Көліктік шаруашылыққа салынатын салымның экономикалық тиімділігін бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 22:17, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты rөліктік шаруашылыққа салынатын салымның экономикалық тиімділігін бағалауды қарастыру.
Мақсаттан туындаған міндеттерге мыналар жатады:
- көліктік шаруашылықтың қызметінің түсінігі, түрлерін ашу;
- көліктік қызметке салынатын салымның экономикалық мәнін қарастыру;
- ЖШС –нің қаржылық - экономикалық талдау;
- «DHL» ЖШС –нің салынатын салымдарының тиімділігін бағалау.

Содержание

КІРІСПЕ



1. КӨЛІКТІК ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТТІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ОНДАҒЫ САЛЫНАТЫН САЛЫМДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Көліктік шаруашылықтың қызметінің түсінігі, түрлері.

1.2 Көліктік қызметке салынатын салымның экономикалық мәні



2 «DHL» ЖШС –НІҢ КӨЛІКТІК ҚЫЗМЕТІНДЕ САЛЫНАТЫН САЛЫМНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ

2.1 Кәсіпорынның қызметіне сипаттама

2.2 ЖШС –тің қаржылық - экономикалық талдануы

2.3 «DHL» ЖШС –нің салынатын салымдарының тиімділігін бағалау



3. КӨЛІКТІК ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ



ҚОРЫТЫНДЫ



ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

Курс_Көліктік шаруашылыққа салынатын салымның экономикалық тиімділігін бағалау.doc

— 268.00 Кб (Скачать документ)

Жеңіл автокөліктердің двигатель көлемі (текше см) Көлік құралының паспортындағы мәлімет бойынша анықталады. Салық төлеу үшін 1100-ді қоса және 4000-нан жоғары шек аралығына сәйкес келуі керек және осыған байланысты салық ставкасы 4 АЕК-тен 117 АЕК-ке дейін ауытқиды

Автокөліктің жүк көтергіштігі (тіркемелерді есептемегенде) тоннамен 1 тоннаға дейінгі қоса және 5 тоннадан жоғары шектерге қарай есептеледі, осы шек аралығына 6,0-ден 15,0 АЕК-ке дейінгі аралықта ауытқитын салық ставкалары белгіленеді

Автобустарда отыратын орын саны Отыратын орынға қарай 12-ге дейінгіні қоса және 25-нан жоғары  отыратын орындарға, 9,0-ден 20,0 АЕК-ке дейінгі реттелетін ставкалар бойынша есептеледі

Көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында салық кезеңінен аз уақыт болған жағдайда салық сомасы көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында болған кезең үшін салықтың жылдық сомасын 12-ге бөліп, оны көлікқұралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында іс жүзінде болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледі. Салық кезеңі ішінде жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар өз қызметінде пайдаланатын салық салу объектілеріне меншік құқығын, сондай-ақ заңды тұлғалар салық салу объектілеріне меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығын берген кезде, салық сомасы мына тәртіппен есептеледі:

1) беретін тарап үшін:

салық кезеңінің басында қолда бар көлік құралдары бойынша салық сомасы салық кезеңінің басынан бастап көлік құралына меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептеледі;
салық кезеңінің ішінде сатып алынған көлік құралдары бойынша салық сомасы көлік құралына меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бірінші күнінен бастап көлік құралына меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептеледі;

2) алушы тарап үшін – салық сомасы көлік құралына меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бірінші күнінен бастап, салық кезеңінің соңына дейін немесе алушы тарап одан кейін аталған көлік құралына меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезеңі есептеледі.

Салық кезеңі ішінде жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғалар салық салу объектілеріне меншік құқығын берген кезде салық сомасы мынадай тәртіппен есептеледі:

- көлік құралына меншік құқығын жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғаларға берген кезде жылдық салық сомасын тараптардың біреуі (келісім бойынша) есептеп, бюджетке енгізеді;

- көлік құралына меншік құқығын жеке кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға, заңды тұлғаларға берген кезде бюджетке төленуге тиісті салық сомасын есептеу жоғарыда аталған тәртіп бойынша жүргізіледі.

Алу кезінде ҚР-нда есепте тұрмаған көлік құралын сатып алған кезде салық сомасы көлік құралына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған айдың 1 күнінен бастап салық кезеңінің соңына дейінгі кезең үшін есептеледі.

