Қазақстанда зейнетақы реформасын қаржымен қамтамасыз етудің проблемалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 21:50, курсовая работа

Описание

Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің аз уақытта өмір сүруіне қарамастан экономикадағы динамикалық дамып келе жатқан сегментіне жатады. Қазіргі уақытта зейнетақы қорында 436 млрд теңге жинақтары шоғырланған, ол ЖІӨ-нің 9% құрайды. Халық сенімін күшейту, салымшылырды тарту және зейнетақы активтерінің өсуі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің динамикалық дамуының негізгі факторы болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................ 3


1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ, ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ДАМУЫ..................................................................................... 5

1.1 .Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесінің қалыптасу тарихы және оның деңгейлері........................................................................................................... 5

1.2 Қазақстан Республикасы зейнетақы жүйесінің құрылымы және оны реформалаудың алғышарты мен ерекшелiктерi…………………………………. 13

2. ҚАЗАҚСТАНДА ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ………………………………………………………………................. 20

2.1Қазақстан Республикасы ЖЗҚ-ның зейнетақы жүйесінде алатын орны........ 20

2.2ҚР Жинақтаушы зейнетақы қорларының ағымдық жылдағы қаржылық операциялары............................................................................................................ 23
3.ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ………………………………………. 30

3.1.Қазақстан Республикасы ЖЗҚ алдында тұрған өзекті проблемалар……..... 30
3.2.ҚР ЖЗҚ қаржылық дағдарыс зардаптарын жабуы мен зейнетақы жүйесін жетілдіру бағыттары................................................................................................. 35


ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………... 38


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................... 40

Работа состоит из  1 файл

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС .ҚАРЖЫ. МАДИНА.doc

— 441.00 Кб (Скачать документ)

Мемлекет бұдан біраз жыл бұрын зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін дербес басқаруына рұқсат берген. Бүгінде 14 қордың 9-ында осындай рұқсат қағазы бар. ЖЗҚ өз қызметі үшін екі тармақтан тұратын комиссиялық сыйлық алады:

1.      инвестициялық табыстың 15 %-нан аспайтын (бұл сома ЖЗҚ мен ЗҚИБЖҰ арасындағы екіжақты шартқа сәйкес бөлінеді немесе зейнетақы активтерін өзі басқарған жағдайда ЖЗҚ-ға тиесілі болады);

2.      және қаржы институты зейнетақы активтерінен ай сайын 0,05% алады.

Кастодиан-банкі

Кастодиан банкі зейнетақы активтерімен арадағы барлық операциялардың есебін жүргізеді. Ай сайын ол ЖЗҚ-ға оның есебінің жағдайы және ЗАҚСБҰ-ның қызметі жөнінде ақпарат беріп отырады. Жинақтаушы зейнетақы қорында бір-ақ кастодиан банкі болуы тиіс. Ал банк, өз тарапынан, бір мезгілде бірнеше қорға қызмет көрсете алады. Кастодиан банкі ЖЗҚ-ның зейнетақы активтерінің мақсатты енгізілуін бақылайды және ЗАҚСБҰ-ның немесе ЖЗҚ-ның ҚР-ның заңнамасына қайшы келетін тапсырмасын жоюға (орындамауға) міндетті. Оған қоса, заң бұндай жағдайда кастодианның бұл жөнінде тиісті органға және ЖЗҚ-ға дереу хабар беру керектігін көздейді. 2009 жылдың 1-қыркүйегіне кастодиандық қызметті екінші деңгейлі 11 банк жүргізген. Олардың 6 кастодиандық қызметті зейнетақы қорларына көрсетіп отырған:

1)«HSBC Қазақстан Банкі» АҚ-ның еншілес ұйымы
2)«Орталық Несие банкі» АҚ
3)«Қазақстан Халық Жинақтаушы Банкі»
4)«Тұран %%1240лем Банкі» АҚ-ның еншілес ұйымы – «Темірбанк» АҚ
5)«Еуразия банкі» АҚ
6)«АТФ Банкі» АҚ

