Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 08:47, курсовая работа
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жергілікті өкілді органдар мен жергілікті атқарушы органдардан тұрады. Ол мемлекеттің құрамдас бір бөлігі болып табылады және Республика үшін біртұтас мемлекеттік қызмет принциптерін басшылыққа алады. Демек, жергілікті мемлекеттік басқару мемлекеттік биліктің туындысы. Бұл жергілікті мемлекеттік басқару жалпы жергілікті ерекшеліктерді есепке алмайды және проблемаларды шешпейді дегенді білдірмейді. ҚР-дағы жергілікті мемлекеттік басқару мемлекет тетігінің ерекше бөлігі болып табылады.
Кіріспе _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ ___ _ __ _ _ __ _3 бет
I. ҚР жергілікті және өзін-өзі басқарудың теориялық бастамалары
1.1. Жергілікті басқарудың мәні мен теориялық негіздері_ _ _ _ _ _ _ 4-8 бет
1.2 Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару түсінігі мен даму ерекшеліктері_ _ _ _ _ _ _9-11 бет
II. ҚР жергілікті және өзін-өзі басқарудың жағдайы мен оның мәселелері
2.1. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық және қаржылық мәселелері _ _ _ _ _ _ _ 12-17 бет
2.2. Жергілікті басқарудың ағымдық жағдайы және
Және оны жетілдіру жолдары _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ 18-24 бет
Қорытынды _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ __ _ _ __ _ _ __ _ __ _25-26 бет
Пайдаланылған әдебиеттер_ _ __ _ __ ___ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ __ _ 27 бет
Бірінші - әкімшіліктің жергілікті өзін-өзі басқаруды "қамқорлығына алуы".
Бұл жағдайда жергілікті
өзін-өзі басқару органының
Екіншісі - әкімшілік тұрғысынан жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қадағалау.
Бұл - бүгіңдері көптеген мемлекеттерде кездесетін, европалық жүйенің ең көп тараған түрі. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешімін мемлекеттің өкілі (өкім) тек сол елдің заңына сәйкестігі тұрғысынан ғана бақылай алады. Әдетте шешімді тексеруге аз ғана уақыт беріледі, егер сол мерзімде әкімшілік тарапынан қарсылық болмаса, өзін-өзі басқару органының шешімі күшіне енеді. Соңғы уақытта кең етек алған бір жаңалық - әкімшілік ол шешімді сот тәртібімен ғана тоқтата алады. Өз кезегінде жергілікті өзін-өзі басқару да сот арқылы өздерінің шешімдерін қорғап шыға алады.
Көптеген елдерде жалпы мақсатты жүзеге асыру бірнеше жергілікті өзін-өзі басқару органдары бас қосып, бір орталық құрады. Осы одақтар арқылы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне қажетті заңдарды қабылдатуға күш салынады, жергілікті жердегі түрлі мәселелерді шешуге бағытталған жалпы ұлттық бағдарламалар жасалынады, тәжірибе алмасып, бірлесе жасайтын жұмыстардың басты бағыттары анықталады.
1.2. Қазақстан
Республикасындағы жергілікті
Қазақстан Республикасы
Бірақ қазіргі кезде мемлекеттік құрылымда бұл жүйенің қызметтері қоғамның және мемлекеттің дамуында теріс әсер беретін кемшіліктерін байқатып отыр. Әсіресе, бұл қатынаста жергілікті мемлекеттік басқару жүйесін атап көрсетуге болады. Қазіргі кездегі жергілікті жерлердегі билік қазіргі кездегі талаптарға толық сай емес, жергілікті халықтың мүдделерін әлсіз қорғайды, жемқорлыққа тым бейімді болып келген.
Мұның басты себептері қолданыстағы заңдылықтардың, соның ішіндегі сайлау туралы заң, жергілікті мемлекеттік басқару туралы заң, бюджет жүйесі туралы заңдардың кемшіліктері болып есептеледі.
Осыған байланысты республикадағы мемлекеттік құрылыстың жалпы стратегиясының бір бөлігі ретінде қарастырылатын жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастырып, жергілікті билік органдарын реформалау қажет.
