Қазақстанда зейнетақы реформасын қаржымен қамтамасыз етудің проблемалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 21:50, курсовая работа

Описание

Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің аз уақытта өмір сүруіне қарамастан экономикадағы динамикалық дамып келе жатқан сегментіне жатады. Қазіргі уақытта зейнетақы қорында 436 млрд теңге жинақтары шоғырланған, ол ЖІӨ-нің 9% құрайды. Халық сенімін күшейту, салымшылырды тарту және зейнетақы активтерінің өсуі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің динамикалық дамуының негізгі факторы болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................ 3


1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ, ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ДАМУЫ..................................................................................... 5

1.1 .Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесінің қалыптасу тарихы және оның деңгейлері........................................................................................................... 5

1.2 Қазақстан Республикасы зейнетақы жүйесінің құрылымы және оны реформалаудың алғышарты мен ерекшелiктерi…………………………………. 13

2. ҚАЗАҚСТАНДА ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ………………………………………………………………................. 20

2.1Қазақстан Республикасы ЖЗҚ-ның зейнетақы жүйесінде алатын орны........ 20

2.2ҚР Жинақтаушы зейнетақы қорларының ағымдық жылдағы қаржылық операциялары............................................................................................................ 23
3.ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ………………………………………. 30

3.1.Қазақстан Республикасы ЖЗҚ алдында тұрған өзекті проблемалар……..... 30
3.2.ҚР ЖЗҚ қаржылық дағдарыс зардаптарын жабуы мен зейнетақы жүйесін жетілдіру бағыттары................................................................................................. 35


ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………... 38


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................... 40

Работа состоит из  1 файл

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС .ҚАРЖЫ. МАДИНА.doc

— 441.00 Кб (Скачать документ)

     Инвестицияланған зейнетақы активтерінің көлемі 2009 жылы 461,2 млрд. теңгеге немесе 33,5%-ға, оның ішінде 2009 жылы желтоқсанда 60,8 млрд. теңгеге немесе 3,4%-ға өсіп, 2010 жылғы 1 қаңтарда 1 839,6 млрд. теңгені құрады.

     ҚР эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарының жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфеліндегі үлесі инвестицияланған зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің 37,7%-ын (748,5 млрд. теңге) құрайды жəне 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша осыған ұқсас көрсеткішке қатысты 76,0%-ға немесе 323,3 млрд. теңгеге өсті. 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік емес бағалы қағаздардың үлесі инвестицияланған зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің 36,9%-ын (678,6 млрд. теңге) құрады.

 

ЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелі

Қаржы құралдары

1.01.2009ж.

1.01.2010ж.

млн. теңге

%

млн. теңге

%

ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары, оның ішінде

425 228

30,85

748 525

40,69

ҚР еурооблигациялары

0

0

0

0

Қаржы министрлігінің бағалы қағаздары

340 989

24,74

661 037

35,93

Ұлттық Банктің ноттары

84 239

6,11

87 488

4,76

Шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары

142 727

10,35

222 235

12,08

акциялар

37 532

2,72

50 701

2,76

облигациялар

105 195

7,63

171 534

9,32

Шетел инвестициялық қорларының пайлары

0

0

0

0

Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары

0

0

74 207

4,03

Шетел эмитенттерінің мемлекеттік бағалы қағаздары

22 721

1,65

17 585

0,96

Тазартылған алтын

22 308

1,62

0

0

ҚР эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары, оның ішінде

638 693

46,34

678 568

36,88

акциялар

135 706

9,85

196 672

10,69

облигациялар, оның ішінде

502 987

36,49

481 896

26,19

шетел валютасында номинирленген

37 667

2,73

20 685

1,12

теңгеге номинирленген

465 320

33,76

461 211

25,07

Екінші деңгейдегі банктердегі салымдар

123 483

8,96

92 098

5,01

Туынды бағалы қағаздар

3 233

0,23

6 400

0,35

Жиынтығы

1 378 393

100

1 839 618

100

    ҚР эмитенттері техникалық дефолтқа жол берген, жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфеліндегі мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздардың үлесі 2010 жылғы 1 қаңтарда зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің 3,5%-ын құрады, бұл абсолюттік түрде 65,6 млрд. теңгені құрады.

