Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 20:23, дипломная работа
Өзінің қызметі барысында банк әр түрлі аудиториялар типтерімен байланысқа түседі: бәсекелестермен, клиенттермен, мемлекетпен және т.б. Бұлармен банк пайданы оңтайландыру мақсатымен өзара әрекет етеді. Бірақ та бұл банктің банктік қызметтер нарығында қызмет атқара отырып, көздеген жалғыз мақсаты емес. Бұдан басқа, банктер қаржы ресурстарының өтімділігі мен табыстылығының колайлы үйлесімділігін, банк атағын құру мен қолдауын және т.б. қамтамасыз етуге ұмтылады. Өз кезегінде, банктің жақсы атағы тек осы банкке келетін клиенттердің санына әсер етеді. Банктің клиенттерімен қарым-катынасы банк өнімдерін сатып алу-сату процесінде пайда болды.
Кіріспе...........................................................................................................................3
Коммерциялық банктер және олардың қызметінің мәні мен теориялық аспектілері....................................................................................................................5
1.1 Коммерциялық банктердің экономикалық рөлі мен жағдайы..........................7
1.2 Коммерциялық банктердің атқаратын қызметтері мен операциялары..........10
1.3 Коммерциялық банк қызметтерінің принциптері............................................12
II.Қазақстан Республикасында дамыған коммерциялық банктердің нарықтағы орны, қызметтері және бәсекелестік деңгейі..............................................................
2.1 Қазақстан Республикасындағы банктердің экономикалық жағдайларын салыстыру...................................................................................................................12
2.2 Қазақстандық банк қызметтерінің артықшылықтары.....................................18
2.3 Қазақстандағы коммерциялық банктердің даму стратегиясы мен бәсекелестік деңгейі..................................................................................................25
III. Банк қызметін кеңейту арқылы коммерциялық банктердің табыстылығы мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату жолдары.................................................28
3.1 Коммерциялық банктер бәсекесінің қазіргі заманға сай ерекшеліктері және табысты арттыру жолдары мен модельдері...........................................................28
3.2 Қазақстандағы банк қызметтерінің даму перспективалары мен жаңашыл (инновациялық) технологиялар енгізу арқылы бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары......................................................................................................................32
3.3 Жаһандану жолындағы банк жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары......................................................................................................................35
Қорытынды.................................................................................................................39
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................41
Мазмұны
Кіріспе.......................
1.1 Коммерциялық банктердің экономикалық
рөлі мен жағдайы.......................
1.2 Коммерциялық банктердің атқаратын қызметтері мен операциялары..........10
1.3 Коммерциялық банк қызметтерінің
принциптері...................
II.Қазақстан
Республикасында дамыған коммерциялық
банктердің нарықтағы орны, қызметтері
және бәсекелестік деңгейі.......................
2.1 Қазақстан Республикасындағы
банктердің экономикалық
2.2 Қазақстандық банк
2.3 Қазақстандағы коммерциялық
банктердің даму стратегиясы
мен бәсекелестік деңгейі.......................
III. Банк қызметін кеңейту арқылы
коммерциялық банктердің табыстылығы
мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату
жолдары.......................
3.1 Коммерциялық банктер
бәсекесінің қазіргі заманға сай ерекшеліктері
және табысты арттыру жолдары мен модельдері....................
3.2 Қазақстандағы банк
қызметтерінің даму
3.3 Жаһандану
жолындағы банк жүйесінің
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер
тізімі........................
