Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 22:17, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты rөліктік шаруашылыққа салынатын салымның экономикалық тиімділігін бағалауды қарастыру.
Мақсаттан туындаған міндеттерге мыналар жатады:
- көліктік шаруашылықтың қызметінің түсінігі, түрлерін ашу;
- көліктік қызметке салынатын салымның экономикалық мәнін қарастыру;
- ЖШС –нің қаржылық - экономикалық талдау;
- «DHL» ЖШС –нің салынатын салымдарының тиімділігін бағалау.
КІРІСПЕ
1. КӨЛІКТІК ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТТІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ОНДАҒЫ САЛЫНАТЫН САЛЫМДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Көліктік шаруашылықтың қызметінің түсінігі, түрлері.
1.2 Көліктік қызметке салынатын салымның экономикалық мәні
2 «DHL» ЖШС –НІҢ КӨЛІКТІК ҚЫЗМЕТІНДЕ САЛЫНАТЫН САЛЫМНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорынның қызметіне сипаттама
2.2 ЖШС –тің қаржылық - экономикалық талдануы
2.3 «DHL» ЖШС –нің салынатын салымдарының тиімділігін бағалау
3. КӨЛІКТІК ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
автотиеуіштер;
тең штабельдерін автотасымалдауыштар;
автоулыжемшашқыш;
пәлекжинағыш машиналар;
а/ш АН-2 әуе кемесі;
өздігінен жүретін дестелегіштер;
астық жинағыш комбайндар;
доңғалақты тракторлар, өздігінен жүретін шассилер және оңтайлы энергетикалық құралдар;
мал азығын жинағыш комбайндар;
ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі автомобиль-шеберханалар;
өздігінен жүретін шөп шапқыштар;
маялағыштар;
жинағыш комбайндар (тамыржемістілерді, картопты, қызанақты, көк бұршақты, мақтаны және басқа да ауыл шаруашылығы өнімін жинауға арналған);
3) мемлекеттік мекемелер;
4) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар, соларға теңестірілетін адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі аралықта кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар;
5) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша – меншігінде мотоколяскалары мен автомобильдері бар мүгедектер;
6) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша – Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
7) ауыл шаруашылығы құрылымынан шығу нәтижесінде пай ретінде алынған, пайдалану мерзімі жеті жылдан асқан жүк автомобильдері бойынша жеке тұлғалар.
Салық төлеуші салық салу объектілерін, әрбір көлік құралы бойынша салық ставкасын негізге ала отырып, салық кезеңі үшін салық сомасын дербес есептейді.
Заңды тұлғалар ағымдағы төлемдер сомасын төлеудi ағымдағы төлемдердi енгiзу арқылы салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрмей жүргiзедi.
Жеке тұлғалар үшiн бюджетке салық төлеу мерзiмi салық кезеңiнiң 31 желтоқсанынан кешiктiрiлмейтiн күн болып табылады.
Салықты төлеу салық салу объектiсiнiң тiркелген орны бойынша жүргiзiледi.
Салық ставкаларының көрсеткіші 1-кестеде көрсетілген.
Кесте 1 Салық ставкаларының көрсеткіші
Рет № |
Салық салу объектiсi | Салық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш) |
1. | Двигателінің көлемi мынадай жеңiл автомобильдер (текше см.): 1100-ге дейiн қоса алғанда 1100-ден жоғары 1500-ді қоса алғанда 1500-ден жоғары 2000-ды қоса алғанда 2000-нан жоғары 2500-ді қоса алғанда 2500-ден жоғары 3000-ды қоса алғанда 3000-нан жоғары 4000-ды қоса алғанда 4000-нан жоғары |
1 2 3 5 8 15 117 |
2. | Жүк көтергiштiгі мынадай жүк таситын арнаулы автомобильдер (тiркемелердi есептемегенде): 1 тоннаға дейiн қоса алғанда 1 тоннадан жоғары - 1,5 тоннаны қоса алғанда 1,5 тоннадан жоғары - 5 тоннаны қоса алғанда 5 тоннадан жоғары
|
3
5 7 9 |
3. | Шынжыр табанды машиналар мен механизмдердi қоспағанда, өздiгiнен жүретiн машиналар мен пневматикалық жүрiстегi механизмдер
|
3 |
4. | Автобустар: отыратын 12 орынға дейiн қоса алғанда отыратын 12-ден жоғары - 25 орынды қоса алғанда отыратын 25 орыннан жоғары
|
9
14 20 |
5. | Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, шағын кемелер, двигателiнiң қуаты: |
|
| 55 кВт-ға дейiн қоса алғанда | 1 |
| 55 кВт-дан асатын | 10 |
6. | Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, яхталар (двигателінің қуаты мынадай ат күшiне тең): 160-қа дейiн қоса алғанда 160-тан жоғары 500-ді қоса алғанда 500-ден жоғары 1000-ды қоса алғанда 1000-нан жоғары
|
6 18 32 55 |
7. | Ұшу аппараттары | әрбір киловатт қуаттан айлық есептiк көрсеткiштiң 4,0 процентi
|
Көлiк құралдарын тiркеуден, қайта тiркеуден немесе мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзген жағдайда, жеке тұлғалар көрсетiлген әрекеттердi жасағанға дейiн осы Кодексте белгiленген тәртiппен салықты есептейдi және бюджетке төлеудi жүргiзедi.
Көлiк құралының меншiк иесi атынан иелiктен шығару құқығымен көлiк құралын басқаруға арналған сенiмхат негiзiнде сенiм бiлдiрiлген болып табылатын жеке тұлғаның салық кезеңi үшiн көлiк құралдарына салық төлеуi көлiк құралы меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.
Төлеушілер - заңды тұлғалар көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ағымдағы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірмей, сондай-ақ декларацияны есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша салық органдарына табыс етеді.
DHL Компаниясы– экспресс – жеткізу және логистика саласында қызметтер көрсетуде алдыңғы қатарлы компаниялардың бірі.
DHL компаниясының құрамына 4 бөлімне кіреді, олардың әрбірі экспресс-жеткізу, көлік және логистика саласында белгілі қызметтерді көрсетуге маманданған.
Қазіргі кезде «IPS-Light» халықаралық бақылау жүйесі барлық облыс орталықтарында орналастырылған. 2006 жылы EDI форматында жөнелтімдер бойынша мәліметтерді жөнелту арқылы бақылау жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырыла басталды. Бұл жұмыс «International Post Corporation» компаниясымен бірлесіп атқарылуда
2007 жылдың желтоқсанында ХС ИСО 9001:2000 талаптарына сәйкестілік халықаралық сапа сертификаты тапсырылды. Бұл сертификат - компания басқару жүйесінің халықаралық сапа менеджменті стандарттарына сай келетінінің куәлігі. Аталған сертификатқа ие болу компания мен оның қызметкерлеріне ерекше жауапкершлік жүгін артады.
Баланс активтері мен олардың құрылым көздерінің арасында тығыз байланыс бар мүлік жағдайын талдау кәсіпорын активтері мен пассивтерінің құрамымен сипаттамасын беруге арналған. Мүлікті сатып алу көздері кәсіпорынның құрылым көздерінде (меншікті капитал міндеттемелер) орналасқан. Мүлікті жағдайды талдау мақсаты шаруашылық субъектінің эканомикалық потенциалының, яғни, кәсіпорынның активтері мен пассивтерінің құрамы мен құрылымының сипаттамасын беру болып табылады.
Кәсіпорынның активтерінің негізгі (критерий) сипаттамасы-олардың құрылымының тиімділігі (кәсіпорынның қызметінің ерекшелігіне сәйкес) мен активтердің құрамының сапасы.
Талдаудың осы кезеңінде кәсіпорынның қызметі туралы түсінік қалыптасады, оның мүлкінің және көздерінің құрамындағы өзгерістер, әртүрлі көрсеткіштерінің өзара байланыстары айқындалады. Баланстың валютасының жалпы өзгеру сомасы құрама бөліктеріне бөлінеді, ол активтер құрамындағы, олардың қалыптасу көздерінің қозғалыстарының сипаты және олардың өзара байланыстылығ туралы алдын-ала тұжырым жасауға мүмкіндік береді [7, 84б.].
Кәсіпорын жағдайын қарастыру үшін келесі 2 - кесте құрастырылды.