Қорлардың номиналды кірісінің коэффициенті туралы мəліметтер

2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері бойынша номиналды кірістің орташа алынған коэффициенті:

– 2006 жылғы желтоқсан – 2009 жылғы желтоқсан кезеңінде – 21,54% (ұқсас кезеңдегі инфляцияның жинақталған деңгейі – 38,15%);

– 2008 жылғы желтоқсан – 2009 жылғы желтоқсан кезеңінде – 11,95% (ұқсас кезеңдегі инфляцияның деңгейі – 6,2%) құрады.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының номиналды кірісі коэффициентінің өзгеруі ағымдағы жылдың 2009 жылғы 1 желтоқсанында алдыңғы айдың көрсеткішімен салыстырғанда мынандай сипатта болды:

- 60 ай ішіндегі номиналды кіріс коэффициенті 0,78 пайыздық тармаққа азайды;

 

- 36 ай ішіндегі номиналды кіріс коэффициенті 2,13 пайыздық тармаққа азайды;

 

- 12 ай ішіндегі номиналды кіріс коэффициенті 0,39 пайыздық тармаққа азайды.

Қорлардың қаржылық жай-күйі

     Қорлардың жиынтық капиталы 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 72,9 млрд. теңге болды, оның ішінде жарғылық капитал – 40,7 млрд. теңге немесе жиынтық капиталдың жалпы көлемінің 55,8%-ы болды. Қорлар бойынша активтердің жалпы сомасы 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 85,2 млрд. теңге болды, 2009 жылдың басынан бастап активтер сомасы 14,5 млрд.теңгеге (20,5%) ұлғайды. 2009 жылғы желтоқсан айында 4 қор («АМАНАТ Қазақстан», «Еуразиялық», «Қорғау» жəне «Республика») жалпы сомасы 1,4 млрд. теңге шығынға ұшырады. Қорлардың меншікті активтері есебінен қаржы инвестициялары 2010 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 66,6 млрд. теңге немесе қорлардың жиынтық активтерінің 78,2%-ы болды. Қорлар меншікті активтерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына – 59,3%, Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына – 13,1%, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына – 3,2%, «Кері РЕПО» операцияларына - 3,8% инвестициялады, екінші деңгейдегі банктердегі салымдарға – 10,6%, шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына – 10,0% - инвестициялардың жалпы көлемінің 10,0% -ын орналастырды.[14]

 

3.ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ  ПРОБЛЕМАЛАРЫН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

 

