Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 08:47, курсовая работа
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жергілікті өкілді органдар мен жергілікті атқарушы органдардан тұрады. Ол мемлекеттің құрамдас бір бөлігі болып табылады және Республика үшін біртұтас мемлекеттік қызмет принциптерін басшылыққа алады. Демек, жергілікті мемлекеттік басқару мемлекеттік биліктің туындысы. Бұл жергілікті мемлекеттік басқару жалпы жергілікті ерекшеліктерді есепке алмайды және проблемаларды шешпейді дегенді білдірмейді. ҚР-дағы жергілікті мемлекеттік басқару мемлекет тетігінің ерекше бөлігі болып табылады.
Кіріспе _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ ___ _ __ _ _ __ _3 бет
I. ҚР жергілікті және өзін-өзі басқарудың теориялық бастамалары
1.1. Жергілікті басқарудың мәні мен теориялық негіздері_ _ _ _ _ _ _ 4-8 бет
1.2 Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару түсінігі мен даму ерекшеліктері_ _ _ _ _ _ _9-11 бет
II. ҚР жергілікті және өзін-өзі басқарудың жағдайы мен оның мәселелері
2.1. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық және қаржылық мәселелері _ _ _ _ _ _ _ 12-17 бет
2.2. Жергілікті басқарудың ағымдық жағдайы және
Және оны жетілдіру жолдары _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ 18-24 бет
Қорытынды _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ __ _ _ __ _ _ __ _ __ _25-26 бет
Пайдаланылған әдебиеттер_ _ __ _ __ ___ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ __ _ 27 бет
Осыған байланысты, дәлірек айтсақ, өндірілетін игіліктердің ерекшелігіне қарай өндіріс құрал-жабдықтарын иемденудің негізінде еңбектің ерекше сипаты жатыр. Бұндай еңбектің шығыны, дербес сұраныммен реттелмейді, олар өндіріс процесінде тікелей қоғамдық немесе қоғамдық-қажетті еңбек сипатында болады. Одан басқа, өндіріс құрал-жабдықтарын иемдену мемлекеттің атқарушы және өкілетті органдар арқылы жүзеге асырылатын болғандықтан, айырбас кезеңіне дейін тікелей өндіріс процесінде еңбекті қоғамдақ есепке алу орын алады. Қоғамдық меншіктің негізгі объектілері болып табылатын монополиялардың өндіріс құрал-жабдықтарының буындық құрылымы кеңістікте еңбектің шығынының көрінуіне мүмкіндік бермейді, бұл оларды тікелей өндіріс кезеңінде бақылауды қиындатады. Сондықтан осы игіліктің түпкі тұтыну кезеңіне аударады.
Коммуналдық меншіктің арнаулы
өндіріс құрал-жабдығы, маңызды объектісі
жер б.т. Жерге коммуналдық меншік
коммуналдық құрылымдарды жоспарлы
орналастыруға мүмкіндік
Өндіріс құрал-жабдықтары мен коммуналдық меншік объектісіне шаруашылық жүргізудің жалпы шарты, оның нәтижесіне жатады. Осы тұрғыдан алғанда, қоғамдық секторға барынша сәйкес қызмет көрсету саласы коммуналдық меншіктің маңызды құрамдас бөлігі б.т.
Қазақстандағы 5175 мемлекеттік меншік объектілерінің 90,4% коммуналдық меншікке тиесілі, ал ол объектілердің 85-90% қызмет көсетуді өндіру ролін атқарады.
Қызмет көрсету саласы материалдық және материалдық емес салаларын қамтитын болғандықтан, олардың қызметі материалдық және таза қызмет көрсету болып бөлінеді. Материалдық қызмет көрсетудің нәтижесі тұтыну құны, оны тұтынушыға жеткізу коммуналдық меншік объектісінің экономикалық өткізілуін сипаттайды. Саяси-экономикалық тұрғыдан материалдық игіліктерді иемдену қатынасы өндірістің нәтижесін иемдену бойынша қатынастардың құрамдас бөлігі б.т.
