Құс шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудың маркетингтік аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2012 в 06:25, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының Президенті 2006 жылғы халыққа Жолдауында әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиялық мақсатымыз деп атап айтқан. Сонымен қатар, еліміз Дүниежүзілік Сауда Ұйымына енуге дайындалуы отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне ерекше талаптар қояды. Осыған орай, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселесі аса өзекті болып табылады. Бұл мәселе әсіресе, ауыл шаруашылығы секторында, соның ішінде құс шаруашылығы кәсіпорындары үшін аса маңызды.

Работа состоит из  1 файл

00.doc

— 290.00 Кб (Скачать документ)

   Жасына  байланысты топтауға келетін болсақ, 36-45 жас аралығындағы әйел адамдардың үлесі жоғары (39% немесе 155 әйел). Құс етін сатып алатын ерлердің басым бөлігі 46-55 және 56-жастан жоғары жастағылар екен. Екінші кезекте 26-35 жас аралығындағы әйел адамдар құс етін және оның өнімдерін көп сатып алады екен.

   Табыс деңгейі бойынша топтауда табысы 30-40 мың теңге аралығында болатын респонденттер жиынтықтың 60 пайызын құраған. Табыс мөлшері 10-20 мың теңге аралығындағы респонденттер 13 пайыз болса, табысы 20-30 аралығындағылар 9 пайыз болған.

   Салмақталған  арифметикалық орташаның формуласын қолдана отырып құс өнімін сатып  алушылардың жанұядағы орташа айлық табыс мөлшері есептелді:

   Т=(5*5+65*15+25*47+35*300+45*83)/500=31520 теңге

   Яғни, сауалнама жүргізілген респонденттер  тобында жанұяның орташа айлық табысы 31520 теңге екен.

   Бұл мәліметтерді талдаудың құс шаруашылығы  кәсіпорны үшін маңызы зор. Өйткені құс шаруашылығы кәсіпорындары өнімдері бұқаралық сұраныс өнімі болғанымен де қатаң бәсеке жағдайында жаппай құс өнімдері нарығына жұмыс істегеннен гөрі мақсатты нарық сегментін таңдап, өнім өндіріп өткізу саясатын сол сегменттің ерекшеліктерін ескере отырып жасағаны дұрыс. Маркетингтік зерттеудің демографиялық белгілерін талдай келе Алматы қаласында Өскемен құс фабрикасы үшін орташа айлық табысы 30 мың теңгеден жоғары, жасы 36-45 аралығындағы тұтынушылар мақсатты нарық болып табылатындығы анықталды.

   Жүргізілген сауалнаманың келесі сұрағы «Сіз құс  еті өнімдерінің қандай түрін  сатып аласыз?» деген сұрақ  болып, оған респонденттердің жауаптары  төмендегідей болды. Сұраққа алынған мәліметтерді талдай отырып, зерттеу жүргізілгендер сауда орындарында ұсынылған құс өнімдерінің ассортименті ішінде тауықтың сан еті (245 адам немесе 49%), тауық (бүтін) 90 адам немесе 18% және бройлер балапанының еті (75 адам немесе 15%) жоғары сұранысқа ие екеніні көреміз. Әсіресе тауықтың сан еттеріне сұраныстың жоғары болуының басты себебі сатып алудағы, пайдаланудағы ыңғайлылығы (көлемі, бағасы бойынша). Тағы бір айта кететін жайт, біз зерттеу жүргізген сауда орындарында отандық құс еті өнімдерімен қатар шетелдік тауықтың сан еттері де сатылатындығы және қатардағы тұтынушы үшін оның қайсысы отандық, қайсысы шетелдік екендігін ажырату өте қиын.

   

   Ескертпе  – Сауалнама нәтижелері бойынша  автормен жасалған.

   Сурет 22 – «Сіз құс еті өнімдерінің қандай түрін сатып аласыз?» деген сұрақтың нәтижесі

   Сатып алушылардың сауда белгісіне  көзқарасын білу мақсатында сауалнамада  «Сіз құс етінің қандай сауда маркасын сатып алуды қалайсыз?» деген  сұрақ қойылды.

