Көліктік шаруашылыққа салынатын салымның экономикалық тиімділігін бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 22:17, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты rөліктік шаруашылыққа салынатын салымның экономикалық тиімділігін бағалауды қарастыру.
Мақсаттан туындаған міндеттерге мыналар жатады:
- көліктік шаруашылықтың қызметінің түсінігі, түрлерін ашу;
- көліктік қызметке салынатын салымның экономикалық мәнін қарастыру;
- ЖШС –нің қаржылық - экономикалық талдау;
- «DHL» ЖШС –нің салынатын салымдарының тиімділігін бағалау.

Содержание

КІРІСПЕ



1. КӨЛІКТІК ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТТІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ОНДАҒЫ САЛЫНАТЫН САЛЫМДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Көліктік шаруашылықтың қызметінің түсінігі, түрлері.

1.2 Көліктік қызметке салынатын салымның экономикалық мәні



2 «DHL» ЖШС –НІҢ КӨЛІКТІК ҚЫЗМЕТІНДЕ САЛЫНАТЫН САЛЫМНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ

2.1 Кәсіпорынның қызметіне сипаттама

2.2 ЖШС –тің қаржылық - экономикалық талдануы

2.3 «DHL» ЖШС –нің салынатын салымдарының тиімділігін бағалау



3. КӨЛІКТІК ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ



ҚОРЫТЫНДЫ



ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

Курс_Көліктік шаруашылыққа салынатын салымның экономикалық тиімділігін бағалау.doc

— 268.00 Кб (Скачать документ)


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

 

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік

университетінің колледжі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пән: «Өндірістік экономика»

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Көліктік шаруашылыққа салынатын салымның экономикалық тиімділігін бағалау»

 

 

 

 

Орындаған: тобының

білім алушысы

 

Тексерген: ғылыми жетекші

Төлеубекова Д.М.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

1. КӨЛІКТІК ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТТІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ОНДАҒЫ САЛЫНАТЫН САЛЫМДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Көліктік шаруашылықтың қызметінің түсінігі, түрлері.

1.2 Көліктік қызметке салынатын салымның экономикалық мәні

 

2 «DHL» ЖШС –НІҢ КӨЛІКТІК ҚЫЗМЕТІНДЕ САЛЫНАТЫН САЛЫМНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ

2.1 Кәсіпорынның қызметіне сипаттама

2.2   ЖШС –тің қаржылық - экономикалық талдануы

2.3  «DHL» ЖШС –нің  салынатын салымдарының тиімділігін бағалау

 

3. КӨЛІКТІК ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ


КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі. Көлік құралдары салығы - меншік кұқығында салық, салу объектілері бар жеке тұлғалардан және меншік, шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалардан, олардың құрылымдық бөлімшелерінен алынатын салық Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өткізілуге тиіс және (немесе) есепте тұрған көлік кұралдары, тіркемелерді қоспағанда, салық салу объектілері болып табылады. Салык төлеушілер салық салу объектілерін, әрбір көлік кұралы бойынша салық ставкасын және түзету коэффициенттерін негізге ала отырып, салық кезеңі үшін салық сомасын дербес есептейді

Салық жүйесі салықтық қатынастар жиынтығынан және оны реттейтін институттардан тұрады. Қаржы қатынастары кез келген қоғамдық  жүйеде орын алатын жалыпы экономикалық қатынастардың құрамдас бөлігі. Мемлекет салық жүйесі арқылы саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті қаражаттарды жинақтап, өзінің ішкі сыртқы қызметтерін жүзеге асыру үшін жұмсалады. Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен рөл мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық шешуші рөлі артып келеді, мұны жалпы ұлттық  өнімнің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқаыс ретінде жана сипатқа ие болуда. Мұндай ықпал көп бағытта жүргізілуде. Табысқа салық салу арқылы манипуляция жасап, мемлекет капиталының қролану процесіне айтарлдықтай әсер етеді.