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және орталықсыздандырудың мемлекеттік бағдарламасын жасау және қабылдау ұсынылады.
Жергілікті
мемлекеттік басқару жүйесін
реформалауға бағытталған маңызды
қадам Қазақстан
Бұл реформа билік өкілеттіктерін вертикаль (тік) жүйесі бойынша бөлінуіне, яғни “республика(центр) – облыс – аудан – қалалық және ауылдық пунктер” жүйесін қалыптастыру және жергілікті жерлердегі қаржы - экономикалық базаның қалыптасуы жолымен мемлекеттік басқару жүйелерін жетілдіруге бағытталған. Ол реформа жергілікті атқарушы органдардың, сонымен қатар орталық билік органдарының арақатынасын жетілдіруге және дұрыс жұмыс істеуі үшін жаңа әкімшілік және экономикалық механизмдерді құруға негізделеді.
Жергілікті мемлекеттік
Орталықсыздандыру процесінің сәтті
дамуының және жергілікті өзән-өзі
басқару жүйесін
Жергілікті мемлекеттік
1990 жылы КСРО-ның басқару билігін
реформалау мақсатында КСРО-
1990 жылы 15 желтоқсанда “Қазақ ССР-нің
меншігі туралы” заң
15 ақпан 1991 жылы “Қазақстан ССР-нің
жергілікті халықтық
Жергілікті мемлекеттік
13 қаңтар 1992 жылы “Қазақ ССР-ның
жергілікті халықтар
7 ақпан 1992 жылы “Экономиканың
реформалау тұрғысынан
28 қаңтар 1993 жылы Жоғарғы Кеңес
Қазақстан Республикасының
10 желтоқсан 1993 жылы Жоғарғы Кеңес “Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы” заң қабылдады. Бұл заң жергілікті басқару органдарының жаңа бір моделі болып табылады. Бұл:
Біріншіден, Мемлекеттік басқару органдары және атқарушы кеңес ұйымы жойылды.
Екіншіден, өкілетті органдар (маслихаттар) әлі жергілікті орган болып қалыптаспаған еді. Жергілікті әкімшілік басшысы жергілікті халықтың өкілі емес, президенттің өкілі болып табылады.
Үшіншіден, өкілетті органдар аудандық деңгейге дейін қалыптасып жергілікті ауыл және селолы жерде құрыла бастады. Осы өкілетті органдар халықтың өкілетті органныңболғанының өзінде жергілікті өзін-өзі басқару органы болып аталмады.
Төртіншіден, заңда “Жергілікті өзін-өзі басқару” ұғымы болмады. Оның орнына поселка, ауыл, ауылдық округтарының өкілетті мүшелері жиналысы ұғымы қалыптасты. Өкілетті мүшелер жиналысы бір жағынан ауылдық жерлерде мемлекеттің функциясын атқарушы орган болып табылады. Жиналыс өзін-өзі басқарудың кейбір белгілерін көрсетеді. Көше мен микроаудан тұрғындары өздерінің өкіл адамдарын жиналысқа жіберіп отырды.
30 тамыз 1995 жылы қабылданған
Қазақстан Республикасы
II. ҚР жергілікті және өзін-өзі басқарудың жағдайы мен оның мәселелері
2.1. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық және қаржылық мәселелері.
Көптеген мемлекеттердегі мемлекеттік және муниципалдық құрылымды тәжірибесі ЖӨӨБ органдарының экономикалық негізінің нақты көздерінің қалыптасқанын көрсетеді. Қазақстандағы осы көздер қалыптасу үстінде және ол заңдарда, басқа да нормативтік құқықтық актілерде жан-жақты таразыланып бекітілуін қажет етеді.
ЖӨӨБ-дың
экономикалық негізі мына
а)ЖӨӨБ-ратын қауымның меншігі;
б)Мемлекеттік меншіктің ЖӨӨБ органдары басқаруына берілген мүлігі;
в)қолданыстағы заңға сәйкес жергілікті қауымның қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігі бар басқада меншік түрлері;
г)жергілікті қаржылар.
