Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 18:07, курсовая работа
Ақша дегеніміз – тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша-тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісіне басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі – барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қоғамдағы мәнін К. Маркс «жеке адам өзінің қоғамдық билігінде де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді» деген афоризммен сипатталады.
1. Ақша туралы түсінік. Негізгі ақша агрегаттары. Ақша жиыны туралы түсінік. Ақша айналысы заңы.
2. Ақша ұсынысының үрдісі. Орталық банктің ақша айналысын басқаруы. Депозиттер. Орталық банк және ақша базасы.
3. Ақша сұранысы, қасиеттері, ерекшеліктері, атқаратын қызметтері. Қазақстан Республикасындағы ақшаға сұраныс және ерекшеліктері.
1. Ақша туралы түсінік. Негізгі ақша агрегаттары. Ақша жиыны
2. Ақша ұсынысының үрдісі. Орталық банктің ақша айналысын басқаруы. Депозиттер. Орталық банк және ақша базасы.
3. Ақша сұранысы, қасиеттері, ерекшеліктері, атқаратын қызметтері. Қазақстан Республикасындағы ақшаға сұраныс және ерекшеліктері.
1. Ақша туралы түсінік. Негізгі ақша агрегаттары. Ақша жиыны туралы түсінік. Ақша айналысы заңы.
Ақша дегеніміз – тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша-тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісіне басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі – барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қоғамдағы мәнін К. Маркс «жеке адам өзінің қоғамдық билігінде де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді» деген афоризммен сипатталады. Ол мынадан айқын көрінеді:
Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектік нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауар айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалшып, саедық есебі жүргізіледі.
Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өндірістегі үлесін де ақша арқылы анықтауға болады. Себебі адам қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда, ақша төлем құралы қызметін атқарғаны.
Үшіншіден, айырбас үрдісіне ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі қайшылықтары да шешіледі. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл тауарлар тұтыну құны ретінде айырбас қатынасының бір жағында тұрады да, ал екінші жағында бүкіл тауарларға қарама-қарсы ақша тұрады.
Тауарлар дүниесінің тауар және ақша болып екіге бөлінуі оның тұтыну құны мен құнның, яғни тауардың ішкі қарама-қарсы жақтарының қайшылығын шешуге жол салады. Өйткені, егерде тауар сатылса, оының тұтыну құнының біреудің қажетін өтеуге керек болғандығы. Бұл бір жағынан , ал екінші жағынан оынң құнының бар екендігі дәлелденгені. Сатылған күн енді ақша түрінде тауар өндірушінің қолына түседі. Сөйтіп тауар өндірушіге түскен ақшаның мөлшеріне қарай өз өндірісіне басқа кез келген қажетті тұтыну құнын алуға мүмкіндік туады.
Ақша айналысы заңы
Ақша айналысы заңы – құн заңының айналыс аясындағы көрінісі. Ол тауар – ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән. Айналыстағы ақшаның саны К. Маркс ашқан ақша айналысы заңымен реттеледі. Тауар айналысына қызмет ету үшін қажетті ақша мөлшері екі факторға: біріншіден, бір кезеңде, айталық бір жылда сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысына, екіншіден, ақша айналысының жылдамдығына байланысты өзгереді. Ақша айналысы заңы мына формуламен өрнектеледі:
Ақша айналсы заңының мәні – ақшаның айналыс құралы қызметін орындауы үшін қажетті ақша мөлщері сатылуға тиіс тауарлар бағасының көбейтіндісі бір аттас ақша өлшемінің айналым санына (айналым жылдамдығы) бөлгенге кеңесуі керек.
Ақша тек айналыс құралы ғана емес, сонымен бірге төлем құралы қызметін де атқаратындықтан айналысқа қажетті ақша мөлшері де несиеге сатқан тауарлар сомасына байланысты азаяды. Қарыз міндеттемелерінің бірсыпырасы қолма - қол ақшасыз есеп айырысқанда өтеледі, яғни олар қарыз талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу жолымен де өтеледі. Сөйтіп, несиенің даму дәрежесі ақша мөлшеріне кері әсерін тигізед: тауардың неғұрлым көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа соғұрлым аз ақша мөлшері қажет. Одан басқа айналыстан шығарылған әлдеқандай ақша мөлшері шаруашылықтың және халықтың тұрақты ақша қорын құрайды.
