Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 08:47, курсовая работа
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жергілікті өкілді органдар мен жергілікті атқарушы органдардан тұрады. Ол мемлекеттің құрамдас бір бөлігі болып табылады және Республика үшін біртұтас мемлекеттік қызмет принциптерін басшылыққа алады. Демек, жергілікті мемлекеттік басқару мемлекеттік биліктің туындысы. Бұл жергілікті мемлекеттік басқару жалпы жергілікті ерекшеліктерді есепке алмайды және проблемаларды шешпейді дегенді білдірмейді. ҚР-дағы жергілікті мемлекеттік басқару мемлекет тетігінің ерекше бөлігі болып табылады.
Кіріспе _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ ___ _ __ _ _ __ _3 бет
I. ҚР жергілікті және өзін-өзі басқарудың теориялық бастамалары
1.1. Жергілікті басқарудың мәні мен теориялық негіздері_ _ _ _ _ _ _ 4-8 бет
1.2 Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару түсінігі мен даму ерекшеліктері_ _ _ _ _ _ _9-11 бет
II. ҚР жергілікті және өзін-өзі басқарудың жағдайы мен оның мәселелері
2.1. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық және қаржылық мәселелері _ _ _ _ _ _ _ 12-17 бет
2.2. Жергілікті басқарудың ағымдық жағдайы және
Және оны жетілдіру жолдары _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ 18-24 бет
Қорытынды _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ __ _ _ __ _ _ __ _ __ _25-26 бет
Пайдаланылған әдебиеттер_ _ __ _ __ ___ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ __ _ 27 бет
Сонымен, билікті орталықсыздандыру және жергілікті өзін өзі басқару жүйесі Қазақстан жағдайында, бірінші жағынан, азаматтық қоғам дамуының тетігі болса, екінші жағынан, ол - сол азаматтық қоғамның жетілу дәрежесінің көрінісі.
Франция Республикасын алып қарайтын болсақ, онда "1982 жылдан бастап жүргізілген атқарушы билікті орталықсыздандыру реформасы әлеуметтік-саяси сала жағдайын шешуге бағытталды: құқықтық сананың өсуі, 1960-70 жылдардағы қалалық емес тұрғындардың жалпы білім деңгейінің жылдам жоғарылауы француздардың басым бөлігінің жай ғана басқарулы болғысы келмейтіндігін білдірді, олар өзекті мәселелерді шешуге тікелей қатысуды талап етті".
Жергілікті
өзін-өзі басқару туралы мақаласында
К. Шәріпбаев осы мәселенің
• жергілікті және аймақтық нәтижелі басқарудың жоқтығы;
• жергілікті деңгейдегі мәселелерді шешуге қабілеті жететін азаматтық қоғамның ойдағыдай дамымауы.
Соның нәтижесінде екі мақсат пайда болып отыр:
• кәсіби және нәтижелі аумақтық басқаруды құру және мемлекеттік функцияларды шоғырланудан алшақтату үрдісі;
• азаматтық қоғамды құру үрдісінің басталуы.
Посткеңестік
елдерде орталықсыздандыру
Саясаттанушы М. Әшімбаевтың айтуы бойынша, "Елдің геосаяси орналасуының демократиялық өзгерістерде маңызы зор. "Дәстүрлі демократия аймағында" болу саяси реформалардың жылдамдай түсуіне елеулі әсер етеді. Сонымен бірге геосаяси жағдайдың қиын болуы саяси реформа процестерін тежеуі мүмкін".
Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі жергілікті мәдениет пен дәстүрлерге, экономикалық жағдайларға және де көптеген, сол сияқты жергілікті қауымдастықтың өміріне әсер ететін мәселелерге тікелей байланысты. Кейбір жағдайлар өзгеріп тұрады, соған орай жүйе де сәйкес болуы тиіс, ол жергілікті жағдайларға үйлесімді болуы қажет. Осыған байланысты жүйе үнемі реформаланып тұруы керек. Сондықтан да жүйені құруда ол кейін өзгеретінін, белгілі мерзімнен кейін жаңа реформа қажет болатындығын ескерген абзал. Оған дәлел, кейбір озық мемлекеттердің (Ұлыбритания, Франция секілді мемлекеттер) вертикальды басқару жүйесі осы күнге дейін өзгерістерге ұшырап келеді.
Басқарудың нәтижелі болуы үшін тұрақтылық қажет, ал реформа жүргізу үшін керегі - өзгерістер. Осыны тепе-тең жолмен, қоғамда тұрақсыздық туғызбай жүргізу - алғышарт.
Орталықсыздандыруды тек ұйымдастыру және құқықтық шаралар ретінде қабылдау — қателік. Оны саяси процесс ретінде қабылдау қажет.
Әлемдік тәжірибеге жүгінсек, француз мамандары Францияда орталықсыздандыруды жүргізудің екі себебін алға тартады: саяси және ұйымдастыру-техникалық.
