Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2012 в 06:25, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Президенті 2006 жылғы халыққа Жолдауында әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиялық мақсатымыз деп атап айтқан. Сонымен қатар, еліміз Дүниежүзілік Сауда Ұйымына енуге дайындалуы отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне ерекше талаптар қояды. Осыған орай, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселесі аса өзекті болып табылады. Бұл мәселе әсіресе, ауыл шаруашылығы секторында, соның ішінде құс шаруашылығы кәсіпорындары үшін аса маңызды.
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті 2006 жылғы халыққа Жолдауында әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиялық мақсатымыз деп атап айтқан. Сонымен қатар, еліміз Дүниежүзілік Сауда Ұйымына енуге дайындалуы отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне ерекше талаптар қояды. Осыған орай, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселесі аса өзекті болып табылады. Бұл мәселе әсіресе, ауыл шаруашылығы секторында, соның ішінде құс шаруашылығы кәсіпорындары үшін аса маңызды. Өйткені, ауыл шаруашылығы халықты өмір сүру үшін қажет азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететін ел экономикасының маңызды саласы. Нарық жағдайында құс шаруашылығы кәсіпорындарының сыртқы нарықты айтпағанда, ішкі нарықтың өзінде бәсекеге қабілеттілігі төмен болып отыр. Қазақстан Республикасының статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша халықтың құс өнімдеріне қажеттілігін отандық құс шаруашылығы кәсіпорындары 40% ғана қанағаттандырады. ДСҰ кірген кезде осы өнімдер жағынан толық импортқа тәуелді болмау үшін құс шаруашылығы кәсіпорындары өз өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету шараларын қарастырып жүзеге асырулары керек. Ауыл шаруашылығының бұл саласының бәсекеге қабілеттілігінің төмен болуының басты себептері негізгі қорлардың физикалық және моральдық тозуы, айналым қаражаттарының жеткіліксіздігі, өнім өндіру шығындарының жоғары болуы, өнім бағасының сатып алушылардың басым бөлігінің қалтасына сәйкес келмеуі, соған байланысты өнімді өткізудегі қиыншылықтар деуге болады. Осы мәселелерді тиімді шешудің бір тетігі ретінде тұтынушыға бағытталған нарық тұжырымдамасы – маркетингке жете көңіл аудару керек. Тәжірибелік тұрғыда құс өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі мәселесін шешу үшін бірінші кезекте тұтынушының мұқтаждықтарын, талғам-талаптарын, қалауын дәл білу керек, нарықтағы бәсекелестердің іс-әрекет стратегиясын талдау қажет. Кәсіпорындар өзінің мақсаты мен мүмкіндіктерін нарық талаптарына сәйкестендіру арқылы бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізеді. Ал нарық талаптарын анықтау және зерттеу маркетингтің негізгі міндеті. Өкінішке орай, отандық құс шаруашылығы кәсіпорындарында маркетингтік қызмет толық деңгейде жүргізілмейді. Сондықтан өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату үшін құс шаруашылығы кәсіпорындарының бүкіл шаруашылық қызметін ұйымдастыруда жаңа тұжырымдамалық тәсіл қажет. Осы мәселені шешудің маңыздылығына орай диссертациялық зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі анықталады.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Ауыл шаруашылығы кешенінің нарықтық экономикаға өту жағдайындағы мәселелерінің теориялық және ғылыми тәжірибелік аспектілері көптеген отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан. Атап айтсақ, Ж.Б. Балапанов, Қ.М. Белгібаев, Т.А. Есіркепов, Ө.Қ. Есқараев, Ғ.Ә. Қалиев, Ж.Қ.Қорғасбаев, А.Б. Молдашев, Ә.Ә.Сатыбалдин және т.б.
Өнеркәсіптік негіздегі құс шаруашылығы Н.В. Агеев, Е.Б. Байбарақов, П.Е. Божко, И.Д. Жанғоразов, Д.И. Ковенко, т.б. ғалымдардың еңбектерінде терең зерттелген.
Бәсекеге қабілеттілік мәселесі А.П. Градова, Я. Корнай, Ю.В. Мишин, М.Портер, Р.А. Фатхутдинов, С. Фишер, Е. Хекшер, А.Ю. Юданов сияқты шетелдік ғалымдар еңбектерінде қарастырылса, Қазақстанда бұл мәселе С.Б. Ахметжанова, Ә.Ә. Әбішев, О.Б. Баймұратов, Ұ.М. Исқақов, Ж.О. Ихданов, А.К. Қошанов, Н.Қ. Мамыров, К.А. Нұрмағанбетов, Қ.О. Оқаев, О.С. Сабден, К.Ә. Сағадиев, А.М. Сейтқазиева сияқты ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.
Қазақстанда экономиканың әр салаларында маркетингтің қолданылу ерекшеліктері Ш.Р. Әбділманова, К.К. Керимова, С.С. Сатубалдин, Ф.С. Сейдахметова, Н.Н. Хамитов сияқты отандық ғалымдар еңбектерінде қарастырылады.
Бірақ, құс шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудың маркетингтік әдістер мен принциптерді қолдану теориялық тұрғыда жете зерттелмеген. Құс өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін маркетингтік бағалау және құс шаруашылығы кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін маркетингтік қызметті ұйымдастыру мәселелері ғылыми тұрғыда негіздеуді талап етеді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты құс өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін маркетингтік әдістер мен принциптерді қолдану арқылы жоғарылату бойынша ұсыныстар жасау болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
Зерттеу объектісі. Зерттеу объектісі ретінде Шығыс Қазақстан облысындағы құс шаруашылығы кәсіпорындары алынды.
Зерттеу пәні – құс шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік аспектілері.
Дисертациялық зерттеудің теориялық-әдістемелік негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, Қазақстан Республикасының Заңдары, Президент Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары және басқа бәсекеге қабілеттілік мәселесіне қатысты нормативтік құжаттар қарастырылды.
Зерттеу
жұмысында Қазақстан
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңашылдығы:
– «бәсекеге қабілеттілік» түсінігіне авторлық анықтама берілген және құс шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін факторлар жіктемесі жүйелендірілген;
Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар:
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы. Зерттеу жұмысында ұсынылған маркетингтік іс-шаралар құс шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату бағытында қолданылуы мүмкін. Теориялық және әдістемелік материалдар жоғары оқу орындарында «Маркетинг» пәнінен дәріс және тәжірибелік сабақтарда қолданылуы мүмкін.
Жұмыстың негізгі нәтижелерінің қолданылуы. Зерттеу жұмысының негізгі қорытындылары мен ұсыныстары әр түрлі халықаралық және аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндалып талқыланған. Олар: «Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі: жүйелік жағдайларын талдау, оң бағыты, теріс салдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы (Алматы, 2004), «Жедел жаңару жолындағы экономикалық бағдарлар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы (Алматы, 2005), «Аманжолов оқулары – 2005» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы (Өскемен, 2005), «Қазақстанда экономикалық ой-сананың дамуы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы (Алматы, 2006).
Жарияланымдар. Зерттеу тақырыбы бойынша 7 ғылыми жұмыс жарияланған, жалпы көлемі 2,91 баспа парақ.
Диссертациялық
жұмыстың құрылымы мен
көлемі. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан,
қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер
тізімі мен қосымшалардан тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Өндірілген өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мәселелері көптеген отандық және шетелдік ғалым-экономистердің еңбектерінде қарастырылған. Әр автордың анықтамасын алып қарасақ та олар бір-біріне қарама-қайшы емес, керісінше бірін бірі толықтырады:
Бұдан
«бәсекеге қабілеттілік»
Сонымен өнімнің бәсекеге қабілеттілігін нарық жағдайында тұтынушының бағалауы арқылы анықталатын, тұтынушы нақты мезетте қалайтын қасиеттерді қамтитын, кәсіпорынға өнімді ұсынып отырған нарықта сұранысты жоғары деңгейде қанағаттандыра отырып пайда алуға мүмкіндік беретін көрсеткіштердің жиынтығы деп анықтаймыз.
Құс
шаруашылығы өнімдерінің
– құс шаруашылығы өнімдері бұқаралық сұраныс өнімдері қатарына жатады, әдетте тұтынушылар оны сатып алуда аса көп ойланбайды, соған байланысты өндірушілер нарықтағы тұтынушы қалауына қол жеткізу үшін өндірілетін өнім сапасын жоғарылату, ассортиментті кеңейту, емдік қасиеттері жоғары құс өнімдері өндірісін қолға алу сияқты тауар саясатына қатысты мәселелерді үнемі қарастырып нарық талаптарына сәйкестендіріп отыруы олардың бәсекеге қабілеттіліктерін жоғарылатады;
– құс шаруашылығы өнімдері аз уақыт ғана сақталады, сондықтан оларды тасымалдайтын арнайы көліктер мен сауда құрал-жабдықтары қажет. Бұзылу және зақымдану себептерінен өнімдерді өндірістен сауда орындарына жеткізгенге дейін құс етінің 2-3 % және жұмыртқаның 7 % жуығы жоғалады, бройлер балапанының еті нарық жағдайлары мен бағаға қарамастан қажет салмаққа жеткен кезде, ал жұмыртқа өндіріле салып сатылуы керек. Сондықтан сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігіндегі қателіктер құс шаруашылығы кәсіпорындары үшін аса қымбатқа түседі, осыған байланысты құс шаруашылығы кәсіпорындары өнімді өткізу жүйесін жетілдіру арқылы бәсекелік артықшылықтарға қол жеткізе алады;
– ауыл шаруашылығы салаларының ішінде құс шаруашылығы өнім бірлігіне көп шығын жұмсалатын, өндірілген өнімнің өзіндік құны жоғары өндіріс болып табылады, сондықтан өнім өндіру үрдісін оптималдау өнім бағасы жағынан бәсекелесуге мүмкіндік береді.
Басқа
ет түрлері нарығымен
Кесте
1 – 2001-2005-жылдар аралығында Қазақстан
Республикасында өсірілген құс саны мен
олардан өндірілген құс еті мен жұмыртқа
көлемі
Көрсеткіш | Жыл | 2005-ж.
2001-ж. салыс-тырғанда,% | ||||
2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 | ||
Құс саны, млн бас | 21,1 | 23,7 | 23,8 | 24,8 | 25,6 | 121,3 |
Құс еті, мың тонна | 31,2 | 35,3 | 38,4 | 41,3 | 46,4 | 148,7 |
Жұмыртқа, млн дана | 1975,6 | 2008,4 | 2276,7 | 2316,8 | 2514,7 | 127,3 |
Ескертпе – ҚР Статистика Агенттігінің материалдары негізінде автормен жасалған. |