Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 13:51, реферат
Сегменттеу фирманың маркетинг әрекетіне ықтимал түрде біркелкі жауап қататындай сипатта нарықты жекелеген сегменттерге бөлудің құралы ретіндегі стратегия.
Сегменттеу стратегиясының мақсаты – жалпы нарық аумағында күш-жігеріңді шашқанша қойлы сегменттерге тереңдеп сіңу.
Сегменттеу – бір жағынан ресурстарды оңайландыру және маркетингтік бағдарламаны жасау үшін қолданылатын стратегия, ал екінші жағынана, нақты белгілі бір топтарға бөлу әдісі.
Кіріспе 3
1.1 Нарықты сегменттеудің ұғымы, критерийлері мен белгілері 4
ІІ. Негізгі бөлім 15
2.1 Өндіріске арналған тауар нарығын сегменттеу қағидалары 15
2.2 Нарықты сегменттеу кезеңдері мен тәсілдері 16
2.3 Нарықтың мақсатты сегменттерін таңдау 18
2.4 Тауарларды нарықта позициялау 22
2.5 Нарықтың сыйымдылығы және үлесі 24
Қорытынды 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі 30
Ол фирма іс-әрекетті ауқымына орай ұлттық (мемлекеттік) және территориялық деңгейде немесе фирма тауарының әрбір үлгісі (маркісі) бойынша бағаланады. Ұлттық нарық сыйымдылығын мына формула бойынша анықтауға болады:
Ерн = Пі + Ui + 3і – Эі; дана, теңге (1)
мұндағы: Ерн - ұлттық нарықтың сыйымдылығы;
Пі – і – тауарын ұлттық деңгейде өндіру;
Ui – і – тауарының импорты;
3і – і – тауарының қорлары;
Эі – і – тауарының экспорты;
10-кесте. Қазақстан кондитер өнімдері нарығының сыйымдылығы
Жылдар
|
Қазақстанда өндіру, мың тонна |
Импорт, мың тонна |
Экспорт, мың тонна |
Қазақстан нарығының сыйымдылығы, мың тонна |
1995 |
29,8 |
28,7 |
1,2 |
57,3 |
1998 |
47,3 |
26,3 |
0,9 |
70,5 |
2001 |
64,2 |
59,2 |
3,56 |
119,8 |
Жоғарыда көрсетілген мәліметтерден Қазақстанның кондитерлік өнімдер нарығы сыйымдылығының өскені байқалады, бұл экономиканың жақсы даму бағытын айғақтайды. 1995 жылмен салыстырғанда, 2001 жылы отандық кондитерлік нарықтың сыйымдылығы екі есе өскен. Сонымен қатар республика нарығында алыс және жақын шетелдерден әкелетін өнім мөлшері де өсуде.
Территориялық (географиялық) нарықтың сыйымдылығы ондағы өткізудің әлуетті көлемдерін қосып, соның жалпы санын шығару тәсілі арқылы табылады. Ең алдымен, осы тауардың әлуетті тұтынушыларын анықтап алу керек, мысалы, белгілі бір территорияларда орналасқан станоктарды өткізу нарығы - өндірістік кәсіпорындар, құрылыс ұйымдары, жөндеу шеберханалары, т.б. болуы мүмкін. Салалық нормалардың көрсеткішіне сәйкес әрбір тұтынушы сатып алуы ықтимал станоктар саны белгіленеді. Территориялық нарық сыйымдылығын мына формула бойынша анықтайды:
Ерт = ΣТі хni = Ті1 + Еі2 + .......+ Тіn; дана, теңге (2)
мұндағы: Ерт – территориялық нарық сыйымдылығы;
Ті - әрбір тұтынушының і тауарына деген қажеттілігі;
ni – осы аймақтағы і тауарын тұтынатын тұтынушылар саны.
Осы аймақ үшін арналып шығарылатын тауардың көлемі тұралы шешім қабылдау үшін фирма өз бәсекелестері, нарықтың толу деңгейі және өндірушілер мен делдалдар қоймаларындағы қорлар туралы қосымша мәліметтер жинауы қажет.
