Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 18:07, курсовая работа
Ақша дегеніміз – тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша-тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісіне басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі – барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қоғамдағы мәнін К. Маркс «жеке адам өзінің қоғамдық билігінде де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді» деген афоризммен сипатталады.
1. Ақша туралы түсінік. Негізгі ақша агрегаттары. Ақша жиыны туралы түсінік. Ақша айналысы заңы.
2. Ақша ұсынысының үрдісі. Орталық банктің ақша айналысын басқаруы. Депозиттер. Орталық банк және ақша базасы.
3. Ақша сұранысы, қасиеттері, ерекшеліктері, атқаратын қызметтері. Қазақстан Республикасындағы ақшаға сұраныс және ерекшеліктері.
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютаны шет ел мемлекеттерінің ақша брліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді.
Қолма-қол ақшаның айналымы олардың банк кассасына үздіксіз оралып отыру жолымен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасында ақша банкноттарын өндіру және коммерциялық банктерге ақша жинақтауға лецензия беру бойынша өз күштерін енгізумен байланысты, қолма-қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырғанда өзгерді. Екінші деңгейдегі банктер корреспондентік шоттағы қаражаттарының қалдығы шегінде қолма-қол ақша түрінде қолдау алады, сонымен қатар операциялық кассадағы қолма-қол ақша қалдығына шек қойылмайды.
Эмиссия – мемлекет тарапынан банкноттардың, тиындардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де немесе қолма-қол ақшасыз түрінде де болуы мүмкін.
Қолма-қол ақша түріндегі эмиссия – айналысқа банкноттар мен тиындардың қосымша шығарылуын сипаттайды.
Депозиттер қалай жасалады. Депозиттік банктердің эмиссиясы депозиттік қарыздық операциялар үрдісіне іске асады. Банктегі депозиттер сомасы несие ақшаны құру үшін қажет әлуетін жасайды. Банк салымдарын чек эмиссиясы немесе қарыз беру арқылы жұмылдырған кезде несие қарыз беру арқылы жұмылдырған кезде несие ақшалар құрылады. Бұл операциялардың сызбасы келесідей: мысалы, Дрезднер банкіне 10000 маркалы салым келіп түсті делік. Сонда бұл банктің активтері (резервтер) мен пассивтер (депозиттер) 10000 маркаға өседі (а сызбасы). Біздің мысалымызда резервтер талабының көлемі 10%. Осы жағдайда банк қолма-қол ақша немесе чек түрінде 9000 марка көлемінде несие береді (ә сызбасы). Қарыз алған кісі оны басқа банкке салады (б сызбасы). Қарыз берген бірінші банкке депозиттерді 10000 маркаға жеткізу үшін 100 маркалы резерв жетеді. Банктердің қызметі нәтижесінде 9000 маркалық жаңа ақша пайда болды. Екінші банк салымындағы 9000 маркадан 900-ін қалдырып, 8100 марканы қарызға береді. Сонымен жалпы сома енді 7290 марка болады. Алғашқы салым 10000 маркаға тең еді. Бұл үрдіс төмендегі суретте көрсетілген.
Дрезднер банкі
Актив Пассив
Резервтер Депозиттер
Депозиттер
+10000 +10000 +1000 +1000
Коммерциялық банк
Актив Пассив
Резервтер Депозиттер
+900 +9000
Несие мен
бағалы қағаздар
+8100
Орталық банк және ақша базасы
Ақша базасы – Ұлттық банк шығаратын ақша. Оған айналымдағы қолма-қол ақша, міндетті және артық резервтер жатады.
Міндетті резервтер – бекітілген нормативке сәйкес Ұлттық банктегі арнайы шотта несие корреспонденттік шотында сақталуға міндетті банк депозиттерінің бөлігі (бұл Ұлттық банктің келісімі бойынша тек қана қаржылық тұрақты банктер қолданатын резервтердің баламалы әдісі деп аталады).
Артық резервтер дегеніміз банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотта қаражатының барлығына байланысты болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшері, екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттағы қаражатының көлемін, яғни банктер өнімділігін реттеу арқылы реттейді.
Ол ақша-несие саясатының құралдарын пайдаланумен іске асады. Бұл құралдар ақша базасының кеңею шегін көрсететін және ақша жиынының, ақша базасы арқылы есептелетін ақша мультипликаторының мөлшеріне әсер етеді.