    ОБ-те сауда жасаған күнде, ол бұл келісімді рәсімдеуге және белгілі шотқа ақша аударуға банк-кастодианға тапсырма береді. Қаржы тетіктерінің тізімі қатаң реттелген, банк-кастодиан салымшылардың қаржысын бұдан тыс ешқайда аудара алмайды. Сондықтан зейнетақы салымдарының мақсатсыз жұмсалуына жол берілмейді. Бұл жүйе зейнетақы қаржысымен жұмыс істеуде сенімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.                                           Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті капиталын қалыптасырады, бұл капитал оның міндеттемелерінің сомасы шегерілгеннен кейінгі жинақтаушы зейнетақы қоры активтерінің құны болып табылады.                                                                                     Жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті капиталы мыналардың есебінен қалыптасады:

1.      жарғылық капиталға салынған құрылтайшылар мен акционерлердің салымдары;

2.      комиссиялық сыйақыла;

3.      Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған басқа көздер.

      Зейнетақы активтері – зейнетақы төлемдері мен аударылымдарының жүргізілуіне және қамтамасыздығына арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте зейнетақы жинақ қорларының қолданылуынан алынып тасталатын ақша, құнды қағаздар, өзге де қаржы құралдары. Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 20-мау-сымындағы №136-І «Қазақстан Республикасында зей-нетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері:
•   зейнетақы жарналарының
•    инвестициялық кірістің
•    өсімнен немесе зиян өтемінен келіп түскен қаражат есебінен қалыптасады.

Зейнетақы қорлары активтерінің құрылымы                                                                       Қазақстандағы зейнетақы активтерін қалай инвестициялау қажеттігі жөніндегі дау талай уақыттан бері жалғасып келеді. Біреулердің айтуынша: жоғары сенімді тәуекелсіз құралдарға ғана, ең дұрысы мемлекеттік облигацияларға қаржы салу қажет. Сонда ғана зейнетақы жинақтарының сақтығына кепілдік беруге болады. Ал енді біреулер оларға қарсы келеді, олардың айтуынша: неге осы ақшаны ел экономикасының дамуына жұмсамасқа? Ірі ғана емес, сонымен қатар тұрақты жұмыс істейтін орта кәсіпорындардың инвестициялық жобаларына, облигацияларына салуға. Ұзақ мерзімді зейнетақы жинақтарының есебінен жолдардың салынып, жаңа өнідірістердің қалыптасқаны жаман ба? Бұлар айтарлықтай тиімді жобаларға айналады, ЖЗҚ-ның тұтынушылары зейнетақы ақшаларын Қаржы министрлігінің құнды қағаздарына салу нәтижесінен қазіргіден гөрі жоғары инвестициялық кіріс көруге мүмкіндік алар еді. Алдыңғы тұжырымның да, соңғы тұжырымның да өз мәні бар. Дегенмен, мемлекет ҚҚА атынан мынадай артықшылықты нақты белгілеп қойған: салым сенімділігі бәрінен жоғары. Агенттік қаржы нарығындағы жағдайға байланысты мерзімді түрде зейнетақы қорларының салымшыларының ақшасын инвестициялауға рұқсат беретін құралдар тізімін түзетіп отырады.[12]

              Жинақтаушы  зейнетақы қорларының зейнетақы активтері кастодиандық келісімшартқа сәйкес  банк-кастодиандарда шотта сақталынып, есептеледі. Кастодиандық келісімшарт банк-кастодиан, жинақтаушы зейнетақы қоры және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым арасында жасалынады. Егер  зейнетақы актитерін инвестициялық басқаруды жинақтаушы зейнетақы қоры өздігінше жүзеге асыратын жағдайда кастодиандық келісімшарт банк-кастодиан мн жинақтаушы зейнетақы қорының арасында  жасалынады.                                                                                                                                                          Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым немесе жинақтаушы қор жүзеге асырады. Шет елдің қатысуымен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жиынтық жарғылық капиталы  Қазақстан Республикасы зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын  барлық ұйымдардың жиынтық жарияланған жарғылық капиталының 50%-нан аспайды.                                                                      Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы ативтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым заңи тұлға, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы  болыптабылады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен акционерлік қоғам нысанында құрылады.              Зейнетақы салымдарының мақсатсыз жұмсалуына жол бермеу үшін ЖЗҚ-ның төмендегідей қызметпен айналысуына заңмен тыйым салынады:

1.      кәсіпкерлікпен айналысуға;

2.      мүлік сатып алуға немесе сатуға (өз қажеттігі үшін алынған мүлік пен ҚБА белгілеген тізімдегі кейбір қаржылық тетіктерден басқасы);

3.      сақтандыру қызметін көрсетуге;

4.      зейнетақы активтерін кепілге беруге;

5.      бағалы қағаздар шығаруға (акциялардан басқа).