Салық арқылы реттеу әдістері салалардың бәсеклестігін ынталандыруға, капиталдың қорлануына қолайлы жағдай жасауға, корпорациялардың әлеуметтік қызметін қолдауға кеңінен пайдаланылады. Осы мақсатта түрлі салық жеңілдіктерін беру қажет. Салықтық жеңілдіктер беру арқылы мемлекет өндіргіш күштерді аймақтық орналастыруға, инфрақұрылым объектілерін салуға және тағы басқалары айтарлықтай әсер ете алады. Салықты реттеуде мемлекет тек жекелеген шаралар жүргізіп  қоймай, соынмен қатар барлық шаруашылық коньюктураға ықпал етеді. Экономикалық тоқыраудан шығу үшін мемлекет салық салдудағы жеңілдіктер беру жолымен күрделі қаржыны ынталандырып, тұтыну мен инвистицияны қолдап, тауарларға жиынтық қоғамдық сұраныстың болуы үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

Әлеуметтік экономикалық құбылыс ретінде кәсіпкерлік көптеген қоғамдық қатынастарды қамтиды. Кәсіпкерліктің тамыры адам қызметінің экономикалық жағдайларында жатыр. Кәсіпкерлік қызметтің мәні өндіріс құрал-жабдықтарын шаруашылық объектісі ретінде иемденуде және табыс алу мақсатында өндіріс факторларын тиімді пайдалану. Кәсіпкерлік қызметтің өркениетті дамуы үшін мемлекет тарапынан жағдай жасалуы қажет.

Сондықтан да, Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің дамуын мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудың салықтық аспектілері деген актуалды болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты rөліктік шаруашылыққа салынатын салымның экономикалық тиімділігін бағалауды қарастыру.

Мақсаттан туындаған міндеттерге мыналар жатады:

- көліктік шаруашылықтың қызметінің түсінігі, түрлерін ашу;

- көліктік қызметке салынатын салымның экономикалық мәнін қарастыру;

- ЖШС –нің қаржылық - экономикалық талдау;

- «DHL» ЖШС –нің  салынатын салымдарының тиімділігін бағалау.

Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі. Жұмысты зерттеу барысында көліктік шаруашылық, қаржылық және басқарушылық талдау саласындағы отандық және шетелдік ғалым-экономистердің, ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектері, заң күші бар нормативтік нұсқау-ережелер, ғылыми-тәжірибелік конференциялардың материалдары басшылыққа алынып, Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі Агенттігінің мәліметтері мен кәсіпорынның бухгалтерлік есеп мәліметтері пайдаланылды.


1. КӨЛІКТІК ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТТІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ОНДАҒЫ САЛЫНАТЫН САЛЫМДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Көліктік шаруашылықтың қызметінің түсінігі, түрлері.

 

Автокөлік кәсіпорындары жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға, сонымен қатар ТҚК және жөндеу жұмыстарын орындауға, жылжымалы құрамның сақталуы мен материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі үшін арналған. Тасымалдың сипатына және жылжымалы құрамның түріне байланысты автокөлік кәсіпорындары жеңіл таксомоторлы, қызмет көрсетуіне байланысты жеңіл мекемелі және ұйымдық, автобустық, жүк таситын, аралас (жүк тасымалы мен қоса жолаушылар тасымалын жүргізеді) және арнайы, сонымен қатар жедел көмек көрсету, коммуналдық қызмет және т.б. болып бөлінеді. Нысаналы пайдалану, өндірістік-тұрмыстық қызмет сипатына, бағыныштылық және меншік формаларына байланысты АКК : мемлекеттік, муниципальды, ведомстволық, акционерлік, жеке және т.б. болуы мүмкін. Автокөлік кәсіпорындары   өндірістік қызметті ұйымдастыруда автономиялы және қауымдық болып бөлінеді. Автономиялы Автокөлік кәсіпорындары   көлік жұмыстарын, жылжымалы құрамды сақтау және ТҚК мен жөндеудің барлық түрлерін орындайды.

Бірлескен АКК қызметі көлік жұмыстарын орталықтандыру негізінде, сонымен қатар жылжымалы құрамды тексеру мен жөндеу өндірісін толық немесе жарым-жартылай мамандандыру мен кооперациялау арқылы жүзеге асады. ҚР Азаматтық кодексінің  117 – бабына сәйкес бекітілген: «Жылжымайтын заттарға жатпайтын мүлік, оның ішінде ақша мен бағалы қағаздар жылжитын мүлік болып табылады. Заң құжаттарында көрсетілгеннен басқа реттерде жылжитын мүлікке құқыққа тіркеу талап етілмейді». Сонымен ҚР АК жылжитын мүлікке анық және толық анықтама бермейді; осыған байланысты мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзу кемесі, «өзен–теңіз» жүзу кемесі, ғарыштық обьектілер де жылжымайтын заттарға теңестіріледі [1, 12б.].

