығын  арттырып,  капитал  салу  объектісіне  айналды.  2000  жылы  21  қаңтарда Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  қаулысымен  бекітілген “Жер  қойнауын  пайдалануға  құқық  беру  ережелеріне”сәйкес,  пайдалы

 қазбаларды  барлау,  өндіру,  біріккен  барлау  және  өндіруге  қатысты  келісім   жасаушы  құзіретті  орган   таратылған 

Қазақстан  Республикасының  инвестициялар  жөніндегі  агенттігі  болған.  Қазіргі  уақытта  оның  функциялары  мен  өкілеттіктері  Қазақстан  Республикасының  Энергетика  және  минералды  ресурстар  министрлігіне  берілді. 

Себебі,  минералды  ресурстар  стратегиялық  бағыттағы  шикізат  болғандықтан,  осы  саладағы  біртұтас  орталық  атқарушы  орган  қажет. 

Сонымен,  Қазақстан  Республикасы  инвестициялық  заңнамасының  дамуындағы  үшінші  кезеңнің  ерекшелігі,  инвестициялық  заңнама  арнайы  заң  актілерінен  құралған  үш  негізгі  блоктан  тұрады:  шетел  инвестициялары  туралы  заң,  тікелей  инвестициялар  туралы  заң  және  құнды  қағаздарға  инвестициялар  туралы  заң  (құнды  қағаздар  нарығы  туралы  заң).  Онымен  қоса,  мемлекеттік  инвестициялау  туралы  заңдар  (соның  ішінде,  мемлекеттік  тікелей  инвестициялау;

 мемлекеттік   заем  алу  және  қарыз   т.б.)  жеке  топты  құраған  (қазіргі  уақытта  да).  2003  жылдың  8  қаңтарында  басты құндылығы инвестицияға  қатысты қатынастарды  реттеуші  нормаларды  біріктіруі  және  шет елдік және  ұлттық  инвестицияларға бірдей  құқықтық  режим орнатты.  Оған  қоса  шет ел  инвестицияларын және  тікелей инвестицияларды құқықтық  реттеуде  белгілі ерекшеліктер  сақталған.  Ұсынылған актінің жақсы жақтарының  біріне  Қазақстанда өз

 қызметтерін  жүзеге  асырушы  инвесторларға  кепіл   беруі.  Соның  ішінде  Қазақстан   Респуликасы  территориясында   инвесторлардың  қызметін  құқықтық  қорғау  (Қазақстан  Республикасының   заңдарымен  және  басқа  да  нормативтік-құқықтық  актілерімен   инвесторлардың  мүдделері  мен   құқықтарын  толық  және  сөзсіз  қорғау,  сонымен  қатар,  Қазақстан   Республикасы  ратификациялаған  халықаралық  шарттармен;  мемлекеттік   органның  заңнамаға  қайшы   келетін  актілерді  шығару  ,  сонымен  қатар,  азаматтық   заңға  сәйкес  осы  органдар  лауазымды  тұлғаларының  әрекеттері  (әрекетсіздігі)  салдарынан  салдарынан  туындаған  шығындардың  өтелу   құқығына);  табысты  пайдалану   кепілі;  ұлттықтандыру  және  реквизиция  кезінде  инвесторлардың  құқықтарына  кепіл.  Алғашқыда   заң  жобасында  өкілетті  органдардың  тексеруді  жүзеге  асыру  кезіндегі  кепілдіктер   алдын-ала  ескерілген  (мемлекеттік   органдармен  тексерулер  жүргізу,  сонымен  қатар инвесторлардың  қызметін  бақылауы  немесе  қадағалауы  заңда  белгіленген  тәртіп  және  мерзім  бойынша  жүзеге  асырылады;  тексеру,  бақылау  және  қадағалау  құқығы  тек  қана  заң  актілерінде  белгіленген  органдарға  тиесілі).  Заң  жобасының  қорытынды  нұсқасында  инвесторлардың  қызметін  тексеру,  бақылау  және  қадағалау  құқығы, заң  актілерімен  осындай  құқық  берілген  органдар  ғана 

