Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2012 в 15:39, курсовая работа
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің табыстары мен шығындары арқылы болып отырады. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады. Бюджеттік шығындар жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге бөлінсе, бюджеттік түсімдер осы бөлінетін орталықтандырылған ресуртардың құрылуын қамтамасыз етеді.
КІРІСПЕ
1 БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бюджеттің экономикалық мәні мен ролі
1.2 Бюджет жүйесі мен бюджет құрылысы
1.3 Шет елдердегі бюджет жүйесінің ерекшелігі
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАДА АЛАТЫН ОРЫНЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі қызметінің құқықтық негізделуі
2.2 Бюджет түсімдері мен шығыстарын іске асыру жұмыстарын талдау
2.3 Қазақстан Республикасының 2007-2009 жылдардағы бюджеттің экономикаға әсерін талдау
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін ұйымдастырудағы кемшіліктер
3.2 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КОСЫМША
2.2 | Бюджет түсімдері мен шығыстарын іске асыру жұмыстарын талдау |
Мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен
және пайдаланумен байланысты болып
келетін бюджеттің жұмыс жасауы
ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің
кірістері мен шығыстары арқылы
болып отырады. Олар құндық бөліністің
жеке көздерін білдіреді. Категориялардың
екеуі де бюджеттің өзі сияқты
объективті және олардың өзгеше қоғамдық
арналымы болады: кірістер мемлекетті
қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз
етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды
жалпы мемлекеттік
2007
жылдың 1-тоқсанындағы мемлекеттік
бюджет атқарылуының
Сурет 1 – 2007 жылдың 1 кварталындағы мемлекеттік бюджет кірістерінің орындалу деңгейі
1 суреттен мемлекеттік, оның ішінде жергілікті бюджеттердің 2006 жылдың 1-тоқсанымен салыстырғанда өсу қарқыны тиісінше 106,0 %, 131,6% құрағанын, ал республикалық бюджет бойынша төмендегенін көруге болады, өйткені 2006 жылдың 1-тоқсанында мұнай секторынан Ұлттық қорға түсетін түсімді бюджет арқылы аудару жүзеге асырылды. [7, 8б]
Ұлттық қорға 197,7 млрд. теңге аударылды, оның ішінде мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін тікелей салықтар – 196,3 млрд. теңге. 2007жылдың 1 кварталындағы жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігі 106,5 %-ке атқарылып, 317,6 млрд. теңгені құрады. Жоспардың асыра орындалуы негізінен Батыс Қазақстан облысында – 140,5 %, Атырау облысында – 135,1 %, . Алматы қаласында – 112,7 %, Павлодар облысында – 112,5 % және Алматы облысында – 111,4% байқалып отыр. (ҚОСЫМША В)
2007
жылғы 1-тоқсанда мемлекеттік
бюджеттің шығыстары
Сурет
2 – 2007 жылдың 1 кварталындағы мемлекеттік
бюджет шығыстары-ның орындалу деңгейі
Республикалық бюджетке 2008 жылы түскен 3 317,6 млрд. теңге мөлшеріндегі кірістің 2 071,4 млрд. теңгесі (62,4%) – салықтардың, 72,8 млрд. теңгесі (2,2%) - салықтық емес түсімдердің, 8,6 млрд. теңгесі (0,3%) - негізгі капиталды сатудан түскен кірістердің, 1 164,8 млрд. теңгесі (35,1%) - трансферт түсімдерінің есебінен қамтамасыз етілді. [32]
Абсолюттік көрсеткіш бойынша, республикалық бюджеттің 2008 жылғы кірістері 2007 жылмен салыстырғанда, 1 096,1 млрд. теңгеге, немесе 49,3 пайызға өсті. (ҚОСЫМША В). Салыктық түсімдер бар болғаны 27,3 пайызға өскен тұста, трансферт түсімдерінің 2,8 есеге кебеюі кірістердің өсуінің негізгі факторы болды.
Жалпы,
салықтық түсімдер бойынша жоспар,
бастапқы бекітілген жоспарлық көрсеткіштін
4,8 пайызға төмендеуіне
Қосымша құн салығы (бұдан әрі-ҚҚС) - 14,6%-ға (109,4 млрд. теңгеге),
корпоративтік табыс салығы (бұдан әрі - КТС) - 2,5%-ға (23,8 млрд. тенгеге) және акциздер - 12,8%-ға (3,1 млрд. теңгеге) түсімдер жоспары орындалмаған.