Нарықтың негізгі үш элементінен бөлек зейнетақы жүйесіндегі үлкен рөлді ҚР-ның Қаржылық қадағалау агенттігі мен Қазақстан қор биржасы (KASE) атқарады.

Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі

     Аталмыш ұйым банктердің, зейнетақы қорларының және ЗАҚСБҰ-ның, қаржы нарығындағы кәсіби мамандардың, сақтандыру компаниялары мен жекелеген банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейді және бақылайды. Оны қысқаша Қаржылық қадағалау агенттігі, немесе ҚҚА деп атайды. Бұл агенттік бүкіл қаржы жүйесінің жұмысына мониторинг жүргізе отырып, қаржы нарығындағы ойыншылардың арасындағы негізгі бақылаушының қызметін атқарады. ҚҚА-ның мақсаттары Қазақстан Республикасының «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы» заңымен былайша белгіленген:
•    қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының қаржылық тұрақтылық қамтамасыздығы және тұтас қаржы жүйесіне деген сенімді қолдау;
•    қаржы қызметтерін тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың лайықты деңгейінің қамтамасыздығы;
•    қаржы нарығындағы адал бәсекелестікті қолдауға бағытталған қаржы ұйымдарының қызметіне арнап тең құқылы жағдайлар жасау.

Агенттіктің негізгі мақсаттары:

      қаржы ұйымдары қызметінің стандарттарын бекіту, қаржы ұйымдарының бірлеспелі басқаруын нығайту ынтасын қалыптастыру;

      қаржылық жүйенің тұрақтылығын сақтау мақсатында қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарына мониторинг жүргізу;

      қаржы нарығының салаларында қаржылық жүйенің тұрақтылығын сақтау мақсатында тәуекелге төзімді бақылау көзін табу;

      қазіргі заманға сай жаңа технологияларды енгізуге ынталандыру, тұтынушылар үшін қаржы ұйымдарының қызметі және олардың көрсететін қаржылық қызметтері жөніндегі ақпараттың толыққандылығы мен өтімділігін қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ішінде бірінші болып халықты зейнетақымен қамсыздандыру реформасын жүзеге асырды. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңымен зейнетақы реформасы басталды. Зейнетақы реформасындағы басты оқиға халықтың ынтымақтастығына негізделген әлеуметтік қамсыздандырудың таратып тұратын жүйесінен жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жеке зейнетақы жинақ ақшаларды көздейтін жинақтаушы зейнетақы жүйесіне ақырындап өту болды. Қалыптасау кезеңінде жаңа зейнетақы жүйесінің дамуын ынталандыратын ерекше стратегиялық рөлі ҚР Үкіметі қаулысымен 1997 жылғы қыркүйекте арнайы құрылған – Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына берілді. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры еліміздегі зейнетақы реформасының өзіндік бастауыш алаңқайы болды: ол еліміздің алғашқы жинақтаушы қоры, алғашқы зейнетақы жарнасын қабылдады және зейнетақы қорлары арасында алғашқы болып зейнетақы активтерін дербес басқаруға құқық алды. Алғашқы он жылдық ішінде – 1998 жылдан бастап 2008 жылға дейін Қор ерекше «жанама қор» мәртебесін иеленді, ол салымшылардың ішіне барлық азаматтарды қосып алуға мүмкіндік берді және қандай да бір себептер бойынша зейнетақы қорын таңдау жөнінде дербес шешім қабылдай алмады. Сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы жүйесіне халықты барынша қатыстыру және жинақтаушы зейнетақы жүйесінің салымшылар қорын қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларды жүзеге асырды. Зейнетақымен қамсыздандыруды қалыптастырудың қазақстандық тәжірибесі әлемдік деңгейде табысты танылғандардың бірі. Реформаның мәні жинақ ақша пайдасына ынтымақтастықты кестеден ақырындап бас тарта отырып жасалады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне өту жоспарлы түрде жүзеге асырылады және 2038-2040 ж.ж. кезеңге дейін түбегейлі аяқталғанша жалғасады. Қазақстанда зейнетақы реформасын жүргізген сәттен бастап 13 жыл ғана өтті. Алайда бүгінгі таңда қазақстандықтар зейнетақы жүйесі басқаша болғанын ұмытып та қалды. Кеңес заманы бойы қолданылған және жалпы әділдік қағидаттарына жауап бермеген бұрынғы жүйе КСРО ыдырағаннан кейін бірден өзінің жарамсыздығын көрсетті. Жаңа жүйе 13 жылдың ішінде өзін ақтап шықты және тиімділігін көрсетті.[4;103-106 б]

 

 

 

2.ҚАЗАҚСТАНДА ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

 

2.1Қазақстан Республикасы ЖЗҚ-ның зейнетақы жүйесінде алатын орны

 

         Бүгінде елімізде 14 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істейді. Зейнетақы қорлары зейнетақы жарналарын жинайды, зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады және салымшылардың жеке шоттарының есебін жүргізеді. Олар сіздердің аударымдарыңыздың операторы ретінде жұмыс жасайды. ЗҚИБЖҰ атының өзі айтып тұрғандай, зейнетақы активтерін басқарады, заң шеңберінде түрлі жобаларға инвестиция ретінде жұмсайды. Зейнетақы қоры аталмыш компаниямен шарт жасайды, ол өз тәжірибесі мен стратегиясына сүйене отырып, зейнетақы салымдарын айналымға шығарады.                                          Қаржы рыногын  және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің “Қаржы секторының 2009 жылғы көрсеткіштері” есебіндегі мәліметтер бойынша,. 2009 жылдың шілде айының басында зейнетақы жинақтарының сомасы 1,6 триллион теңгеден асты, бес жылдық ішінде ЖЗҚ-ның орташа табысы 45,84 пайызды құрады, ал құнсызданудың жинақталған деңгейі, өкінішке орай, 64,01 пайызды құрады.                                                                                                                                                                       

Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысу есебі.

              Зейнетақы қорымен есеп айырысу есебі «Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысу» деп аталатын шотта жүргізіледі. Меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар шарттар бойынша жұмысшы жалдайтын тұлғалар, зейнетақы қорына жарналар аударып тұруға міндетті. Зейнетақы қорына белгіленген мерзімде жарна төленбеген жағдайларда кәсіпорындар өсім сомасын төлейді, сондай-ақ ұйымның лауазымды тұлғаларына бұндай жағдайда айыппұлдар салынуы мүмкін.

              Зейнетақы бойынша жарналар сомасы есептеген уақытта кәсіпорынның бухгалтериясында мына түрдегі екі жақты жазу жазылады:

                            Д-т: «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» деп аталатын шоты,

                            К-т: «Зейнетақымен қамтамасыз ету қорымен есеп айырысу» деп аталатын шот.

Ал бұл есептелген жарналар қорға аударылған уақытта:

                            Д-т: «Зейнетақымен қамтамасыз ету қорымен есеп айырысу» деп аталатын шот,

                            К-т: «Ақша қаражаттары» шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылуы тиіс.[19]

 

     Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің мәліметтері бойынша, “Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы” Заң қабылданғаннан бастап, 2009 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезең ішінде міндетті зейнетақы жарналарын салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны – 9 миллион 223 мың 712-ні құрады.. Қазір жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушылардың нақты саны 6,9 миллион шотын құрап отыр. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі бәсекелестік жағдайында орналасқанына қарамастан (14 қордың 13-і — жеке қорлар, ал МЖЗҚ-ның екі акционері бар — ҚР Ұлттық Банк пен ЕҚДБ), мемлекет зейнеткерлерге құнсыздану деңгейін есепке ала отырып зейнетақы төлеуге кепілдік береді

Қорлардың салымшылары (алушылары)

     Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар (алушылар) шоттарының саны 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1 855,2 млрд. теңге жинақталған зейнетақы қаражатының жалпы сомасымен 7 732 128 болды. Міндетті зейнетақы жарналарын аударатын салымшылар шоттарының саны 2009 жылғы желтоқсан айында 1 872-ге азайды, жинақталған зейнетақы қаражаты өз кезегінде 36,2 млрд. теңгеге (2,0%) ұлғайды.

