Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 18:07, курсовая работа
Ақша дегеніміз – тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша-тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісіне басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі – барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қоғамдағы мәнін К. Маркс «жеке адам өзінің қоғамдық билігінде де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді» деген афоризммен сипатталады.
1. Ақша туралы түсінік. Негізгі ақша агрегаттары. Ақша жиыны туралы түсінік. Ақша айналысы заңы.
2. Ақша ұсынысының үрдісі. Орталық банктің ақша айналысын басқаруы. Депозиттер. Орталық банк және ақша базасы.
3. Ақша сұранысы, қасиеттері, ерекшеліктері, атқаратын қызметтері. Қазақстан Республикасындағы ақшаға сұраныс және ерекшеліктері.
M - айналымдағы ақша көлемі;
V - ақша айналымының жылдамдығы;
Р - баға деңгейі;
Ү - өнім шығару көлемі;
Сандық теория тұрғысынан ақшаға сұраныс екі мотивке негізделеді. 1-мотив бойынша адамдар мен фирмалар ақшаны төлем құралы ретінде қажет етеді.
Мәміле жасау үшін керекті ақша көлемі:
- тауар жиынының көлемі;
- баға;
- жиытық табыс;
- ақша айналымының жылдамдығына тәуелді болады.
Бірақ басты фактор табыс болып саналады, сондықтан
Бұл жерде Мd t - ақшаға трансакциялық сұраныс:
Ү - жиынтық табыс.
Сұраныстың 2-мотиві сақтық мотиві бойынша сұраныс деген атқа ие болады. Ол адамдарда көзделмеген төлемдерге кез болағнда пайда болады. Бұл үшін оларға белгілі бір ақша қоры болуы керек. Оның көлемі көзделмеген шығындар көлеміне байланысты болып, ал оның өзі ұлттық табысқа тура пропорционалды болуы керек:
Бұл жерде Мd I – ақшаға трансакциялық сұраныс;
Ү - жиынтық табыс.
Сұраныстың 2-мотиві салық мотиві бойынша сұраныс деген атқа ие болады. Ол адамдарда көзделмеген төлемдерге кез болғанда пайда болады. Бұл үшін оларда белгілі бір ақша қоры болуы керек. Оның көлемі көзделмеген шығындар көлеміне байланысты болып, ал оның өзі ұлттық табысқа тура пропорционалды болуы керек:
Мd I – сақтық мотиві бойынша ақша сұранысы .
Бұл 2-сұраныс пайыз мөлшеріне тәуелсіз болғандықтан, ол тік сызық ретінде көрсетіледі.
Дж. Кейнс ақша сақтаудағы үшінші мотиві - жалдаптық мотивті бөліп көрсетті. Бұл жағдайда ақша қорының дивидент әкелмеген кезі қарастырылады.
Жалдаптық сұраныс кезінде ақша қаржы активтерін сату және қайта сату арқылы табыс әкеледі. Келесі формула жоғарыда айтылғандарды суеттейді:
Бағалы =
қағаздар бағамы Депозиттер бойынша пайыз мөлшерлемесі
i
0
а- трансакциялық, ә-жалдаптық, б-жалпы
Классикалық және кейнстік тұжырым ақша сұранысында келесі формаларда келесі факторларды бөліп шығарады:
- табыс көлемі Ү;
- пайыз мөлшерлемесі і;
Классикалық теория ақша сұранысын табыспен, ал кейінстік керісінше пайыз
мөлшерлемесімен байланыстырады.
Инфляция факторын жою үшін ақшаға нақты сұраныс көрсеткішін пайдалынады (М\Р)d, ал сұраныс функциясында атаулы пайыз мөлшерлемесі і пайдалынады.
Жалпы ақшаға сұраныс қисығы трансакциондық және жалдаптық сұраныстарды горизонтальды қосу арқылы алынған. Ақша сұраныс Мd і осін қиып өтпейді, өйткені трансакциялық сұраныс және ақшаға сұраныс мотиві бойынша пайыз мөлшерлемесінен байланыссыз, ол табыс деңгейімен анықталады.
