Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2012 в 13:03, курсовая работа
Біз бұл курстық жұмысымызда нақты жаңа тауарлар болып, олардың қалайша өндіріске енгізілгенінен бастап қалай сатып алына бастағандығын бірнеше мысалдар арқылы көрсетіп шығамыз. Бір сөзбен айтқанда нақты практика мен теорияны байланыстыра жаңа тауар туралы сөз шертуге көшеміз. Тек сонда ғана біз бұл пәннен және осы курстық жұмысты жазуда таңдап алған тақырыбымыздан біршама деректер жинап білім ала аламыз.
Кіріспе
1. Маркетинг жүйесіндегі тауар
1.1 Маркетинг әрекеттеріндегі тауардың орны
1.2 Тауарды топтастыру 5
1.3 Тауардың өміршеңдік кезеңі 7
1.4 Тауар ассортименті....................................................................................... 9
Негізгі бөлім...........................................................................................................11
2. Жаңа тауарларды өндіру және әзірлеу 11
2.1 Жаңа тауарларды әзірлеу стратегиясы 11
2.2 Жаңа тауарды жоспарлау 13
2.3 Жаңа тауарлар: компьютерлер, «Жиллет» ұстаралары 16
Қорытынды 23
Қолданылған әдебиеттер тізімі 24
1985 жылдың қыркүйегінде Стив Джобс өзі құрған «Эппл» компаниясынан кетуге мәжбүр болған кезде ол дереу жаңа «НеКСТ» фирмасының негізін салды.
Стивен Пол Джобс 1956 жылдың ақпанында Маунтейн-Вью қаласында (Калифорния штаты) дүниеге келді. Жастайынан жетім қалған Стивті Пол және Клара Джобстар асырап алған болатын. Стив мектепте оқығанында өзімен қатарластардан оқшау жүретін, көбінесе ол өзінен үлкен балалармен араласып, электроникаға қызығатын. Оның достарының бірі Стив Возняк еді. Ол Джобстан 4 жас үлкендігі бар болатын.
1971 жылы Стив Возняк Калифорния университетінде оқып жүрген болатын. Ол Стив Джобсқа өзі оқып білген, телефон компанияларын айналып өтіп тегіннен-тегін халықаралық байланысқа шыға беретін аппарат жасауды ұсынды. Екі Стив бірлесіп осы көк қорапты аппаратты жасап шығарып сата бастады. Бұл заңсыз әрекет араға жыл салып Телефон станциясының коммутациялық жүйесін жетілдіргенде өзінен-өзі тоқтап қалды.
С.Джобс мектеп бітірген соң 1972 жылы Орегон қаласындағы Рид Колледжіне оқуға түсті. Әр нәрсеге әуес болған С.Джобс мұнда бар болғаны бір ғана семестр оқыған соң тастап кетуіне мәжбүр болды. Сөйтіп әке-шешесінің үйіне қайтып оралған ол Нолан Бушнель басқаратын «Атари» фирмасына жұмысқа тұрды.
Бұл кездері екінші Стивте Беркли университетіндегі оқуын тастап үйленіп, ал 1975 жылы атақты «Хьюлетт-Паккард» компаниясына инженерлік жұмысқа тұрды. Ол онда калькуляторлар құрастырып шығуға қатысты.
С.Джобс «Атари» фирмасындағы өз әріптестерімен тіл табыса алмай жұрттың бәрін өзіне жау қылып бітірді. Ал қолы боста уақытын Стив Вознякпен бірге «Хоумбрю компьютер клубында» өткізетін.
1975 жылдың қаңтарында «Попьюлар электроникс» журналында «Альтаир-8080» микрокомпьютерінің шыққаны туралы жарияланған болатын. Стив Возняк «Альтаирды» сатып ала алмағандықтан өзі микрокомпьютер жасап шығаруға кірісті. Сөйтіп С.Джобстан алған түрлі бөлшектермен ол алғашқы компьютерді құрастырып шығарды.
Әдепкіде Стив Возняк бұл компьютерді өзі жұмыс істейтін «Хьюлетт-Паккард» компаниясының басшыларына ұсынып көрді. Бірақ мұнысынан ештеңе шықпаған соң, ол қолын бір сілтеп қоя салмақшы болды. Бірақ бұл машинаны көрген С.Джобс қайткенде мұнан бірдеңе шығаратынына көзі жетті. Осылайша Джобс пен Возняк 1976 жылдың 1 сәуірінде ойын-шыны аралас (әзіл күні) «Эппл» фирмасын құрды. Сөйтіп өздері мүше «Хоумбрюдағы» компьтер әуесқойының бірі Пол Террелдің компьютерлік дүкендер желісі бар болатын. Соның тапсырысы бойынша екі Стив 50 «Эппл» компьютерін жасап шықты. Бірақ сауда жүрмей қойып іс баяу дамыды.
