Қазақстанда зейнетақы реформасын қаржымен қамтамасыз етудің проблемалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 21:50, курсовая работа

Описание

Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің аз уақытта өмір сүруіне қарамастан экономикадағы динамикалық дамып келе жатқан сегментіне жатады. Қазіргі уақытта зейнетақы қорында 436 млрд теңге жинақтары шоғырланған, ол ЖІӨ-нің 9% құрайды. Халық сенімін күшейту, салымшылырды тарту және зейнетақы активтерінің өсуі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің динамикалық дамуының негізгі факторы болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................ 3


1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ, ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ДАМУЫ..................................................................................... 5

1.1 .Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесінің қалыптасу тарихы және оның деңгейлері........................................................................................................... 5

1.2 Қазақстан Республикасы зейнетақы жүйесінің құрылымы және оны реформалаудың алғышарты мен ерекшелiктерi…………………………………. 13

2. ҚАЗАҚСТАНДА ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ………………………………………………………………................. 20

2.1Қазақстан Республикасы ЖЗҚ-ның зейнетақы жүйесінде алатын орны........ 20

2.2ҚР Жинақтаушы зейнетақы қорларының ағымдық жылдағы қаржылық операциялары............................................................................................................ 23
3.ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ………………………………………. 30

3.1.Қазақстан Республикасы ЖЗҚ алдында тұрған өзекті проблемалар……..... 30
3.2.ҚР ЖЗҚ қаржылық дағдарыс зардаптарын жабуы мен зейнетақы жүйесін жетілдіру бағыттары................................................................................................. 35


ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………... 38


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................... 40

Работа состоит из  1 файл

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС .ҚАРЖЫ. МАДИНА.doc

— 441.00 Кб (Скачать документ)

[14]

2.2ҚР Жинақтаушы зейнетақы қорларының ағымдық жылдағы қаржылық операциялары

     2010 жылғы 1 қаңтарда 14 жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан əрі – қорлар) өз қызметін жүзеге асырды. 2009 жылғы желтоқсан айында заңды тұлғаларға зейнетақы жарналарын тарту жəне зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия берілген жоқ. 14 заңды тұлғаның қорлардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға лицензиясы бар, оның ішінде 10 қор зейнетақы активтерін дербес басқару лицензиясына ие. Есепті күнде 11 екінші деңгейдегі банк кастодиандық қызметті жүзеге асырды. Сонымен бірге, 6 екінші деңгейдегі банк қорларға кастодиандық қызмет көрсетті: «HSBC Банк Қазақстан» АҚ еншілес банкі, «Банк Центр Кредит» АҚ, «Қазақстан Халық Жинақ Банкі» АҚ, «Еуразиялық Банк» АҚ, «АТФ Банк» АҚ жəне «Ситибанк Қазақстан» АҚ. Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар (алушылар) шоттарының саны 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1 855,2 млрд. теңге жинақталған зейнетақы қаражатының жалпы сомасымен 7 732 128 болды. Міндетті зейнетақы жарналарын аударатын салымшылар шоттарының саны 2009 жылғы желтоқсан айында 1 872-ге азайды, жинақталған зейнетақы қаражаты өз кезегінде 36,2 млрд. теңгеге (2,0%) ұлғайды.

     2010 жылғы 1 қаңтарда міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар (алушылар) шоттарының ең көп саны 4 қорда жинақталды: «Қазақстан Халық Банкі» – 24,8%, «МЖЗҚ» – 22,5%, «Ұлар Үміт» – 13,0% жəне «БТА Қазақстан» – 11,3% немесе олардың үлесіне барлық қорлар салымшыларының жалпы санының 71,6%-ы келеді. 2009 жылғы желтоқсан айында 4 қордың үлесі 0,2 пайыздық тармаққа төмендеді.

     Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар (алушылар) шоттарының саны 2010 жылғы 1 қаңтарда жинақталған зейнетақы қаражатының жалпы сомасы 1,2 млрд. теңгемен 41 682 болды. Ерікті зейнетақы жарналарын аударатын салымшылар шоттарының саны 2009 жылғы желтоқсан айында 1 096-ға (2,7%) ұлғайды, жинақталған зейнетақы қаражаты сондай-ақ 0,2 млрд. теңгеге (20%) ұлғайды.