2009
жылғы 9 айда қарыздардың түсуін
есепке алмағанда мемлекеттік
бюджетке түсетін түсімдер 2 578,0 млрд.
теңгені құрады және есепті
кезеңге арналған жоспардың 94,
Мемлекеттік бюджеттің кірістері 94,9%-ға
атқарылды немесе 2 575,5 млрд. теңге түсті,
оның ішінде салықтық түсімдер негізінен
қосылған құн салығы, корпоративтік табыс
салығы есебінен 103,0%-ға атқарылды.
Салық режимінің жаңа шарттарына (мөлшерлеменің
төмендеуі, төлем уақытының қайта қаралуы)
қарамастан мемлекеттік бюджетке түсетін
кірістер ағымдағы жылдың шарттарына
келтірілген өткен жылдың ұқсас кезеңінде
түскен түсімдерімен тең келді. Салықтық
ауыртпалықты жеңілдетуден күтілетін
нәтиженің орындалмауы экономика өсу
қарқынының төмендеуімен байланысты.
[33]
Кедендік төлемдер мен салықтар 427,2 млр. теңге сомасында түсті, немесе жоспар 92,9%-ға орындалды. Жоспарлы көрсеткіштердің орындалмауы негізінен импорт көлемі едәуір әсер ететін импортқа салынатын ҚҚС салығы есебінен қалыптасты, оның азаюы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 25,7%-ды құрады.
Жергілікті бюджеттің кірістері 2009 жылдың 9 айында 1 586,7 млрд. теңгені немесе жоспардың 99,1%-ын құрады. Жергілікті бюджеттің кірістер бойынша жоспары мынадай аймақтар бойынша орындалмады: Астана қаласы (88,3%), Павлодар (97,4%), Ақмола (97,7%), Алматы қаласы (98,5%), Солтүстік Қазақстан (98,8%), Шығыс Қазақстан (99,4%), Маңғысау (99,6%), Қостанай (99,7%), Жамбыл облыстары (99,9%).
Жоспардың
орындалмауы негізінен
Ағымдағы
жылдың 9 айының атқарылу нәтижелері бойынша
2009 жылда мемлекеттік бюджет кірістерінің
күтілетін түсімі тұтастай алғанда
4 821,2 млрд. теңге сомасында немесе
нақтыланған жоспардың 98,5%-ында қалыптасты.
Бұл ретте республикалық
Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорының активтері есепті кезеңге 4 052,2 млрд.теңгені құрады, 1 657,6 млрд.теңге сомасында түсімдер аударылды (өткен жылдың ұқсас кезеңінен 359,2 млрд.теңгеге артық), оның ішінде мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін тікелей салық – 868,2 млрд.теңгені құрады. [15, 5б]
Есепті
деректер бойынша ағымдағы жылғы 1 қазанға
бюджет қаражатының игерілмеу сомасы
республикалық бюджет бойынша 142,6 млрд.
теңгені құрады, оның ішінде ағымдағы
бюджеттік бағдарламалар
Жергілікті
бюджеттер шығыстарының атқарылу жай-күйі
туралы
Жергілікті бюджеттердің шығыстары (қарыздардың
өтелуін есепке алмағанда) есепті деректер
бойынша 1 528,0 млрд.теңгені немесе есепті
кезеңге 1 630,9 млрд. теңге сомасындағы қаржыландыру
жоспарының 93,7 %-ын құрады, өсу қарқыны
өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда
111,3 % құрады. Бюджет қаражатының игерілмеу
сомасы өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен
салыстырғанда 52,3 млрд. теңгеге ұлғайды
және 102,9 млрд. теңгені құрады. Бюджет қаражатының
неғұрлым көп игерілмеуі мына өңірлерде:
59,6 млрд. теңге - Астана қаласы, 5,7 млрд.
теңге - Алматы қаласы, 5,4 млрд. теңге - Ақмола
облысы, 4,8 млрд. теңге - Оңтүстік Қазақстан
облысы, 4,4 млрд. теңге - Қызылорда облысы,
4,1 млрд. теңге - Шығыс Қазақстан облысы,
3,8 млрд. теңге - Павлодар облысы бойынша
байқалды.
2.3 | Қазақстан Республикасының 2007-2009 жылдардағы бюджеттің экономикаға әсерін талдау |
2007
жылдың 1-тоқсанындағы мемлекеттік
бюджет атқарылуының
Қазақстан
Республикасының мемлекеттік
Осы кезеңде Қаржы министрлігі 19,8 млрд.теңге сомаға мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырды. Есепті кезеңде 2 043 объектіні бақылау жүзеге асырылды, оның 305-і республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер, 1 237-і жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер және 501- шаруашылық жүргізуші субъектілер.
Анықталған жолсыздықтардың сомасы 10,0 млрд. теңгені құрады, оның 2,9 млрд. теңгесі бюджетке өтеуге жатады, оның бюджетке өтелгені және аударылғаны – 1,1 млрд. теңге. Жолсыздықтардың жалпы сомасында бюджет қаражатын негізсіз пайдалану – 3,6 млрд.теңге, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану – 3,4 млрд.теңге.
Қарыздардың түсуін есепке алмағанда 2009 жылда түсімдер 3510,3 млрд.теңгені құрады (100,4% атқару). Кірістер 3505,3 млрд.теңге немесе 100,5% түсті, жоспарлы 3489,4 млрд.теңгеде жоспардың асыра орындалуы 16 млрд.теңгені құрады. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда төмендеу 13,1% құрады немесе 539,1 млрд.теңгеге аз, бұл салық режимінің өзгеруі, сондай-ақ мұнайға салынатын экспорттық кеден бажын жою есебінен қалыптасты. 2009 жылдың бірінші жарты жылдығында бюджеттің кіріс бөлігінің толығуы шағын және орта бизнесті тексеруге мараторий жағдайында өткендігін осы жерде атап өтейін. [8, 10б]
Салық түсімдері 104,8% атқарылды және 2228,7 млрд.теңгені құрады (жоспар 101,4 млрд.теңгеге асыра орындалды). Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда төмендеу 21,0% құрады немесе 90,8 млрд.теңгеге аз. 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы салық ставкаларын төмендету салдарынан түсімдерді азайтуды есепке алмағанда 11,7% жете алынған жоқ.
Салықтардың негізгі түрлері бойынша, айталық, іште өндірілетін тауарларға салынатын қосылған құн салығы - 35,2 млрд.теңгеге; кеден төлемдері мен салықтар - 30,2 млрд.теңгеге; табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер - 29,4 млрд.теңгеге асыра орындалу байқалып отыр.
Жол картасы шеңберінде жұмыс орындарын құру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға байланысты еңбекақыдан алынатын салықтар бойынша жоспарлар 100% орындалғандығын немесе барлық өңірлер бойынша дерлік асыра орындалғандығын атап өткен жөн. Айталық, жеке табыс салығы бойынша жоспар республика бойынша 101,8% орындалды. Әлеуметтік салық бойынша жоспар 102,3% орындалды. [31]
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша Жол картасы шеңберінде 258585 жұмыс орны құрылды және орташа айлық төлемақысы 29,7 мың теңге сомасында 182738 адам жұмысқа орналастырылды.
2009 жылда бюджетке 575,4 млрд.теңге кеден төлемдері мен салықтар аударылды. Жылдық болжамды тапсырманы орындау (545,3 млрд.теңге) 105,5% құрады. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 364,1 млрд.теңгеге немесе 38,8% аз аударылды.
2008 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда кеден төлемдері мен салықтар түсімінің төмендеуі бірінші кезекте импорт көлемінің төмендеуімен шартталған. Кеден статистикасының 2009 жылғы деректері бойынша импорт көлемі 2008 жылдың ұқсас кезеңінен 25,4% немесе 9,6 млрд. АҚШ долларына аз (2009 ж. – 28,3 млрд. АҚШ долл., 2008 ж. – 37,9 млрд. АҚШ долл.). Сондай-ақ кеден төлемдері мен салықтар түсімінің неғұрлым төмен деңгейіне азаюы жағына қарай бірқатар импорт бажының өзгеруі әсер етті.
Республикалық бюджетке төлемдердің түсу үлесі 36,7% құрады. 2008 жылмен салыстырғанда осы көрсеткіштің төмендеуі 6,9 пайыздық тармақты құрады.
Тұтастай алғанда салық салу құрылымы және экономика құрылымы бүгінгі таңда шикізат секторынан көп салық қайтарымын болжап отыр. Бұл ретте бюджеттің шикізатқа жатпайтын кірістерінің әлеуетін арттыру қажет. Егер 2009 жылғы республикалық бюджеттің шығыстарын мұнай секторынсыз кірістермен салыстыратын болсақ, мұнайсыз тапшылық деп аталатын пайда болған тапшылық ЖІӨ-нің 9,7%-ын құрады (1636,6 млрд. теңге). Республикалық бюджеттің кірістерінде Ұлттық қордан алынатын трансферттің үлесі 2009 жылы 40 %-ды дерлік құрады. [8, 13б]