Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 21:50, курсовая работа
Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің аз уақытта өмір сүруіне қарамастан экономикадағы динамикалық дамып келе жатқан сегментіне жатады. Қазіргі уақытта зейнетақы қорында 436 млрд теңге жинақтары шоғырланған, ол ЖІӨ-нің 9% құрайды. Халық сенімін күшейту, салымшылырды тарту және зейнетақы активтерінің өсуі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің динамикалық дамуының негізгі факторы болып табылады.
КІРІСПЕ........................................................................................................................ 3
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ, ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ДАМУЫ..................................................................................... 5
1.1 .Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесінің қалыптасу тарихы және оның деңгейлері........................................................................................................... 5
1.2 Қазақстан Республикасы зейнетақы жүйесінің құрылымы және оны реформалаудың алғышарты мен ерекшелiктерi…………………………………. 13
2. ҚАЗАҚСТАНДА ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ………………………………………………………………................. 20
2.1Қазақстан Республикасы ЖЗҚ-ның зейнетақы жүйесінде алатын орны........ 20
2.2ҚР Жинақтаушы зейнетақы қорларының ағымдық жылдағы қаржылық операциялары............................................................................................................ 23
3.ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ………………………………………. 30
3.1.Қазақстан Республикасы ЖЗҚ алдында тұрған өзекті проблемалар……..... 30
3.2.ҚР ЖЗҚ қаржылық дағдарыс зардаптарын жабуы мен зейнетақы жүйесін жетілдіру бағыттары................................................................................................. 35
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………... 38
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................... 40
Қазақстанда зейнетақы реформасын жүргізген сәттен бастап 13 жыл ғана өтті. Алайда бүгінгі таңда қазақстандықтар зейнетақы жүйесі басқаша болғанын ұмытып та қалды. Кеңес заманы бойы қолданылған және жалпы әділдік қағидаттарына жауап бермеген бұрынғы жүйе КСРО ыдырағаннан кейін бірден өзінің жарамсыздығын көрсетті. Жаңа жүйе 13 жылдың ішінде өзін ақтап шықты және тиімділігін көрсетті, алайда қаржы дағдарысының салдарынан олар көп мөлшерде шығынға ұшырауда.
Қазіргі таңда ЖЗҚ қызметі әлеуметтік климатқа оң әсер ететінін сенімді айтуға болады, ең алдымен бұл еңбекке ынталандыруды арттырудан көрінеді. Көптеген зейнетақы жүйелері жалақының пайыз үлестеріне негізделген, бұл кәсіби өсуге ұмтылдырады. Жұмыс берушілер ЖЗҚ көп төлемдер жүргізу арқылы қажетті мамандарды ұстап қалуға мүмкіндігі бар (кейбір елдерде ондай төлемдерге салық салынбайды). Қоғам саяси оқиғалар аз орын алатын тұрақты, берік сипатқа ие болып жатыр, бұл тұрақты орта кластың қалыптасуын тездетіп жатыр. Бірақ қазіргі кезде бүкіл әлемді шарпыған қаржы дағдарысы жинақтаушы зейнетақы қорларына көптеген проблемаларды тудырып, олардың дамуына кедергі болып тұр. Қаржы дағдарысы көлемі мен түрлеріне қарамастан, зейнетақы жүйелерінің бәріне әсер етті. Дүниежүзілік банк мамандары қысқа мерзімді қаржы мәселелерін шешу үшін зейнетақы қорларына ешқандай да стратегиялық өзгерістер енгізбеуді сұрауда. Себебі болашақта бұл ұзақмерзімді жұмыстарына кері әсер етуі мүмкін. Алайда дүниежүзілік Банк ең маңызды мәселелерді аймақтағы демографиялық ахуалмен байланыстыруда.
Әлемдік қаржы дағдарысының зардабы алдымен банк жүйелеріне мол әсерін тигізді. Бұл «бәледен» зейнетақы жинақтаушы қорлары да айналып өте алмады. Ал ол салымшылардың «сары уайымына айналып», дүйім жұртты дүрліктірді. Әрине, тапқан-таянғандарының 10 пайызын аузынан жырып отырып «бақытты кәрілігіміз үшін» деп банктердің қалтасына салып қойып отырғанда, әлгі жиған-тергені дағдарыс аждаһасының аранына түсіп кетсе қайтпек?! Ал соңғы мәліметтерге қарағанда, зейнетақы қорларындағы инвестициялық кіріс төмендеп кеткен. Мұнымен қоса, қаржыдан қысылғанда ел үкіметі қордағы қаржыны инвестициялық жобаларға салуды қолға алған еді. Өтікен жыл Қазақстан үшін ең жемісті жылдардың бірі болды демесек те, экономикамыздың сауығуына бет бұрғанын жоққа шығаруға болмас. Дағдарыс салқыны тиген ел экономикасының кейбір салалары тұрақтылық сынына төтеп берді. Бұл ретте әлеуметтік саланың Елбасының оң назарында болып, халықтың тұрмыс-тіршілігі төмендемегенін айта кету керек. Дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында көптеген іс атқарылды.
