Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 22:17, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты rөліктік шаруашылыққа салынатын салымның экономикалық тиімділігін бағалауды қарастыру.
Мақсаттан туындаған міндеттерге мыналар жатады:
- көліктік шаруашылықтың қызметінің түсінігі, түрлерін ашу;
- көліктік қызметке салынатын салымның экономикалық мәнін қарастыру;
- ЖШС –нің қаржылық - экономикалық талдау;
- «DHL» ЖШС –нің салынатын салымдарының тиімділігін бағалау.
КІРІСПЕ
1. КӨЛІКТІК ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТТІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ОНДАҒЫ САЛЫНАТЫН САЛЫМДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Көліктік шаруашылықтың қызметінің түсінігі, түрлері.
1.2 Көліктік қызметке салынатын салымның экономикалық мәні
2 «DHL» ЖШС –НІҢ КӨЛІКТІК ҚЫЗМЕТІНДЕ САЛЫНАТЫН САЛЫМНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорынның қызметіне сипаттама
2.2 ЖШС –тің қаржылық - экономикалық талдануы
2.3 «DHL» ЖШС –нің салынатын салымдарының тиімділігін бағалау
3. КӨЛІКТІК ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
салық кезеңі ішінде меншік құқығындағы, шаруашылық жүргізу құқығындағы, жедел басқару құқығындағы әрбір көлік құралына, сондай-ақ қаржы лизингі шарты бойынша берілген (алынған) әрбір көлік құралына жасайды. Ұқсас көлік құралдары (бір үлгідегі, двигатель көлемі, жүк көтергіштігі, отырғызу орындарының саны, двигатель қуаты, пайдалану мерзімі бірдей) болған жағдайда 700.01.012 жолындағы олардың жалпы санын көрсете отырып бір нысан жасалады.
Қазақстан Республикасы салық режимінің тұрақтылығына кепілдік беретін заңдарда белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасымен жасалған келісім-шарттар бойынша жұмыс істейтін салық төлеушілер, салықты есептеу мен төлеуді, аталған келісім-шарттың талаптарына сәйкес жүргізеді және осы қосымшаның тиісті жолдарында келісім-шарттың талаптарында белгіленген көрсеткіштерді (айлық есептік көрсеткіш, ставкалар, түзету коэфициенті) көрсетеді.
Егер салық салу объектісі бойынша салық есептемесін тапсыру жөніндегі салық міндеттемесі сенімгерлік басқарушыға жүктелген болса, Салық кодексінің 35 бабымен белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, «Сенімгерлік басқарманың құрылтайшысы немесе пайда алушысы туралы ақпарат» бөлімі толтырылады:
1) СТН – салық төлеуші сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының тіркеу нөмірі көрсетіледі;
2) ЖСН (БСН) - салық төлеуші сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының жеке сәйкестендіру (бизнес сәйкестендіру) нөмірі.
3) оның негізінде мүлікті сенімгерлікпен басқару туындайтын құжаттың нөмірі мен күні.
Оның негізінде мүлікті сенімгерлікпен басқару туындайтын құжаттың күні мен нөмірі көрсетіледі.
«Көлік құралдары салығын есептеу» бөлімінде:
1) 700.01.001 жолында салық салу объектісі болып табылатын көлік құралы көрсетіледі.