3.1 Қазақстан Республикасындағы ЖЗҚ алдында тұрған өзекті проблемалар

     Әлемдік нарықтағы тұрақсыздықтың кім-кімге де оңай тиіп жатпағаны белгілі. Әлемдегі қаржы дағдарысынан еліміздегі зейнетақы жүйесі де шет қалған жоқ. Соңғы уақытта зейнетақы қорларындағы инвестициялық кіріс төмендеп кетті, халықтың біраз бөлігі зейнетақы қорларындағы ақшаларына алаңдаушылық білдіруде. Кейбір қаржыгер мамандардың айтуына қарағанда, осындай дағдарыс асқына беретін болса, азаматтар тек қана пайыздық өсімінен емес, зейнетақы қорындағы негізгі салымынан да айырылып қалуы мүмкін деген болжам айтады.                                                                                                                               Зейнетақы реформасын жүргізуде көптеген нәтижелермен бірге, әдістемелік қателіктер жіберілді, соның салдарынан нарықтық жағдайға қазіргі зейнеткерлердің зейнетақылық қамтамасыз етілуі толығымен бейімделмеді және мемлекеттік бюджеттен автономдық ала алмады.                                                                       Зейнетақы реформасының бастапқы концепциясы тежеуленді. Бірінші және басты қателік – 1998 жылы бірынғай әлеуметтік салықты еңгізу болып табылады, себебі ол да қосылған құн салығы мен табысқа салық қатарына түсіп кетті. Бүгінгі күні осы институттың радикалды трансформациясы қажеттілігінде проблема туындап тұр. 1998-2006 жылдарда зейнетақылық қамтасыз етуде басты кемшілік ол максималды зейнетақы проблемасы болып табылады. Ол зейнетақы көлемі бойынша жоғары емес және азаматтардың еңбегін толық есепке алмайды.                                                                                                                              Зейнетақы жүйесiнiң осыдан 13 жыл бұрын енгiзiлгенiне қарамастан, қорлардың табысы айтарлықтай мәз емес екенiн айтып та, жазып та жүрмiз. Оның негiзгi себебi неде? Негiзгi себеп — зейнетақы активтерiн салуға болатын инструменттердiң аздығы. Айталық, қорлар портфелiнiң 30 пайызы — мемлекеттiк құнды қағаздар. Ал мемлекеттiк құнды қағаздардың табысы қандай екенiн өздерiңiз де бiлесiздер. Инфляцияның деңгейiнде болса, оған да шүкiр. Шетелдiк құнды қағаздар, банк депозиттерi тәрiздi өзге салым көздерiнiң де жетiсiп тұрғаны шамалы. Мұндай жағдайда табыс туралы сөз қозғаудың өзi артық. Оның үстiне кейбiр факторлар онсыз да мәз емес жағдайды ушықтыра түстi. Бұрындары мұнай бағасы есебiнен мұнай компаниялары қағаздарының құны бар болатын. Қазiр ол да жоқ. Бүгiнде пайда табуға жарайтындай табыс көзi де жоқ. Тығырықтан шығудың жалғыз жолы — зейнетақы активтерiн экономиканың нақты секторына бағыттау. Экономиканың нақты секторын дамытпайынша, төмен табыстан қашып құтыла алмаймыз. Бiрақ, экономиканың нақты секторы қандай күй кешiп тұрғаны жұртқа аян. Бұл ретте ауызды құр шөппен сүртiп отырмыз.[5]

