Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2013 в 06:39, курсовая работа
Маркетинг деген термин АҚШ экономикалық әдебиеттерінде ХІХ-ХХ ғасырдан бастап қолданыла бастады. Маркетинг концепциясының негізгі мәні тұтынушылардың мұқтаждарын қанағаттандырумен тығыз байланысты. Бұл концепцияның емірге келу себебі де тауарлардың молынан өндірілуінен, оларды сатып алушыға өткізу ісінің қиыншылықтарға кездесіп, күрделілене түсуінде. Сондықтан да XX ғасырдың басында маркетингті өтім әдісі ретінде қолданып, маркетинг жөнінде коммерциялық түсінік орын алды. Яғни өндіруші, демек сатушы сатып алуға, жеткілікті шамасы бар сатып алушыны тауып, өнімін шығаруы тиіс еді. Яғни маркетинг теориясын басқару жүйесінде қолданып, оның басты принциптеріне сәйкес тек сенімді түрде сатылатын өнімді өндіру және фирма осыған сай ұйымдастырылуы тиіс еді.
Кіріспе. ..............................................................................................
1. Маркетингтің қызметтің теориялық негіздері.
1.1. Қызмет көрсету маркетингінің қысқаша сипаты........................
2. Маркетингтік қызмет көрсетудің талдануы.
2.1. Маркетингтік қызмет ерекшеліктері............................................
2.2. Қызмет саласындағы маркетинг стратегиялары......................
3. Маркетингтік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру.
3.1. Маркетингтік қызмет көрсетудегі проблемалар және
оларды шешу жолдары..............................................................
Қорытынды ......................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................
Қалай дегенмен, фирма өз тауар қозғалысы мақсатын тұжырымдауға тиісті. Мысалға, "Кока-кола" корпорациясы "кока-коланың біздің қол созған жерден табылуын" қамтамасыз етуге тырысуда. Кейбір жағдайда фирмалар бұл мәселені одан әрі кеңейту үшін тауар қозғалыс жүйесін құрастырушы әр элементке сервис стандартын дайындауға дейін барады. Тұрмыс электр тауарларына сервистің мынадай стандартын бекіткен: 1) жеті күн аралығында дилерлердің тауармен жабдықтау туралы тапсырысының кем дегенде 95 % орындау керек; 2) дилерлер тапсырысын орындаудың дәлдігі 99 %; 3) үш күн аралығында дилерлер тапсырысының орындалуы туралы сұрақтарына жауап беру; 4) тасымал кезіндегі тауардың бұзылысқа ұшырауы 1 %-тен аспауы керек.
Тауар қозғалысы максаты кешенін дайындағаннан кейін, фирма осы мақсаттарды минимальды шығынмен қамтамасыз ететін тауар қозғалыс жүйесін құрады. Ол үшін мына негізгі мәселелер туралы шешім қабылдау қажет:
1. Тапсырысшылар қалай жұмыс атқару қажет? (тапсырысты дайындау)
2. Тауар-материал қорларын қайда сақгау керек? (сақтау-жинастыру)
3. Қол астындағы қор қандай
мөлшерде болуы керек? (тауар-
4. Тауарларды қалай жөнелту керек? (тасымалдау)
Қорытынды
Қорыта келгенде маркетингтің мәні оның алдына қойылған атқаратын қызметтерімен белгіленген десек те болады. Біздің дәуірімізде маркетинг мәні жетіліп өзгерген. Оның мәнінің өзгерісі өнімді шығару және өнімді өткізу шарттары өзгерісімен байланысты. Қазіргі кезде маркетинг әрекетінің мәні сайып келгенде жоғары пайда алу үшін рыноктың, демек тұтынушылардың нақты қажеттерін зерттеу, соның негізінде фирманың барлық қызметін (тауарды өндіру, өңдеу, өткізу, жылжыту) ұйымдастыру жүйесі болып табылады. Мұнда есте болатыны маркетингке сүйене отырып фирманың түбінде пайдалы әрекетін ұйымдастыру үшін, алғашқы оның қадамдары уақытша пайдасыз, кейде тіпті шығынды болуы мүмкін. Бұл болжамды шығындар, немесе ойда болған уақытша кездесетін қиыншылықтар болып табылады. Одан кейін мол табыс әкелетін, немесе фирманың қанағатты пайда тауып рынокта тұрақты іс-әрекетін көздеген маркетингтік нысанасы орын алуы тиіс. Осы тәрізді маркетинг нысанасы тек пайданы көбінен табу ғана емес, керісінше әлеуметтік, тұрақтылық, фирманың іс-әрекетінде қауіпсіздік т.б. с.с. нысанасы болуы мүмкін. Маркетинг ұғымына қатысты мәселе қозғалғанда, оның екінші бір маңызды жағы, яғни қазмет көрсету жүйесі тасада, қалған тәрізді сезіліп тұрады. Шындығында, күнделікті өмірде қызмет көрсетуге мұқтаждық тауар тұтынудан әлде қайда жиі кездеседі. Оның түрлері де көп. Әдетте материалдық қызмет тауарлык. қарым-қатынастарға байланысты көрсетілсе, бұған қатыссыз қызмет түрлерін айырықша тауар ретінде қарастыру маркетингтік байланысты толықтыра түсуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тауар қозғалысына байланысты қызметтерді көбінесе сол процестермен шұғылданатын мекемелердің өздері атқарады, ал дербес көрсетілетін қызметтерді арнайы мамандандырылған кәсіпорындар (фирмалар) атқарады.
Пайдаланылған әдебиеттер
Информация о работе Маркетингтің қызметтің теориялық негіздері