Бұл торкөздер Салық кодексінің 366-бабына сәйкес белгіленеді. Көлік құралының түріне қарай тиісті торкөз белгіленеді: А, B, C, D, E, F, G, Н, І;
2) 700.01.002 жолында көлік құралының шыққан жылы көрсетіледі;
3) 700.01.003 жолында меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы, соның ішінде Қазақстан Республикасында бұрын есепте тұрмаған көлік құралын нақты иелену кезеңі (айлар саны) көрсетіледі;
4) 700.01.004 жолында тиісті өлшем бірліктері көрсетіледі:
жеңіл автомобиль двигателінің көлемі - шаршы сантиметрлерде;
жүк және арнайы автомобильдерінің жүк көтерімділігі - тоннада;
автобустардың отырғызу орындарының саны;
шағын көлемді кемелер, ұшу аппараттары, темір жол тартқыш және мотор-вагонды жылжымалы құрамдар двигателінің қуаты - киловаттарда көрсетіледі;
катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, яхталар двигательдерінің қуаты - ат күшінде;
5) 700.01.005 жолында Салық кодексінің 367-бабының 1-тармағына сәйкес көлік құралына салық ставкасы көрсетіледі;
6) 700.01.006 жолында Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшері көрсетіледі;
7) 700.01.007 жолында Салық кодексінің 367-бабының 2-тармағына сәйкес 1500-ден жоғары 2000 шаршы см-гі, 2000-нан жоғары 2500 шаршы см-гі, 2500-ден жоғары 3000 шаршы см-гі, 3000-нан жоғары 4000 шаршы см-гі жеңіл автомобиль двигателі көлемінің асуы көрсетіледі;
8) 700.01.008 жолында 700.01.005 мен 700.01.006 жолдарының туындысының және 700.01.007 мен 7 теңге туындысының (700.01.005 х 700.01.006 + 700.02.007 х 7) сомасы ретінде жеңіл автомобильдер бойынша айқындалатын салық сомасы көрсетіледі, қалған көлік құралдары мен ұшу аппараттары үшін 700.02.005 мен 700.02.006 жолдарының туындысы (700.01.005 х 700.01.006) ретінде айқындалады;
9) 700.01.009 жолында Салық кодексінің 367-бабы 3-тармағында белгіленген тиісті түзету коэффициенті көрсетіледі;
10) 700.01.010 жолында 700.01.008 және 700.01.009 жолдарын көбейту жолымен айқындалатын түзету коэффициенті ескеріле отырып, есепті салық кезеңі үшін салық сомасы көрсетіледі;
11) 700.01.011 жолында 700.01.010 жолының 700.01.003 жолы мен 12 туындысына қатынасы (700.01.010/12х700.01.003) ретінде айқындалатын иеленудің нақты кезеңі үшін салық сомасы көрсетіледі. Егер нақты иелену кезеңі 12 ай құраған жағдайда, онда 700.02.011 жолына 700.02.010 жолында көрсетілген сома көшіріледі;
12) 700.01.012 жолында осы нысан жасалатын ұқсас көлік құралдарының саны көрсетіледі;
13) 700.01.013 І жолында 700.01.011 және 700.01.012 (700.01.011 х 700.01.012) жолдарының көбейтіндісі жолымен айқындалатын көлік құралдарының саны ескеріле отырып, салық сомасы көрсетіледі.
14) 700.01.013 ІІ жолында 700.01.011 және 700.01.012 жолдарын 0,3-ке (700.01.011 х 700.01.012)х0,3 көбейту жолымен айқындалатын, Салық кодексінің 451-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, төлеуге жататын көлік құралдарының санын ескеріп салық сомасы көрсетіледі.
Сонымен, экономиканы салықтық реттеу барысында, оның соңынан туындайтын салдарын алдын-ала дұрыс болжамдау керек, өйткені салық ставкасы, салық жеңілдіктері, салық есептеу, төлеу тәртіптері мен мерзімі тәрізді салықтық реттеу құралдары өндірістің, өндірілген өнімнің (қызмет, тауарлар) бәсекелік қабілетін, ал кәсіпкердің іскерлік қабілетін, ал кәсіпкердің іскерлік қабілетін ынталандыруға, капитал жинау барысында оларға барынша қолайлы жағдай туғызуға, кәсіпкерлсрдің әлеуметтік, қайырымдылық қызметтерін ынталандыруға бағытталуы қажет.
Жүргізген талдау қорытындылары кәсіпорын қызметінің рентабельсіз екенін анықтады. Өйткені кәсіпорын талдау жүргізілген уақытта таза табыс таппай отыр. Бірақ та уақыт өте келе кәсіпорынның шығындылығы аз да болса азаюда екенін айтпай кетуге болмайды.
Кәсіпорын активтері рентабельді болуы үшін ең бірінші табыс табуы және оны арттыруға тырысуы қажет. Сатудан түскен түсімді арттыру үшін және қосымша пайда алуы үшін бөлшектеп сату желісіне көп көңіл бөлген жөн.
Сонымен қатар кәсіпорын:
-өнімнің өзіндік құнының құрылымын қайта қарап, шығындардың артуының себептерін анықтап, оларды азайту жолдарын іздеу қажет.