ӨӨБ-дың экономикалық негізін тану тек берілген негіздегі құрылымдық компоненттерін білу ғана емес, сондай-ақ заңдық аспектілерін де білу өте маңызды. Қолданыстағы заң негізінде бірқатар түсініктер қолданылады: меншік, мүлік, мүліктік құқық.
Муниципалды бірлестіктерді алып қарайтын болсақ мемлекеттік меншікті муниципалды органдарға беру тәртібімен анықталған коммуналдық заңды тұлға болып бекітілетін, жергілікті қазына мен мүліктен тұратын тікелей коммуналдық меншікке қатысты болады. Мысалы: қазіргі таңдағы қолданыстағы мемлекеттік объектіні алған шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне беру тәртібі қабылданған.
Коммуналдық меншік жергілікті (коммуналдық) тұлғаларға оперативті басқару мен шаруашылықты жүргізу құқығы бекітіледі. Егер жергілікті кәсіпорындар коммуналдық меншікті иелену, қолдану және басқаруды алса, онда олар нақты меншік иесі болады. Бұл құқықтық фактіні анықтауды мынадай себептер қажет етеді: муниципалды бірлестікке қызмет көрсету үшін тек кәсіпорындар ғана емес, сонымен қатар жер, табиғи ресурс, муниципалды қаржы-несиелік мекемелер, жергілікті тарихи және мәдени ескерткіштер, яғни жергілікті мүлік қорын құрайтын барлығын да жатқызу керек.
Коммуналдық меншік жалпы-халықтық немесе қоғамдық меншіктің құрамдас бір бөлігі ретінде аймақтық ұдайы өндіріс жүйесінде, сонымен бірге жалпы макроэкономикалық құрылым деңгейінде де әрекет етеді. Дегенмен коммуналдық меншіктің басты ерекшелігі, оның жергілікті шаруашылықта жұмыс істеуінің экономикалық негізі, коммуналдық құрылым деңгейіндегі ұдайы өндірістік қатынастардың объектісі ретінде болуы. Осы тұрғыдан алғанда коммуналдық меншік белгілі бір әкімшілік аумақтық құрылым деңгейіндегі объектілерді бірлесе иемдену, пайдалану және иелік етуге байланысты, бір жағынан, жергілікті құрылымның экономикалық субъектілерінің арасындағы, екінші жағынан, сол субъектілердің мемлекеттік деңгейіндегі субъектілермен қатынасын сипаттайды.
Осы мақсатқа орай коммуналдық меншікке байланыста экономикалық қатынастарды ұдайы өндіріс циклының кезеңдерінде көрсетуді қажет етеді. Ұдайы өндіріс процесіндегі өндіру кезеңінің маңызын жоққа шығармай отырып, сонымен бірге коммуналдық меншік үшін тұтыну кезеңінің ерекшелігін атап өту керек. Себебі коммуналдық меншіктің шын мәніндегі объектісі түпкі игіліктер болып табылады, ал оларды өндіру коммуналдық меншіктен басқа меншіктің басқа нышандарында жүзеге асырылуы әбден мүмкін.
Өндіру кезеңіндегі меншік қатынасы өндіріс құрал-жабтықтарымен жұмысшы-қызметшілерді белгілі бір қоғамдық нышанда (иемдену сипаты) қосумен сипатталады. Егер өндіріс құрал-жабдықтары коммуналдық меншікте болатын болса, ондай иемдену жергілікті басқару органдарының араласуымен жүзеге асырылады. Ол органдар коммуналдық кәсіпорындар жетекшілері арқылы дерективті түрде ондай иемденудің көлемін, мерзімін және нышандарын анықтайды. Ал өндіріс құрал-жабдықтары меншіктің жеке, аралас, акционерлік нышандарында болатын болса, онда жергілікті жер тұрғындарының мүддесін қорғайтын әлеуметтік институттар дербес тұтынуға қабілеті жоқ, бірақ бірлесе тұтынылатын арнаулы игіліктерге тапсырыс бере отырып өндіріс құрал-жабдықтарын иемденіге олардың жұмысының нәтижесіне ақы төлеу арқылы жанама түрде әсер етеді.
Информация о работе Жергілікті және өзін-өзі басқарудың теориялық бастамалары