   Бұл сұрақтың нәтижесі тұтынушылардың сауда  маркасына деген қалауын бағалап, басты бәсекелестерді анықтауға көмектеседі. Алматы қаласында нарықта ұсынылған құс етінің ішінде сұралған тұтынушылардың 35% Далия, 30% Алель, 23% Өскемен құс фабрикасы, 12% «Бент» маркаларын қалайтындықтары анықталды. 

Кесте 7 – Сатып алушы-респонденттердің сапа критерийлерін 1-5 балдық шкаламен бағалауының нәтижелері 

Реттік  номер    Критерийлер    Респонденттердің  критерийлерді маңыздылығына байланысты бағалауы бойынша есептелген  орташа баллдар
1 Еттің жас балғындығы    5
2 Дәмінің нәзіктігі    4,7
3 Бөтен иістің болмауы    4,55
4 Экологиялық тазалығы    4,43
5 Тағамдық құндылығы    4,3
6 Әзірлеу жылдамдығы    3,77
   Ескертпе  – Сауалнама нәтижелері бойынша  автормен жасалған.

 

   Сатып алушылардың сапа критерийлерін 1-5 балдық шкаламен бағалауының нәтижесі сапалық көрсеткіштерді маңыздылығы бойынша рангілеп, негізгі көңіл бөлінетін сапа көрсеткіштерін анықтайды. Кестеден көріп отырғанымыздай, тұтынушылар үшін бірінші еттің жас балғындығы, екінші дәмінің нәзіктігі, үшінші бөтен иістің болмауы, төртіншіден экологиялық тазалығы, бесінші тағамдық құндылығы және алтыншыдан әзірлеу жылдамдығы маңызды екендігі анықталды.

   Сауалнама нәтижелерін талдай келе, бәсекеге қабілеттілікті құрайтын бағаланатын параметрлер анықталып, оларға эксперттік бағалау жүргізілді. 

Кесте 8 – Құс етінің бәсекеге қабілеттілігін эксперттік бағалау 

Критерий Маңыздылы

ғы 

(1-5)

«Өскемен  құс фабрикасының» еті «Алматықұс» АҚ өнімі «Руби Роз  Агрикол» ЖШС
Эксперттік  бағалау

(1-10)

2*3 Эксперттік  бағалау

(1-10)

2*5 Эксперттік  бағалау

(1-10)

2*7
  2 3 4 5 6 7 8
 Сауда  маркасы 5 9,5 47,5 8,7 43,5 8,7 43,5
Еттің жас-балғындығы 4,9 9,3 45,6 9,2 45,0 9,9 48,5
Экологиялық тазалығы 4,83 9 43,5 9 43,5 9,5 45,9
Бөлшек  бағасы 4,3 8 34,4 9,9 42,6 9,3 39,9
Дайындау  жылдамдығы 4,0 7,5 30 8,9 35,6 9 38
Тауар туралы ақпараттың болуы 3,9 8,5 33,15 8,8 34,3 8,5 35,1
Ораманың  тартымдылығы 3,7 8,7 32,2 8,8 32,6   31,5
Қорытынды     266,4   277,1   282,4
   Ескертпе  – Сауалнама нәтижелері бойынша  автормен жасалған.

 

   Эксперттік  бағалау қорытындысы бойынша өнімнің бәсекеге қабілеттілік деңгейі анықталды. Алматы қаласында зерттелген құс шаруашылығы кәсіпорындары ішінде бәсекеге қабілеттілігі бойынша бірінші орында «Руби Роз Агрикол» ЖШС, екінші орында «Алматы құс» АҚ, үшінші орында «Өскемен құс фабрикасы» АҚ.

   Дайындалған әдістеме бойынша жүргізілген маркетингтік зерттеулер нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысы құс шаруашылығы өнімдерінің Алматылық және шетелдік өнімдермен салыстырғанда тұтынушылар талғамы бойынша бәсекеге қабілеттілігінің төмен екендігі анықталып, оларды жоғарылату бойынша ұсыныстар дайындалды.

   Бәсеке  күресінде өндірістің масштабы мен  ұйымдастырылу сипаты ерекше маңызға  ие. Өндірістің масштабы өнімнің өзіндік  құнынын төмендетудің басты факторы  болып табылады. Өндіріс масштабын  жоғарылату жаңа жетілдірілген технологияны енгізуді қажет етеді, сол арқылы өнімнің бағасы арзандап, сапасы жоғарылап, бәсекеге қабілеттілігі артады. Өндірісті дамытуда мынадай факторларды қарастыру қажет:

  • өндіріс, машиналар, құрал-жабдықтардың техникалық жағдайын жоғарылату;
  • санитарлық-гигиеналық жағдайды көтеру;
  • өндіріс көлемін жоғарылату;
  • өнімнің өзіндік құнын төмендету;
  • өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

   Облыстағы құс шаруашылығы кәсіпорындары  кеңес одағы тұсында құрылған, ғимараттар, машиналар мен құрал-жабдықтардың басым бөлігі тозған. Сондықтан оларға ғимарат, құрылыс, құрал-жабдықтар мен көлік құралдарын қалпына келтіру үшін инвестиция қажет.

   Санитарлық-гигиеналық жағдайлар құс шаруашылығы үшін аса қауіпті ветеринарлық тәуекелдерді төмендетеді.

   Біз қарастырып отырған кәсіпорындар толығымен біріктірілген (интеграцияланған) болып табылады. Өндірістік цикл шетелден тәуліктік балапандарды жеткізуден басталып мұздатылған, қатырылған құс етін және құс еті өнімдерін өткізумен аяқталады. Шығыс Қазақстан облысы аймағында агробизнес инфрақұрылымы дамымаған. Барлық аралық кезеңдерді, жем-шөп дайындау, аналық үйірді өсіру, өндіріс және жұмыртқа инкубациясы, бройлерлерді жемдеу және сою жұмыстарын шаруашылықтар өз күштерімен атқарады. Жоғарыда айтып кеткеніміздей өнімнің өзіндік құны өте жоғары, осыған байланысты өндірістің тікелей шығындарын төмендетуде  өндірістік үрдісті қайта құру, оны ұтымды ұйымдастыру, өндірістік қуаттарды оптималды қолдану, ветеринарлық мәселелерді азайту керек.

   Өнімнің сапасы және қауіпсіздігі – кәсіпорынның нарықтағы орны мен өнімдердің бағасын анықтайтын негізгі фактор. Өнім сапасының тұрақты болуы тұтынушы сенімін жаулайды. Өнімнің қауіпсіздігі бүкіл әлемде кең қарастырылып отырған аса өзекті мәселе. Өндірілген құс еті өнімдерінде сальмонелла және басқа да бактериялық таяқшалардың болуы сатып алушының сенімін жоғалтып, өнімнің нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Сонымен өндірісті дамыту үшін мына міндеттер орындалуы керек:

  1. Жемнің жоғары сапалы болуын қамтамасыз ететін жемдік қоспалар қорын құру;
  2. Аналық үйір мен бройлерлер өндірісін бөлу;
  3. Ремонттық жас балапандарды басқа өндірістерден бөлу;
  4. Инкубаторды басқа өндірістерден бөлу;
  5. Бройлерлерді соятын жаңа цех құрылысын қолға алып іске қосу.

   Осы аталған міндеттерді орындауда  өндірістік циклдің әр кезеңдерінде жүзеге асырылуы тиіс жұмыстарды анықтайық. Төмендегі суретте құс фабрикасындағы өндірістік цикл кезеңдері және әр кезеңде жүргізілуі тиіс жұмыстар көрсетілген. 

   

   Өнімнің өзіндік құнына қатысты жұмыстар: қазіргі уақытта аналық үйірдің өнімділігі олардың генетикалық мүмкіндіктерінен төмен болып отыр. Оған бір қатар себептер ықпал етіп отыр: санитарлық-гигиеналық жағдайлардың төмен болуына байланысты аурулардың туындауы, жемдеуді шектейтін жүйенің болмауы, жазда желдету жүйесінің, қыста жылыту жүйесінің қуаттылығы жеткіліксіз. Егер аналық үйірді бөлек ұстаса, онда бройлерлер мен аналық үйір арасындағы байланыс шектеулі болады да, аурулардың туындау ықтималдығы төмендейді. Аналық үйірді ұстайтын жерге жаңа жемдеу құрал-жабдығын орнату керек. Жемдерді өлшеп беру, оларды жылдам тарату, бөліп жемдеу жұмыртқа өндірісінің жоғарылауына ықпал етеді. Микроклиматтағы күрт өзгерістер де өнімділікке әсер етеді. Желдету және жылыту жүйелерінің қуаттылығын арттырса температура қалыпты болады. Қазіргі уақытта 20 апталық тауықтардың өнімділігі 125 инкубациялық жұмыртқа болып отыр. Ал егер жоғарыда айтылған өзгерістер жүргізілсе олардың әлуетті генетикалық мүмкіндіктері тиімді қолданылып әр тауықтың жұмыртқалағыштығы 140 дейін көтеріледі.

