Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2012 в 15:39, курсовая работа
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің табыстары мен шығындары арқылы болып отырады. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады. Бюджеттік шығындар жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге бөлінсе, бюджеттік түсімдер осы бөлінетін орталықтандырылған ресуртардың құрылуын қамтамасыз етеді.
КІРІСПЕ
1 БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бюджеттің экономикалық мәні мен ролі
1.2 Бюджет жүйесі мен бюджет құрылысы
1.3 Шет елдердегі бюджет жүйесінің ерекшелігі
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАДА АЛАТЫН ОРЫНЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі қызметінің құқықтық негізделуі
2.2 Бюджет түсімдері мен шығыстарын іске асыру жұмыстарын талдау
2.3 Қазақстан Республикасының 2007-2009 жылдардағы бюджеттің экономикаға әсерін талдау
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін ұйымдастырудағы кемшіліктер
3.2 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КОСЫМША
Әлеуметтік салаға жұмсалатын шығыстардың үлесі, жалпы бюджеттің 40 пайызын құрайды. Салыстырар болсақ: 2007 жылы бұл көрсеткіш 31,5 пайызды, 2008 жылы - 26,4 пайызды құрады. Дағдарыс жағдайында әлеуметтік міндеттемелерін қысқартып немесе одан толық бас тартып жатқан елдер бар. Ал бізде олай емес.
Жалақы қорын, бюджеттің басқа да шығыс баптарын ескерер болсақ, әлеуметтік салаға қарастырылған шығыстар 50 пайыздан асып түседі. Яғни, бюджет шығысының жартысынан астамы әлеуметтік салаға және бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысына жұмсалады.
2009 жылылың І жартыжылдығында нақты жалпы ішкі өнімнің 2,4 пайызға төмендеген.
Экономика секторларында байқалып отырған оң үрдістер ағымдағы жылы рецессия болмайды деп айтуға мүмкіндік беріп отыр.
Өнеркәсіптік өнім өндірісінің құлдырауы І тоқсандағы 4,6 пайыздан 9 айдың қорытындысы бойынша 1 пайызға дейін қысқарды. Сауда көлемінің шамалы болса да, өсу үрдісі байқалып отыр. Егер қаңтар және ақпан айдарында бөлшек тауар айналымы ай сайын төмендесе, наурыз айынан бастап, алдыңғы аймен салыстырғанда, бөлшек тауар айналымының өсуі байқала бастады.
Инвестициялық белсенділік те біртіндеп өсуде. Қыркүйек айында негізгі капиталға салынған инвестициялық салымдар, алдыңғы аймен салыстырғанда, 7 пайызға өскен. 9 айда инвестиция 2,2 пайызға өсіп отыр. Алдыңғы айлармен салыстырғандағы тасымалдау көлемі де біртіндеп артып келеді.[33]
Оған қоса, ағымдағы жылы Дағдарысқа қарсы бағдарлама мен Жол картасының аясында экономиканың түрлі секторын қолдауға, халықты жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар кешені жүзеге асырылды және әлі де асырылып жатыр. Аталмыш шаралардың екінші жартыжылдықтағы негізгі жетістіктері де жалпы ішкі өнімнің нақты өсуін 0,1 пайыз деңгейінде болжауда ескеріліп отыр.
Қазіргі
уақытта салалық мемлекеттік
органдар мен жергілікті өкіметтер
бірлесіп, ірі кәсіпорындармен-
2009 жылғы қазанның 9-ындағы мәліметтеріне сүйенсек, жалпы, республика бойынша, Жол картасының инвестициялық жобаларын жүзеге асыруда 139,6 миллиард теңге игерілген. Оның ішінде, республикалық бюджеттің қаражаты - 96,8 миллиард теңге, жергілікті бюджеттің үлесі - 42,8 миллиард теңге, бұл бір жылға қарастырылған жалпы соманың 82,8 пайызы. [32]
Жоспарланған
5153 жобаның ішінен 3848 жоба бойынша жұмыстар
толық аяқталды. Жол картасының жобаларын
жүзеге асыруға тартылған жұмысшылардың
орташа айлығы 29,6 мың теңгені құрап отыр.
3 | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ
МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ |
3.1 | Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін ұйымдастырудағы кемшіліктер |
Ғаламдық қаржылық және экономикалық дағдарыстың әсерін елдің экономикасының серпінді өсу қарқынының төмендеуінен көріуімізге болады.
Нарқтық жүйеде экономикалық және де басқа мәселелерді шешу үшін қажетті қаржы көлемімен мемлекетті толық қамтамасыз ету барлық кезеңнің бар халықтың басты мәселесі болып келді. Бүгін Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне түсіп жатқан түсімнің жеткіліксіз екенін айтуға болады.
Мемлекеттік қазынаны молайту мәселесін салықтар мен төлемдердің жаңа түрлерін енгізу немесе қазіргі барларының мөлшері мен тарифтерін көтеру арқылы шешу мүмкін.
Бүгінгі
күннің ең негізгі талабы – «көлеңкелі
экономика мен сыбайластық
Салықтық түсімдерді көбейту мәселесін шешу жолы басқада, атап айтқанда, салықтық әкімшілік жүргізу ісін жетілдіру керек. Салықтар мен бюджетке түсетін төлемдерді жинау жұмысын ұтымды ұйымдастырмай барлық фискальдық органдар бірлесіп қызмет етпей мемлекеттік қазынаны жүйелі түрде толтырып отыруға қол жеткізу қиын. [28, 16б]
Нарықтық
экономика жағдайында дамып келе
жатқан Қазақстанның бүгінгі болмысы
мемлекеттік кіріс жүйесін
Бюджеттің
мұнайдан түсетін кірістерге деген
тәуелділігінің сақталуы, салықтық базаның
ұлғаймауы жыл сайын
Бүгінгі уақытта, ҚҚС-ғы негізінен шикізатты (мұнайды, металды, астықты) экспортқа шығаратын ірі кәсіпорындарға салынады.