Бірақ қазіргі кезде еліміздің қаржыгер мамандары осы қаржы дағдарысының зардаптарын жабу мақсатында көптеп жұмыстарды атқаруда. Мәселен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңаруға және дамуға» Жолдауына сәйкес зейнетақылардың орташа мөлшері 2010 жылы 25 процентке және 2011 жылы 30 процентке көбейетін болады. Бұл орайда, 2011 жылға қарай базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 50 процентіне дейін жетеді. Яғни, бұл зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттыру бағытында қолданылып жатқан шаралар әлемдік тәжірибедегі жоғалтқан табысты алмастыру (40 пайыз) стандартына жақындауымызға мүмкіндік беріп отыр. Стандартқа сай, еліміздегі алмастыру коэффициенті ынтымақты зейнетақы жүйесіндегі зейнеткерлерде 37,6 пайыз, ал жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушылары болып табылатын алушыларда 41,6 пайызға тең. Бұл дағдарыс жағдайында өте нәтижелі көрсеткіш болып есептелінеді.
Қорытындылай келе, менің курстық жұмысымның ғылыми жаңалығы төмендегі ғылыми қағидалар мен қорытындыларда көрініс тапты:
– әлемдік практикадағы зейнетақы жүйелерін толық талдаудың нәтижесінде олардың түрлерінің сипаттамасы берілген жүйелердің авторлық жіктемесі ұсынылды; зейнетақы жүйесі мен қаржылық нарықтардың, соның ішінде құнды қағаздар нарығының өзара байланысы анықталып, дәлелденді;
– жүргізілетін реформалардың экономикалық тиімділігі тұрғысынан алғанда зейнетақымен қамсыздандырудың негізгі мақсаты мен міндеттері адамдардың зейнетке шыққаннан кейін кепілді табыс табуы мен зейнеткерлерді түрлі тәуекелдіктерден сақтау және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету екендігі теориялық негізде дәлелденді;
– зейнетақы жүйесін жетілдірудің әлемдік жүйесі мен теориялық қағидалары Қазақстан Республикасы үшін келесі бағыттар бойынша ғылыми тұрғыда жалпыланды: қосымша кәсіби зейнетақы қорларын құру, кәсіби зейнетақы қорларының инвестициялық табыстарын тікелей салық салудан босату, мемлекеттік емес зейнетақы қорларын реттеу мен бақылауды, олардың ашықтығын қамтамасыз ету.
– зейнетақы жүйесінің дамуының түрі мен бағытын анықтайтын экономикалық және қаржылық көрсеткіштері анықталып, жүйеленді: жалпы ішкі өнімнің көлемі мен халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім деңгейі, мемлекеттік бюджеттің кірістері мен жалпы ішкі өнімдегі мемлекеттік зейнетақыларды төлеуге жұмсалатын шығындардың үлесі, жалақы мен инфляция деңгейі, адамдардың тұрмыс деңгейі, капитал нарығының (құнды қағаздар нарығының) және несиелік жүйенің жай-күйі және т.б. зейнетақы жүйесін реформалаудың мүмкіндіктерін бағалауда басты маңызы бар көрсеткіштер.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңаруға және дамуға» Жолдауы. Егемен Қазақстан газеті. № 38 басылым, 56 бет; 12.03.2009 жыл.
2. ҚР статистикалық Агенттігінің зейнетақы көрсеткіштері бойынша РК//www.stat/kz 2009/2010 ж.ж.
3. АСТАНА. 2010 жыл қаңтардың 18. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ «2010 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдері көлемін көтеру қорытындысы туралы»
4. Зейнетақы реформасының альтернативалылығы. Ғылыми-практикалық конференция материалдары. ҚР Ұлттық білім Академиясының Хабаршысы .№ 1(3) – 2009ж., бет.103-106;
5. ҚР зейнетақы жүйесін дамыту проблемалары //Доклад ҚР Ұлттық білім Академиясының Хабаршысы . № 4-2009 жыл., бет.71-74;
6. Қазақстан зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайы және оны дамыту жолдары // ҚР Ұлттық білім Академиясының Хабаршысы, № 4-2009 г., стр.90-94;
7. «Қаржылық дағдарыстың салқыны зейнетақы қорларына да әсер етуде.» Ғабит Ұзақбай . «Республика. Деловое обозрение» газеті 2009 жыл 13 қазан №5 санында шыққан мақала .
8. Астана. 26 наурыз 2010. "Қазақстан Бүгін" ақпараттық агенттігі – «Банк жүйесінің тұрақсыздығы зейнетақы қорларына теріс әсер етуі мүмкін.»
9. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің мәліметтері.www\kar.agent\kz
10. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы .
11. www/googl/kz. «ҰларҮміт» қоры
12. С.Құлпыбаев, В.Д.Мельников. Қаржы негіздері: оқулық.- Алматы LEM. 2007 жыл 460-466 бет.
13. www/googl.kz/ сайты. «ҚР зейнетақы жүйесінің құрылымы»;
14. www/yandex/kz/ сайты.«ҚР зейнетақы қорлары»
15. /www.stat/kz сайты. «ГНПФ» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ
16. //www.stat/kz сайты. «ГНПФ» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ ның 2009 жылғы 1 қазандағы жағдайы бойынша пайда мен шығындар туралы есебі
17. АСТАНА. Қаңтар 22, 2010 жыл.. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ «Әлемдік қаржы дағдарысының ҚР ЖЗҚ әсер ету ауқымы».
18. www/googl.kz/ сайты «ҚР ЖЗҚ қалыптасу тарихы»
19. Ә. Әбдіманапов Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері:Оқулық;-Алматы,200
5
Информация о работе Қазақстанда зейнетақы реформасын қаржымен қамтамасыз етудің проблемалары