Ақша ұсынысының үлгісі. Ақша мультипликаторы
Ақша ұсынысы (Мs) екі қосындыдан тұрады: 1) Банк жүйесінен тыс қолда бір ақша (С); 2) Экономикалық агенттер қажет кезде мәміле жасау үшін қолданатын депозиттер (D). (Дәлірек айтқанда бұл М 1 агрегаты).
Қазіргі замандағы банк жүйесі - жеке резервті жабумен байланысты жүйе. Банк депозиттерінің бір бөлігін ғана резерв түрінде сақтайды , ал қалған білігін қарыз беру үшін және актив операциялар үшін пайдаланады. Басқа қаржалық институттармен салыстырғанда, банктің ақша ұсынысын өсіру мүмкіндігі бар.
Несие мультипликаторы – коммерциялық банктер жүйесі шеңберіндегі төлем құралдарының эмиссиялық үрдісі.
Қосымша ақша ұсынысының жалпы түрі жаңа депозит пайда болуының нәтижесінде туындайды.
Мұндағы rr - банк резервінің нормасы
D - алғашқы салым
1 - банк мультипликаторы немесе депозиттік мультипликатор.
rr
Ақша ұсынсының жалпы үлгісі Орталық банк рөлін ескере отырып жасалады және банк жүйесіндегі депозиттік ақшаның бір бөлігінің қолма – қол ақшаға ауысуы.
Ақша базасы Орталық банкте сақталатын комерциялық банктердің резервтері мен банк жүйесінен тыс қолма-қол ақша.
Мұндағы МВ – ақша базасы.
С - қолма-қол ақша
R - резерв.
Мұндағы Мs - ақша ұсынысы
С - қолма-қол ақша
D - депозиттер.
Ақша мультипликаторы (m) – ақша ұсынысының ақша базасына қатынасы:
Бөлшектің алымын да, бөлімін де D-ға бөлеміз.
Сонымен, ақша ұсынысы ақша базасы және ақша мультипликаторы көлемдеріне тәуелді.
Ақша мультипликаторы – ақша базасы бір бірлікке өскенде, ақша ұсынысының қалай өзгеретіндігін көрсетеді.
Ақша мультипликаторының мөлшері міндетті резервтеру нормасына байланысты, өйткені міндетті резерв банктер мен несие ресурстарының көзі ретінде пайдаланылмайды, сонымен қатар айналымдағы қолма-қол ақшаның үлес салмағына байланысты болады.
Бұл айналымдағы қолма-қол ақшаның банктерден тыс орналасқан бөлігінің мультипликацияланбауына байланысты. Ақша мультипликаторының қарқындылығы олардың экономикадағы айналу жылдамдығына әсер етеді, мультипликатордың коэффициентік жылдамдығы азаяды.
Экономикада ақша айналысының жылдамдығы Ұлттық банк арқылы тікелей реттелмейді, бірақ оның мөлшері инфляция деңгейіне әсер етеді және ақша-несие саясаты үшін үлкен мәні бар. Экономикадағы ақша айналысы жылдамдығының азаюы ұзақ мерзімді депозиттердің және ұзақ мерзімді инвестициялық несие салымдарының өсуін көрсетеді, бұл тек қана жалпы экономиканың тұрақтылығы және ұлттық валютаға деген сенім болғанда ғана мүмкін, керісінше , ақша айналысының жоғары жылдамдығы ұлттық валютаға деген сенімнің көрсеткіші болып, ақша жиыныңдағы қолма-қол ақша үлесінің өсуімен, ұзақ мерзімді жинақтардың төменгі үлес салмағымен, ұзақ мерзімді жинақтардың төменгі үлес салмағымен, шаруашылық субъектілерінің ұлттық валютасын сенімді активтерге аударумен бірге жүреді.
Ақша айналысының жылдамдығы экономиканың монетарлық деңгейіне байланысты болады, ол ақша жиынының жалпы ішкі өнімге қатынасымен анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен болған сайын, монетарлық деңгейі жоғарылайды.
Монетарлық деңгей 1989 жылы Францияда 68,5%, Германияда – 64,5 %, Ұлыбританияда – 89,1 %, АҚШ-та – 77,5 %, Жапонияда – 11,6 %, болды. Қазақстанда 1995 жылы монетарландыру деңгейі 12%-ға жуық болды, бұл әрине жеткіліксіз.
Ақша базасы төмендегі кестеде келтірілген.
Актив
Шетелдік активтер | Коммерциялық банктер резерві |
Коммерциялық банктерге несие беру | Банктен тыс секторлардың банкноттары |
Мемлекеттік борыштық міндеттемелері | Мемлекет депозиттері |
Меншік капитал |