     Ерікті кəсіби зейнетақы жарналары бойынша салымшылар шоттарының саны 2010 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының жалпы сомасы 85,4 млн. теңгемен 4 076 болды. Ерікті кəсіби зейнетақы жарналарын аударатын салымшылар (алушылар) шоттарының саны 2009 жылғы желтоқсан айында 4-ке, жинақталған зейнетақы қаражаты 2,0 млн. теңгеге (2,4%) ұлғайды.

     Салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаты 2009 жыл ішінде 440,0 млрд. теңгеге (31,0%) ұлғайып, 2010 жылғы 1 қаңтарда 1 860,5 млрд. теңге болды. 2009 жылғы желтоқсан айында салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатының өсімі 36,3 млрд. теңге (2,0%) болды.

     Зейнетақы жарналарының жалпы түсуі 2009 жылдың басынан бастап 304,1 млрд. теңгеге (25,7%), оның ішінде 2009 жылғы желтоқсан айында 33,5 млрд. теңгеге (2,3%) ұлғайып, 2010 жылғы 1 қаңтарда 1 488,8 млрд. теңге болды.

Зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен, салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген «таза» инвестициялық кіріс сомасы (комиссиялық сыйақыны шегергенде) 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 481,7 млрд. теңге болды.

     2009 жылдың басынан «таза» инвестициялық кірістің өсімі 174,7 млрд теңге (56,9%) , оның ішінде 2009 жылдың желтоқсандағы өсім 4,3 млрд. теңге (0,9%) болды. Салымшылардың (аушылардың) 2009 жыл ішіндегі жинақталған зейнетақы қаражатының көлемі мынадай көрсеткіштермен сипатталады:

млрд. теңге

Күні

1.01.08

1.01.09

1.01.09

1.01.09 салыстырғандағы өсім

1.01.09 салыстырғандағы өсім (%-бен)

Жинақталған зейнетақы қаражаты

1 208,1

1 420,5

1 860,5

440,0

31,0

Зейнетақы жарналары

912,1

1 184,7

1 488,8

304,1

25,7

«Таза» инвестициялық кіріс

339,3

307,0

481,7

174,7

56,9

«Таза» инвестициялық кірістің жинақталған зейнетақы қаражаты сомасындағы үлесі

28,1

21,6

25,9

-

4,3 %

(%-дық тармақ)

     Көрсетілген кестеден 2009 жылдың басынан бастап жинақталған зейнетақы қаражатының өсімі 440,0 млрд. теңгені құрағаны байқалады. Жинақталған зейнетақы қаражатының орташа айлық өсімі 36,7 млрд. теңге болды. [2]

2010 жылғы 1 қаңтарда ең көп жинақталған зейнетақы қаражатының сомасына 4 қор ие болды: барлық қорлардың жинақталған зейнетақы қаражатының жалпы көлемінен «Қазақстан Халық Банкі» – 559,8 млрд. теңге (30,1%), «МЖЗҚ» – 293,4 млрд. теңге (15,8%), «ҰларҮміт» – 245,0 млрд. теңге (13,2%) жəне «БТА Қазақстан» – 207,7 млрд. теңге (11,2%) немесе жиынтығында осы 4 қордың үлесіне барлық жинақталған зейнетақы қаражатының 70,3%-ы келді.[2]

Зейнетақы жарналарының «таза» инвестициялық кірістің жəне жинақталған зейнетақы қаражатының өзгеру динамикасы

млрд.теңге

мұнда : 1 – 1.01.08;   2 - 1.01.09;  3 – 1.04.09;  4 – 1.07.09;  5 – 1.10.09; 6 – 1.01.10

      Міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы ұстап қалмау мен аудармау жəне жинақталған зейнетақы қаражатын бір қордан екінші қорға аударым жасауды уақтылы жүзеге асырмау үшін өсімпұл сомасы 2010 жылғы 1 қаңтарда 11,2 млрд. теңге болды. Өсімпұлдың жалпы сомасының бір жылдағы өсімі 1,7 млрд. теңге (17,9%), оның ішінде 2009 жылғы желтоқсан айындағы өсім 0,4 млрд. теңге (3,7%) болды.

