Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 18:07, курсовая работа
Ақша дегеніміз – тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша-тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісіне басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі – барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қоғамдағы мәнін К. Маркс «жеке адам өзінің қоғамдық билігінде де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді» деген афоризммен сипатталады.
1. Ақша туралы түсінік. Негізгі ақша агрегаттары. Ақша жиыны туралы түсінік. Ақша айналысы заңы.
2. Ақша ұсынысының үрдісі. Орталық банктің ақша айналысын басқаруы. Депозиттер. Орталық банк және ақша базасы.
3. Ақша сұранысы, қасиеттері, ерекшеліктері, атқаратын қызметтері. Қазақстан Республикасындағы ақшаға сұраныс және ерекшеліктері.
Мемлекеттік және банктік емес секторлардың шоғырланған шоттары
Актив
Банкноттар
| Мемлекеттік және жеке сектор қарыздары |
Жеке сектор депозиттері |
|
Мемлекет депозиттері | |
Банктік сектордың меншікті капиталын қосқандағы негізгі қаражаттары | |
Меншікті капитал |
Актив
| Орталық банктегі өтелмеген қарыз |
Кассалық қаражат пен орталық банктегі резерв |
Жеке сектордың депозиттері |
Несиелер және бағалы қағаздар | |
| Меншікті капитал |
Актив | Пасссив |
Алтын және шетел резервтері Банктерге талап
Мемлекетке талап Басқа активтер (ғимарат т.б) Жиыны 347,2 | Коммерциялық банктер резерві Коммерциялық емес банктер қаражаты Мемлекет депозиттері 0,2 Басқа депозиттер мен пассивтер Меншікті капитал Жиыны |
Ақпарат көзі Deutsche Bunderbank Monthly Report
Резерв |
|
Депозит |
|
Депозит және ақша жиыны арасындағы байланыс
Коммерциялық банктердің ақша жасаудағы рөлі
Уақытша бос ақша қаражаттарын жасау – коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі - базалық қызметі . Бұл банктің пассиві меншікті капитал мен тартылған қарааттан тұрады. Меншікті капитал – банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10%-ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың деңгейі төмен болуы мынандай жағдайлармен түсіндіріледі – біріншіден, банк қаржылық нарықта қаржы делдалы ретінде басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және халықтың уақытша бос қаражат сомасын депозит түрінде жинақтайды, оларды тиімді басқарады, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және пайдалық негізінде қарыз алушыға ұсынады. Екіншіден, депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл салымдарды жаппай кері алу қаупін төмендетеді. Үшіншіден, банктерде таратылатын депозиттер басқа кәсіпорындардың материалдық объектілерінде орналастырылған активтеріне қарағанда қондырғы ыңғайлы, өтімді және нарықта оңай өткізіледі.
Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда осы барлық міндеттемелер коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған ресурстарға өзара қатынатында өз мінеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін бастау үшін қажет. Сонымен қатар кеңсені, жабдықтарды сатып алу және еңбек ақыны төлеу, сондай-ақ банктік операцияларды дамытудың келесі кезеңдерінде шығындарды төлеу үшін қаже. Меншікті капитал-банктің қорғаныс кепілдік қоры. Осы сипаттағы меншікті капитал маңызды, сөзсіз міндетті қор болып табылады, банктің тұрақтылығы мн оның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін банктік қаражаттар құрылымында оның рөлі өте жоғары. Жоғарыда айтылып өткендей, банктер өздерінің активтік операцияларын жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90% -нан көп бөлігін пайдаланады, сондай-ақ банктер өз клиенттерінің уақытша бос ақшалай қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлі түрде осы қаражаттарын негізгі бөлігін депозиттер құрайды. Депозит пен банк клиенттерінің жинақ салымдарынан басқа да мерзімді және мерзімсіз салымдарының барлығы түсіндіріледі. Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады. Осылардың негізінде коммерциялық банк несиелік ресурстарының негізіг бөлігі құралады.