Салық органдардың тиімді жұмыс істей алмауына қатысты тағы бір мысал – салық төлеушілер шағымдарының белгіленген мерзімнен едәуір кешірек қаралуы. Мысалы, 2008 жылдың сәуір айының соңына жалпы көлемі 110,4 млрд теңге құрайтын осындай 28 шағым тіркелді. Оның жартысынан көбі өз шешімін 2005 жылдан күтуде. [26, 2б]
Сонымен, республикадағы қазіргі салықты әкімшілік жазалар арқылы өндіріп алу күрделі әрі тиімсіз, ал уәкілетті орган тарапынан салықтық текерулердің сапасын арттыру бойынша жүйелі шаралар қабылданбай жатыр. Мысалы, Салық көмитеті «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамына 30,7 млрд теңге салық пен төлемдерді қосымша есептеген еді, жасалған шағымнан кейін аталған сома 8,5 млрд теңгеге, ал сот шешімінен соң 1,7 млрд теңгеге дейін азайып кетті.
Республикалық
бюджеттің атқарылу сапасын одан
әрі арттыру мақсатында салық
заңнамасын жетілдіріп, барлық түсімдерді
жоспарлау мен оларға әкімшілік
шараларды қолдануды
Бюджеттің уақтылы орындалмау проблемасын барлық талап етілген рәсімдік мәселелер қызметін нақты жүргізіп, ұйымдастыра шешу керек, көптеген мемлекеттік органдар бюджеттік және қаржылық операцияларды уақтылы орындамай, тиісті бақылау жасамай қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің бүкіл қолданылу кезеңінде барлық аудан бюджетін атқару процесі және бағдарламалар әкімшілері бойынша тікелей нәтижелерге қол жеткізу көрсеткіштері қанағаттанарлықсыз. Ай сайын мемлекеттік мекемелердің шоттарындағы қалдықтар 7 млрд. теңгеден 3,5 млн. теңгеге дейін құрайды. Дұрысында мемлекеттік мекемелердің жауапкершілігін арттыру және қаражаттарды игеру индикаторларын 99,5%-дан 100%-ға дейін ай сайын арттыруға ұмтылу қажет. [23, 7б]
Бюджетті атқару және бюджеттік есепті және есептілікті жүргізу кезінде Қаржы бөлімі ұшырасатын, стратегиялық бағытты жүзеге асыруда кері әсерін тигізетін мынадай мәселелерді көрсетуге болады:
Мұнан басқа, бюджеттік бағдарламаларды атқару бөлігінде мынадай мәселелер бар:
Осылайша,
жоғарыда белгiленген проблемаларды
негiзге ала отырып, алдағы орта мерзiмдi
кезеңде елдегi мемлекеттiк басқару
жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi
шаралар мемлекеттiк
3.2 | Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру бағыттары |
Ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Парламенті бірлескен палаталарының отырысында 4 қаңтардағы 2007 жылы сөйлеген сөзінде бюджет жүйесін жетілдірудегі мәселеге тоқталды. Ол бюджеттік жоспарлаудың тиімділігін арттыру қажет деді. Қазіргі кезде бюджеттік шығындарды жоспарлауда жеткілікті мөлдірліктің жоқтығы өз алдына, бюджеттік бағдарламалардың паспорттары да формальді сипатқа ие. Ондағы көрсеткіштерге жету үшін бөлінетің мемлекеттік қаржы мемлекттік органдар жұмысының нәтижесі емес тек қаржыландыру көлемі ғана болып табылады. Сондай-ақ мемлекеттік органдардың ағымдағы және күрделі шығындарын қалыптастырудың объективтілігі жоғарлатылуы тиіс. Мемлекеттік ресурстарды бөлуге қатысты мәселеге келгенде ешқандай құпияға жол берілмеуі керек. Өйткені, салық төлеушілердің ақшалары қандай мақсаттарға, қандай көлемде бөлінетіні анық болғаны абзал. Сонда жемқорлық та азаяды, қаржыны мақсатсыз жұмсау да азаяды. [10, 6б]
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы №1297 қаулысымен бекітілген, Нәтижелерге бағытталған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру төңірегінде бюджет жүйесінің барлық деңгейлерінде бюджет процесін түбегейлі жаңадан ұйымдастыру үшін құқықтық негіз құрылатын болады және мемлекеттік органдардың жауапкершілігі мен өз еріктілігін арттыру нәтижесінде – бюджет қаражаттарын басқарудың мөлдірлігі мен тиімділігін көтеру.
Қазақстандағы бюджет жүйесінің реформасы бюджетті жасауға қатысатын мамандардың біліктілігіне талаптың айтарлықтай жоғары болатынын болжайды.
Ел
Президенті Н.Назарбаев өзінің 2008 жылғы
6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын
арттыру – мемлекеттік
Нәтижелерге
бағдарланған бюджеттеу бұл - бюджет
ресурстарын мемлекеттік
Бұл әдіс шығындар мен нәтижелерді, бюджет қаражатын жұмсаудың ең тиімді жолдарын таңдауға, жоспарланған нәтижелердің деңгейін және олардың сапасын уақтында бағалауға мүмкіндік береді.
Қазіргі
кезде жоспарлау жүйесін