1977 жылдың қаңтарында «Эппл Компьютерс» компаниясы ретінде ресми тіркеліп өзіне инвесторлар тарта бастады. Алғашқы инвестордың бірі М.Маркуланы С.Джобс несие беруге көндіріп ол «Эпплге» директорлар кеңесінің төрағалық қызметін атқарды. Компания өзінің Купертино қаласындағы тұңғыш штаб-пәтеріне көшті. Ал Стив Возняк «Эппл-ІІ» компьютерін жасаумен шұғылданып көктемде толық жасап шықты. Бұл ең бірінші жұмысқа дайын, өзінің бағдарламасымен жабдықталған, мониторы бар болатын. «Эппл-ІІ» маусымда нарыққа шығып өзі тектес компьютерлердің ең озығы қатарына айнала бастады. Келер жылы дискетамен жұмыс істеуге болатындай мүмкіншілік ойлап табылды. 1978 жылы «Эпплдың» сауда айналымы 10 млн. доллар болды. «Эппл-ІІ» компьютерлер әлемінде төңкеріс жасады. Мұнда монитор, дисковод, клавиатура қосылды. С.Джобстың айтуынша бұл компьютерге дұрыс дизайн жасалынып, бейнеойындар ойнауға болатындай етіп жасалынды. 1979 жылдың күзінде «Персонал Софтуар» фирмасы «Эппл-ІІ» компьютері үшін арнайы “ВизиКалк” бағдарламасын жазып шықты. Бұл бағдарламаны кез келген адам қолдана алатындай болатын. Осының арқасында «Эппл-ІІ» компьютерінің сатылуы күрт өсіп «Эппл Компьютерс» компаниясы нарықта басымдылыққа ие болды.
1980 жылдың қыркүйегінде «Эппл-ІІІ» компьютері нарыққа шықты, бірақ бағасы қымбат болатын 3495 доллар. Бұл өзінің бағасына орай көп сұранысқа ие бола алмады. Ал 1981 жылы тамызда «ИБМ» («Ай-Би-Эм») корпорациясы шығарған персоналдық компьютер нарықты жаулап алды, сөйтіп «Эппл» компаниясы алғашқы дағдарысқа душар болды. Бірақ «Эппл» компаниясының Ұлыбританиядағы Слоу қаласындағы ашылған сауда бөлімі Еуропада «Эппл ІІ–нің» сатыла түсуін арттыра түсті.
1982 жылдың соңында «Эппл-ІІ» әлемдегі ең танымал компьютер ретінде жарияланды. Ал «Эппл» фирмасының жылдық сауда айналымы 1 млрд. долларды құрады.
1983 жылдың қаңтарында алғашқы көпшілікке арналған мониторда графикалық сызу мүмкіндігі бар алғашқы компьютер «Лиза» дүниеге келді. Стив Джобс бұл компьютерді екі-үш есе төмен бағамен сатпақ болғанына компанияның басқа басшылары келіспей бұл компьютер нарыққа 10000 доллар құнымен шықты. Алғашқы жылы 20000 ғана «Лиза» компьютері сатылып, іс оншалықты мәз бола қоймады. Осы жылы «Эппл-ІІ» айына 100000 данасы өтіп тек осы компьютердің арқасында фирма әлі де нарықта өз орнын сақтап қала алды. Ал бұны Стив Возняк әрдайым жетілдірумен болды.
«ИБМ» корпорациясы дербес компьютерлер нарығының 30%-ін жаулап алды, ал «Эппл» компаниясының үлесі 21%-ті құрады. 1983 жылдың сәуірінде «Эпплдің» атқарушы директорының қызметіне Джон Скалли келді.
Стив Джобс 1984 жылдың басында әйгілі «Макинтош» компьютерін нарыққа шығарды. Бұл компьютердің “тышқаны” бар болатын. Мұнда екі стандартты бағдарламамен жабдықталған болатын: “МакРайт” және “МакПейнт”. Өте керемет ойластырылған маркетингтік әрекетке байланысты «Макинтош» әлемдік танымал компьютерге айналды. “Ә, дегенде-ақ” 70 мыңы сатылса, ал жыл соңында 250 мың данасы сатылды.