-баға саясатын өзгертуі қажет, яғни өнім бағасына қосылатын рентабельділіктің пайыздық мөлшерін арттыру.
Өнімнің өзіндік құны-кәсіпорын қызметінің маңызды көрсеткіші болып та-былады.
Соңғы жылдары қызмет көрсету шығындарының өсуі байқалады. Қызметтің өзіндік құнның өсуіне шикізаттардың, материалдардың, көлік қызметтеріне тарифтердің қымбаттауы алып келеді. Қайта бағалаумен байланысты негізгі құралдардың амортизациялық аударымдар сомасының артуы, жалақы бойынша шығындардың артуы жалпы шығындардың артуының негізгі себептері болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттырудың ең бір маңызды жолы - өзіндік құнды азайту болып табылады. Өзіндік құнын төмендетудің бірден бір жолы – көрсетілетін қызметтің көлемін арттыру болып табылады, өйткені бұл жағдайда қызметтің бірлігіне келетін тұрақты шығындардың мөлшері азаяды [10, 169 б].
Кәсіпорынның техникалық мүмкіншілігін тиімді пайдалануды көтерудің негізгі жолдары – бұл өндіріс үрдістерінің механизациясы және автоматизациясы, құрал-жабдықтардың тұрып қалуын резервтік қуаттылықтың жүктеуін реттеу жолымен төмендету, негізгі номенклатураға кірмейтін өнім дайындау, құрал-жабдықтардың ауыстыру коэффициентін көтеру техниканы автоматтандырылған басқару жүйесімен жабдықтандыру, ғылыми техникалық жетістік шараларын жүргізу және т.с.с.
Өнімнің өндірісін өсіру, өзіндік құнын азайту, өнім сапасын жақсарту, мүлікке салықтың азаюы және баланстық өсімнің түсуі, кәсіпорынның негізгі құралдарын пайдалануын жақсарту оның қаржылық нәтижелеріне әсер етеді.
Кәсіпорында негізгі құралдарды пайдалануды жақсарту мына жолдармен жетуге болады:
- кәсіпорындағы негізгі құралдарды арендаға беру немесе артық жабдықтардан, машина және басқа негізгі құралдарын жасату;
- құралдарды жөндеулерді уақытында және сапалы түрде жоспар бойынша өткізіп тұру;
- жоғары сапалы негізгі құралдармен мүліктену;
- қызмет көрсетуші персоналдардың квалификациялық деңгейін көтеру;
- шамадан тыс моральды және физикалық тозуды болдырмау мақсатында негізгі құралдардың, әсіресе активті бөлімді уақытылы жаңартып отыру;
- өндіріс процессіне материал және шикізат дайындығын сапалы жақсарту;
- өндірістің механизация және автоматизация деңгейін жақсарту;
- экономикалық мақсатта жөндеу қызметтерін орталықтандыру;
- өндірісті концентрациялау, мамандандыру және құрамалау деңгейлерін жақсарту;
- азқалдықты, қалдықсыз, энерго және отынүнемді – жаңа техника және жетілдірілген технологины ендіру;
- машиналар мен жабдықтарды, тоқтаулар мен жұмыс уақытын жоғалтуларды қысқарту мақсатында ұйымның өндірісі мен еңбегін жетілдіру;
- кәсіпорындаңы негізгі құралдарды пайдалануды жақсартудың жолдары сол немесе басқа кезеңде болған нақты шарттарға байланысты болады.
Жабдықтар пайдаланылатын кез келген кәсіпорынның табысты қызмет етуі үшін негізгі қорларды жүйелі түрде жаңарту керек. Нарықтық экономика жағдайында мемлекет негізгі инвестор болмағандықтан кәсіпорындар өз меншігіндегі өндірісті жабдықтауын өздері қамтамасыз етуі керек. Жаңа техникаларды сатып алу үшін кәсіпорындарда мінез-құлық стратегиялары көп емес:
а) жаңа жабдықты жеткізу мезетінде төленген сатып алу, ол үшін үлкен қаражат болуы керек, бірақ кәсіпорындарда ондай қаражаттар көбінесе бола бермейді;
б)көп қаражаттарды талап ететін мамандандырылған кәсіпорындармен өткізілетін жабдықтарды модернизациялау;
в) керек жабдықтарды жалға алу.
