Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 08:47, курсовая работа
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жергілікті өкілді органдар мен жергілікті атқарушы органдардан тұрады. Ол мемлекеттің құрамдас бір бөлігі болып табылады және Республика үшін біртұтас мемлекеттік қызмет принциптерін басшылыққа алады. Демек, жергілікті мемлекеттік басқару мемлекеттік биліктің туындысы. Бұл жергілікті мемлекеттік басқару жалпы жергілікті ерекшеліктерді есепке алмайды және проблемаларды шешпейді дегенді білдірмейді. ҚР-дағы жергілікті мемлекеттік басқару мемлекет тетігінің ерекше бөлігі болып табылады.
Кіріспе _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ ___ _ __ _ _ __ _3 бет
I. ҚР жергілікті және өзін-өзі басқарудың теориялық бастамалары
1.1. Жергілікті басқарудың мәні мен теориялық негіздері_ _ _ _ _ _ _ 4-8 бет
1.2 Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару түсінігі мен даму ерекшеліктері_ _ _ _ _ _ _9-11 бет
II. ҚР жергілікті және өзін-өзі басқарудың жағдайы мен оның мәселелері
2.1. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық және қаржылық мәселелері _ _ _ _ _ _ _ 12-17 бет
2.2. Жергілікті басқарудың ағымдық жағдайы және
Және оны жетілдіру жолдары _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ 18-24 бет
Қорытынды _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ __ _ _ __ _ _ __ _ __ _25-26 бет
Пайдаланылған әдебиеттер_ _ __ _ __ ___ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ __ _ 27 бет
Жоспар
Кіріспе _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ ___ _ __ _ _ __ _3 бет
I. ҚР жергілікті және өзін-өзі басқарудың теориялық бастамалары
II. ҚР жергілікті және өзін-өзі басқарудың жағдайы мен оның мәселелері
2.1. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық және қаржылық мәселелері _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 12-17 бет
2.2. Жергілікті басқарудың ағымдық жағдайы және
Және оны жетілдіру жолдары _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ 18-24 бет
Қорытынды _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ __ _ _ __ _ _ __ _ __ _25-26 бет
Пайдаланылған әдебиеттер_ _ __ _ __ ___ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ __ _ 27 бет
Кіріспе
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жергілікті өкілді органдар мен жергілікті атқарушы органдардан тұрады. Ол мемлекеттің құрамдас бір бөлігі болып табылады және Республика үшін біртұтас мемлекеттік қызмет принциптерін басшылыққа алады. Демек, жергілікті мемлекеттік басқару мемлекеттік биліктің туындысы. Бұл жергілікті мемлекеттік басқару жалпы жергілікті ерекшеліктерді есепке алмайды және проблемаларды шешпейді дегенді білдірмейді. ҚР-дағы жергілікті мемлекеттік басқару мемлекет тетігінің ерекше бөлігі болып табылады. Және белгілі бір дербестікке ие болады. Бірақ дербестік жергілікті органдар мен жергілікті атқарушы органдарда ұйымдық және құзыреттілік тұрғысынан өзіндік ерекшелікпен көрінеді. Жергілікті өкілді органдар – маслихаттар Республиканың өкілді органдар жүйесінің бір бөлігі болып табылмайды. Қазақстан Республикасының Парламенті жергілікті өкілді органдар – маслихаттарымен ұйымдық тұрғыдан да, құзіреттілік тұрғысынан да байланыспаған. Тек Конституция көздеген екі жағдайда ғана маслихаттармен Парламент өзара байланысқа кіреді. Маслихаттар Сенаттарды сайлайды, ал Парламент Сенаты маслихатты тарата алады. Сондықтан өкілді органдар ретінде маслихаттар Республика Парламентінен тәуелсіз. Жергілікті атқарушы органдар - әкімшіліктер, керісінше, біртұтас атқарушы органдар жүйесінің құрамдас бір бөлігі болып табылады. Және олардың ұйымдығы мен қызметі жоғары тұрған атқарушы органдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей, жергілікті атқарушы органдар тиісті аумақтың мүдделері мен даму қажеттіліктеріне тіркестікте атқарушы үкіметтің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді.
Жергілікті
мемлекеттік басқару мен өзін-
I. ҚР жергілікті және өзін-өзі басқарудың теориялық бастамалары
Жергілікті
мемлекеттік басқару
Жергілікті
мемлекеттік басқару дегеніміз -
бұл заң актілерінде
Жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінде әкімшілік-аумақтық бөліністің әр қилылығы көрініс табады. Оның қызметінің экономикалық және қаржылық негіздерін жергілікті бюджет, коммуналдық, заңды тұлғаларға бекітілген мүлік құрайды. Мәслихаттар мен әкімшіліктерге міндеттер, талаптар және шектеулер қойылады. Олардың негізгілеріне келесілер жатады:
4. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтау.
Аймақты дамытуға
байланысты мәслихаттар мен
Жергілікті өкілді орган мәслихат халықтың, өкілдік бірыңғай жүйелерінің ажырамас бөлігі бола отырып, осы жүйеге тән белгілерін өз бойына сіңірген.
Қазақстан Республикасының "Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" заңында жазылған: "Жергілікті өкілді орган - мәслихат - бұл облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган".