   Келесі  суретте өнім өндірісі жоғарылағанда қолданылуы мүмкін өткізу арналарының ұйымдастырылуы көрсетілген.

 

   1) Алматы және Астана қалаларында  өнімді сақтап өткізу қоймаларын  құру, өйткені жүргізілген маркетингтік зерттеулер және кәсіпорын мәліметтерін талдау нәтижесінде бұл қалаларда нарықтың біз қарастырып отырған кәсіпорын үшін терең ашылмағандығы, басым бөлігін бәсекелестер өнімі алатындығы (Алматы қаласы бойынша – 69%, Астанада – 95%) анықталған. Бірақ бұл географиялық аймақтар өнімді дистрибьюторларға тиеу базасын құруға тиімді болып отыр. Егер Алматы қаласында өнімді тиейтін өтпелі база құрылса, барлық сатылатын өнімнің 55%, ал Астана қаласында 25% дистрибьюторларға тиеуге мүмкіндік туады. Сол арқылы өнімді дистрибьюторларға жеткізуді жеңілдетіп, жаңа клиенттерді тартып, фабриканың Орталық, Солтүстік және Оңтүстік-шығыс Қазақстандағы позициясы нығаяды.

  1. «Фирмалық дүкендер» желісін құру арқылы Қазақстан қалаларында өнімді жылжыту. Аймақтағы дистрибьюторлармен тұрақты жұмыс істейтін және қарастырып отырған құс фабрикасының өнім ассортименттерінің кең көлемін сатумен айналысатын дүкендер фирмалық дүкен мәртебесін алып, фабриканың әр түрлі қолдау шараларын қолдана алады (дүкен үшін жарнама акциялары, саудалық құрал-жабдықтар және дистрибьюторлар бірінші кезекте қызмет көрсетеді). Артықшылықтары: сату көлемі жоғарылайды, тұтынушылар талғамының өзгеруін қадағалау мүмкіндіктері мол болады, жаңа өнім түрлерін жылжыту мүмкіндіктері өседі, өнімді жарнамалау мүмкіндіктері кеңейеді. Кемшіліктері: дүкендер қызметін бақылау күрделі, дүкен қызметіндегі кемшіліктер сауда маркасының имиджіне кері ықпал етеді, алғашқы кезеңде жарнама шығындары жоғары болады.
  2. Ірі дүкендерде фирмалық сауда бөлімдері желісін құру. Дүкендер «Өскемен құс фабрикасы» өнімдерін басқа тауарлардан бөліп сатуға келісім шарт жасасады, фирмалық бөлім мәртебесін иеленеді, «Өскемен құс фабрикасы» стилінде безендіріледі. Бұл нұсқаның да артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Артықшылықтары: қызмет көрсету шығындары төмен, дүкендер желісіне қарағанда, бөлімдер желісі кеңірек болады соған байланысты өнімді сату көлемі жоғары болады, жаңа өнім түрлерін жылжытуда тиімді. Кемшіліктері: бөлімдер қызметін бақылау күрделі, дүкен қызметіндегі кемшіліктер сауда маркасының имиджіне кері ықпал етеді, алғашқы кезеңде жарнама шығындары жоғары болады, дүкен иелерімен қарама-қайшылықтар туындау қаупі жоғары.
 

   ҚОРЫТЫНДЫ 

   Құс шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатудың теориялық  және әдістемелік зерттеулері негізінде  мынадай тұжырымдар мен ұсыныстар жасауға болады:

