Коммерциялық банк қызметтерін жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 20:23, дипломная работа

Описание

Өзінің қызметі барысында банк әр түрлі аудиториялар типтерімен байланысқа түседі: бәсекелестермен, клиенттермен, мемлекетпен және т.б. Бұлармен банк пайданы оңтайландыру мақсатымен өзара әрекет етеді. Бірақ та бұл банктің банктік қызметтер нарығында қызмет атқара отырып, көздеген жалғыз мақсаты емес. Бұдан басқа, банктер қаржы ресурстарының өтімділігі мен табыстылығының колайлы үйлесімділігін, банк атағын құру мен қолдауын және т.б. қамтамасыз етуге ұмтылады. Өз кезегінде, банктің жақсы атағы тек осы банкке келетін клиенттердің санына әсер етеді. Банктің клиенттерімен қарым-катынасы банк өнімдерін сатып алу-сату процесінде пайда болды.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
Коммерциялық банктер және олардың қызметінің мәні мен теориялық аспектілері....................................................................................................................5
1.1 Коммерциялық банктердің экономикалық рөлі мен жағдайы..........................7
1.2 Коммерциялық банктердің атқаратын қызметтері мен операциялары..........10
1.3 Коммерциялық банк қызметтерінің принциптері............................................12
II.Қазақстан Республикасында дамыған коммерциялық банктердің нарықтағы орны, қызметтері және бәсекелестік деңгейі..............................................................
2.1 Қазақстан Республикасындағы банктердің экономикалық жағдайларын салыстыру...................................................................................................................12
2.2 Қазақстандық банк қызметтерінің артықшылықтары.....................................18
2.3 Қазақстандағы коммерциялық банктердің даму стратегиясы мен бәсекелестік деңгейі..................................................................................................25
III. Банк қызметін кеңейту арқылы коммерциялық банктердің табыстылығы мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату жолдары.................................................28
3.1 Коммерциялық банктер бәсекесінің қазіргі заманға сай ерекшеліктері және табысты арттыру жолдары мен модельдері...........................................................28
3.2 Қазақстандағы банк қызметтерінің даму перспективалары мен жаңашыл (инновациялық) технологиялар енгізу арқылы бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары......................................................................................................................32
3.3 Жаһандану жолындағы банк жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары......................................................................................................................35
Қорытынды.................................................................................................................39
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................41

Работа состоит из  1 файл

МОЯ КУРСОВАЯ.doc

— 1.10 Мб (Скачать документ)

 

       Қызметтер аясын кеңейту – барынша таралған филиал желісі арқылы қаржылық өнімдердің/қызметтердің ауқымды жиынтығын ұсыну мүмкіндігін неғұрлым жоғарғы деңгейде пайдалану; клиенттердің негізгі сегменттерінің сұраныстарын барынша толығымен қанағаттандыратын  және тұтастай алғанда табыстың өсімін қамтамасыз ететін  қызметтерді дамыту.

Стратегияны жүзеге асыру бизнес жүргізудің әрекет етуші  моделін одан әрі жетілдіруді  және Топ бизнесінің әрбір бағытының  функциялық стратегиялық жоспарларын сәтті орындауды талап етеді.    2013-2015 жж. кезеңіне оларды шешу осы Стратегия арқылы алға қойылған жаңартуларды жүзеге асыру үшін негізді және алға қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін мынадай міндеттер айқындалған:

     Қаржыландыру және қызмет көрсетудің бәсекелі талаптарын ұсыну; жаңа өнімдерді алға жылжыту; клиенттерге топта бар кең ауқымды қызметтердің барлығын ұсыну; тұрлаулы қаржылық жағдайы бар әлеуетті клиенттерді тарту арқылы  корпоративтік клиенттер сегментінде де, шағын және орта кәсіпорындар сегментінде де жинақталатын сатылымдар мен табыстар көлемін ұлғайта түсу.

      Агрессивтік саясат жүргізу және жалақылық жобаларға және кредиттік карточкаларға баса назар аудару; ипотекалық кредит беру секторында жетекші орынды иемдену, өнімдер желісін жетілдіре түсу; сервис сапасын жақсарту және баламалы (қашықтан) сатылым арналарына айрықша көңіл бөлу арқылы желі тиімділігін арттыру есебінен, нарықтың өсім динамикасына және бәсекелестіктің арта түсуіне байланыссыз, негізгі бөлшек өнімдер бойынша бөлшек секторда жетекші орынды сақтап қалу.