Жергілікті өкілді органның өзіндік ерешеліктері. Мәслихат өзінің қызметтік сипаты жағынан жергілікті тұрғындардың мұң-мұқтажына байланысты мәселелерді шешуге құқылы халықтың кең тараған өкілді органы. Мәслихаттар күнделікті қызметтерінде шаруашылық, тұрмыстық, мәдени, меншікті, қоғамдық тәртіпті, заңдылықты, азаматтардың заңды құқықтарын қорғау, еліміздің қауіпсіздігін күшейту мәселелерімен айналысады. Сөйтіп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік функциясын іс жүзіне асыруға халықты кеңінен қатыстырушы әкімшілік-аумақтық бөліністердегі өкілді орган болып табылады.
Мәслихат аппараты дегеніміз - бұл тиісті мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін, әрі жергілікті бюджет есебінен ұсталынатын мемлекеттік мекеме.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың қызметтері:
Жергілікті атқарушы органдары келесі мәселелерді қарастырады:
- аумақты дамыту
жоспарларын, экономикасын
- жергілікті
атқарушы органдардың
заңдарымен жергілікті атқару органдарға жүктелетін өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Мемлекеттік
және жергілікті билік. Мемлеке
Мемлекеттік билігі таралатын барлық жер (аймақ, өлке, қала, ауыл) - сол мемлекеттің территориясы болып табылады. Ал мемлекеттің территориялық құрылымы - мемлекет пен оның территориясын құрайтын жеке бөліктердің арасындағы қарым - қатынасқа негізделеді. Бұл жерде мемлекеттің рөлін үкімет атқарса, территория құрайтын жеке бөліктердің қызметін облыстар, өлкелер мен аудандар атқарады. Бұның түрлері әр елде әр түрлі (провинция, департамент, қауым, т.б.).
Мемлекет өз қызметін тиімді жүргізу үшін әкімшілік - территориялық бөліктер құрады. Солар арқылы үкімет өзінің билігін жүргізеді., жалпы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
Әкімшілік - территориялық құрылымның географиялық құрылымнан үлкен айырмашылығы бар, себебі бұл жерде жергілікті биліктің жүйесін жасап, белгілі бір заңның нормасын белгілеу қажет, сонымен бірге олардың өзінен жоғары тұратын билік деңгейімен және мемлекеттік басқару органымен ара қатынасын заңдастыру қажет.
Мемлекеттің көп
қырлы қызметі өзінің сипаты мен
табиғаты, тікелей бағыты мен қалыптасу
бағыттары, функциялары мен өкілеттіктері,
жұмыс нысандары мен
Мемлекеттік билікті жүзеге асыру мемлекеттік механизмге жүктеледі. Барлық билікті жетекшілік, басқарушылық, бақылаушылық, ұйымдастырушылық және реттеушілік қызмет - мемлекет механизмінің міндеті. Мемлекеттің саясаты, оның стратегиялық бағыты, тактикалық міндеті мемлекеттің механизмімен жүзеге асырылады.
Жергілікті өкілетті органдар парламентпен бір реттегі жүйені құрайды, тиісті әкімшілік - аумақтық құрылымдардың өмірінде маңызда роль атқарады, бюджет мәселелерін шешеді және олардың орындалуы туралы есепті қарайды, жергілікті жерлерде жекелеген қоғамдық қатынастарды заң шеңберінде реттейтін актілер қабылдайды.
Көптеген елдерде жергілікті өкілетті органдарға жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі бірігіп кеткен. Қазақстан Республикасының Ата заңына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару халықтың жергілікті маңызы бар мәселелерді өзі шешуін қамтамасыз етеді. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғын халық тікелей сайлау жолымен, сондай-ақ халық топтары жинақы тұратын аумақты қамтитын селолық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады.
Жергілікті
әкімшілік-территориялық
Жергілікті мемлекеттік басқару дегеніміз жергілікті әкімшілік- территориялық жердегі Орталық өкіметтің атынан немесе жоғары тұрған әкімішліктің атынан жүргізілетін биліктің бір түрі.
Жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын адамдарды деңгейі жоғары тұрған әкімшілік орындары тағайындайды. (Мысалы, ауылдың әкімін аудан әкімі тағайындаса, аудан әкімін тағайындау облыс әкімінің қолында).
Жергілікті өзін-өзі басқару дегеніміз, сол территорияда тұратын тұрғындардың билігі, бұл билік сол тұрғындардың қалауымен сайланып қойылатын органдардың қызметі арқылы жүзеге асады. Осы жерде "Жергілікті өзін-өзі басқару туралы Европа Хартиясынан" толық анықтамасын алуға болады:
"...1. Жергілікті тұрғындардың мүддесін қорғай отырып, заң шеңберінің көлемінде мемлекеттік істердің негізгі бөлігін жүзеге асыруды және сол істерді басқарудың нақты мүмкіншілігі мен құқығына ие болуды - жергілікті өзін-өзі басқару деп түсеніміз.
2. Бұл құқықты
жалпыға бірдей, еркін, жасырын
және тікелей дауыс беру
Европалық жүйе бойынша жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару аралас жүреді, екеуі бірге отырып, бір жүйені береді. Басқарудың екі түрінің араласуының да түрлі нұсқасы бар. Әсіресе жергілікті мемлекеттік басқаруға өзін-өзі басқару жүйесіне байланысты әр түрлі міндет қойылады.
Информация о работе Жергілікті және өзін-өзі басқарудың теориялық бастамалары