  1. өнімнің бәсекеге қабілеттілігін нарық жағдайында тұтынушының бағалауы арқылы анықталатын, тұтынушы нақты мезетте қалайтын қасиеттерді қамтитын, кәсіпорынға өнімді ұсынып отырған  нарықта сұранысты жоғары деңгейде қанағаттандыра отырып пайда алуға мүмкіндік беретін көрсеткіштердің жиынтығы деп анықтауға болады.
  2. құс шаруашылығындағы бәсекенің дамуына көптеген өзара байланысты факторлар әсер етеді. Олар өнімнің нарықтық бағасы, жемнің бағасы, жемдеу технологиясы, құстарды ұстаудың техникалық жағдайлары, кәсіпорындағы ветеринарлық жағдайлар, асыл тұқымды құс өсіру деңгейі, кәсіпорынның ішкі қаржылық мүмкіндіктері, өндірілген өнімді өткізу арналарының тиімділігі, тұтынушылардың қалауы, кәсіпорынның танымалдылығы, жарнамалық қызметі. Ол факторларды анықтап, құс өнімдері нарығында болып жатқан құбылыстарды талдау арқылы саладағы бәсекенің даму қарқыны мен ерекшеліктерін білуге болады.
  3. құс шаруашылығындағы маркетинг сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті негізінде құс шаруашылығы өндірісі масштабтарын қалпына келтіру; тұрғындардың құс етіне, жұмыртқаға деген қажеттілігін саны, сапасы, тұтынымдық қасиеттері, бәсекелестік артықшылықтары, бағасы бойынша неғұрлым жақсы қанағаттандыру; құс өнімдері нарығын дәл білу негізінде өз өндірісін отандық және шетелдік нарық талаптарына сәйкестендіру; құс шаруашылығы кәсіпорындарының тұрақты қызметін қамтамасыз ету; құс шаруашылығы өнімдерімен салааралық және аймақаралық айырбасты жүзеге асыруға негізделеді. Еліміздегі құс шаруашылығында маркетинг жүйесін ұтымды ұйымдастыру үшін өндірісті әдістемелік, ұйымдық және тәжірибелік іс-шаралармен қамтамасыз ету керек.
  4. нарықтағы тұтынушылардың талғамы, қалауы тұрақты емес, әр түрлі қоршаған орта факторларының әсерінен өзгеріп тұрады. Осыған орай өзгерістерге жедел жауап қайтару үшін нарықта жүйелі түрде кешенді зерттеулер жүргізіліп отыруы керек. Осы мақсатта өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуда тұтынушылар талғамы мен қалауын ескеруді көздейтін құс етінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату картасы, бәсекелестерді зерттеу картотекасы, құс өнімінің картотекасы жасалып, тұтынушыларға зерттеу жүргізілуі керек..
  5. аймақтық нарықта бәсеке күресінің қатаң болуына байланысты  кәсіпорын сол аймақтық нарықтан маркетингтік зерттеулер нәтижесіне сүйене отырып өзінің мақсатты тұтынушылар тобын іздеуі керек. Ос мақсатта нарықты сатып алушыларды бір және екі демографиялық, географиялық белгілері бойынша біртектес топтарға біріктіріп, сегменттерге бөлу әдістемесі жасалуы қажет. Сауатты жүргізілген сегменттеу болашақта белгілі тұтынушылар тобына бағытталған, өзіндік ерекшеліктері бар өнім өндіруге мүмкіндік береді. Құс шаруашылығы кәсіпорындарының белгілі бір нарық сегментіне бағытталған өнім өндіріп шығаруы жаппай нарыққа бағытталуға қарағанда тиімдірек болып келеді. Мақсатты нарық сегментін таңдауда кәсіпорын нарықты әр түрлі сегменттерге бөліп, өзінің мақсаттарына сай нарық сегментін сол сегменттегі тұтынушылар тобына арналған өнім дайындайды. Мақсатты нарық сегментін таңдау арқылы құс шаруашылығы кәсіпорыны өзінің нарықтағы позициясын нығайта алады.
  6. өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдарын қарастырып, өндірілетін өнім көлемін жоғарылатып құс шаруашылығы кәсіпорындары нарықтағы үлестерін көтеріп, аймақтық нарықтарда сату көлемін жоғарылата алады.
  7. өнімді өткізуге арналарын жетілдіру үшін аймақтарда құс етін сақтау қоймаларын ашу кәсіпорындардың өнімді сатып алушыларға уақытылы өткізе алу мүмкіндіктерін кеңейтеді, аймақтарда фирмалық сауда орындарын ашу кәсіпорынның тұтынушылар алдындағы танымалдылығын жоғарылатуға, тұтынушыларға кең көлемді ассортимент ұсынуға, өнімді тиімді жылжытуға мүмкіндік береді.

Информация о работе Құс шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудың маркетингтік аспектілері