Қазақстан Республикасының жол жүру ережесіне сәйкес көлік құралы болып жолмен адамдарды, жүк пен құрал – жабдықтарды алып жүретін құрылғы табылады. Көлік құралының құрамына механикалық көлік құралдары, тіркемелер, мопедтер, аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер және осыған ұқсас сипаттағы басқа да көлік құралдары кіреді. Механикалық көлік құралдары құрамына автокөлік құралдары, мотокөлік құралдары, троллейбустар, трамвайлар, әртүрлі тракторлар, өзі жүретін көлік құралдары. Мем СТ 25 478-91  сәйкес автокөлік құралдарына жүк және жеңіл автомобильдер, автобустар және автопоездар [2, 47б.].

Автокөлік құралы – қозғалтқыш арқылы қозғалатын, жалпы жол жүйесінде адамдарды, жүк пен құрал – жабдықтарды алып жүретін, сонымен қатар жеке өзінің  400 кг-нан  астам салмағы бар құрылғы. Жүктелген салмағы автокөлік құралының толық жүктелген (жанармаймен, майлармен, суытқыш сұйықтармен және т.б.) және комплектіленген салмағымен  (қосымша дөңгелектерді, құрал – саймандарды және т.б.)  анықталады, оған тек үстіндегі жүгі, жолаушылар, жүргізуші салмағы кірмейді. Автакөлік құралдары жолаушы, жүк және арнайы көлік болып бөлінеді. Жолаушы көлігінің құрамына жеңіл автомобильдер және автобустар кіреді. Жүк автокөлік құралдарына арнайы, жүк автомобильдері жатады. Жеке қызмет автокөлік құралдарына негізінен көліктік емес жұмыстарды орындауға арналған, арнайы құрал – жабдығы бар автомобильдер жатады.

Жеңіл автомобиль – жүргізуші орнын есептемегенде, отыратын орны         8 –ден аспайтын және жолаушыларды тасымалдауға арналған автокөлік құралы. Жеңіл автомобильдер жанағының түрі мен қозғалтқыштың жұмыс көлеміне байланысты жіктеледі [3, 41б], яғни қозғалтқыш цилиндрінің жұмыс көлемі (л) бойынша:

- ерекше кіші (1,2 литрге дейін);

- кіші (1,3-1,8 л);

- орташа (1,9-3,5 л);

- үлкен (3,5 литрден жоғары);

- жоғары (регламентелген).

Автобус – жүргізуші орнын есепке алмағанда, отыратын орны  8–ден  астам және жолаушыларды тасымалдауға арналған автокөлік құралы. Автобустар қалалық, қала сыртындағы, қалааралық және туристік болып бөлінеді.

Жүк–жолаушы автомобилі – жүргізуші орнын есепке алмағанда, отыратын орны  3–тен  аспайтын және жүк тасымалдауға арналған жабдықталған, платформасы бар автокөлік құралы. Мұндай автомобильдерге жанағына жүкті орналастыру  үшін, яғни ауданын үлкейту мақсатында артқы орындықтары жоқ немесе алынып тасталатын жеңіл автокөлігі жатады.

  Жүк автомобилі – жүкті тасымалдауға арналған автокөлік құралы. Жүк автомобилі борттық автомобиль, сонымен қатар тіркемесі бар автомобиль (борттық тягач ), жартылай тіркемесі бар автомобильдік тягачтар, самосвалдар және арнайы автомобильдер болып бөлінеді. Жалпы жүк автомобильдерін толық массасына байланысты 7 класқа бөледі [4, 16б.]:

- 1,2 тоннаға дейін;

- 1,3-2,0 тонна;

- 2,1-8,0 тонна;

- 9,0-14 тонна;

- 15-20 тонна;

- 21-40 тонна;

- 40 тоннадан жоғары.