Соңғы уақттарға дейін республикамызда депозиттерді басқару, жинақталатын немиелік ресурстардың мөлшері мен өзінідік ерекшелігіне байланысты қарыз беруді қамтамасыз ету міндеттері жолға қойылған жоқ болатын. Қарыздық салымдар мен қарыздық қордың баланстары Қазақстанның Мемлекеттік банкінің бөлімшелерінде құрастырылған, қарыздық қор өз кезегінде Қазақстанның Мемлекеттік банкінің өзіне орталықтандырылған тәртіппен қалыптастырылған және ол республикалық кеңселер бойынша несиелік жоспар негізінде бөлінген, ал республикалық - облыстық әкімшілік кеңселер бойынша, облыстық бөлімшелер аудандық кеңселер бойынша бөлінген, сонымен қатар, мемлекеттік банктің төменгі мекемелері пассивтік операциялармен айналыспаған. Осы себептерге байланысты елде банктің депозиттік саясатына аз зерттелген. Депозиттік саясат теориясының шетел тәжірибесіне назар аударамыз. Жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар, акционерлік компанияла, жеке кәсіпорында, коммерциялық емес ұымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті билік органдары қаражаттарын коммерциялық банктерге зор ынтамен орналастырады. Бұл бірнеше себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, банктер салымның үлкен сенімділігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, салымшылар өз салымдарын кез-келген уақытта қайтаруды талап етіп қана қоймай, одан асатын шамада қарыз ала алады. Үшіншіден, бұл салмдар табыс әкеледі.
Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:
банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасау қажет;
депозиттік операциялар әрекет етуі керек;
банк балансының жеделдік өнімділігін демеу мақсатында икемді депозиттік саясат жүргізуі керек;
банк балансының өтімділігін жоғары дәреже демеп отырған мерзімдік салымдарға депозиттік операцияларды ұйымдастыру үрдісіне ерекше назар аударылуы қажет;
депозиттік операциялар мен қарыз беру бойынша операциялардың арасында мерзімін және сомалар боынша өзара байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;
депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға шаралар қолдану қажет.
3. Ақша сұранысы, қасиеттері, ерекшеліктері, атқаратын қызметтері. Қазақстан Республикасындағы ақшаға сұраныс және ерекшеліктері.
Ақша сұранысы: теория
Ақша - төлем немесе халықаралық айырбас құралы.
Ақша сұранысын талқылағанда біз оны нақты баланстарға сұраныс тұрғысынан қарастырамыз. Бұған мынадай тұжырымдар шығады: ақша сұранысы жеке адамдардың икемденетін ақшалардың сатып алу қабілетіне байланысты:
1. Нақты ақша сұранысы баға деңгейі өскен кезде өзгеріссіз болады.
2. Атаулы ақша сұранысы баға деңгейімен бірдей артады. Онда жоғарыдағыдай өзгерістер болмайды.
Өзгерістер байқалмаған жағдайды төмендегіше айтамыз. Егер баға деңгейіндегі өзгерістер жалпы басқа өзгерістерді тұрақтандырса, жеке адам «ақша сұранысына»ие болмайды. Бұған керісінше, жеке адам баға деңгейінің өзгеруіне орай әрекет еткенімен, барлық нақты өзгерістер сол күйінде қалады да, ол бәрібір салымынан зиян шегеді.
Жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, ақша сұранысының нақты баланс сұранысымен бірдей екенін, ондағы өзгерістер баға деңгейіне пропорционалды болатынын көреміз.
Теориялық тұрғыдан алғанда, ақша сұранысы қызметі өзекті мәселенің бірі болып келеді. Ол нақты табыс өскенде артуы тиіс, ал атаулы пайыз мөлшерлемесі өскенде артуы тиіс, ал атаулы пайыз мөлшерлемесі өскенде ол қысқаруы тиіс.
Ақша сұранысын айқандайтын нгізгі үш себеп бар. Табыстағы өзгерістер мен пайз мөлшерлемесіндегі өзгерістердің ақша сұранысына әсерін көруге болады.
Сөйтіп, төмендегі үш теория Кейнстің ақша ұстаудағы үш теориясымен сабақтас келеді:
- Келісімдер мотиві, мұнда ақша сұранысы әрдайым төлем ретінде қолданылады;
- Сақтық аргументі: ақша сұранысы күтпеген кездейсоқтыққа тап болады;
- Жалдаптық дәлел: жеке адамдар қолындағы активтер мен ақша құнына сенімсіздік білдіреді.
Келісімдер мен сақтық дәлел туралы сөз болағнад, біз негізінде М1 жөнінде
айтамыз, себебі М2 мен М3 жөінде айтамыз, себебі М2 мен М 3 жалдаптық дәлелге жатады.
Ақша сұранысын талқылағанда 2 тұжырымға сүйенеді:
- монетарлық;
- кейнстік;
Классиктер ақша сұранысын мына теңдеу арқылы түсіндіріледі: