Көліктік шаруашылыққа салынатын салымның экономикалық тиімділігін бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 22:17, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты rөліктік шаруашылыққа салынатын салымның экономикалық тиімділігін бағалауды қарастыру.
Мақсаттан туындаған міндеттерге мыналар жатады:
- көліктік шаруашылықтың қызметінің түсінігі, түрлерін ашу;
- көліктік қызметке салынатын салымның экономикалық мәнін қарастыру;
- ЖШС –нің қаржылық - экономикалық талдау;
- «DHL» ЖШС –нің салынатын салымдарының тиімділігін бағалау.

Содержание

КІРІСПЕ



1. КӨЛІКТІК ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТТІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ОНДАҒЫ САЛЫНАТЫН САЛЫМДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Көліктік шаруашылықтың қызметінің түсінігі, түрлері.

1.2 Көліктік қызметке салынатын салымның экономикалық мәні



2 «DHL» ЖШС –НІҢ КӨЛІКТІК ҚЫЗМЕТІНДЕ САЛЫНАТЫН САЛЫМНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ

2.1 Кәсіпорынның қызметіне сипаттама

2.2 ЖШС –тің қаржылық - экономикалық талдануы

2.3 «DHL» ЖШС –нің салынатын салымдарының тиімділігін бағалау



3. КӨЛІКТІК ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ



ҚОРЫТЫНДЫ



ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

Курс_Көліктік шаруашылыққа салынатын салымның экономикалық тиімділігін бағалау.doc

— 268.00 Кб (Скачать документ)

2010 жылғы есеп беу кезеңінің басы: 10606,96/10980,70=0,97.

Ағымдағы есеп беру кезеңі: 12952/14245=0,91.

2011 ж. есеп беру кезеңінің соңы: 10680/13181=0,82.

Біз есептеген көрсеткіштерімізге қарап мобилдік коффициентінің жылдан жылға азаюын көреміз, әрине бұл кәсіпорынның қызметінде кері жағдай деп қарастырылу керек. Осы коэффициентке қоса иммобилділік коэффициентін анықтаймыз.

Кимм= (ағымдағы активтер) / (ұзақ мерзімді активтерге);                                          (3)

“DHL” жауапкершілігі шектелген серіктестігінде бұл коэффициент:

2010 ж. есеп беру кезеңінің басы: 10606,96/373,74=28,4

Ағымдағы есеп беру кезеңі: 12952/1293=10,1

2011 ж. есеп беру кезеңінің соңы: 10680/2501=4,28

Бұл коэффициенттің үлес салмағының жылдан жылға азаюы, кәсіпорынның қаржылық жағдайының жақсаруын көрсетеді.

Тозу коэффиценті (Кт)=(негізгі қорлардың тозу сомасын)/(негізгі қорлардың бастапқы құнына); “DHL” жауапкершілігі шектелген серіктестігінде бұл көрсеткіш:

2010 жылы есеп беру кезеңінің басы: 14,5/295,1=0,05.

Ағымдағы есеп беру кезеңі: 102/1314=0,08.

2011жылғы есеп беру кезеңінің соңы: 405/2846=0,15.

Мына есептеу бойынша негізгі қорлардың өсуі көрсетіледі, яғни “DHL” жауапкершілігі шектелген серіктестіктің негізгі қорлардың жағдайы нашар. Осыдан кейбір экономистердің бағалауы бойынша тозу коэффициенті 50 пайыздан жоғары болуы, кәсіпорын үшін нашар көрсеткіш.

Енді, “DHL” жауапкершілігі шектелген серіктестіктің ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын анықтаймыз. Бұл үшін, кәсіпорынның қаржы есебі бойынша келсі аналитикалық 3-кесте құрамыз.

 

Кесте 3. “DHL” жауапкершілігі шектелген серіктестіктің ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымы

 

 

Көрсеткіштер

2010 ж. есеп беру кезеңінің басы

Ағымдағы жылғы есеп беру кезеңі

2011 ж. есеп беру кезеңінің соңы

мың.тг.

 үлесі

Мың.т.

 үлесі

мың.тг.