Коммуналдық қызметке барынша тән жергілікті басқару, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және тағы да сол сияқты салалар таза қызмет көрсету өрісіне жатады. Әрине бұл салалардың игілігі зат нышанында көрінбейді, бірақ олар сондай игіліктерді өндіруде қолданылатын материалдық құрал-жабдықтардан мықты тәуелді болады. Таза қызмет көрсетуді өндіру қоғамның жеке тұтынуының құрамдас бөлігі болғандақтан, оларды өндіретін құрал-жабдықтар қоғам үшін ерекше сипаттағы тұтыну заты б.т. Таза қызмет көрсетуді өндірудің тағы бір ерекшелігі – бұл салада еңбек құн жасалмайды және қажетті материалдық шығындардың құнын еңбектің нәтижесіне аудармайды. Бұл жерде тұтыну құны тиімді іс-әрекет ретінде тірі еңбектің өзі түрінде көрінеді (айталық, оқытушының лекциясы, дәрігердің консултациясы т.с.с.). Нарықтық экономика жағдайында материалдық емес өндірістің игіліктері ақшалай бағаланатын және ондай бағаланудың ерекшелігін ескеру маңызды. “Егер нарықта материалдық өнімдердің тұтыну құны және құны болатын болса, ал қызмет түріндегі тұтыну заттарының құны және айырбас құны болады”.
Коммуналдық меншіктің қызмет көрсету объектілерін теориялық тұрғыдан негіздеу мынандай қорытынды жасауды қажет етеді.
1-ден, бұл объектілер
коммуналдық құрылым
2-ден, әлеуметтік-қоғамдық
маңызы зор материалдық және
материалдық емес қызмет
3-ден, ең бастысы мұндай объектілердің экономикалық және құқықтық статустарын барынша нақты айқындау қажет, онсыз олар өздерінің әлеуметтік-қағамдық ролін тиімді атқара алмайды.
Көп жағдайда қоғамдық игіліктерді өндіретін мекемелердің тиімді жұмыс жасауы коммерцеиялық емес ұстанымдар негізінде құрылады. Сондықтан “ондай игіліктерді өндірудің барынша сәйкес механизмі, сол мекемелердің жұмысын міндетті салық салу және азаматтардың сайлау құқы арқылы қоғамдық таңдау механизмін пайдалану негізіндегі бюджеттік қаржыландыру б.т.” Бюджеттік қаржыландыру жақсы жолға қойылған аудит және бюджет қаржы процесін бақылау, аккредитация, сертификация, аттестация, басқа да мемлекеттік бақылау жүйесін қажет етеді.
Коммуналдық меншік объектілері болып табылатын көптеген әлеуметтік-мәдени салалар “квазиқағамдық”, басқаша айтқанда аралас қоғамдық қызметтер көрсетеді.
Сондықтан оларды ұдайы өндіру механизмі мемлекеттік емес мекемелер мен ұйымдардың болуын қажет ететін аралас экономика ұстанымына негізделіп құралады. Бір жағынан мұндай мекемелерде пайда табу олардың іс-әрекеттерінің басты түрткісі бола алмайды, ал екінші жағынан дербес игілік қасиеті бар функциялары таза коммерциялық негізде орындалуы мүмкін. Басқаша айтқанда, азаматтар үшін ақылы және тегінде қызмет көрсетуді,оларды бюджеттік, нарықтық және рақымшалық негізде көп арналы қаржыландыруды көздейді. Жалпы аралас қоғамдық игіліктерді өндіруде белгілі бір заңдылық бар: игілік жергілікті қауымдастыққа неғұрлым маңызды болса, солғұрлым ол пайдалы, себебі ондай игілікке мұқтаждық бар және адамдар оны төлеуге дайын. Пайда алу мүмкіндігі, берілген игілікті өндірудің экономикалық немесе экономикалық емес сипатын көрсетеді. Игіліктің жоғарғы пайдалылығы, егер әлеуметтік институттар мен заң тарапынан бөгет болмаса, объектінің нарықтық айналысқа өтуіне кепілдік береді.
Жоғарыда ұдайы өндіріс процесінің өндіру кезеңінде коммуналдық меншік объектілерін иеленуге байланысты қатынастарға талдау жасалды.
Бірақ меншік объектісі меншік қатынастарының пассивті жағы екендігін ескерген жөн. Ал оның активті жағын меншік субъектілері құрайды. Себебі меншік иесінің меншікті иемдену құқы, оны экономикалық өткізу мүмкіндігі болады. Меншік субъектілеріне жеке адамдар топтар, немесе адамдардың қауымдастығы жатады, шын мәнәнде меншік құқы сол тұлғалардың мүддесіне қарай өткізіледі.
Осы тұрғыдан алғанда меншік қатынасы «субъект-объектң, «субъект-субъектң болып айрықшаланады. Субъектілік-объектілік қатынастар меншік қатынасының бастау және материалдық алғы шарты б.т. Ал субъектілі-субъектілік қатынастар әлеуметтік-экономикалық сипатта болады, және меншік иелерінің арасында мүлікті, өнімдерді, тауарларды, басқа да құндылықтарды бөлу нышандарын тудырады. Қорыта айтатын болсақ меншік қатынастарының пайда болуы үшін субъектінің өзін-өзі меншік субъектісімін деп сезінуі, түйсінуі, объектінің және басқа субъектілердің болуы қажет.