Экономикада сатылған тауарлар бағасынан айналыста әлдеқайда кем ақша жиыны жүруінің себебі төлемеушілік продлемасының болуынан. Ол кезде Ү мөлшері теріс сан болады. Бірақ бұл Қазақстанда және басқа да дерективалы экономика үлгісінен нарықтық үлгіге өтуші мемлекеттерде кездесіп отырған кәсіпорындар арасындағы төлемеушілік проблемасы жай ақша жиынын ұлғайтумен шешілді дегенді көрсетпейді. Өйткені төлемеушіліктің көптеген себептері бар: төлем тәртібінің босандығы, төлемеушіліктің тізбегінде әлуетті күйреушілердің болуы, күреушіліктің тиімді тәжірибесінің болмауы, жеке меншіктендіру үрдісінің аяқталмауы, төлем құралдарының дамымауы және т.б.
Сөйтіп, айналысқа қажетті ақша мөлшері өндірістің даму жағдайларына әсер ететін көптеген факторларға: айналыстағы тауар мөлшеріне, тауарлар мен қызмет бағасының деңгейіне және т.б. байланысты өзгереді. Айналысқа қажетті ақша мөлшері ақша айналысының жылдамдығына кері пропорционалды өзгереді. Ал ақша айналысына әсет ететін жағдайлар мыналар:
- несиенің даму деңгейі, егер тауардың көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа сонша мөлшерде кем ақша қажет;
- қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың дамуы;
- ақша айналысы санының өсуі.
Айналысқа ақша екі түрде шығарылады, эмиссияланады: қолма-қол ақша, яғни
айналымдағы банкноттар және ұсақ тиындар; банктік айналымдағы ақша түрі, яғни банктегі шоттарға жазылған сома. Екі деңгейлі банк жүйесінде ақшаның бірінші түрін, яғни қолма-қол ақшаны монополиялы құқықпен орталық банк эмиссиялайды да, қолма-қол емес ақша белгілерін коммерциялық банктер жүйесі шығарады. Ақшаның екі түрі бірімен-бірі тығыз байланыста жүреді. Егер банк клиенті – шоттағы ақшаның иесі өз қаражатын қолма-қол ақша түрінде алса, онда банктік айналымдағы ақша белгілері нақты қолма-қол банкнотқа айналады. Керісінше, клиенттің шотқа жазу арқылы банкке ақша сомасын салуы қолма-қол ақшаның банктік айналымдағы ақша түріне айналуын көрсетеді.
Ақша айналымының екі жағының бірлігі, олардың бір түрінің екіншісіне ауысуы жалпы ақша жиыны құрамын анықтауды қажет етеді. Себебі ақша айналымының сандық көрсеткіші. Белгілі бір мерзім аралығында және белгілі бір күнге ақша айналымындағы сандық өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша жиынының көлемін және оның өсу қарқының реттейтін іс-шаралар жүргізу үшін әр түрлі көрсеткіштер (ақша агрегаттары) қолданылады.
Ақша агрегаттары
Өнеркәсібі өркендеген мемлекеттерде ақша жиыны құрамын анықтау үшін негізгі ақша агрегаттарының төмендегі жиынтығын пайдаланады:
М1 – айналыстағы қолма-қол ақша (банкноттар, тиындар, ал кейбір
мемлекеттерде қазыналық билеттер) және банктік ағымдағы шоттардағы
қаражат (депозиттер) жатады;
М2 - оған М1 агрегаты және мерзімді 4 жылға дейінгі коммерциялық
банктердегі мерзімді және жинақ салымдары кіреді;
М3 - оған М2 агрегаты және арнаулы несие мекемелеріндегі жинақ салымдары
кіреді;
L - оған М3 агрегаты және ірі коммерциялық банктердің депозиттік
сертификаттары қосылады.
Қорыта айтқанда, әрбір келесі ақша агрегаты өзінен алдыңғылардың барлық элементтерін өзіне біріктіріп үлкен ақша жиынын құрайды. Бірақ оның алдыңғыға қарағанда өтімділігі төмен.
Ақша жиыны
Ақша жиыны нақты әр мемлекеттің өзіне тән ақша-несие жүйесімен анықталады. Мысалы, АҚШ-та ақша жиынын анықтау үшін - төрт, Швейцария мен Германияда – үш, Ұлыбританияда – бес, Францияда – екі ақша агрегаты қолданылады.