Мұқтаждықты қанағаттандыратын ақша басқаға да пайдасын тигізеді. Адамдардың алыпсатарлық жасауы үшін бірқатар қаражаты болғанымен, олар кездейсоқ мұқтаждықтарға, яғни сақтауға жұмсалуы мүмкін. Жоғарыда айтылған үш дәлелдің әрқайсысы, егер басқа активтерге пайыз мөлшерлемесі артса, онда ақша сұранысы төмендейді.
Ақша басқа активтерге қарағанда аз пайыз түсіреді: доллар пайызының түсуі көп болған сайын жеке адам аз ақша ұстайды. Ақшаның пайыз мөлшерлемесі артқан саын ақша сұранысы да артады, ал балама активтерге пайз жоғары болған кезде ол азаяды. Іс жүзінде біз ақша құнын ақшаға аламыз және де басқа активтерге, мысалы, сақтау мекемелеріндегі депозит немесе бірлестіктердің депозит куәлігі немесе коммерциялық іс қағаздарға төленген пайыз арқылы да өлшеп аламыз. Ақашаның пайыз, мөлшерлемесіне жатады.
Бұл тұстағы ақша құны басқа активтерден түскен табыс пен дербес пайыз мөлшерлемесі аралығыдағы айырмашылыққа тең болады.
Келісімдер жөніндегі сұраныс
Келісімдер жөніндегі сұраныс қашанда ақшаның тауар және қызметке төленуі барысында пайда болады.
Келісімдер жөніндегі сұранысты қарастыра отырып, бір пайыз мөлшерлемесінің сомасы мен ақшаны аз ұстаудағы қолайсыздықтар арасындағы айырмашылыққа кезігеміз. Бұ түсінікті болу үшін мынандай мысал келтірейік. Әлдекім ай саын, салық төленгеннен кейін, 1800 доллардан 60 долларды жұмсауды немесе бір күнде 60 долл. жұмсап, қалған 1,740 долларды үнемдеуіне болады. Бірақ оның күн сайын банктен 60 долл. алып тұруына тура келеді. Салымшы ай сайын сақтық кассасында қалып отырған ақшасына пайыз алады.
Z=YN
0 % 1
Мұны ақшадан түскен табыс дейміз. Келісім арқылы қанша ақша ұстауды білу үшін жеке адам қолдағы ақшасының құнын білуі тиіс. Жеке адамның ай сайынғы атаулы табысы ҮN делік. Сол ҮN кассадағы есепке ай сайын төленеді; оны жұмсау үшін ол кассадан валюта немесес чек түрінде қаражат алады. Кассада қалған депозиттен әр ай сайын і пайыз мөлшерлемесі пайда ретінде түседі. Ал қолдағы ақшадан ондай пайда түспейді. Жеке адамның қолындағы және сақтық кассасындағы есебі арасындағы басқа келісім құны (tс) . Ол құн жеке адам уақыты немесе басқа адам аударымының құны болуы мүмкін.
Ай саыйнғы қолда бар ақша сомасының шегерілгендегі сомасына жақындығы (а) суретінде жеке адам бір айда бір келісімге сақтық кассасынан қолма-қол ақша алғаны көрсетіледі. Айдын басында жеке бар сомасын ҮN-ді қолма-қол алады да, оны сол бір ай бойы жұмсайды. (ә) суретінде ақшаны екі келісім жасағаны үшін ұстайды, бірінші айдың басында, ал екінші айдың басында, ал екінші айдын орта шенінде жүзеге асады. (а) –да бір айдағы кассадағы ақша - Ү N / 2; (ә)-де - YN / 4 .
tc MC
0
Кассаны үйлесімді реттеу - орынды шығын санын анықтайды. Басқа келісім құны - tc – тұрақты сома, ол МС сызығымен кезкінделген. Шекті табыс - МВ – аз мөлшердегі ақша балансының пайыздық сомасы. Шекті табыс шығын көбейген сайын азая береді. Е нүктесінде сәйкес n* шығын санын үнемдеу есебінен ақшаға айналады.