Кіріспе
Қазіргі уақыттағы Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің келешек уақытқа даму жорамалы банк ұйымының бәсеке және бәсекеге қабілеттілік өзектілігін көрсетеді. Банк бәсекесі және банктердің бәсекеге қабілеттілігі – бұл табысты және динамикалық дамуының банк болудағы ең негізгі мақсаттың, яғни ойға қоңымды тәуелденген максималды пайда табудағы ең негізгі фактор. Әр банк дамыған банк атануға тырысады. Контрагеттерге және де клиенттерге өтемді және көп қызықтыратын бағдарламалар дайындау: банк жүйесінің стратегиясының дамуы; жан-жақты да, жаңа өнімдер ұсынысы; Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен нормаларды қадағаланып, оның жүзеге асырылуы; банк жарнамасы және банктік қызмет; шұғыл да, тез жұмыс атқарылуы; клиенттермен жұмыс атқарушы менеджердің мамандылығы және т.б. – бұлар банктік бәсекелесті көтерудегі басты міндеттер. Алға қойған мақсаттарымызға бәсекелі экономикамыздың арқасында жетеміз. Алдымен банк бәсекелестігін экономикалық категория ретінде анықтау үшін ең алдымен орынды бәсеке түсінігін тәжірибелі қолдануылуын және банк бәсекесінің зерттеу тәжірибесінде қарау қажет.
Елімізде жүргізілген экономикалық реформа банк ісінің дамуында жаңа кезеңге алып келді. Нарыққа өту жағдайында банктердің және басқа несиелік институттардың даму перспективасы, оның іс-жүзінде іске асуы жайлы сұрақтар ерекше өзекті мәселеге айналып отыр.
Аталған міндеттерді шешу мүмкіндігі қазақстандық, сонымен қатар шетел банктердің қызмет етуінің практикалық ұғынуын зерттеу және де іс-жүзінде жұмыстың ең прогрессивті, ұтымды нысандары мен әдістерін өндіру негізінде ғана жүзеге асады. Бұл зерттеу тақырыбымның өзектілігін анықтап отыр.
Өзінің қызметі барысында банк әр түрлі аудиториялар типтерімен байланысқа түседі: бәсекелестермен, клиенттермен, мемлекетпен және т.б. Бұлармен банк пайданы оңтайландыру мақсатымен өзара әрекет етеді. Бірақ та бұл банктің банктік қызметтер нарығында қызмет атқара отырып, көздеген жалғыз мақсаты емес. Бұдан басқа, банктер қаржы ресурстарының өтімділігі мен табыстылығының колайлы үйлесімділігін, банк атағын құру мен қолдауын және т.б. қамтамасыз етуге ұмтылады. Өз кезегінде, банктің жақсы атағы тек осы банкке келетін клиенттердің санына әсер етеді. Банктің клиенттерімен қарым-катынасы банк өнімдерін сатып алу-сату процесінде пайда болды. Оларға мыналар жатады: несие беру, депозиттік шоттарды ашу, бағалы қағаздарды шығару, сатып алу және сату бойынша операциялар, валюталық қатынастар, есеп-айырысу операциялар табылады.
Бұл курстық жұмыс коммерциялық банктердің атқаратын қызметтерінің мәні мен операцияларын және банк қызметін арттыру арқылы оның бәсекеге қабілеттілігі мен табыстылығын арттыру жолдарын қарастырады.
Осыған байланысты бұл курстық жұмыстың басты мақсаты – Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі банк қызметтерін, оның аспектілерін, мәнін, комерциялық банктер қызметінің жіктелуін және қазіргі таңда дамыған банктердің қызметтерін талдап, артықшылықтарын көрсету болып табылады. Сонымен қатар банк қызметтерінің қазіргі жағдайы мен перспективаларына талдау жасау.
Курстық жұмысымның міндеттері :
1 Коммерциялық банктердің экономикалық рөлі мен жағдайын қарастыру
2 Коммерциялық банк қызметтерін талдау
3 Қазіргі таңдағы ҚР-ғы дамыған банк қызметтеріннің артықшылықтары мен даму стратегиясын көрсету
4 Банк қызметтерін кеңіту арқылы коммерциялық банктердің бәсекеге қабілеттілігін және табыстылығын арттыру жолдарын ұсыну
5 Жаңашыл технологиялар
енгізу арқылы банк
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Бірінші бөлімде ҚР-ң коммерциялық банктері және олардың қызметінің мәні мен теориялық аспектілері жайлы сөз қозғалады.
Екінші бөлімінде ҚР-да дамыған коммерциялық банктердің нарықтағы орны мен қызметтері талқыланады.
Ал, үшінші бөлімінде банк қызметін кеңіту арқылы коммерциялық банктердің табыстылығы мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату жолдары қарастырылады.