Еуропа және Орталық Азия елдеріндегі бір де бір зейнетақы жүйесі дағдарысқа төтеп бере алмады. Демографиялық проблемалар қаржы дағдарысының салдарынан да асып түсуі мүмкін. Аталған зерттеуді бірнеше ғалымдар бірігіп жүргізген екен. Зерттеу жұмысының авторлары дүниежүзіндегі ешбір зейнетақы қоры дағдарысқа төтеп бере алмады деген қорытындығы келді. «Өндіріс көлемінің күрт төмендеуі және салық салу базасының азаюы зейнетақы жүйелерінің көлемін қысқартты. Сол уақытта белең алған жұмыссыздық, жалақының төмендеуі, қаржы активтерінің құлдырауы жұмысшылар мен жұмыс берушілердің салымдары есебінен қаржыландырылып келген жүйелерге әсер етті», – дейді Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия аймағы бойынша аға экономист маманы Анита Шварц.                                                                                                                                                                         Қаржы дағдарысы көлемі мен түрлеріне қарамастан, зейнетақы жүйелерінің бәріне әсер етті. Дүниежүзілік банк мамандары қысқа мерзімді қаржы мәселелерін шешу үшін зейнетақы қорларына ешқандай да стратегиялық өзгерістер енгізбеуді сұрауда. Себебі болашақта бұл ұзақмерзімді жұмыстарына кері әсер етуі мүмкін. Алайда дүниежүзілік Банк ең маңызды мәселелерді аймақтағы демографиялық ахуалмен байланыстыруда. Еліміздегі зейнетақы қорларына да дағдарыс әсер еткен. Бұл мәліметті «Капитал» Зейнатақы Қорының Алматы бөлімінің басшысы Ілес Әуезханқызы да растап отыр. Ол: “Дағдарысқа қарамастан адамдар қорға ақша аударуда. Елімізде қазір салымшылардың қордағы ақшасы мемлекет тарапынан кепілдендірілген. Сондықтан салымшыларға алаңдауға негіз жоқ” деген пікірде. Ал өз кезегінде Дүниежүзілік Банк сарапшысы: «Аймақ халқы қартайып бара жатқандықтан, Еуропа мен Орталық Азияның келешегі алаңдаушылық тудырады. Зейнетақы жүйелерінің алдағы дефициті ағымдағы болжамдардан үш есеге асып түсіп, 20 жыл бойы осы деңгейде тұрақтап, жағдай содан кейін ғана жақсаруы мүмкін.              Әлемдік қаржы дағдарысының зардабы алдымен банк жүйелеріне мол әсерін тигізгені рас. Бұл «бәледен» зейнетақы жинақтаушы қорлары да айналып өте алмады. Ал ол салымшылардың «сары уайымына айналып», дүйім жұртты дүрліктірді. Әрине, тапқан-таянғандарының 10 пайызын аузынан жырып отырып «бақытты кәрілігіміз үшін» деп банктердің қалтасына салып қойып отырғанда, әлгі жиған-тергені дағдарыс аждаһасының аранына түсіп кетсе қайтпек?! Ал соңғы мәліметтерге қарағанда, зейнетақы қорларындағы инвестициялық кіріс төмендеп кеткен. Мұнымен қоса, қаржыдан қысылғанда ел үкіметі қордағы қаржыны инвестициялық жобаларға салуды қолға алған еді. Әрине, осының бәрі мынадай дағдарыс деген алаң-елең кезеңде «ертеңге деп» жалақысынан бөліп беріп жүрген ақшаның тағдырына алаңдаушылық тудырды. Өйткені, дағдарыстың салдарынан біздің банктердің бағы тая бастаған болатын. Жұртшылықтың жарғақ құлағын жастыққа тигізбей жүрген де осы мәселе.[8]
              Біз негізінен ТМД мемлекеттерінің ішінде зейнетақы жүйесін реформалауды бірінші болып бастағандардың біріміз. Жаңа жүйеге көшер алдында Қазақстан әлемдегі түрлі зейнетақы жүйесінің озық үлгілерін зерттеп-зерделеді. Нәтижесінде Чилиде сынақтан өткен үлгіге тоқтаған болатын.
Әу баста ерікті түрде болғанымен, бұл жүйе кейінірек жаппай міндеттелді. Яғни, зейнетақы қорындағы арнайы есепшотыңа тапқан табысыңның 10 пайызын аударуға тиіссің. Республика азаматтары жинақтаушы зейнетақы қорына 1998 жылдан бастап салымдар аудара бастады. Осы жылдар ішінде бұл саланың құқықтық-нормативтік базасы жасақталып, лайықты инфрақұрылым жасалынып, бәсекеге қабілетті зейнетақы қызметінің нарығы біршама қалыптасты.                                                                                                                                                          Бүгінде елімізде 14 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істейді. Үстіміздегі жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша, азаматтардың жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы салымдары 1 триллион теңгеден асқан.