 

Халық Банкінің трансфер-агенттік қызметі:

Трансфер-агенттік қызметтің мәнісі инвестордан брокерге келетін құжаттарды on-line режимінде  электрондық байланыс арналары арқылы қабылдау, тіркеу, есепке алу, беру және одан әрі брокерге инвестор құжаттарының түпнұсқаларын жеткізу болып табылады. Несімен қолайлы:

  • Банктің еліміз бойынша кеңінен таралған ауқымды филиалдар желісінің арқасында брокердің клиенті болу үшін және акция сатып алуға тапсырыс беру үшін Сіз брокердің кеңсесіне барып жатпай-ақ, Қазақстанның 22 қаласындағы Халық банкі бөлімшелеріне барып жолықсаңыз жеткілікті.
  • Брокерге берілетін бұйрықтарды/тапсырыстарды ресімдеу арнаулы бағдарламалық жасақтамада жүргізіледі, бұл қызмет көрсету уақытын айтарлықтай қысқартады және қабылданған бұйрықтарды/тапсырыстарды on-line режимінде жіберуге мүмкіндік береді[25].

Қазақстан Халық Банкі осы заманғы сейфтік депозитарий қызметін пайдалануды ұсынады.

Сейфтік депозитарийдің 3 түрі бар: 

  • механикалық сейфтік депозитарий – ұяшықтың механикалық екі түрлі кілттен тұратын құлпы бар. Ұяшықта сақтаулы құндылықтардың қорғанысын арттыру және бөтен адамдардың рұқсатсыз қол жеткізуінен қорғау мақсатында ұяшықты ашуды және жабуды Клиент тек Банк қызметкерімен бірлесіп екі түрлі кілтпен жүргізеді (Банктің кілті және Клиенттің кілті).
  • электронды-механикалық сейфтік депозитарий – банктің электронды құлпымен және Клиенттің механикалық құлпымен ашылатын, Клиент құндылықтарын сақтауға арналған ұяшықтар. Қалауыңыз бойынша ұяшықты құлыпты сатып алу арқылы жалдауға болады. Сатып алынған құлыпты Клиент одан әрі Банктің электронды-механикалық сейфтік депозитарийі орналасқан басқа бөлімшелеріндегі осыған ұқсас ұяшықтарында пайдалана алады. 
  • автоматтандырылған сейфтік депозитарий – Клиентке өзіне-өзі қызмет көрсету қағидаты негізінде тәулік бойы жұмыс істейтін ұяшыққа қол жеткізудің автоматтандырылған жүйесі. Клиентті сәйкестендіру тиісті сәйкестендіру  карточкасы бойынша жүргізіледі. Банк сондай-ақ Клиентке  алақаны бойынша екінші рет қосымша сәйкестендіруді пайдалану мүмкіндігін ұсынады.

       Қазақстан Халық Банкінің «Мобильдік банкинг» жүйесі – Қазақстандағы ұялы телефон көмегімен карт – шотты басқарудың алғашқы жүйесі. Қазіргі уақытта жүйе қызметін 130 мыңнан астам клиенттер пайдалануда, оның ішінде 95,5 жүйеге 2006 жылы қосылған – бұл елдегі қашықтағы банкингтің ең көп сұранысқа ие түрі.

 «Мобильдік банкинг»  жүйесіне қосылудың артықшылықтары:

  • тәуліктің кезкелген уақытысында банке бармай SMS хатама арқылы өзіңіздің карточкалы шоттіңіз жайлы ақпарат ала аласыз;
  • SMS – хат арқылы өз есепшотыңызға жасалған операциялар мен  авторизация туралы мәлімет беруге;
  • телефон есебін төлеуге;
  • сәйкес SMS хатпен қажет жағдайда карточканы бейтарап етуге;
  • Мобильный банкинг жүйесіне қосылған карточкалар статусы жөнінде  ақысыз мәлімет алып, Мобильный банкинг қызметтерін осы карталар  арқылы ашып-жабу
  • өз телефоныңыздағы қолайлы меню көмегімен қызметтердің барлығын  пайдалану;

 

Кесте 5. «Мобильдік банкинг» жүйесің қызметтерінің  тарифтері.