      Зейнетақы төлемдері жəне қорлардан сақтандыру ұйымдарына аударымдар 2010 жылғы 1 қаңтарда 132,2 млрд. теңге болды немесе 2009 жылғы желтоқсан айында 3,6 млрд. теңгеге (2,8%) өсті. Қорлар бір жыл ішінде алушыларға жалпы сомасы 40,1 млрд. теңгеге (43,5%) зейнетақы төлемдерін жүзеге асырды.                             2009 жылдың басынан бастап зейнетақы аннуитет шарттарына сəйкес сақтандыру ұйымдарына алушылардың жинақталған зейнетақы қаражатын адарым жасау жалпы сомасы 3,4 млрд, теңгеге 1 722 алушға жүзеге асырылды. Зейнетақы  аннуитет шарттарына сәйкес сақтандыру ұйымдарына алушылардың жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасаудың жапы сомасы 2010 жылғы 1 қаңтардың 3,9 млрд. теңгені құрады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі жөніндегі ақпаратты Агенттіктің сайтында орналастыру, сондай-ақ қорлардың ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы салымшыларға (алушыларға) қорды дербес таңдауға жəне зейнетақы заңнамасы бойынша берілген жинақталған зейнетақы қаражатын бір қордан екінші қорға аудару құқығын пайдалануға мүмкіндік береді. 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жинақталған зейнетақы қаражатын бір қордан екінші қорға аудару 2009 жылғы желтоқсан айында 29,8 млрд. теңгеге (4,4%) ұлғайып, 710,3 млрд. теңгені құрады. Жинақталған зейнетақы қаражатын аудару 2009 жылы 385,2 млрд. теңгеге немесе 2,2 есе өсті. 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ЗАИБЖАҰ-да инвестициялық басқаруда болған зейнетақы активтерінің жиынтық 2009 жылғы желтоқсан айында 448,0 млрд. теңгеге немесе 31,7%-ға өсіп, 1 860,8 млрд. теңге, оның ішінде 2009 жылғы желтоқсан айында 36,0 млрд. теңге немесе 2,0% болды.

2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2010 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде зейнетақы активтерінің орташа айлық өсуі 37,3 млрд. теңге болды.

Зейнетақы активтерінің жиынтықты көлемін бөлу

ЗАИБЖАҰ /ООИУПА

Зейнетақы активтері

пенсионные активы

ЖЗҚ /НПФ

млн. теңге

%-бен

в %

«Қазақстан Халық Банкі жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ еншілес ұйымы

560 755

30,13

"ГНПФ" жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ

293 545

15,77

"Жетісу" ЗАИБЖАҰ" АҚ

243 735

13,10

"ҰларҮмiт" жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ

243 735

13,10

«БТА Банкі» АҚ еншілес ұйымы «БТА Қазақстан жинақтаушы

207 854

11,17

 

зейнетақы қоры» АҚ

"GRANTUM Asset Management" ЗАИБЖАҰ" АҚ («Қазкоммерцбанк» АҚ ЕҰ)

108 512

5,83

"ГРАНТУМ жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ («Қазкоммерцбанк» АҚ еншілес ұйымы)

108 512

5,83

«Капитал» ЖЗҚ» АҚ - «Банк ЦентрКредит» АҚ еншілес ұйымы

83 080

4,46

"МұнайГаз - Дем" жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ

60 667

3,26

"Еуразиялық жинақтаушы зейнетақы қоры " АҚ

60 640

3,26

"Нұр-Траст" ЗАИБЖАҰ" АҚ, "Нұрбанк" АҚ ЕҰ

58 136

3,12

"Нұрбанк" АҚ еншілес ұйымы "Атамекен" жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ

58 136

3,12

"Отан" ашық жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ («АТФ Банк» АҚ еншілес ұйымы)

55 123

2,96

"РЕСПУБЛИКА жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ

42 515

2,28

"АМАНАТ ҚАЗАҚСТАН жинақтаушы зейнетақы қоры " АҚ

40 058

2,15

"Қазақмыс жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ

24 662

1,33

"Өрлеу" ЗАИБЖАҰ" АҚ

21 554

1,16

"Қорғау" жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ

21 554

1,16

Барлық ЖЗҚ бойынша жиынтығы

1 860 836

100

Информация о работе Қазақстанда зейнетақы реформасын қаржымен қамтамасыз етудің проблемалары