1 ҚР-ң коммерциялық банктері және олардың қызметінің мәні мен теориялық аспектілері
Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүддерлерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырылысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналасына тікелей ықпал етеді[1].
Коммерциялық банктер - жеке клиенттердің (ағымдағы есепті жүргізу, коммерциялық несиелерді ұсыну және т.б.) салымдары түрінде тартылған негізгі түрде ақша капиталдары мен сақталған ақша есебінен барлық саладағы кәсіпорындар үшін әмбебап банкілік операцияларды жүзеге асыратын кредиттік мекемелер. Ал қазіргі коммерциялық банктер — бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер деп бұл жерде ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр[2].
Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
1 Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:
2 Операцияларының түрлеріне қарай:
3 Аумақтық белгісіне қарай:
4 Салалық белгісіне қарай:
5 Филиалдар санына қарай:
Қазіргі таңдағы Қазақстандағы коммерциялық банктердің экономикалық жағдайына талдау жасау үшін, ең алдымен банк секторыныың құрылымын қарастырып өтейік.
Кесте 1. Банктік сектордың кұрылымы
Банктік сектордың кұрылымы |
2003 |
2004 |
2005 |
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
2011 |
2012 |
Екінші деңгейдегі банктер саны |
35 |
34 |
35 |
34 |
33 |
35 |
37 |
38 |
38 |
39 |
ЕДБ-дің филиалдар саны |
426 |
418 |
400 |
368 |
355 |
385 |
418 |
324 |
352 |
379 |
ЕДБ-дің шетелдегі өкілдіктерінің саны |
2 |
5 |
7 |
9 |
10 |
11 |
17 |
22 |
17 |
14 |
90-жылдың басында
банктердің саны 200-ден асты, әрине
бұл, олардың экстенсивті
Жалпы банктердің 90%-ының бір ірі қалада болуы банк капиталының республиканың өзге өңірлерде дұрыс бөлінбеуіне ықпал етуін көрсетеді. Банктердің тек Алматы қаласында шоғырлануы, оның бұрынғы астана, қазіргі қаржы орталығына айналу себебіне байланысты болып отыр.
Менің ойымша, банктердің қатарында бүгінгі күні өңірлік банктер жетіспейді, қазіргі банктердің өңірлерде филиалдарын ұстауы аймақтардың экономикалық жағынан толық қамтамасыз ете алмайтыны сөзсіз, сондықтан ендігі жерде өңірлердің өз банктерінің ашылу мәселесін шешу қажет.
Халықаралық сарапшылардың бағалауынша 16 млн. халқы бар ел үшін 39 банк көптік жасайды екен. Отандық банктердің сыртқы экономикалық қызметін кеңейтудің бір жолы болып шетелдерде және ТМД елдерінде өкілеттіктері мен еншілес банктерін ашу болып табылады. Бүгінгі күні отандық банктеріміздің 14 өкілдіктері республикамыздан тысқары жерлерде қызмет етуде. 2009 жылы «АСҚ банкі» АҚ-ның Ресей Федерациясында және «Альянс Банк» АҚ-ның Қырғызстанда еншілес банктері ашылды. Осындай тәсілмен, 2006 жылы Қазақстанның 4 коммерциялық банкінің көрші мемлекеттерде орналасқан 5 еншілес банкі пайда болды[2].
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің табыстары мен рентабельділігін төмендегі кестеден (Кесте 2.) көре аласыздар.
Кесте 2. Қазақстан Республикасындағы ЕДБ-дің табыстары мен рентабельдігі
Көрсеткіштер |
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
2010 |
2011 |
Таза пайда млрд теңге |
7,1 |
7,4 |
20,6 |
30,1 |
34,9 |
53,1 |
127,5 |
266 |
ROA, % |
1,3 |
0,9 |
1,8 |
1,8 |
1,2 |
1,8 |
1,4 |
2,3 |
ROE, % |
7,3 |
6,1 |
12,8 |
13,5 |
9,2 |
14,1 |
14,6 |
18,6 |
Информация о работе Коммерциялық банк қызметтерін жетілдіру жолдары