 үлесі

Ағымдағы активтер ішінде:

10606,96

100

12952

100

10680

100

а) өндірістік қорлар

5957,39

56,16

4226

32,62

5563

48,2

б) берілген аванстар

0

0

0

0

1603

11,60

в) дебиторлық қарыз

3844,37

36,24

8618

66,53

2926

24,10

г) жұмыскер-лердің қарызы

0

0

0

0

0

0

д) ақша қаражаттары

805,2

7,60

72

0,85

2113

16,10

 

Келтірілген мәліметтер бойынша, кәсіпорынның ағымдағы активтері, баланс валютасы сияқты өзгерістерге ұшырады. Осылардың бәрін әлірек анықтау үшін “DHL” жауапкершілігі шектелген серіктестік туралы келесі қорытындыларды жасауға болады. Осы кезеңде ақша қаражаттары және өтімді активтердің өскенін байқаймыз. Мысалы : 2010 жылғы есеп кезңінің басында-805,2 теңге болса , 2011 жылғы есеп беру кезеңінің соңында -2113 мың теңге болды. Кесте 2.2-де мобилділік коэффициентінің өсуін көреміз, 2010 жылғы есеп беру кезеңінің басында - 7,60 пайызды құрады, ал 2011 жылғы есеп беру кезеңінің соңында - 16,10 пайызға тең болды.

Өтімділік активтерінің көбеюі, “DHL” жауапкершілігі шектелген серіктесеігінің төлеуқабілеттілігінің жақсаруын көрсетеді. Бірақ нарықтық жағдайда айналым қаражаттарының төмен бағаланбайтынын ескеруіміз керек. Есеп айырысу шотында ақшаның бір жылдан екінші жылға көбеюі, кәсіпорынның төлеуқабіліттілігінің жақсаруына әкеледі. Берілген мерзім ішінде ағымдағы активтердегі өндірістік қорлардың бөлігі 56,16 пайыздан 48,2 пайызға түсті. 2011 жылы дебиторлық қарыздың “берілген аванстар” деген түрі пайда болды, ол 11,60 пайызды құрады. Кесте 2.2-ге қайтып оралсақ, көп өзгерістер дебиторлық қарыздарда болды, яғни абсолюттың және салыстырмалы шамалары да бірдей. Мысалы: 2010 ылғы есеп беру кезеңінің басынла дебиторлық қарыз-3844,37 теңге немесе 36,24 пайыз болса, ал 2011 ылғы есеп беру кезеңінің соңында – 2926 мың теңге немесе 24,10 пайызға төменеді. Осындай өзгерісерден мынадай қорытында жасауға болады.

Жоғарыда айтылғандарға сүйеніп, “DHL” жауапкершілігі шектелген серіктестіктің мүліктік жағдайы тұрақты емес деп айтуға болады. “DHL” жауапкершілігі шектелген серіктестіктің басқарушыларының басты мақсаты мүмліктік жағдайының жақсартуына қатал назар аударуы тиіс.

 

2.2   ЖШС –тің қаржылық - экономикалық талдануы

 

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мерзімді кезеңде төлеу қабілетілік пен өтімділік сипаттары негізінде бағаланады.

Жалпы төлеу қабілеттілігі және өтімділік дегеніміз - қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша есеп айырысуды дер мезгілінде және толық көлемде жасау. Бір активтің өтімділігі дегеніміз - оның ақшалай қаражатқа айналу қабілеттілігі, ал өтімділіктің дәрежесі осы айналу кезеңінің ұзақтылығымен айқындалады. Кезең неғұрлым қысқа болса, активтің өтімділігі соғұрлым жоғары болады. Кәсіпорынның өтімділігі туралы айта отырып, оның айналым қаражатының теория жүзінде қысқа мерзімде орындамаса да, оны жаба алатын көлемінің бар болуы.

Төлеу қабілеттілігі дегеніміз - ақшалай қаражаттардың және олардың эквиваленттерінің жедел жабуын талап ететін, қарызды есептерді толтыру үшін жеткілікті көлемде бар болуы. Осыған қоса баланстың өтімділігі деген түсінік бар, ол кәсіпорындардың міндеттемелерін олардың активтері мен орнын толтыру дәрежесі ретінде анықталынып, олардың ақшаай түрге айналу мерзімі міндеттемелерді төлеу мерзіміне сәйкес. Баланстың өтімділігін талдау кәсіпорынның өтімділігімен төлеуқабілеттілігіне қатынасы бар.

Өтімділікті талдаудың сұранымы нарық жағдайларында кәсіпорынның қаражаттық шектерін күшейтумен және несие төлеуқабілеттілігін бағалау қажеттілігіне байланысты. Баланстың өтімділігі талдау - өтімділіктің дәрежесі бойынша топтастырылып, өтімділіктің кему тәртібінде орналасқан, ал активтерді өтімділік орны бойынша топтастырылып және мерзімнің ұлғаю тәртібінде орналасқан пассивтермен салыстырады. Төменде берілген топтар балансқа қатынасы бойынша кәсіпорындардың активтері келесі топтарға бөлінеді:

А1 - ең өтімді активтер-ақшалай қаражаттар және қысқамерзімді қаржылық салымдар; А2 - тез өткізілген активтер-дебиторлық қарыз және басқа активтер; А3 - төмен баппен өткізілетін активтер - тауарлы-материалдық құндылықтар; А4 - қиын өткізілетін активтер - негізгі қаражаттар және басқа айналымнан тыс активтер. Баланстың пассивтері оларды төлеу мерзімінің дәрежесі бойынша топтастырылады:

П1 - ең жедел міндеттемелер: дер мезгілінде өтелмеген кредиторлық қарыз және ссудалар;

П2 - қысқа мерзімді пассивтер: қысқа мерзімді несие мен қарыз;

П3 - ұзақ мерзімді пассивтер: ұзақ мерзімді несие мен қарыздар;

П4 - тұрақты пассивтер: кәсіпорынның меншікті капиталы.