Қазақстан Республикасының ақша жиынының құрылымына төмендегі ақша-агрегаттары кіреді:
М1 – айналыстағы қолма-қол ақша;
М2 - құрамына М1 агрегатын және шаруашылық субъектілерінің есепшоттары мен басқа депозиттерінің, заңды тұлғалардың күрделі қаржыландыру шотының ұзақ мерзімді несиелеу және қаржыландыру қорлары шотының, чектік және аккредетивтік шоттардың, қоғамдық және басқа үкіметтік емес ұйымдар шоттарының қалдығын және халық пен заңды тұлғалардың талап етіп алатын салымдарын біріктіреді.
Ақша агрегаттарының құрылымы тұрақты қалыпта болмайды. Ол ақша нарығы құралдарының дамуына байланысты өзгереді.
Ақша жиыны бірнеше жолмен өсуі мүмкін:
- банкноттар мен тиындарды эмиссиялау есебінен;
- Орталық банктен коммерциялық банктердің несие алуымен;
- мемлекеттік бюджеттің кемшілігін жабу үшін Орталық банктің үкіметке несие
беруімен;
- Орталық банктің асыл металдары, шетел валютасын және мемлекеттік бағалы
қағаздарды сатып алуымен;
- чек шығаруымен немесе коммерциялық банктердің салым тарту негізінде
қарыз беруімен (депозиттер негізінде несие ақшаларын шығару).
Ақша жиыны көлемінің өзгеруіне айналыстағы ақша жиынның өзгермелігімен қатар, оның айналым жылдамдығы да әсер етеді. Ақшаның айналым жылдамдығы жалпы экономикалық факторларға: экономиканың циклмен өркендеуіне, экономикалық дамудың қарқынына, бағаның өзгеруіне, сонымен бірге таза монетарлық факторларға, яғни төлем айналымының құрылымына, несиелік операциялар мен өзара есеп айырысудың дамуына, ақша нарығындағы пайыз деңгейіне және т.б. байланысты өзгереді.
Ақша жиыны айналымының баяулауы - ұлттық жиынтық өнімді орналастыру коэффициентінің төмен екендігінің көрсеткіші. Егер ақша айналысының жылдамдығы артса, ол жоғары жағдаяттың (конъюнктура) барлығы және ақша қаражатын жұмсаудың шапшаңдығын көрсетеді. Ақша айналысы жылдамдығы айналыстағы ақша санына кері пропорционалды әсер етеді, яғни ақша неғұрлым көп айналыс жасаса, соғұрлым қосымша ақша эмиссиясының қажеттілігі азаяды.
Ақша айналысының баяулауы шаруашылық субъектілерінің ақша қорын жинауға ұмтылысын және ақша жиынының құрылымында банктердегі ұзақ мерзімді салымдардың ұлғаюын көрсетеді.
Айта кететін жайт, «ақша айналысының жылдадығы» және «төлемдердің жүру жылдамдығы» деген ұғымдардың бір-бірінен ерекшелігі бар. Соңғысы, сөзсіз, шапшаң болуы қажет. Оны шапшаңдататын факторларға: өзара есеп айырысу жүйесін даиыту, банк ісіне электронды есептегіш техниканы және электронды ақша жүйесін енгізу жатады.
2. Ақша ұсынысының үрдісі. Орталық банктің ақша айналысын басқаруын. Депозиттер. Орталық банк және ақша базасы.
Басқа да нарық секілді, ақша нарығында да ақшаға сұраныс пен ұсыныс болады. Ұсыныс – ақша жиынының айналымы, яғни берілген мезетте мемлекеттегі төлем құралы айналымының жиынтығы.
Орталық банктің ақша айналысын басқаруы
Ұлттық банк – заңды төлем құралын, яғни банкноттарды шығаруға эмиссиялық құқығы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банктің эмиссиялауымен шығарылады және банктерге сатып, қолма-қол емес балама алу түрінде болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі – теңге болып табылады.
Ұлттық банк банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақтау, жою және қолма-қол ақшаны жинақтау тәртібін орнатады.
Қазақстан Республикасында шығарылған банкноттар мен тиындардың атаулы құылымы, айшықталған пішіні болуы керек. Банкноттар мен тиындардың сипаттамалары баспасөзде жариялануы тиіс.
Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан Республикасы Парламентінің құқығы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәртібін анықтау құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне жүктеледі.