Сонымен, осы жылдарға дейін тыныш жұмыс істеп келе жатқан зейнетақы жинақтау қорларының жұмысына дағдарыс кезінде күмәннің тууына не себеп? Неге жұртшылық сенімсіздік танытты? Біріншіден, әрине, әлемдік қаржы дағдырысы банк жүйесіне зор ықпалын тигізіп, қаржыгерлердің жүйкесін жұқартқаны белгілі. Сондықтан да банктің бәрі «банкрот» деп түсінген көпшілік салымдары күйіп кете ме деп қорықты. «Құлдырап жатыр екен» деген сыбыс естісе болды, зейнетақы қорын дереу ауыстыра бастады. Ал одан айтарлықтай пайданың болмағаны да ақиқат. Оның үстіне, кейбір экономист мамандар да дағдарыс бұдан әрі қарай асқына берсе, халық тек қана пайыздық өсімінен емес, зейнетақы қорындағы негізгі салымынан да айырылып қалуы мүмкін деген болжамдар айта бастады. Алайда, жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшының ақшасы бір-екі жыл ғана сақталатын дүние емес. Ол жылдар бойы жинақталады. Сондықтан бірнеше айдың, немесе өткінші дағдарыстың дабырына бола дабыл қағу дұрыс емес.                                                                                    Сондай-ақ, негізінен зейнеткерлікке шығатын салымшылардың жинаған ақшасы инфляция кезінде азаятын болса, заң бойынша Үкімет оны бюджет «қалтасынан» толтыруға міндетті. Ол заңда қарастырылған.
Жинақтаушы зейнетақы қорларын реттеу және қадағалауды Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі жүргізеді. Жинақтаушы зейнетақы жинақтарын сақтауда ірі қаржы институттарына қатысты жоғары талаптар белгіленген. Сонымен қатар, Министрлік Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту жөнінде, атап айтар болсам, халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтуды кеңейту;
зейнетақы салымдарын сақтандырудың қосымша түрлерін кезең-кезеңімен дамыту; инвестициялық кірісті арттыру және зейнетақы жинақтарын орналастыру үшін қаржы құралдарының тізбесін кеңейту шаралары; жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлеу жүйесін жетілдіру және зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету бөлігінде ұсыныстар әзірленуде.                                                                                                                                                                        Осы тұрғыдан алғанда Үкіметтің зейнетақы қорларындағы қаражатты инвестициялық жобаларға құю бастамасы көңілге қонымды. Мамандардың айтуына қарағанда, бұл жағдайда зейнетақы төлеу процесіне тұрақты мониторинг жасалып, жыл сайын республикалық бюджеттен инфляцияға кеткен шығынды жабу үшін қаражат бөлініп отыратын көрінеді.
Зейнетақы қорындағы қаражат инвестициялық жобаларға бағытталса, Үкіметтің есебінше, мұндай қадам – отандық қор нарығын тұрақтандыруға көмектеседі. Сондай-ақ, бұл тұрғыда, Елбасының өзі: «Зейнетақы активтерінің сақталуына толықтай кепілдік беремін. Оның бір тиыны да ретсіз жұмсалмайды. Бірнеше қадағалаушы мекеме құрамыз. Басқа да инвестиция көздерін қарастырып жатырмыз, - деп айтып өткен болатын.
Үкімет халықтың зейнетақы қорындағы ақшасын сақтап қалуда біраз шаралар қарастыруда. Біріншіден, шетел эмитенттері шығарған қаржы құралдарының үлесін азайту арқылы жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфелін қайта құрылымдау және инвестициялық тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік беретін мемлекеттік бағалы қағаздардың шығарылымын арттыру. Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры іске асыратын экономиканың нақты секторының жобаларына зейнетақы активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарын әртараптандыру. ЖЗҚ-лардың инвестициялық саясатын ҚҚА-ның жетілдіруі, және де олардың инвестициялық қызметін, тәуекелдерді басқару жүйесін қадағалауы. ЖЗҚ-лардың қызметін реттейтін заңнамалық базаны жетілдіру. Мәселен, Үкіметтің мәліметтерінше, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ЖЗҚ-ларға нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарын салымшының зейнетақы төлемдерін алу құқығын иелену сәтіндегі инфляция деңгейін ескере отырып өтеу мәселесін іске асыру мақсатында Үкімет 2009 жылға арналған республикалық бюджетте «Зейнетақы бағдарламасы» 002 бюджеттік бағдарламасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекеттік кепілдік беру міндеттемелерін төлеу» 103 шағын бағдарламасы бойынша 1 млрд. 700 млн. теңге сомасында тиісті қаражат көздерін қарастырған. [17]                                                                                                                Қазіргі таңда зейнетақы қорлары отандық өндірісті дамытуға үлес қосып отырған ірі институционалды инвесторлар болып отыр. Бұл экономиканың нығаюына, халықтың әлеуметтік қорғалуы мен өмір сүру деңгейінің артуына септігін тигізеді. Салымшылардың зейнетақы жинақтарын дұрыс инвестициялау оларды сақтау және көбейтуге мүмкіндік береді.                                                        Ал енді зейнетақы қорларын инвестициялау қажеттілігі неден туып отырғандығын қарапайым тілмен түсіндірсем. Мысалы, орташа есеппен, айына 50 мың жалақы алатын кісі жылына 600 мың теңге табыс тапты дейік. Яғни, ол оның 10 пайызын жылына 60 мың теңгені қорға салады. Сонда 30 жылдан соң әлгі кісі зейнетке шықса, ол зейнеттегі өміріне 1 миллион 800 мың теңге көлемінде қаржы жинайды екен. Ал осының тұтастай өсімі жылына 3 пайыздан болды дегеннің өзінде, 90 пайыздық өсім алсақ, соңғы сома 3 млн. 600 мың теңгегемен шектеледі. Ал оған жыл сайын үстемелеп келе жатқан инфляцияның өсуін тағы қосыңыз. Сонда инвестициялық айналымға түспеген қаржы ертеңгі күні сіздің қалған ғұмырыңызға жетеді деу шындыққа жанаспайды.                            Бұған дейін қордағы қаржы қозғаусыз жатты дегеннен аулақпызн. Екінші деңгейлі банктер зейнетақы қорларындағы қаражатты қалағанынша пайдаланды. Тіпті, олардың активтері он жыл ішінде шамамен 1000 пайызға дейін өскендері де болды. Бірақ бірде-бір банк жинақтаушы зейнетақы қорларындағы қаржыны пайдаланғаны үшін 10 пайыздан артық өсім бермей келген.                                                                                                                                                                                      Ал соңғы 1-2 жылдағы инвестициялық жобаларға жұмсалған қордың керісінше тиімділігі байқалған. Сондай-ақ, банк басшыларының қаншалықты байығаны, жұмысынан босатылды деген Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының (ГНПФ) төрағасы жалақысынан да аңғарылғандай. Бұл мәліметті Есеп комитетінің төрағасы Ө.Өксікбаев хабарлаған болатын. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының төрағасы айлық жалақысына 1 млн теңге алса, оның орынбасарларының айлығы 856 мың теңге екен. Сондай-ақ қордың үш басшысының сыйақы мөлшері 75,5 миллион теңгені құраған. Ал қор төрағасына іссапар шығындарының төлемі ерекше мөлшерде бекітілген, сонымен бірге, қызметкерлердің ұялы байланыс телефондарының шығындары да қарастырылған деген деректер біраз адамды дүрліктірді. Бір қызығы, бұл мәлімдеме қордағыларды да бей-жай қалдырмапты. Тіпті, ол мәлімдемеге келіспеген қордағылар өздерінің МЖЗҚ ресми сайтында Омархан Өксікбаевтың дерегін жоққа да шығарды. Қалай болғанда, «жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды», бір даудың болғаны анық. Ендеше, басқа емес, мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорларына қатысты әңгіме осындай болса, салымшылар сенімсіздік танытып, зейнетақы қорларындағы азғантай ақшасына алаңдайтын да жөні бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2 ҚР ЖЗҚ қаржылық дағдарыс зардаптарын жабуы мен зейнетақы жүйесін жетілдіру бағыттары