Коммуналдық меншік субъектілерінің ұдайы өндіріс процесіне қатысу ұснанымы және өздерін меншік иесі ретінде өткізу шамасына қарай құрылған құрылымы болады. Коммуналдық меншіктің негізгі субъектісі – жергілікті билік органдарына меншік иесі функциясына өкілеттік беретін нақты коммуналдық тұрғындары. Жергілікті деңгейдегі ауқымды қажеттіліктердің негізінде қалыптасатын тұрғандардың терриоториялық мүдделері жергілікті қауымдастық тұрғындарын өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мақсатты іс-әрекеттерді жүзеге асыруға түрткі болады, ынталандырады. Көп жағдайда жергілікті қауымдастықтың мүдделері пәрменді, олар жергілікті адамдардың тұрмыс, әдет, дәстүрлерімен байланысты болады. Сондықтан жергілікті басқару органдары тұрғындардың нақты мүдделерінің жаршысы ретінде жергілікті өндірісті тұтынуға бағдарлауға, онда болатын өзгерістерге барынша сезімтал болуға мәжбүр етеді. Шын мәнінде аумақтық жергілікті мүдделер коммуналдық меншік қатынастарының көрінісі б.т. Коммуналдық меншік субектілерінің күрделі құрылымы өндіріс құрал-жабдықтарын және шарттарын, әлеуметтік сала объектілерін пайдалануы бойынша жергілікті билік органдары мен билік басында тұрған мемлекеттік органдардың арасында, меншік субъектілері мен шаруашылық жүргізу субъектілерінің, жұмыс істейтіндердің салалық топтары мен кәсіпорынның ішкі ұжымдары арасындағы экономикалық қатынастарды анықтайды.
Коммуналдық меншік субъектісіне байланысты экономикалық қатынастар жүйесін біржақты құқықтық пайымдау жергілікті аумақтың құрылым мәселелерін шешуде қолбайлау болуы, тіпті жергілікті басқару органдары тарапынан коммуналдық меншік обектілерін иемдену, пайдалану және иелік етуге байланысты билік жолсыздықтарына жол беруі мүмкін.
Соған сәйкес Қазақстандағы
«субъектілік-объектілікң
Шын мәнінде коммуналдық меншік субъектілерінің құрылымына мемлекеттік биліктің коммуналдық органдары, жергілікті билік және басқару органдары, коммуналдық құрылым аумағына орналасқан мемлекеттік, аралас, мемлекеттік емес нышандардағы шаруашылық жүргізу субъектілері, негізгі субъект болып табылатын жергілікті қауымдастық халқы кіреді. Коммуналдық меншік субъектілерінің күрделі құрылымын осылайша
анықтау олардың
арасында орын алатын экономикалық қатынастардың
ұдайы өндірісінің әртүрлі
Ұдайы өндіріс процесін бөлу кезеңінде коммуналдық меншікте тұрған игіліктерді бөлу және ұдайы өндіру шартының ұстанымдарын айқындау қажет. Коммуналдық меншік игіліктерінің ерекшеліктеріне қарай олардың елеулі бөлігі жергілікті қауымдастық мүддесіне сәйкес қажеттілік бойынша бөлінеді. Бірақ субъектілердің тұрған жеріне және әлеуметтік-кәсіби статустарының ерекшеліктеріне қарай коммуналдық меншік игіліктерін тұтынуда теңсіздік орын алады.
Бөлу кезеңіндегі
«субъектілік-объектілікң
Осыған байланысты қайшылықтар орын алуы мүмкін. Айталық, бөлу принципі бойынша жергілікті басқару органдары мен тұрғындардың арасындағы келіспеушілік немесе тұрғындардың жеңілдік алу құқы бар және коммуналдық құрылымның қалған топтарының мүдделеріне сәйкес болмауы сияқты құбылыстар. Мұндай қайшылықтарды шешу қоғамдық өзін-өзі басқаруды дамытуды, тұрғындар тарапынан коммуналдық құрылымның билік органдарының үстінен бақылауды күшейтуді талап етеді.