Баланстың өтімділігін анықтау үшін пассив пен актив бойынша берілген топтардың қорытындыларын салыстыру керек. Егер төменде берілгендей қатынастар болса: А1   П1 ; А2   П2 ;  А3   П3 ; А4   П4  онда баланс абсолютті өтімді деп саналады. Ал енді “DHL” жауапкершілігі шектелген серіктестігіндегі келесі қатынастар:

2010 жылғы есеп беру кезеңінің басы: А1=805,2 ; П1=7565,8 ;

А2=3844,37 ; П2=0. А3=5957,39 ; П3=0; А4=373,74 ; П4=3414,9.

Ағымдағы жыл есеп беру кезеңі: А1=73 ; П1=9744 ;

А2=8618 ; П2=0. А3=4226 ; П3=0; А4=537 ; П4=3710.

2011 жылғы есеп беру кезеңінің соңы: А1=2113 ; П1=7307 ;

А2=2926 ; П2=0. А3=5663 ; П3=0; А4=1478 ; П4=4773.

Осының бәрін салыстырғанда мынадай қатынасты берді:

А1   П1 ; А2   П2 ;  А3   П3 ; А4   П4

Осы теңсіздіктерге қарасақ есептік жылдардың бәрінде бірінші теңсіздік орындалмайды, ал басқалары орындалады. Төртінші теңсіздік үлкен экономикалық мағынаны көрсетеді. “DHL” жауапкершілігі шектелген серіктестік меншікті айналым қаражаттарына ие болды, сондықтан анықталған тұрақтылығына ие. Бірақ кәсіпорынның балансын абсолютті өтімді деп санауға болмайды, себебі кірістер мен төлемдердің қатынастарын көрсететін бірінші жағдай орындалған жоқ.

Жалпы кәсіпорынның жақын уақыты (арада) төлеу қабілеттілігін куәландыратын өтімділікті, бірінші және екінші топтарды салыстырғанда табамыз. Сонда “DHL” жауапкершілігі шектелген серіктестігінде ең өтімді және тез өтетін активтердің сомасы:

2010 жылғы есеп беру кезеңінің басы: 805,2+3844,37 = 4649,57;

Ағымдағы жыл есеп беру кезеңі: 72 + 8618 = 8690;

2011 жылғы есеп беру кезеңінің соңы: 2113 + 2926  5039.

Жоғарыда айтқандарға негізделсек, мынадай қорытынды жасауға болады: кәсіпорынның балансы абсолютті өтімді болмаса да, “DHL” жауапкершілігі шектелген серіктестік ағымдағы өтімділікке ие болды, бұл кәсіпорынның жақын уақыт ішінде төеу қабілеттілігіне куә болды.

Сонымен бірге “DHL” жауапкершілігі шектелген серіктестіктің өтімділікпен төлеуқабілеттілігін анықтау үшін келесі қаржы коэффициенттерін қолданамыз.

1. Кәсіпорынның жалпы толтыру (ағымдағы өтімділік) коэффициентін табамыз (Кж.т.).

Кж.т.= (ағымдағы активтер) / (ағымдағы міндеттемелер);

2010 жылғы есеп беру кезеңінің басы: 10606,96 / 7565,8 = 1,44;

Ағымдағы жыл есеп беру кезеңі: 12952 / 10500 = 1,24;

2011 жылғы есеп беру кезеңінің соңы: 10680 / 8330 = 1,29.

Берілген көрсеткішті есептеудің мәні: кәсіпорындар қысқа мерзімді қарыздарде ең біріншіден ағымдағы активтер есебінен өтейді. Коэффициенттің теориялық мәндері қызметтің түрлері бойынша құрылады, ағымдағы активтердің мөлшері ағымдағы міндеттемелерден асып кетсе, кәсіпорынның қызметі жағымды тенденция ретінде қарастырылады.

Батыс тәжірибесінде коэффициенттің теориялық мәні 2-ге тең деп саналады.