Егер меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында 1 шілдеге дейін болған көлік құралдары бойынша бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша, ағымдағы төлемдерді енгізу арқылы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Егер көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын салық кезеңінің 1 шілдесінен кейін алған жағдайда, бюджетке салық төлеу көлік құралын мемлекеттік тіркеуге дейін немесе тіркеу кезінде жүргізіледі. Салық төлеуші- заңды тұлғалар көлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебін ағымдағы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірілмейтін мерзімде, сондай-ақ көлік салығы бойынша декларацияны есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей, салық салу объектілерінің тіркелген жері бойыншасалық органына табыс етеді. Өзге көлік құралдарына салынатын салықты төмендегі 4-кесте көруге болады

 

Кесте 4 Өзге көлік құралдарына салынатын салықтар

 

жүк көтергіштігі

 

Жүк көлігі

дейін 1 т қоса алғанда

4 854 тг.

артық 1 дейін 1,5 т қоса алғанда

8 090 тг.

артық 1,5 дейін 5 т қоса алғанда

11 326 тг.

артық 5 т

14 562 тг.

 

отыратын орын саны

 

Автобустар

дейін 12 қоса алғанда

14 562 тг.

артық 12 дейін 25 қоса алғанда

22 652 тг.

артық 25

32 360 тг.

Шынжыр табанды машиналар мен механизмдерді қоспағанда өзі жүретін
машиналар және пневматикалық жүрістегі механизмдер.

4 854 тг.

 

қозғалтқыштың қуаты

 

Мотоциклдар, мотороллерлер,
мотошаналар, шағын көлемді кемелер

аспайтын 55 кВт

1 618 тг.

артық 55 кВт

16 180 тг.

 

қозғалтқыштың қуаты

 

Катерлер, кемелер, тартқыштар, баржалар, яхталар

дейін 160 лс қоса алғанда

9 708 тг.

артық 160 дейін 500 лс қоса алғанда

29 124 тг.

артық 500 дейін 1000 лс қоса алғанда

51 776 тг.

артық 1000 лс

88 990 тг.

 

Декларация Декларацияның өзінен (700.00-нысан) және көлік құралдары салығын, жер салығы мен мүлік салығын салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты ашу бойынша оған қосымшалардан (700.01-ден 700.03-ке дейінгі нысандар) тұрады.

Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

Көрсеткіштер болмаған кезде Декларацияның тиісті торкөзі толтырылмайды.

Декларацияға қосымшалар тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін Декларациядағы жолдар толтырылған кезде міндетті тәртіпте толтырылады.

Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуге тиіс деректер болмаған жағдайда жасалмайды. Декларацияға қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда Декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.

Соманың теріс мәні Декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде « - » белгісімен белгіленеді.

Декларация жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысымен толтырылады;

2) электронды тасығышта – Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.

Декларацияға Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеуші не болмаса өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда оның атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің не болмаса оның өкілінің мөрімен куәландырылады.

Декларацияны тапсырған кезде:

1) келу тәртібінде  қағаз тасығышта - екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз тасығышта - салық төлеуші почта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;

3) электронды түрде - салық төлеуші салық есептілігінің салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесімен қабылданғандығы немесе қабылданбағандығы туралы хабарлама алады.

Лизинг шарттары бойынша берілген (алынған) объектілер бойынша Декларацияны және тиісті оған қосымшаларды лизинг алушы толтырады және тапсырады.

Пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн жер салығы мен мүлік салығы салынатын объектiлер бойынша Декларацияны пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы толтырады және тапсырады.

Концессия шарты бойынша берілген мүлік салығы салынатын объектілер бойынша Декларацияны концессионер толтырады және тапсырады.

Декларацияға қосымшалардың (700.01-ден 700.03-ке дейінгі нысандар) «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде осы Декларацияның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.

«Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1)   СТН - салық төлеушінің тіркеу нөмірі. Сенімгерлікпен басқарушы салық міндеттемесін орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушы - салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;

«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жол 2010 жылдың 13 тамызына дейін Декларация табыс ету кезінде міндетті толтырылуы тиіс;

2) ЖСН (БСН) – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру (бизнес сәйкестендіру) нөмірі. Салық міндеттілігі сенімді басқарушымен жасалған кезде жолда – сенімді басқарушының жеке сәйкестендіру (бизнес сәйкестендіру) нөмірі көрсетіледі; 

«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жол 2010 жылдың 13 тамызына бастап Декларация табыс ету кезінде міндетті толтырылуы тиіс;

3) салық кезеңі (жыл) - Декларация тапсырылатын есепті салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі);

4) салық төлеушінің атауы.