Қызмет аты

Тарифтер

«Мобильдік  банкинг» жүйесіне қосылу

20 теңге 

Төлем карточкасы байынша баланс

20 теңге

Төлем карточкасы бойынша соңғы 10 операция туралы ақпарат

30 теңге

Төлем карточкасын  бейтараптандыру

тегін

Төлем карточкасы бойынша барлық операция туралы ақпарат:

 карточканы  жүйеде алғашқы    тіркеуден  бастап  

      әр тіркелген карточка үшін 

Айына 290 теңге

 

Айына 290 теңге

Төлем карточкасы бойынша «Мобильный банк» жүйесін  жандандыру/ бейтараптандыру

тегін

Клиеттің тапсырысы байынша карточаный «Мобильдік банкинг» жүйесінде мәртебесі    

тегін

Ұялы телефонға ақы төлеу

30 теңге төлем  үшін 


 

Қазақстанда жалғыз ұялы телефон көмегімен банк есеп шотын басқару жүйесін Банк VISA CEMEA – «Мобильный банк» - «Verified by Visa» жобасы аясында 2005 жылдың 19 сәуірінен бастап қолданысқа енгізілген. Осы күнен бастап қызмет «КАР – ТЕЛ» ЖШС GSM опреаторлары абоненттеріне көрсетіле бастады (Beeline, K-Mobile, Excess). Келесі 3 айда  «Мобильдік банкинг» жүйесінің қызмет аясы кеңейтіліп, «Алтел» АҚ – ның CDMA – операторын қолданушылар мен (Dalacom, Pathword) GSM Kazakhstan ЖШС (Activ, K-cell) қамтыды сөйтіп 2006 жылдың 11 тамызына қарай қазақстанның ұялы байланыс нарығы түгел аталған қызметпен қамтылды[24].

2011 жылдың 17 қарашасында  Қазақстан Халық Банкінің «Мобильдік  банкинг» жүйесінің кірісі 1миллион  АҚШ долларынан асты. «Мабильдік  банкинг» жүйесі қызметтерін  30 мыңнан астам қазақстандықтар  пайдаланып, әр айдағы жаңа клиенттердің қосылуы шамамен 15% құрады. Қазанда бір айдағы SMS-хаттамалар трафигі 100 мыңнан асты. Салыстыру, Ресейдің Сбербанкісіне бұл үшін 17 ай қажет боды (Ресейде «Мабильный банкинг» жүйесі 2002жылдың қазанынын іске қосылған). Банктің «Мабильдік банкинг» қызметінің бұлайша алға кету себебі – клиенттің қызметтке қосылуының қарапайымдылығы мен қолайлылығында жатыр. Мұны ел бойынша жалпы саны 585болатын Халық Банкінің кез-келген банкі арқылы жүзеге асыруға болады.  

        Қазіргі кезде электрондық қызметтерді ендіру үдерісі қаржы секторында жедел қарқынмен жүруде. Бүгінгі күні Интернет-банкингтің қызметін Қазақстанның екінші деңгейдегі банктерінің 18-і – барлық ЕДБ-ның 47% ұсынады. Интернет-банкингтің жүйелеріндегі «жеке кабинеттің» көмегімен қызметтер ауқымды тізбесі үшін ақы төлеуге және өзге операциялар жүргізуге болады. Осы арнаның танымал болуы соңғы жылдары айтарлықтай өсті.

    Яғни, Қазақстандық  банктер осындай қызметтерімен  ерекшеленеді, ал банк табыстылыққа  және бәсекеге қабілетті болу үшін бәсеке күші болу қажет.

Бәсекенің күші төмендегілердің  нәтижесінде пайда болады:

1  Бәсекелестердің  нарықта ең жақсы жағдайға  ие болуға және бәсекелестерінен  артықшылық алуға тырысуы;

2  аутсайдерлердің  өз өнімдерін сатып алушыларды тартуға әрекеттенуі;

3  нарыққа жаңа бәсекелестердің  ену қаупінің орын алуы;

4  нарық күші және  өнім берушілер тарапынан мәмілелер  шарттарын бақылау;

5  нарық күші және  сатып алушылар тарапынан мәмілелер  шарттарын бақылау.

 

 

 

Бәсекенің сызбада (Сурет 6.) келтірілген бес күшінің моделі бәсекенің нарыққа негізгі әсерлерін оқып білудің және олардың әрқайсының күшін бағалаудың бағалы тұжырымдамалық  құралы болып табылады[14].