Жоғарыдағы суреттен екі маңызды мәселе туындап отыр. Біріншіден, делдалық құны артты делік. Ол МС қисық сызығын жоғары қозғалтып, шығындар санын азайтады. Екіншіден, пайыз мөлшерлемесінің өсуі МВ қисық сызығын қозғалтады. Сондықтан артқан n ақшаны азайтады: пайыз мөлшерлемесі жоғары болған кезде жеке адам жоғары пайыз мөлшерлемесін алу үшін банкке жиі баратын болады. Сол себепті осы суретте ақша сұранысы пайыз мөлшерлемесіне қатысты екенін көрсетеді.
Табыстың өсуімен алғанда, мына суретте көрініп тұрғандай пайдасы аз. Табыстың өсуі МВ қисық сызығын жылжытып, келісімдер санын арттырады.
(1) формуласы бойынша (оны дамытқан Фильям Пауман мен Джеймс Тобин) табыстың ақша сұранысына екі жақты әсері бар. Ол формулада жалпы өзіндік құн бойынша алынған ақша сұранысы және касса балансы теңдеуі қарастырылады.
М* = √ts x YN
Теңдеу келісімдердің ақша сұранысы делдалдыққа, келісім құнына және табыс деңгейіне қарай артатының көрсетеді. Ақша сұранысы пайыз мөлшерлемесімен бірге қысқарады.
Теңдеуде табыстың өсуіне қарай ақша сұранысы пропорционалды артатыны көрсетілген. Басқаша, айтқанда, табыстың ақшаға коэффициенті - ҮN/M табыс деңгейіне қарай артады. Табысы жоғары адам шамамен ақшаны аз мөлшерде ұстайды. Бұл жерде кассаны басқаруда экономика деңгейі орын алады. Яғни ақша сұранысының икемділігі 1-ден аз [ол теңдеуде ½-ге тең].
Табыс икемділігі ақша сұранысының пайыздық өзгеруін өлшейді. Ондағы өзгеріс табыстағы бір пайыздық өзгерісте болуы тиіс. Сонымен, теңдеу ақша аударымының икемділігі делдалдыққа ½ екенін және пайыз мөлшерлемесіне де 1-2 екенін көрсетеді.
Табыс артқан кезде адам қолдағы бір долларын жұмсаған тұста қандай жағдай туындайды? Табыс жоғарылағанда кассаны басқару нәтижелері болады. Өйткені келісімнің әрбір долларының құны жоғарғы келісідерге қарағанда төмендеу. Табыстың сұранысқа икемділігі :
∆ (М/Р) ∆Ү Бұдан пайыздық ∆ (М/Р) ∆і
М/Р Ү икемділігі М/Р і
Бұл өз кезегінде келісісмдердің төменгі құны – делделдық келісімінің нәтижесі болып отыр. 10 долл. аударымның құны 10 млн. долл. аударыммен шамалас, яғни бұл аударылған әр доллардың құны көп мөлшердегі аударымдар кезінде төмен болады.
«Делдалдық құны» (tс-кассадан алу құны) уақытқа байланысты. Табыс артқанда tc Yn –мен бірге артады. Ол кезде табыстың өсуі ақша сұранысының артуын көрсетеді де , ол ½ -ден көп болады. Өйткені tc YN –пен қатар жүреді.
Монетарлық жиынтық құрауыштары
Төменде монетерлық жиынтық құрауыштары қысқаша түрде берілген.
1. Валюта ақшадан және айналымдағы банкнотталардан тұрады.
2. Сұраныстағы депозиттер – коммерциялық банктердегі пайызсыз тексерілетін есептер, бірақ онда басқа банктердің, үкімет және шетел банктерінің депозиті болмайды.
3. Саясатшылардың чегі банкте емес, мекемеде шығарылады. Банктерде шығарылған саяхатшылардың чек қағазы қажетті депозитке жатады.