Стив Джобс «Макинтош» компьютерімен мектеп жасындағы баладан кәсіпқой жазушыға дейін кез келген адам сатып алғысы келетіндей мәселені шешті. Пайдалануға жеңіл бұл компьютерді жасауды Стив Джобстың өзі тікелей басқарды. Болашақты басқалардан анағұрлым айқын көре біліп, пайдаланушылар жөнінде ойлана алған Стив Джобс керемет табысқа жетті. Макинтоштың бағасы 2495 доллар болатын.
К.К. Жиллет жаңа тұтынушыны әлем сахнасына шығарған жан деуге болады. Өйткені ол бір-ақ рет қолданып одан кейін лақтыра салатын ұстараны ойлап тапты. Дәл осы тапқырлық идея осы күндері көптеген салаларда қолданылып келеді. Мысалы, балалардың памперстері, бір рет қолданылатын ручкалар және т.б.
Адамзат тарихында еркектер үшін ұстара жасау және пайдалану ерте заманнан бастап қолға алынған. Нақтылап айтсақ, ұстараны пайдаланғалы бері 2,5 мың жылдай уақыт өтті. Кімде кім өзін мәдениетті деп есептейтін болса, онда сол адамдардың бәрі де ұстараны пайдаланатын болды.
Ер адамдардың тұрмыстық қажеттіліктерінің ажырамас бөлшегіне айналған ұстараны жетілдіру, оның өткірлігін арттыру жөнінде қаншама талпыныстар жасалды. Ол бұрынғыға қарағанда жаңарып, өткірлігі де арта түсті. Ал Жиллет болса басқа жолды таңдап алды. Өзіне-өзі қызмет ету және бір рет пайдалану – міне, осы екі идея Жиллет табысының өзегіне айналды. Бұл ойға оны итермелеген адам өнертапқыш Уильям Пейнтер еді. Оның өзі 1891 жылы Жиллетпен кездескенде осы идеяны берген болатын. Ал Пейнтердің өзі бөтелкенің басындағы бұралып ашылатын қақпақты ойлап тапқан өнертапқыш еді.
Кинг Кемп Жиллет 1855 жылы 5 қаңтарда Висконсин штатындағы Фон-дю-Лак (Көлдің Түкпірі) атты шағын провинциалдық қалашықта дүниеге келді. Бұл жерде өмір өз ырғағымен тасбақа аяңдап жылжып жататын. Маңайдың бәрін марғау тыныштық жайлаған, қысы ұзақ болатын. Ұлына білім беру және өзі бизнеспен айналысу үшін әкесі отбасын Чикагоға алып келді. «Үлкен қалада – үлкен мүмкіндіктер болуы керек» – деп шешті, ол. Мұнда әкесі тігін машиналарын жөндеу және қызмет көрсету жөнінде шеберхана ашты. Бұл әжептәуір кіріс кіргізіп, оларды келер күннен үміттендіре түсті. Алайда бұл қуаныш ұзаққа бармады. 1871 жылы Чикагода орын алған алапат өрт кезінде бұлардың шеберханасы да жанып кетті. Мұның күйігіне шыдамаған әкесі біржола ішкілікке салынды да отбасын асырау тауқыметін Жиллеттің өз мойнына алуына тура келді.
Жұмыс табу оған қиынға соқпады. Өзі ширақ әрі жылы жүзді жас жігітті ұсақ-түйек тұрмыстық заттар сататын шағын компания сауда агенті етіп жұмысқа алды. Жиллет сатуда алдына жан салмады. Ол тек Америкада ғана тауарлар сатпастан компанияның сауда-саттық кеңістігін ұлғайтып, Англияның нарығын да игерді. Алайда өнертапқыш боламын деген бала кезінен бергі арманы оның ойынан ешуақытта шықпады. Оның өнертапқыштыққа деген қабілеті қанында болатын. Оның әкесі мен бауырлары ойлап тапқан жобаларды патенттік ұйымның ескі жазбаларынан кездестіруге болатын.
ХІХ және ХХ ғасырда бүкіл әлемде керемет жаңалықтар ашылып, техникалық эйфория кезеңі басталды. Телефон, радио, электр шамдар, автомобиль, граммофондар және киноаппараттар, т.б. бәрі де осы кезеңнің еншісіне тиеді.
1891 жылы Кинг Жиллет бөтелкелердің аузын бекітуге арналған тығындар шығарумен айналысатын «Балтимор Сиал» деген компанияға жұмысқа тұрды. Бұл жұмысқа тұруға оған штопор мен сыра бөтелкелеріне арналған тығындардың бірнеше түрін ойлап тапқан Уильям Пэйнтер көмектесті.
Екі өнертапқыш кездескен сәттен бастап олардың арасында тығыз достық қарым-қатынас орнады. Әсіресе, Жиллетке Уильям Пэйнтердің әңгімелері айрықша әсер етті. Олар өздерінің тапқан өнертабыстары туралы сағаттап әңгімелесетін. Бір күні ол Кингке: «– Кинг, сен үнемі абстракті бірнәрселерді ойлап табасың, одан да бүкіл ақыл-ойыңды нақты бір затты жасауға шоғырландырмайсың ба. Мысалы, сатып алушы сен ойлап тапқан затты бір рет пайдаланғаннан кейін, оны үнемі қайта-қайта алғысы келетіндей болуы керек және ол тұрақты табыс әкеліп отырар еді» - деді. Осы сөз оған қамшы болды. Ол енді адамдар күнделікті тұтынады-ау деген жаңа зат ойлап шығуға бекінді. Бір жыл өткеннен кейін ол досына өзі ойлап тапқан ұстараның жаңа үлгісін көрсетті. Міне, біз күнделікті қолданып жүрген Жиллет біржолғы ұстарасы осылай пайда болған еді. Ол оны бірден нарыққа ұсынбай 11 жыл бойы жетілдірді. Ол ұстараның жүзін жасауға қажетті жұқа әрі берік болатты алу үшін мамандар жалдап, оған 25 мың доллардай жұмсады. Алайда мамандардың көпшілігі «ұстараның жүзін тек құйылған болаттан жасау керек, ал жұқа болат қаңылтырды егегенмен ол қыруға жарамайды, мұны қой, ақшаңды босқа желге шаша бер ме» деп ақыл айтты. Оған кейіннен ешқандай инвестор ақша салғысы келмеді. Алайда өнертапқыш бұған мойи қоймады. Іс 1990 жылы ғана орнынан қозғалды. Ол идеясын техникалық тұрғыдан жүзеге асыру үшін Массачусетс технология институтының бітірушісі Уильям Никерсонмен келісімге келді. Міне, осы Никерсон ғана болат қаңылтырды бекіту мен ұштауды ойлап тапты.
Бірнеше айдан кейін Кинг түпкілікті үлгіні жасап бітті. Алайда оны тағы бір кедергі тосып тұрды. Сол кезде сақал қою сәнге енген еді. Еуропада басталған сән Америкаға да келіп жетті.
Дегенмен Жиллет саса қоймады, бұл жолы ол өзін жарнамашы ретінде көрсетті. Сақалды алу қажет болмаса, да бізге мұрт та жетеді, деп шешті ол. Сөйтіп өмірге әйгілі жиллет мұрты енді, бұл компанияның фирмалық белгісіне де айналды. Әйтсе де инвесторлар оның жаңа ұстарасына ақша салғысы келмеді. Ойын жүзеге асыру үшін тыным таппаған Жиллет 1901 жылы достарынан шағын қаражат жинап, бастапқы капитал ретінде сол соманы пайдаланды. 5 мың доллар жинап, ол өз өнертабысына патент алды да өзінің шағын фирмасын ашты. Компания «Чикаго групп, Таунсенд энд Хат» деп аталды. Сөйтіп, 20 ұстараның жүзінен (лезвия) тұратын ұстара жиынтығын 5 доллардан сата бастады. Кейін ол 12 ұстара жүзі бар қорапты 1 доллардан сатуға көшті.
Сонымен Жиллеттің ісі жыл санап қарқын ала түсті. 1905 жылы оның өнімі 100 мың қорапқа жетті. 1906 жылы өз акционерлеріне алғашқы дивидендтерін төледі. Келесі 10 жыл бойы жылына 300-400 мың дана ұстара жүзі өтіп отырды. 1911 жылы Оңтүстік Бостоннан үш фабрика сатып алды, онда 1,5 мыңдай адам жұмыс істеді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс басталысымен Жиллеттің жұлдызы оңынан туды. 1916 жылы жыл сайын 1 млн ұстарасы және 120 млн ұстара жүзі сатылды. Соғыс уақыты мен жорық жағдайы ықшам заттарға мұқтаж болатын. Біржолғы ұстаралар тап осы қажеттілікке жақсы жарады. Ол бірден бірнеше проблеманы шешті: арзан әрі қолданылуы қарапайым, күтімді қажет етпейтін және гигиенаға кепілдік берді. 1917 жылы үкімет 3,5 млн. ұстараға және 36 млн. ұстара жүзіне тапсырыс берді.