Арнайы автомобиль – жартылай тіркеме немесе тіркемесі бар, жүктің белгілі бір түрін ғана тасымалдауға арналған және осыған байланысты арнайы жанағы бар жүк автомобилі. Арнайы автомобильдерге фургоны бар автомобильдер (жалпы мақсаттағы, изотермиялық, рефрижираторлар, нанға, жиһазға, киімге, жануарларға және т.б. арналған) немесе цистернасы бар автомобильдер (сұйық және шашыранды жүкке арналған), контейнеровоздар, ауыстырылатын (алынатын) жанағы бар автомобильдер, ұзын өлшемді жүкті тасымалдауға арналған автомобильдер, ауыр көтергіш автомобильдер, панелевоздар, блоковоздар, фермовоздар, плитовоздар, балковоздар, сантехкабиновоздар, құрылыс қоспаларын және ерітінділерді тасымалдаушы автомобильдер және т.б. жатады.

Жеке қызмет автомобилі – арнайы қызметті орындауға арналған және осыған байланысты арнайы жабдықталған автомобиль.

Жеке қызмет автомобильдеріне өрт сөндіру автомобильдері, автокрандар, компрессорлық бекітпелері бар автомобильдер.

Тіркеме – қозғалтқышы жоқ бір-, екі-, немесе көпбілікті құрылғы, жалпы жол жүйесінде адамдарды, жүкті немесе бекітілген жабдықты тасымалдауға арналған. Тіркеме автокөлік құралына тартқыш-ілінісу құрылғысының көмегімен тіркеп сүйреледі.

Жартылай тіркеме – қозғалтқышы жоқ бір-, екі-, немесе көпбілікті құрылғы, жалпы жол жүйесінде адамдарды, жүкті немесе бекітілген жабдықты тасымалдауға арналған.

Тіркеме автокөлік құралына тірек-ілінісу құрылғысының көмегімен тіркеп сүйреледі.

              Көлік құралының агрегаты жоюға немесе толық жөндеуден өткізуге бағытталады [5, 9б.], егер:

              -1- базалық және  негізгі бөлшектер агрегатының толық бөлшектеп, жөндеуді талап еткенде;

              -2- агрегаттың жұмыс қабілеттілігін техникалық себептерге байланысты қалпына келтіру мүмкін емес немесе оған  ағымдағы жөндеу жүргізу арқылы қалпына келтіру экономикалық тиімсіз болса.

Ағымдағы жөндеу базалықтан басқа барлық бөлшектерді қалпына келтіру немесе ауыстыру арқылы агрегаттың жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етуге арналған.

Атқаратын қызметіне байланысты жылжымалы құрамның жұмыс жасау қабілеттілігі кәсіпорындардың келесідей түрлерін қамтамасыз етеді: автокөліктік, автожөндеулік, автоқызмет көрсетушілік.

             

1.2 Көліктік қызметке салынатын салымның экономикалық мәні

 

Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері көлік құралы салығын төлеушілер болып табылады.

Мыналар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылмайды:

1) жалпы меншiк құқығында өзiнiң мүшелерiне тиесiлi және өзiнiң ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру, сақтау және өңдеу процесiнде тiкелей пайдаланылатын, меншiк құқығындағы мынадай көлiк құралдары бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер:

- двигателiнiң көлемi 2500 текше сантиметрге дейiнгiнi қоса алғанда, бiр жеңiл автомобиль;

- 1:1 қатынасты сақтай отырып двигателiнiң шектi жиынтық қуаты 1000 гектар егiстiкке 1000 кВт мөлшерiндегi жүк автомобильдерi.

Бұл ретте, егер есептеу қорытындылары бойынша көлiк құралдарының саны 0,5-тен бастап және одан жоғары бөлшектi мәнiмен бiреуден көп бiрлiктi құрайтын жағдайларда, мұндай мән тұтас бiрлiкке дейiн дөң­ге­лектеуге жатады, егер 0,5-тен төмен болса, дөңгелектеуге жатпайды.

Егер есептеу қорытындылары бойынша жүк автомо­биль­дерiнiң саны бiр бiрлiктен аз болған жағдайда, двигателiнiң қуаты барынша аз бiр жүк автомобилi босатылуға жат­қызылады.

2) өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде пайдаланылатын мынадай мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер:

сүт немесе ауыл шаруашылығы мақсаттарына су тасымалдауға арналған автомобиль-цистерналар;

ветеринария қызметінің автомобильдері,

автозообиологиялық зертханалар,

автожемтасығыштар;

автотиеуіштер,

дән сепкіштерге автоқұйғыштар;

              тыңайтқыш енгізуге арналған автомашиналар;

Информация о работе Көліктік шаруашылыққа салынатын салымның экономикалық тиімділігін бағалау