Әлемдік нарықтағы тұрақсыздықтың кім-кімге де оңай тиіп жатпағаны белгілі. Алайда, жинақтаушы зейнетақы қорларында салымшының ақшасы бір жыл ғана сақталмайды ғой. Ол жылдар бойы жинақталады. Сондықтан бірнеше айдың көрсеткіштері бойынша дабыл қағып, жұртты дабыра қылудың қажеті жоқ. Ұзақ мерзім ішінде уыстан шығып кеткен шығындардың орнын толтырып алуға болады. Оның үстіне зейнетақы қорларындағы қаражаттың сақталуына мемлекеттің өзі кепіл. Себебі, бүгінде қорда жинақталған ақша 1,3 триллион теңгеден асыпты.                                                                                                                                                           Кез келген қорда пруденциялық норматив деген болады. Яғни, зейнетақы қорлры салымшылардың ақшасын қолдарында ұстамай, қаржы құралдарына салуы керек. Үкіметтің белгілеген нормативтері бойынша да мемлекеттік құнды қағаздарға ақша салады.. Бүгінде «ҰларҮміт» қорында жиналған 200 миллиард теңгеден артық ақша - қаржы құралдарында. Себебі, ақша үнемі айналымда болуы тиіс. Табыс әкелуі керек. Егер табыс неғұрлым көп болса, салымшылардың инвестициялық кірісі де соғұрлым молая түседі. Бірақ қазір бүкіл әлемде құнды қағаздардың құны қалай бағалануда? Жасыратыны жоқ, барлық қор биржаларындағы акциялардың бағасы құлдырауда. Зейнетақы қорларының активтерінің көп бөлігі банктерге және «ҚазМұнайГаз», «Лукойл», «Газпром» секілді беделді компаниялардың акциясына салынған. Акция арзандағаннан кейін қордағы инвестициялық табыстың азаюы заңды. Бірақ оған қарамастан «ҰларҮміт» қорының акционерлері («Қазкоммерцбанк» АҚ мен «Астана-финанс» АҚ) меншікті капиталды көтеруге барынша күш салуда. Өткен жылдың қыркүйек айында қорға 4 миллиард теңгедей ақша болды. Ал желтоқсан айында тағы да 5 миллиард 500 миллион теңге ақша қосты. Қазір  меншікті капиталы - 10 миллиард 340 миллион теңге. Осы қордың ақшасын реттеп отыратын жеке компания бар. Оның да капиталын 10 миллиард 100 миллион теңгеге көтерілді. Яғни акционерлер қорға көмек ретінде 20 миллиард теңге ақша бөлді. Неліктен дерсіз? Өйткені дағдарыс кезінде салымшылардың ақшасын жоғалтып алмау керек. Бүгінде «ҰларҮміт» қорында 1,4 миллион салымшы бар. Республика бойынша 17 филиал, 60 бөлімше жұмыс істейді. Зейнетақы активтерін «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ-ның банк-кастодианы (компания акцияларын жауапкершілікпен сақтау жөніндегі банк қызметі) мен «Жетісу» ООИУПА» компаниясы басқарады.  Астана қаласы және қала аймағы бойынша салымшылардың саны 140 мыңнан асты. Ал активтері 24 миллиард теңгеге жетті.  Еліміздің қаржы нарығындағы жағдайға байланысты қордың қоржынын теңге және долларда номинациялау тұрақты. Дегенмен, валюта алаңындағы өзгерістерді жіті қадағалап отыру шарт. Себебі, ондағы өзгерістер инвесторлар үшін үлкен пайда әкелуі мүмкін.                                                                                     Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизация жолында» атты жолдауында «Қазақстан тез дамушы елдер қатарына кіру керек, өзінің азаматтарына өмір сүрудің жоғары стандарттарын қалыптастыру қажет» екендігін алға қойды, сонымен қатар «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Казақстан Республикасының халқына Жолдауында: «...іргелік зейнетақының мөлшері ұлғайтылсын және таяудағы жылдары оның тұрмыстық ең төменгі қажеттіліктің 40% деңгейінде сақталуы қамтамасыз етілсін. Осылайша, біз алғаш рет Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз етуін халықаралық стандарттармен сәйкестендіреміз» деп атап өтті . Бұл елбасының ең біріншіден халықтың тұрмыстық жағдайын көтеру,зейнеткерлерді тұрақты зейнетақымен қамтамасыз ету, Қазақстанның зейнетақы жүйесін алдыңғы қатарлы елдер жүйесімен сәйкестендіруге бағытталған. Жолдауда көрсетілгендей зейнетақы мөлшерін ұлғайту арқылы халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру көзделген. Ол үшін қазіргі таңда елдегі жинақтық зейнетақы жүйесін дамыту арқылы бұл мақсаттарға қол жеткізуге болады.                                                                                                                 Бүгiнде iшкi ресурстарды пайдаланудан басқа жол қалмады. Қазiр төмен пайызбен ешкiм де қарыз бермейдi, сыртқы рынок қол жетiмсiз болып қалды. Сондықтан жобаны жасаушылар iшкi инвесторларды тартудан өзге амал таппады. Ал iшкi инвесторлардың iшiнен ең алдымен көзге түсетiн кiм? Әлбетте, зейнетақы қорлары. Сол себептi Марченко тұжырымдама жобасында онсыз да белгiлi жайттарды тiзiп бердi.  