Соғыс аяқталды, бірақ қырыну әдеті қала қойған жоқ. 1921 жыл келгенде компанияны тағы бір сынақ күтіп тұрды. Патенттің мерзімі 20 жыл болатын. Осы мерзім аяқталғаннан кейін біржолғы ұстараларды шығарушылар көбейіп, бәсекелестер саны көбейетін болды. Жиллет бұған саспастан, патенттің мерзімі өтуге алты ай қалғанда ұстараның жаңа үлгесін ойлап шығарды. Оның біреуінің бағасы 1 доллар тұрды (бұрынғысы 5 доллар тұрған болатын). Осы жылы компанияның табысы орасан көп болды.
1928 жылы «Авто Строп» фирмасының иесі Генри Дж. Гейсман «Жиллет» компаниясына екі жақты ұстара жүзін дайындау идеясын сатамын деп шешті. Бастапқыда Жиллет бұл ұсынысты қабылдамады, оны өзім-ақ жасап аламын деп ойлады. Дегенмен Гейсманның ұстара ұшы патенттелген болатын, сондықтан ол 1930 жылы «Авто Строп» фирмасын сатып алды.
Әйгілі өнертапқыш және бизнесмен 77 жаста 1932 жылы 9 шілдеде Калифорнияда қайтыс болды. Ол өз отбасына мұраға ірі байлықты қалдырды.
Тауар – мұқтаждықты не тұтынысты қанағаттандыруға назар аудару, иелену, пайдалану не тұтыну үшін нарыққа ұсынылатын барлық зат. Ол физикалық обьект, қызмет, адам, орын, мекеме және идея болуы мүмкін. Тауарды жасарда оны дайындаушы үш деңгейлі идеяны қабылдауы керек. Нарықты жинақты зерттеу ереже бойынша, тауарды зерттеуден басталады, өйткені тауарды нәтижелі пайдалану, тұтыну қасиеті, тұтынушы сұранысы осыған тікелей байланысты. Сондықтан зерттеудің негізгі мақсаты – нарықтағы тауардың шынайы сұранысын анықтау, оны ұтымды өлшемде шығару үшін не қажеттігі, оның техникалық сипаттамасы, экономикалық негізделген баға саясаты. Қазіргі өмірді жаңа тауар түрін ойлап табу мен өндіру кәсіпорынның өркендеуіне шешуші болып саналады. Сонымен бірге, шетел баспасы былай деп көрсетіп отыр, коммерциялық табыстар тауарды ойлап табу үшін (мысалы, барлық шығынды өтейтін және нарыққа шығаратын) 60 шақты жаңа идеяны зерттеп білуді және соның ішінен нарықтың болашақ талабына жауап бере алатынын дұрыс таңдап алу қажеттігін түсіндіреді.
Басқа сөзбен айтқанда, жаңа тауар нарыққа шыққанда жоғары қажеттілікке жауап бере алуы керек.
Тауар қандай да адам қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті тұтыну құны деп аталады. Ол тек оны өндірушінің ғана емес, басқа да адамдардың қажеттіліктерін өтей алады, яғни қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Ал, өндірушінің өзін ол басқа тауарларға айырбастала алатындығы үшін ғана қызықтырады.
Жаңа тауарларды өндіру мен оларды әзірлеу оңайшылықпен жүзеге аса қоймайды. Бұл үшін жай ғана майдай терінің қуаты тым аз, ол үшін күнделікті жүйелі еңбек етіп талай жылдар бойы үміттене тер төгіп, тіпті жұрттың күлкісіне айналуың да ғажап емес. Сондықтан жаңа тауарларды өндіру өте қиын жол. Мұндайды таңдап алып табысқа жетуші кәсіпкерлер - «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар».
Қазіргі кезде біздерге әбден танымал болған түйме орнына көп қолданылатын сыдырманы («молния») ойлап табу және оны өндіріске енгізуге табандай жиырма жыл еңбек кетті дегенге адам сене қоюы қиын, бірақ шындығында да бұл осылай жүзеге асқан. Ал күнделікті қолданып жүрген «ксерокөшірменің» дүниеге келуі де осындай қиыншылықтардан соң іске асқанын білеміз. Сондықтан жаңа тауарлардың жолы «ауыр». Бұлардың «жұлдызы» бірденнен жана қоймағанымен, оны өндірушілер көп ұзамай орасан зор пайда астында қалады. Сондықтанда жаңашыл кәсіпкерлер мұндай «тар жол, тайғақ кешуге» бел буады.