Қазақстанда зейнетақы реформасын қаржымен қамтамасыз етудің проблемалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 21:50, курсовая работа

Описание

Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің аз уақытта өмір сүруіне қарамастан экономикадағы динамикалық дамып келе жатқан сегментіне жатады. Қазіргі уақытта зейнетақы қорында 436 млрд теңге жинақтары шоғырланған, ол ЖІӨ-нің 9% құрайды. Халық сенімін күшейту, салымшылырды тарту және зейнетақы активтерінің өсуі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің динамикалық дамуының негізгі факторы болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................ 3


1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ, ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ДАМУЫ..................................................................................... 5

1.1 .Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесінің қалыптасу тарихы және оның деңгейлері........................................................................................................... 5

1.2 Қазақстан Республикасы зейнетақы жүйесінің құрылымы және оны реформалаудың алғышарты мен ерекшелiктерi…………………………………. 13

2. ҚАЗАҚСТАНДА ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ………………………………………………………………................. 20

2.1Қазақстан Республикасы ЖЗҚ-ның зейнетақы жүйесінде алатын орны........ 20

2.2ҚР Жинақтаушы зейнетақы қорларының ағымдық жылдағы қаржылық операциялары............................................................................................................ 23
3.ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ………………………………………. 30

3.1.Қазақстан Республикасы ЖЗҚ алдында тұрған өзекті проблемалар……..... 30
3.2.ҚР ЖЗҚ қаржылық дағдарыс зардаптарын жабуы мен зейнетақы жүйесін жетілдіру бағыттары................................................................................................. 35


ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………... 38


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................... 40

Работа состоит из  1 файл

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС .ҚАРЖЫ. МАДИНА.doc

— 441.00 Кб (Скачать документ)

              Қазақстанда зейнетақы жүйесін мемлекеттің қадағалау жүйесі және жеке жинақтаушы жүйесі деп бөледі. (1-кесте).

 

Қазақстандағы зейнетақы қорларының спецификалық мінездемелерінің типтері

 

Мемлекеттің қадағалау жүйесі

Жеке жинақтаушы жүйесі

Әлеуметтік зейнетақы

Еңбек зейнетақысы

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры

Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары

Жергілікті бюджеттен

Заңды тұлғалардың қаржысынан

Міндетті төлемдер есебінен (10 %)

Міндетті төлемдер есебінен (10 %)

Мемлекеттік бюджеттен

Трансферттер есебінен

 

 

-

Ерікті төлемдерден

     Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры – салымшылардын міндетті зейнетақы жарналарын жинайтын және алушыларға Қазақстан Республика-сының  Үкіметі белгіленген тәртіппен зейнетақы төлейтін, сондай-ақ зейнетақы активтерін қалыптастыру жөнінде қызметті жүзеге асыратын және оларды  мемлекеттік бағалы қағаздарға, мемлекеттік банкілердің депозиттеріне, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялайтын заңды түлға.

     Мемлекеттік емес жинақтаушы  зейнетақы қоры - салымшылардын міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын жинауды және алушыларға зейнетақы төлеуді, сондай-ақ зейнетақы активтерін қалыптастыру жөнінде қызметті және осы заңда белгіленген тәртіппен оларды зейнетақы  активтерін басқару жөніндегі  компания арқылы инвестициялайды асыратың  заңды түлға.

      Қазақстанның қаржы нарығындағы мемлекеттік емес зейнетақы қорларының пайда болуы мен дамуы, әлеуметтік әсер алудың қажеттілігі болып табылатын және олардың инвестициялық саясатын негіздеу келесідей ұйғарымдар жасауға мүкіндік береді:

      стратегиялық мақсаттардағы таңдау, (яғни инвестиция бағыттарын);

      инвестициялық  артықшылықтарды қалыптастыру (инвестициялау  обьектілерін);

      инвестициялық  шектеулерді белгілеу (белгілі бір актив түрінің сандық мәнінің шегі).

     Егер белгіленген шектеулер мемлекеттік немесе оның атынан мемлекеттік емес  зейнетақы  қорларының  қызметтерін  бақылайтын мемлекеттік ұйымдардың қызметі болып табылса, ал  инвестициялық мақсаттарды  анықтау  зейнетақы  қоры  және оның  активтерін басқарушы компанияның қызметі болып табылады.