Кесте 2. “DHL” жауапкершілігі шектелген серістестік мүлкінің құрамы мен құрылымын талдау
Көрсеткіштер | 2010 ж. бастапқысы | Ағымдағы жылы | 2011 ж. соңғысы | |||
мың.тг. | үлесі | мың.тг. | үлесі | мың.тг. | үлесі | |
Мүлік барлығы | 10980,70 | 100 | 14245 | 100 | 13181 | 100 |
Ұзақ мерзімді активтер | 373,74 | 3,4 | 1293 | 9,08 | 2501 | 18,98 |
Ағымдағы активтер; оның ішінде: | 10606,96 | 96,6 | 12952 | 90,92 | 10680 | 81,02 |
ТМҚ | 5957,39 | 54,25 | 4226 | 30,22 | 5563 | 50,0 |
Дебиторлық қарыз | 3844,37 | 35,01 | 8653 | 60,14 | 3004 | 21,0 |
Ақшалай қаражат | 805,2 | 7,33 | 73 | 0,56 | 2113 | 10,02 |
Кәсіпорынның актив құрамындағы әртүрлі өзгерістерді қалай талдау керектігін көрсетейік. Егер де мүліктің өсу қарқыны инфляцияны өсу қарқынынан жоғары болса, кәсіпорынның өтімділігінің артуы туралы айтуға болады.
Ұзақ мерзімді активтердің абсолюттік мөлшері мен үлесінің бір мезгілде жоғарлауы, кәсіпорынның қаражытының айналымынан босатылуын көрсетіледі.
Егер де ол кәсіпорынның қайта ұйымдастырылуына және жетілдіруіне байланысты болса, ол оң мағынада бағаланады.
Барлық басқа жағдайларда ұзақ мерзімді активтердің үлесінің жоғарлауы (мүліктің өнеркәсіптік құрылымының тиімсізілігі жөнінде), ағымдағы қаржылық жағдайы (төлеу қабілеттілігі мен өтімділігінің көрсеткіштерінің төмендеуі) нашарланады деп бағалауға болады.
Ағымдағы активтердің абсолюттык және салыстырмалы мөлшерлері көбіне оң деп бағаланады (өтімділік көрсеткіштерінің жақсаруы).
Активтердің сапасының төмендеуі кезінде, олар теріс деп бағаланады. Активтердің сапасын тексеру тек қана қаржы жағдайының тұрақтылығы барысында жүргізіледі. Сапаның төмендеуі-мерзімі өтіп кеткен дебиторлық қарыздың өсуі және жатып қалған, керексіз тауарлы - материалдық қорлардың бар болуымен байланысты.
Әзірше, кәсіпорынның өндірістік потенциялының жағдайын қарастырамыз және оның негізгі қаражатарын, мүліктің мобилділігі қандай екендігін талдаймыз.
Кәсіпорынның өндірісік потенциялын сипаттайтын көрсеткіштерінің бірі өндірістік тағайындалу мүлкінің коэффициенті. Ол үшін мына формуланы қарастырамыз:
К=(негізгі құралдар+өндірістік қорлар+аяқталмаған өндіріс)/
/ (баланс валютасы); (1)
“DHL” жауапкершілігі шектелген серіктестігінде берілген немесе көрсетілген көрсеткіштер:
2010 жылғы есеп беру кезеңінің басы: 280,6+5937,39/10980,70=0,57
Ағымдағы есеп беру кезеңі: 1212+4226/14245=0,39
2011 жылғы есеп беру кезеңінің соңы: 2441+5563/13181=0,61.
Берілген коэффициент үшін оң жағымды шектеу - 0,5 -ке тең. Осы мағыналарды салыстыра отырып, коэффициенттіңн ағымдағы есеп беру жылында азаюын көреміз, бірақ “DHL” жауапкершілігі шектелген серіктестіктің 2011 жылдың соңында өзінің жағдайын қалпына келтіргенін байқаймыз.
Жалпы бағалағанда негізгі қаражаттарының актив бөлігінің анықталуының үлкен тәжірибелік мағынасы бар. Енді біз кәсіпорынның мүлкінің мобилділігінің жағдайын қарастырамыз. Ол үшін мына формуланы қолданамыз:
Км = (ағымдағы активтер) / (валюта); (2)
Информация о работе Көліктік шаруашылыққа салынатын салымның экономикалық тиімділігін бағалау