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі.

Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлік басқарушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі;

5) Декларация түрі.

Бұл торкөздер Салық кодексінің 63-бабына сәйкес белгіленеді. Декларация түріне қарай тиісті торкөз белгіленеді;

6) хабарламаның нөмірі мен күні.

Жолдар Салық кодексінің 63-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген хабарлама бойынша қосымша Декларация тапсырылған жағдайда белгіленеді;

7) салық төлеушінің санаты.

Торкөздер егер салық төлеуші А, В, С, D, Е жолдарында көрсетілген бір немесе бірнеше санатқа жатқан жағдайда белгіленеді;

9) валюта коды.

(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2003 жылғы 9 маусымда № 2355 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі Төрағасының 2003 жылғы 20 мамырдағы № 219 бұйрығымен бекітілген Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау ережесіне (бұдан әрі - Тауарларды декларациялау ережесі) «Кедендік ресімдеу мақсаттары үшін пайдаланылатын валюталар жіктеушісі» 10-қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі;

10) тапсырылған қосымшалар.

Тапсырылған Декларацияға қосымшалардың торкөздері белгіленеді;

11) қосымшалардың саны.

«Көлік құралдары салығы» бөлімінде:

1) 700.00.001 жолында 700.01 барлық нысандары бойынша 700.01.013 І немесе 700.01.013 ІІ жолдарының сомасы ретінде айқындалатын салық кезеңі үшін есептелген салық сомасы көрсетіледі;

2) 700.00.002 жолында салық кезеңі үшін есептелген ағымдағы төлемдер сомасы көрсетіледі;

3) егер 700.00.001 жолында көрсетілген салық кезеңі үшін есептелген салық сомасы 700.00.002 жолында көрсетілген ағымдағы төлемдердің есептелген сомасынан көп болған жағдайда, 700.00.003 жолында 700.00.001 және 700.00.002 жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын есептеуге салық сомасы көрсетіледі;

4) егер 700.00.002 жолында көрсетілген ағымдағы төлемдердің салық кезеңі үшін есептелген сомасы 700.00.001 жолында көрсетілген есептелген салық сомасынан көп болған жағдайда, 700.00.004 жолында 700.00.002 және 700.00.001 жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын азайтуға салық сомасы көрсетіледі.

«Салық төлеушінің жауапкершілігі» бөлімінде:

1) «Салық төлеушінің (басшының) аты-жөні» жолында құрылтай құжаттарына сәйкес салық төлеушінің (басшының) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі. Егер Декларацияны жеке тұлға тапсыратын болса, жолда жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылатын салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) қамтылуы тиіс;

Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде мүлікті сенімгерлікпен басқару шартына сәйкес сенімгерлік басқарушының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын басқа жағдайларда пайда алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі.

2) Декларацияны беру күні.

Декларацияны салық органына табыс еткен ағымдағы күн көрсетіледі;

3) салық органының коды.

Салық салу объектісінің орналасқан және (немесе) тіркеу орны бойынша салық органының коды көрсетіледі;

4) «Декларацияны қабылдаған лауазымды тұлғаның аты-жөні» жолында Декларацияны қабылдаған салық органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі;

5) Декларацияны алу күні.

Салық органына Декларацияның нақты табыс етілген немесе почта немесе өзге байланыс ұйымынан келіп түскен күн көрсетіледі.

6) құжаттың кіріс нөмірі.

Декларацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі.

7) почта штемпелінің күні.

Почта немесе өзге байланыс ұйымы қойған почта штемпелінің күні көрсетіледі.

«Көлік құралдары салығы» қосымшасын жасау (700.01-нысаны)

 Салық кодексінің 13-бөліміне сәйкес салық төлеушінің көлік құралдары салығын есептеуіне арналған. 700.01-нысанын салық төлеуші

Информация о работе Көліктік шаруашылыққа салынатын салымның экономикалық тиімділігін бағалау