   Жүргізілген талдау, зейнетақы қорларының экономиканы қаржылдандыруға   қатысу мүмкіндігін келесі түрде   кескіндеуге мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

                                                                                                            

 

 

                                                                                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1- Мемлекеттік емес  зейнетақы  қорларының экономиканы  қаржыландыруға  қатысуы

 

     Зейнетақы қорларының активтерін осылайша пайдалану ел  экономикасында қажетті роль  атқармайды. Қазіргі кездегі, қаржы құралдарының белгілі-бір үлесін мемлекеттік бағалы қағаздарға міндетті инвестициялау, инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру емес, мемлекеттік қағаздарды жабу болып отыр.

 

Кесте 1-  Мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақы жүйелерінің  жағымды және жағымсыз  жақтары

 

ЗЖ

Жағымды жақтары

Жағымсыз жақтары

1

2

3

МЗЖ

Барлық жағын қамтиды

1 аз басқарылатындығы

2  тиімділігі жеткіліксіз

Мемлекеттік емес зейнетақы жүйесі (МЕЗЖ)

1.Жоғары табыстылық

2.Экономикалық өсімді және  жинақ ақша мөлшерін көтереді

3.Инвестициялық ресурстардың  пайдалануын және үлестірілуін  жақсартады.

4.Салымшылар алдындағы  қаржылық есеп

5.Жинақталған қаржыны мұра ретінде беру

6.Капитал қорын еркін таңдау

1.Барлық тұрғындарды әлеуметтік қорғауға толық кепілдік бермейді

2.Әлеуметтік    міндеттемелер әрекет етуші  қаржы базасына  сәйкес келмейді

3.Заңның аяқталмағандығы

4.Табыстың ең төменегі деңгейіне кепілдік бермейді

5.Төмен табыс алатын адамдар үшін тартымсыздығы

6.Жеке  институттарға деген сенімсіздік

 

Мемлекеттік емес жинақтаушы  зейнетақы қоры:

1)            ашық

2)            корпоротивтік болуы мүмкін.

  Ашық жинақтаушы  зейнетақы қорлары алушының жұмыс істейтін және тұратын жеріне қарамастан салымшылардан зейнетақы жарналарын қабыл-дауды жүзеге асырады.

  Корпоративтік жинақтаушы  зейнетақы қорлары сол кордың құрылтайшылары және акционерлері болып табылатын бір немесе бірнеше заңды түлғалардың алушы-қызметкерлері үшін құрылады.

         Қорлардың қызметі республикамыздың еңбекке қабілетті азаматтарын жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тартуға бағытталған. Нәтижесінде салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны жылдан жылға өсіп келеді. Бүгінде жинақтаушы зейнетақы қорларына қатысушылардың саны 9 миллионнан асты. 2008 жылдың 1 қыркүйегіне алғанда олардың зейнетақы салымдары 1,3 трлн. теңгені ($10 млрд. жуық) құрады. ІЖӨ-ге қатысты алғанда зейнетақы салымдары 2008 жылы 10% жақындады. Ерікті зейнетақы салымшыларының саны 2009 жылдың 1 қыркүйегінде 41,5 мың болса, жинақталған қаржы көлемі 941,5 млн. теңгені құрады.[5]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2.Қазақстан Республикасы зейнетақы жүйесінің құрылымы және оны реформалаудың алғышарты мен ерекшелiктерi

Қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйенсінің құрылымы үш негізден тұрады: зейнетақы қорлары, зейнетақы активтеріне инвестициялық басқаруды жүргізетін ұйымдар (ЗҚИБЖҰ) және банк-кастодиандар.                            Зейнетақы қорлары зейнетақы жарналарын жинайды, зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады және салымшылардың жеке шоттарының есебін жүргізеді. Олар сіздердің аударымдарыңыздың операторы ретінде жұмыс жасайды. ЗҚИБЖҰ атының өзі айтып тұрғандай, зейнетақы активтерін басқарады, заң шеңберінде түрлі жобаларға инвестиция ретінде жұмсайды. Зейнетақы қоры аталмыш компаниямен шарт жасайды, ол өз тәжірибесі мен стратегиясына сүйене отырып, зейнетақы салымдарын айналымға шығарады.              Қаржы рыногын  және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің “Қаржы секторының 2009 жылғы көрсеткіштері” есебіндегі мәліметтер бойынша,. 2009 жылдың шілде айының басында зейнетақы жинақтарының сомасы 1,6 триллион теңгеден асты, бес жылдық ішінде ЖЗҚ-ның орташа табысы 45,84 пайызды құрады, ал құнсызданудың жинақталған деңгейі, өкінішке орай, 64,01 пайызды құрады.                                                                                    Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің мәліметтері бойынша, “Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы” Заң қабылданғаннан бастап, 2009 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезең ішінде міндетті зейнетақы жарналарын салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны – 9 миллион 223 мың 712-ні құрады.. Қазір жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушылардың нақты саны 6,9 миллион шотын құрап отыр. Бұрын қайталанатын шоттарды есептегенде түрлі жинақтаушы зейнетақы қорларындағы бұл сан 9,5 миллион болатын. Зейнетақы қаржысын осылайша реттеу салымшылардың мүддесі үшін орындалып отыр: енді кез келген салымшы өзінің қаржысы қанша болғанын, ЖЗҚ зейнетақы активтерін (яғни қор клиентінің қаржысын) түрлі қаржы құралдарына инвестициялау арқылы оған қандай табыс әкелгенін нақты біліп отырады.[7]                                          Жинақтаушы зейнетақы жүйесі бәсекелестік жағдайында орналасқанына қарамастан (14 қордың 13-і — жеке қорлар, ал МЖЗҚ-ның екі акционері бар — ҚР Ұлттық Банк пен ЕҚДБ), мемлекет зейнеткерлерге құнсыздану деңгейін есепке ала отырып зейнетақы төлеуге кепілдік береді.[13]

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖЗҚ инвестициялық портфелі:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар. Осы нарық ойыншыларының алдына екі мәселе қойылады: зейнетақы активтерін инвестициялау және жүйелі түрде оның бағасын жүргізу. Бұдан бөлек, ЗАҚСБҰ жүйелі түрде ҚҚА мен ЖЗҚ алдында, сондай-ақ БАҚ арқылы – қор салымшыларының алдында өзінің қызметі жөнінде есеп беріп отыруы тиіс. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерімен қаржы салымын басқару зейнетақы активтерімен қаржы салымын басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен немесе осы қызмет түрімен айналысу құқығын беретін лайықты лицензиясы бар болған жағдайда, жинақтаушы зейнетақы қорымен өз бетінше жүргізіледі.
     Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 20-маусымындағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» №136-І заңы. ЗАҚСБҰ басқа инвестициялық компаниялардан айрықша ерекшеленеді. Біріншіден, олар қаржы салу бағытын таңдауда шектеулі. ЗАҚСБҰ-ның зейнетақы жинақтарын салуына болатын құралдар тізімін Қаржылық қадағалау агенттігі бекітеді. Бұл аса жоғары кірісі жоқ жоғары сенімдегі, бірақ төмен дәрежелі тәуекелдегі құралдар (олар туралы біз инвестициялық стратегияларға арналған бөлімде толығырақ тоқталамыз). Екіншіден, қатардағы инвестиялық компания клиенті қаржы салу тәуекелін осы компаниямен бірге бөліссе, онда ЗАҚСБҰ-мен біріккен жағдайда, зейнетақы қоры одан зейнетақы активтерін лайықсыз басқарудан туындаған зиян өтемін талап етуге құқылы. ЗАҚСБҰ жинақтаушы зейнетақы қорының және салымшылар алдындағы міндеттері бойынша өзіне тәуелді мүліктердің барлығына жауапкершілікті мойнына алады. Үшіншіден, заңнама ЗАҚСБҰ-ның өзіне, сонымен қатар оның акционерлері мен ұйымдастырушыларына басқа инвестициялық компанияларға қатысы жоқ бірқатар талаптар мен шектеулер қояды.
    ЗАҚСБҰ-ның әрекетіне не тыйым салынады:
1)құнды қағаздар (акциялардан бөлек) шығаруға;
2)үш айдан жоғары мерзімге банктерден қарыз алуға;
3)заңнамада көзделген кейбір мәмілелерді есептемегенде, зейнетақы активтерінің есебінен аффилиирленген тұлғалармен мәмілелер жасауға;
4)қандай тәсілмен болсын, қарыз беруге;
5)кез келген тұрғыдағы кепілдіктерді беруге, зейнетақы активтерімен салықтық келісім жасауға;

Информация о работе Қазақстанда зейнетақы реформасын қаржымен қамтамасыз етудің проблемалары