Ұдайы өндіріс процесінің “субъектілік-субъектілік” қатынастарға байланысты проблемалар айырбас кезеңінде орын табады. Айталық, айырбас кезеңінде коммуналдық деңгейдегі “қоғамдық игіліктер” тауар нышанында болмайды, олар тұтынушыға тауар-ақша қатынасының араласуынсыз жетеді. Әрине, бұдан ондай игіліктер тегін таратылады деген пікір тумауы керек. Оларды төлеу белгілі бір терриоториялық қауымдастық тұрғындарынан алынатын салықтар, басқада ақшалай міндеттемелер арқылы жүзеге асырылады. Себебі қендай да бір болмасын игілікті өндіру құндық сипатта болады және жергілікті шаруашылықта қолданылатын өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмыс күшінің тауарлы нышанында көрінеді. Нәтижесінде айырбас саласында қлғамдық игіліктерді иемдену қатынасы тауарлы, құндық нышанда болмайды. Мұндай сәйкессіздікті жергілікті әлеуметтік институттардың ролімен түсіндіруге болады, себебі олар бұл процестерді өткізуге делдал бола отырып, тұтынылуға тиісті ұстаныммен сипатталатын қоғамдық игіліктерді өздерінің мүддесіне икемдейді.
Айырбас процесінде әлеуметтік институттар қатыса алмайтын жағдай орын алуы мүмкін, олар тек қана жергілікті қауымдастық тұрғындары атынан тапсырыс беруші және сатып алушы бола алады. Осыған байланысты коммуналдық меншік субъектілерінде алынатын игіліктерді төлеудің шамасы мен көлемі бойынша проблемалар туындайды. Тұрғындар әлеуметтік институттардың араласуынсыз игіліктерді өндірушілерден тікелей сатып ала-алмайтын болғандықтан, ондай институттар өндірушілерді таңдауда белгілі бір монополиялық үстемдікке, яғни игіліктің бағасын белгілеуде де артықшылыққа ие болады. Мұндай жағдайда негізгі субъектілік өкілеттігі бар ЖӨӨБ органдары тарапынан тұрғындар үшін тиімсіз баға жолсыздығына берілуі мүмкін. Бағаға байланысты туындайтын тұрғындардың шығынын өтеу үшін мемлекеттік және жергілікті бюджет тарапынан дотация берілуі қажет.
Ұдайы өндіріс процесінің түпкі нәтижесі тұтыну. Ол өндірістік және жеке тұтыну болып бөлінетіндігі белгілі. Коммуналдық құрылым деңгейіндегі қоғамдық игіліктерді тұтыну өндірістің жеке факторларын дамытатынын ескерсек, оның өзі жанама түрдегі өндірістік тұтынуға айналады. Жергілікті қажеттіліктерді қанағаттандыратын игіліктерді өндіруде қолданылатын өндіріс құрал-жабдықтарын тұтынуда, оның көлемі мен сипатын берілген аумақтық құрылымның өндіріс процесін ұйымдастырушы жергілікті атқарушы және өкілетті органдар анықтайды. Бұл жерде ескеретін бір жайт – ол тұтынуды қамтамасыз ететін шаруашылық субъектілері коммуналдық меншіктен тыс басқа меншік нысандарында да болуы ықтимал. Жергілікті басқару органдары ондай субъектілердің шығынын әртүрлі алымдар мен салықтарға жеңілтік беру, жер салығын азайту сияқты шаралар арқылы өтеуге мүмкіндігі бар. Бұл арада ондай субъектілердің қызметкерлерінің терриоториялық құрылымның басқа тұрғындармен бірге коммуналдық меншіктің түпкі объектісі болып табылатын түпкі игіліктерді тұтынатынында есептен шығармау керек. Тұтыну бойынша субъектілік-объектілік қатынастарды есепке алу нарықтық экономика жағдайында табиғи туындайтын мемлекеттік, ұжымдық, жеке мүдделердің қайшылығын коммуналдық құрылым деңгейінде бесеңдетуге және үйлестіруге қолайлы ортаны қалыптастыруға мүмкіндік берер еді.
Жалпы, коммуналдық меншікті қоғамның ұдайы өндіріс процесі кезеңдеріндегі экономикалық қатынастар тұрғысынан талдау оны экономикалық категория ретінде мойындауға, оның саяси-экономикалық табиғатын ашуға негіз болды.
2.2. Жергілікті басқарудың ағымдық жағдайы және оны жетілдіру жолдары
Қазіргі таңда
еліміздің мемлекеттік құрылысын
жетілдіру, оның ішінде билік құзырларының
әр деңгейі арасында нақты бөлінуі
мен халық билігінің маңызды
элементі болып табылатын жергілікті
өзін-өзі басқару жүйесін ендір
Информация о работе Жергілікті және өзін-өзі басқарудың теориялық бастамалары