 

2.3  «DHL» ЖШС –нің салынатын салымдарының тиімділігін бағалау

 

Жеңіл автокөліктердің 7 АЕК ставкасы бойынша салық салынатын двигателінің көлемі 1500-ден жоғары – 2000 текше см-ді қоса, 12 АЕК ставкасы бойынша салық салынатын 2000-нан жоғары – 2500 текше см-ді қоса, 17 АЕК ставкасы бойынша салық салынатын 2500-ден жоғары – 3000 текше см-ді қоса және 22 АЕК ставкасы бойынша салық салынатын двигателінің көлемі 3000-нан жоғары – 4000 текше см-ді қоса алған көлемде болған кезде салық сомасы двигательдің аталған көлемінен асқан әрбір әрбір бірлік үшін 7 теңгеге ұлғайтылады.

Салық төлеудің белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін пайдалану мерзімі 6 жылдан асқан жеңіл автокөлік құралдары бойынша мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:

ТМД елдерінде шығарылған автокөлік құралдары үшін:

6 жылдан – 15 жылға дейін қоса алғанда                   - 0,3;

15 жылдан жоғары – 25 жылды қоса                          - 0,2;

25 жылдан жоғары                                                       – 0,1;

двигатель көлемі мынадай басқа автокөлік құралдары үшін:

3000 текше см-ге дейін қоса алғанда                          - 0,5;

3000-нан жоғары – 4000 текше см-ді қоса                 - 0,7;

4000-нан жоғары                                                           - 1,0.

Пайдалану мерзімі 20 жылдан асқан ТМД елдері шығаратын жеңіл автокөліктер мен мотоциклдер бойынша жеке тұлғалар үшін түзету коэффициенті 0.

Мысалы, жеке не заңды тұлғаның меншігінде 1998 жылы шығарылған, двигатель көлемі 3199 текше см Mercedes BENZ G 320 маркалы автокөлігі бар.

Осы автокөлік құралына көлік салығын есептелік.

Mercedes BENZ G 320 маркалы автокөлігінің дв. көлемінің асуы кестеде көрсетілген 3000 текше см дв. көлемінен 199 текше см (3199 – 3000) құрайды. Бюджетке төленуге жататын салық сомасын анықтау үшін көліктің шыққан жылы мен шығарылған елі ескерілуі керек. Бұл жағдайда аталған автокөлік шетелде  шығарылған көлік құралы екендігі белгілі және пайдалану мерзімі 6 жылдан асатындықтан, оған 0,7 түзету коэффициенті қолданылады. Сонымен, аталған көлік құралына 2007 жылға салық сомасы

16 837 теңгені құрайды: ((22 x 1 092 ) + (199 x 7)) = 16 837 теңге,
мұндағы,  22      -    салық ставкасы (АЕК-пен); 1 092 -   2007 жылға белгіленген АЕК (теңгемен); 199  - дв. көлемінің кестеде көрсетілген дв. көлемі 3000 текше см-ден асуы; 7        -  әрбір асқан бірлік үшін салық ставкасы, теңгемен; 0,7  - пайдалану мерзімі 6 жылдан асқан шетел машиналарына (ТМД қоспағанда) түзету коэффициенті [8, 47б.]. 

Белгіленген салық төлеу мерзімі аяқталғанға дейін пайдаланылу мерзімі 7 жылдан асқан ТМД елдерінде шығарылған жүк таситын, арнаулы автокөлік құралдары бойынша мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:
7 жылдан – 14 жылға дейін қоса алғанда        - 0,5;

14 жылдан – 20 жылды қоса                     - 0,3;

20 жылдан жоғары                                     - 0,1.

Салық кодексімен шетелде шығарылған жүк автокөліктеріне пайдалану мерзіміне қарай түзету коэффициенттерін қолдану қарастырылмаған.
Пайдалану мерзіміне байланысты ұшу аппараттарының салық ставкаларына мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:

Заңды және жеке тұлғалардың әртүрлі көлік құралдары бойынша көлік  құралдарына салынатын салықты есептеу және төлеу механизмі

Бұл салық түрінің ерекшелігіне қарай өзінің белгіленген есептеу мен төлеу тәртібі бар. Атап айтсақ, салық төлеушілер салық заңдылығына сәйкес салық салу объектілерін әрбір көлік құралы бойынша салық ставкасын және түзету коэффициенттерін негізге ала отырып, салық кезеңі үшін салық сомасын дербес есептейді. Сондай-ақ салықты салық салу объектісінің тіркелген жері бойынша бюджетке төлеуі қажет.

Көлік құралдарына салынатын салықты есептеу үшін келесі көрсеткіштерді білу қажет.

Информация о работе Көліктік шаруашылыққа салынатын салымның экономикалық тиімділігін бағалау