2010 жылғы 1 қаңтарда міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар (алушылар) шоттарының ең көп саны 4 қорда жинақталды: «Қазақстан Халық Банкі» – 24,8%, «МЖЗҚ» – 22,5%, «Ұлар Үміт» – 13,0% жəне «БТА Қазақстан» – 11,3% немесе олардың үлесіне барлық қорлар салымшыларының жалпы санының 71,6%-ы келеді. 2009 жылғы желтоқсан айында 4 қордың үлесі 0,2 пайыздық тармаққа төмендеді.

     Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар (алушылар) шоттарының саны 2010 жылғы 1 қаңтарда жинақталған зейнетақы қаражатының жалпы сомасы 1,2 млрд. теңгемен 41 682 болды. Ерікті зейнетақы жарналарын аударатын салымшылар шоттарының саны 2009 жылғы желтоқсан айында 1 096-ға (2,7%) ұлғайды, жинақталған зейнетақы қаражаты сондай-ақ 0,2 млрд. теңгеге (20%) ұлғайды. Ерікті кəсіби зейнетақы жарналары бойынша салымшылар шоттарының саны 2010 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының жалпы сомасы 85,4 млн. теңгемен 4 076 болды. Ерікті кəсіби зейнетақы жарналарын аударатын салымшылар (алушылар) шоттарының саны 2009 жылғы желтоқсан айында 4-ке, жинақталған зейнетақы қаражаты 2,0 млн. теңгеге (2,4%) ұлғайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстанның зейнетақы қорлары:

2009 жылдың 1 қарашасына Қазақстанда 14 жинақтаушы зейнетақы қоры тіркелген:

ЖЗҚ атауы

Мекен-жайы

Телефоны

e-mail

НефтеГаз-Дем

Ақтөбе қаласы, Әйтеке би, 58

8(7132) 213-156

ngdem@nursat.kz

Грантум

Ақтөбе қаласы, Мақатаев к-сі,117

8 (727) 244-57-44

info@grantum.k

Халық Бакнінің ЖЗҚ   

Ақтөбе қаласы, Желтоқсан к-сі, 96/98

8 (727) 239-70-71

npfnbk00@halykbank.kz

Атамекен

Ақтөбе қаласы, Мәуленов к-сі, 85/91

8(727) 267-59-33

info@npf.kz

МЖЗҚ

Ақтөбе қаласы, Әуезов к-сі, 82

8(727) 242-90-77

gnpf@gnpf.kz

Республика

Ақтөбе қаласы, Абай даңғылы, 52

8(727) 333-44-02

info@respublica.kz

Ұлар Үміт

Ақтөбе қаласы, Абай даңғылы, 115-А

8(727) 259- 05-00

office@ularumit.kz

Қазақмыс (корп)

Жезқазған қаласы, Жастар к-сі, 22

8(7102) 763-924

npf_kazmys@asdc.kz

Капитал

Алматы қаласы, Шевченко к-сі,100

8(727) 244-32-01

npf.capital@centercredit.kz

Отан

Алматы қаласы, Манас к-сі, 34 А

8(727) 250-30-40

info@otan.kz

Еуразиялық

Алматы қаласы, Тимирязев к-сі, 42

8(727) 266-93-13

pfsenim@mail.kz

Аманат Қазақстан

Алматы қаласы, Бөгенбай батыр к-сі, 80

8(727) 291-60-27

info@akpf.kz

ТӘБ ЖЗҚ

Алматы қаласы, Жандосов к-сі, 2

8(727) 266-33-00

info@pfbta.kz

Қорғау

Алматы қаласы, Өзтүрік к-сі, 7

8(727) 274-47-30

korgau@nursat.kz

Информация о работе Қазақстанда зейнетақы реформасын қаржымен қамтамасыз етудің проблемалары