Нарық сыйымдылығын дұрыс анықтау үшін тұтынушылар тобын тек белгілі бір сегменттеу белгілері бойынша ғана емес, сол тауарды нарықта жылжытудың ең негізгі параметрлері (тауар үлгісі, маркі, баға және т.б.) бойынша да сегменттеу керек. Тұтынушылар тобы бойынша нарық сегменттерін бөліп көрсету және оларды талдау үшін алынған факторлармен салыстыру негізінде бұл мақсаттарға параметрлердің қайсысы керек екендігі анықталады. Одан кейін үлгі, маркі, баға, өткізу арнасы бойынша бұл тауарды өткізу нарығының әлеутті сыйымдылығы есептеледі. Әрбір тауар маркісі бойынша нарық сыйымдылығын анықтау формуласы мынадай:
Ерф = ΣΣ Тіz · Віz; дана, теңге (3)
мұндағы: Ерф – тауар
бойынша, тауардың әрбір үлгісі бойынша
і нарық сегментінің
Тіz - z географиялық нарық сегменттерінде сатылған жалпы тауар көлемі (саны);
Віz – z георафиялық сегменттеріндегі тауар бойынша і нарық сегментінің үлесі;
і = 1,2...n – тауар, үлгі (модель), марка, баға бойынша тауарлы нарық сегментінің индексі;
z = 1,2,...m – географиялық белгі (облыс, қала, аудан және т.б.) бойынша нарық сегментінің индексі.
Содан кейін, табылған мәндерді 3-формулаға сүйеніп, қосып барлық географиялық нарық сегменттері бойынша әрбір аймақта қанша і тауарын және қандай маркіні өндіріп сату керек екендігін анықтауға болады.
Нарық сыйымдылығы нарық үлесі көрсеткіштерімен тығыз байланысты, ал нарық үлесі – ол фирманың бәсекеге қабілеттігінің белгісі. Бұл көрсеткіштің шамасы өткізу көлемімен тікелей байланысты және нарықтың тауарға деген әсерін сипаттайды. Бірақ, өткізу көлемінің өсуі нарықта экономикалық жағдайдың жақсаруынан да болуы мүмкін, сондықтан, нарық сыйымдылығын талдау нарық үлесін зерттеумен толықтырылуы керек, оның дұрыс бағалануы барлық бәсекелес тауалардың жалпы сату көлемінен тұруы тиіс және салыстыру негізінің дұрыс алынғанына байланысты болады.
Нарықтағы фирма үлесі (Dр) – осы нарықтағы фирма тауарының болжамды сату көлемі. Былайша алғанда, маркетинг ауқымындағы түрлі күш-жігер жұмсайтын нарықтың белгілі бір үлесін бақылау коэффиценті.
Оны анықтаудың көптеген күрделі және жеңіл әдістемелері бар. Қазақстандық кәсіпорындардың нарықтық үлесін (Др) есептеу үшін мына жеңілдетілген формуланы қолдануға болады.
Dp= х 100% (4)
Рі және Эі - өткізу мен экспорт көлемі.
Ер – нарық сыйымдылығы.
Нарық үлесінің азая бастауы нарықтағы фирма жағдайының нашарлауын көрсетеді. Сондықтан да осы жағдайдың себептерін іздеп, талдап анықтау қажет. Фирманың нарықтағы үлесінің азаюы мыналарға байланысты болуы мүмкін:
Нарық үлесі кәсіпорынның
нарықтағы жайғасқан деңгейін және
онда жетекші орын алуының шешуші
факторы болып табылады. Нарық
үлесінің азаюы маркетинг
Мен өз курстық жұмысымды қорытындылай келе мынадай ойға келдім.
Нарықты сегменттеу дегеніміз нарықтағы тұтынушыларды әр түрлі топтарға бөлу және әр топтың талабына сай жеке тауарлар мен оның маркетинг кешенін ұсыну болады.
Маркетинг іс-тәжірибиесінде нарықты сегменттеу арқылы фирма мынандай нәтижелерге ие болады:</h4>
Жалпы нарықты әр түрлі көз-қараспен бірнеше сегменттерге бөлуге болады. өйткені тауардың сұранысты тұтынушылардың көптеген ерекшеліктеріне байланысты сегменттеуге болады. Осы топтарды, таптарды қарастырып соған байланысты тауар шығару.