жүзеге  асырады  (Инвестициялар  туралы  заңның  7  бабы). Негізнен  бұл  ережені  де  кепілдіктер  санатына  жатқызуға  болады,  себебі  мұнда  тексеру,  бақылау  және  қадағалауды  жүзеге  асырудың  ережелері  белгіленген,  яғни  мұндай  құқықтар  тек  қана  қолданыстағы  заңмен  берілген  органдарға  тиесілі.  Инвестициялар  туралы  заң  айтарлықтай  толық  және  жүйелі  мазмұндалған  құжат. 

Алайда  заңның  жеке  ережелерін  қарастырған  белгілі  бір  сауалдар  иуындайды.  Біріншіден,  заңның  реттеу  аясынан  мемлекеттік  бюджет  қаражатынан  инвестицияларды  жүзеге  асырумен  байланысты  қатынастар  және  капиталды  коммерциялық  емес  ұйымдарға  салумен,  соның  ішінде  білім  саласына,  қайырымдылық,  ғылыми  және  діни  мақсаттарға  байланысты  қатынастар  алынып  тасталған.  Мемлекеттік  бюджет  қаражатынан  инвестицияларды  жүзеге  асырумен  байланысты  қатынастар  осы  заңмен  реттелмейді,  өйткені  мемлекеттік  инвестицияларды  жеке  инвестициялармен  араластырудың  қажеті  жоқ.  Бұл  тұжырымда  нақтылық  жоқ,  себебі  мемлекеттік  инвестициялармен  қатар  қайтарымды  және  қайтарымсыз  негізде  мемлекеттік  бюджет  қаражатымен  теңқаржыландырылатын  инвестициялар  да  бар.  Сарапталып  жатқан  норманың  мәнінде  мемлекеттік  теңқаржыландырумен  байланысты  қатынастар  реттелу  аясына  кірмеген,  өйткені  олар  мемлекет  есебінен  жүзеге  асырылады.  Екіншіден,  заңда  көрсетілген  инвестиция  анықтамасы,  алғашқы  редакцияларға  қарағанда  нақтыланған.  Егерде  инвестициялардың  капиталқұраушы  және  санаткерлік  деп  жалпы  класификациясын  алатын  болсақ,  бұл  жағдайда  тек  қана  капиталқұраушы  инвестициялар  ғана  белгіленген.  Заңшығарушының  ойын  мынадан  түсінуге  болады,  ұсынылып  отырған  заңның  реттеу  аясынан  санаткерлік  инвестицияларды  жүзеге  асыруға  байланысты  қатынастар  алынып  тасталған,  сол  себептен  инвестиция  анықтамасында  тек  қана  капиталқұраушы  инвестициялар  сипатталады.  Алайда,  инвестиция  туралы  заңда  бұған  қатысты  тікелей  нұсқау  болмағандықтан,  инвестициялар  кәсіпкерлік  қызмет  үшін  пайдаланылатын  заңды  тұлғалардың  жарғылық  капиталына  немесе  бекітілген  активтерді  көбейту  үшін  ғана  салынады.  Жалпылай  алғанда  бұл  анықтаманы  әр  түрлі  заң  актілерінде  жинақталған  анықтамалардың  синтезі  деп  түсінуге  болады  (бірінші  кезекте,  заңды  күштерін  жоғалтқан  шет  ел  инвестициялары  туралы  және  тікелей  инвестициялар  туралы  заңдар).

Үшіншіден,  бұл  заң  заңды  күштерін  жоғалтқан  шет  ел  инвестициялары  туралы  және  тікелей  инвестицияларды  мемлекеттік  қолдау  туралы  екі  заңның  нормаларының  бірігуінен  құралған. 

Информация о работе ҚР заңнамасы негізнде инвестициялау