Сөз жоқ, зейнетақы активтерiн пайдалану керек. Бiрақ, бұл реттегi басты мәселе — оны тиiмдi пайдалану, шыншыл жолмен инвестициялау, ұрлыққа, дефолтқа жол бермеу. Былай қарасаңыз, бiзде қаржы да, жоба да бар, бiрақ сол жобаны iске асыратын механизмдер жоқ. Оның үстiне жем­қорлыққа белшесiнен батқан қоғамда қандай да бiр жобаны жүзеге асыру қиын. Мемлекет те тым жайбарақат. Қаржыға жан‑жақтан қол салуға дайын тұрған жемқорларды тыюдың орнына, майлы шелпектi бөлiске салғандарын тамашалағаннан арысына бара алмайды.[6]                            Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңаруға және дамуға» Жолдауына сәйкес зейнетақылардың орташа мөлшері 2010 жылы 25 процентке және 2011 жылы 30 процентке көбейетін болады. Бұл орайда, 2011 жылға қарай базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 50 процентіне дейін жетеді.               Елбасының тапсырмаларын іске асыру мақсатында «2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 2186 қаулысы әзірленіп қабылданды. Осы қаулыға сәйкес 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан зейнетақы төлемдерін алушылардың бәрінің, оның ішінде әскери қызметшілер қатарындағы еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылардың зейнетақы мөлшері  25 процентке арттырылды. Осының нәтижесінде 2010 жылы зейнетақы төлемдерінің ең төмен мөлшері 12 344 теңгені, орташа мөлшері – 21 500 теңгені, ең жоғары мөлшері – 34 020 теңгені құрады. Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 5487 теңгеден 5981 теңгеге, яғни «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 219-ІҮ Заңымен бекітілген ең төмен күнкөріс деңгейінің 40 процентіне дейін арттырылды. Базалық зейнетақы төлемін ескергенде, зейнетақы төлемдерінің ең төмен мөлшері 18 325 теңгені, орташа мөлшері – 27 481 теңгені, ең жоғары мөлшері – 40 001 теңгені құрайды. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 2 желтоқсандағы № 211-ІІ Заңымен «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына: зейнетақы төлемдерін есептеу үшін алынатын табысты шектеуді 28-ден 32 еселенген АЕК-ке дейін (2009 жылғы 36 388 теңгеден 2010 жылы 45 216 теңгеге дейін ) арттыруды; әскери қызметшілер қатарындағы зейнеткерлердің еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін бұрынғы 75 АЕК-тен 86 АЕК-ке дейін (2009 жылғы 97 200 теңгеден 2010 жылы 121 518 теңгеге дейін ) арттыруды көздейтін өзгерістер енгізілді. Бұл 2010 жылы зейнеткерлер қатарына жаңадан қосылатын зейнеткерлер үшін әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етеді.[3]                                                        Соңғы үш жылда Қазақстандағы зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 1,6 есеге артты. Қазіргі уақытта 677 мыңға тарта адам жинақтаушы зейнетақы жүйесімен зейнетақы ала бастады. Міндетті зейнетақы жарнасының сақталуы үшін зейнетақы төлеу сәтіндегі инфляция деңгейін ескере отырып нақты енгізілген міндеттемелер көлемінде 1,5 млрд. теңге бөлінді. Бұл жағдай өз кезегінде 50,2 мың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушы-зейнеткерлердің мүддесін қорғауға мүмкіндік туғызды.                                                                                                   Өтікен жыл Қазақстан үшін ең жемісті жылдардың бірі болды демесек те, экономикамыздың сауығуына бет бұрғанын жоққа шығаруға болмас. Дағдарыс салқыны тиген ел экономикасының кейбір салалары тұрақтылық сынына төтеп берді. Бұл ретте әлеуметтік саланың Елбасының оң назарында болып, халықтың тұрмыс-тіршілігі төмендемегенін айта кету керек. Дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында көптеген іс атқарылды.                                                                                                  Зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттыру бағытында қолданылып жатқан шаралар әлемдік тәжірибедегі жоғалтқан табысты алмастыру (40 пайыз) стандартына жақындауымызға мүмкіндік беріп отыр. Стандартқа сай, еліміздегі алмастыру коэффициенті ынтымақты зейнетақы жүйесіндегі зейнеткерлерде 37,6 пайыз, ал жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушылары болып табылатын алушыларда 41,6 пайызға тең. Бұл дағдарыс жағдайында өте нәтижелі көрсеткіш деп есептеймін.

Информация о работе Қазақстанда зейнетақы реформасын қаржымен қамтамасыз етудің проблемалары