Біріншіден, мемлекеттің
қоғам өмірінің барлық салаларына ықпал
ету деңгейінің үнемі өсуіне жауап
ретінде орталықсыздандыру
Екіншіден, қоғамдық деңгейде қабылданатын шешімдерде көптеген жергілікті факторлар ескерілмей қалу қауіпті болды. Сондықтан да шешімдер мемлекеттік мекемелерден гөрі, сайланбалы тұлғалар іс жүргізуді қалайтын азаматтардың мүддесіне және шындыққа сыймайтын. Бұл орайда орталықсыздандыру — демократия дамуының қажетті талабы.
Үшіншіден, азаматтың өзін айқындау құқығын тану және олар өз дегенімен ұжымдарға бірігу қажеттілігі туындайды. И. Люшердің пікірі бойынша орталықсыздандыру осындай қажеттіліктердің жүзеге асырылуы мен жергілікті ерекшеліктердің ескерілуін қамтамасыз етеді.
Ұйымдастыру-техникалық себептердің арасынан мыналарға ерекше көңіл бөлінеді: орталықтың белгілі дәрежеде енжарлық танытуы, белсенділік байқатпау және экстремальды жағдайларда қабылданған шешімдеріне жауапкершілік алғысы келмеу.
Қорытынды
Қазақстан Республикасы қазіргі кезде өзінің мемлекеттік дамуында жаңа бір сапалы деңгейге шықты. Мұндай жағдай мемлекеттік басқару мен билік жүйесіндегі түпкілікті қайта құруды талап етеді. Аталған билік жүйесі Қазақстандағы мемлекеттіктің қалыптасуына өз үлесін қосты.
Бірақ қазіргі кезде мемлекеттік құрылымда бұл жүйенің қызметтері қоғамның және мемлекеттің дамуында теріс әсер беретін кемшіліктерін байқатып отыр. Әсіресе, бұл қатынаста жергілікті мемлекеттік басқару жүйесін атап көрсетуге болады.
Қазіргі кездегі жергілікті жерлердегі билік қазіргі кездегі талаптарға толық сай емес, жергілікті халықтың мүдделерін әлсіз қорғайды, жемқорлыққа тым бейімді болып келген.
Мұның басты себептері қолданыстағы заңдылықтардың, соның ішіндегі сайлау туралы заң, жергілікті мемлекеттік басқару туралы заң, бюджет жүйесі туралы заңдардың кемшіліктері болып есептеледі.
Қазақстанның қазіргі сатыдағы дамуы реформа үрдістерінің арасалмағын орталықтан жергілікті деңгейлерге түсіруді қажет етеді және де оны билік те, қоғам да мойындайды. Оған тағы бір дәлел, 2003 жылдың 3 сәуірінде өткен Ұлттық кеңестің кезекті отырысы толықтай осы проблемаға арналды. Және де бұл мәселе бойынша үкімет арнайы құжат әзірлеген — "Мемлекеттік басқару - деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді шектеу және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру тұжырымдамасы". Дәл сол кеңесте Елбасы Н.Ә.Назарбаев осы мәселе жөнінде былай деп өз пікірін білдірді: "Бәрін бір қолға тастай қысып, айырылмайтын әдет біздің дамуымызды тежеп отыр". Сондықтан Президенттің халыққа Жолдауында орталықсыздандыру проблемасы саяси міндеттердің алғашқысы болып аталды. Сондықтан да еліміздің мемлекеттік құрылысын жетілдіру, оның ішінде билік құзырларының әр деңгейі арасында нақты бөлінуі мен халық билігінің маңызды элементі болып табылатын жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ендіру өзекті мәселелердің қатарында. Бірақ бұны елімізде жүзеге асыру көптеген себептерге байланысты қиынға соғуда.
Биліктің жергілікті органдарын реформалаңдыруды орталықсыздандыру үрдісін бастау жолында келесі проблемаларды шешу қажет:
• жергілікті және аймақтық нәтижелі басқарудың жоқтығы;
• жергілікті деңгейдегі мәселелерді шешуге қабілеті жететін азаматтық қоғамның ойдағыдай дамымауы.
Соның нәтижесінде екі мақсат пайда болып отыр:
• кәсіби және нәтижелі аумақтық басқаруды құру және мемлекеттік функцияларды шоғырланудан алшақтату үрдісі;
• азаматтық қоғамды құру үрдісінің басталуы.
Посткеңестік
елдерде орталықсыздандыру
Екіншіден, өзін өзі басқару, биліктің бөлінуінің қажетті (яғни демократиялық) формасын іске асыру тамырын он жылдап қалыптасқан адамның ойлау қасиетінен іздеу қажет. Алдыңғы жүйеден мұра болып жалғасып келе жатқан саяси сана қоғамдық еркіндікті қолдануда қиындықтар туғызады. Қазіргі таңда еліміздің мемлекеттік құрылысын жетілдіру, оның ішінде билік құзырларының әр деңгейі арасында нақты бөлінуі мен халық билігінің маңызды элементі болып табылатын жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ендіру өте өзекті мәселелердің қатарында.
Информация о работе Жергілікті және өзін-өзі басқарудың теориялық бастамалары