Егер кәсіпорында өзінің қаражаты аз болса, онда жоғарыда көрсетілген жаңартудың екі жағдайы банктік несиені, жеке инвесторлардың қаражатын, инвестициялық немесе венчурлық қорлардың қаражаттарын тартуды көздейді. Кәсіпорындарға үш немесе одан да көп жылдарға несиені алу мүмкіндігі жоқ, себебі қазіргі уақытта қазақстандық банктер орта және ұзақ мерзімді несиелерді бермейді. Сондықтан өндіріске негізгі қорларды тартудың тек қана бір мүмкіндігі бар – жалға алу.
Бірінші бөлімді қорытындылай келе, тасымалдың сипатына және жылжымалы құрамның түріне байланысты автокөлік кәсіпорындары жеңіл таксомоторлы, қызмет көрсетуіне байланысты жеңіл мекемелі және ұйымдық, автобустық, жүк таситын, аралас (жүк тасымалы мен қоса жолаушылар тасымалын жүргізеді) және арнайы, сонымен қатар жедел көмек көрсету, коммуналдық қызмет және т.б. болып бөлінеді. Ағымдағы жөндеу базалықтан басқа барлық бөлшектерді қалпына келтіру немесе ауыстыру арқылы агрегаттың жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етуге арналған.
Атқаратын қызметіне байланысты жылжымалы құрамның жұмыс жасау қабілеттілігі кәсіпорындардың келесідей түрлерін қамтамасыз етеді: автокөліктік, автожөндеулік, автоқызмет көрсетушілік.
Екінші бөлімді қорытындылай келе, көлік құралдарына салынатын салық – мемлекет пен көлік құралдары арасындағы экономикалық қатынасты реттейтін салық. Көлік құралдарын иелері көлік құралдарын иемдену барысында республиканың автокөлік жолдарын пайдаланады. Ал осы автокөлік жолдарын қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады. Сондықтан да көлік салығының экономикалық мәні зор.
Көлік құралдарына салынатын салық тікелей нақты салық болып табылады. Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу не оралымды басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері көлік құралдарына салынатын салықтың төлеушілері болып табылады.
ҚР-нда мемлекеттік тіркеуге жататын және есепте тұрған көлік құралдары, тіркемелерді қоспағанда, салық салу объектілері болып табылады.
Мына көлік құралдары көлік салығының салық салу объектілері болып табылмайды:
- жүк көтергіштігі 40 тонна және одан асатын карьерлік автосамосвалдар;
- мамандандырылған медициналық көлік құралдары.
Салық төлеушілер салық заңдылығына сәйкес салық салу объектілерін әрбір көлік құралы бойынша салық ставкасын және түзету коэффициенттерін негізге ала отырып, салық кезеңі үшін салық сомасын дербес есептейді.
Сондай-ақ салықты салық салу объектісінің тіркелген жері бойынша бюджетке төлеуі қажет.
Егер меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында 1 шілдеге дейін болған көлік құралдары бойынша бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша, ағымдағы төлемдерді енгізу арқылы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Егер көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын салық кезеңінің 1 шілдесінен кейін алған жағдайда, бюджетке салық төлеу көлік құралын мемлекеттік тіркеуге дейін немесе тіркеу кезінде жүргізіледі.
Кәсіпорын көлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебін ағымдағы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірілмейтін мерзімде, сондай-ақ көлік салығы бойынша декларацияны есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей, салық салу объектілерінің тіркелген жері бойыншасалық органына табыс етеді.
Үшінші бөлімді қорытындылай келе, кәсіпорынның техникалық мүмкіншілігін тиімді пайдалануды көтерудің негізгі жолдары – бұл өндіріс үрдістерінің механизациясы және автоматизациясы, құрал-жабдықтардың тұрып қалуын резервтік қуаттылықтың жүктеуін реттеу жолымен төмендету, негізгі номенклатураға кірмейтін өнім дайындау, құрал-жабдықтардың ауыстыру коэффициентін көтеру техниканы автоматтандырылған басқару жүйесімен жабдықтандыру, ғылыми техникалық жетістік шараларын жүргізу және т.с.с.
Информация о работе Көліктік шаруашылыққа салынатын салымның экономикалық тиімділігін бағалау