 

Сурет 6. Бәсеке күшінің  моделі

 

 

 

 

 

Бәсекені бес  күштің негізінде талдау әдістемесін бизнестің Гарвард мектебінің профессоры Майкл Портер әзірлеген, сол себепті бұл сызбаны көбінесе Портер моделі деп атайды. Өзі пайда болған 1980 жылдан берібәсекенің бес күші моделі бәсекеге талдау жасаудың ең көп тараған әдісі болып отыр[14].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 7.  М. Портер бойынша бәсекелестік күштер моделі

 

 

 

Қорыта айтқанда, қазіргі таңдаңы коммерциялық банктердің бәсекелік жағдайын қызметтер аясын  кеңейтумен қатар бәсекелестік күштер моделі арқылы да арттыруға болатынына көз жеткіздік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Қазақстандағы  коммерциялық банктердің  даму  стратегиясы

 

 

   Банк  стратегиясы өзіне көшбасшы банк  позициясын және қаржылық қызметтер  провайдері (жеткізушісі) позициясын  ұстануды кіргізеді. 

Осы стратегияны  жүзеге асыру үшін банктер мыналарға жұмылдырылмақ:

  • Банктік қызметтерді кеңейту.

Сондай-ақ, банк өз қызметтерінің ауқымын кеңейтуге көңіл бөледі. Банк өзінің корпоративтік клиенттік базасын кеңейте және несие (ссуда) қоржынының сапасын жақсарта бермек.

  • Ақпараттық басқару жүйесі мен операциялық тиімділікті жақсарту.  
    Банк операциялық тиімділікті адамзат ресурстары мен ақпараттық технологияларға ұйымдық қайта құрылымдау және инвестициялар жолымен жақсартуға жұмыс істеді. Банк жетекші ақпараттық жүйелерді енгізуді жалғастыра бермек.

    Сонымен қатар, банктің даму стратегиясын құру үшін, ең алдымен, банктердің бәсекелестерге талдау жасауды қажет етеді. Ол үшін банктік алға қойған мақсаттарын, ағымдық стратегиясын, жорамалдарын және мүмкіндіктерін саралау қажет және оны төмендегі сызбадан (Сурет 8.) көре аласыздар[14].

 

Сурет 8. Бәсекелестерге талдау жасау элементтері

 

           

      Соған байланысты банктердің  ағымдық стратегиясына, яғни дал  қазіргі уақытта банктер қандай  даму бағыттарын қолдануда және  болашақта қандай қызмет түрлерін  жүзеге асырмақшы, сонымен қатар қандай жорамалдар қойып, қандай мүмкүндіктерге жол ашылып отыр, сол жайлы сөз қозғалмақ.

       Қазіргі уақытта БТА Банкі «Даму-Аймақ-2» аймақтық басым жобаларды қаржыландырудың мемлекеттік бағдарламаларын және жергілікті атқарушы органдардың жергілікті бағдарламаларын жүзеге асыруға белсене қатысып отыр. «Даму-Аймақ-2» бағдарламасы аясында Банкке белгіленген қаржыландыру лимиті 1,9 млрд. теңгені құрайды[16].

           БТА Банкі негізгі және айналымдағы қаражатты толықтыру, сонымен қатар ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу бойынша кәсіпорындарды жабдықтау лизингі бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің бюджеттік бағдарламасының төрт байқауына қатысты (2010 жылы – 3 байқауға, 2011 жылы – 2 байқауға, 2012 жылы – 2 байқауға). Осы Бағдарлама аясында:

       2010 жыл аясында бірінші байқау бойынша Қазақстанның 11 облысынан жалпы сомасы 426 769 мың теңгені құрайтын 476 жобаны, екінші байқау бойынша Қазақстанның 6 облысынан жалпы сомасы 17 282 мың теңгені құрайтын 148 жобаны, үшінші байқау бойынша Қазақстанның 9 облысынан жалпы сомасы 16 080 теңгені құрайтын 61 жобаны субсидиялау мақұлданды.

        2011 жыл аясында бірінші байқау бойынша бойынша Қазақстанның 11 облысынан жалпы сомасы 446 862 мың теңгені құрайтын 438 жобаны, екінші байқау бойынша Қазақстанның 5 облысынан жалпы сомасы 14 888 716,46 теңге 65 жобаны субсидиялау мақұлданды.

         2012 жыл аясында бірінші байқау бойынша Қазақстанның 8 облысынан жалпы сомасы 68 855 735,82 теңгені құрайтын 131 жобаны, екінші байқау бойынша Қазақстанның 4 облысынан жалпы сомасы 9 791 744,65 теңге 18 жобаны субсидиялау мақұлданды.

       Банктер «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске қосқан сәттен бастап, атап айтқанда 2010 жылдың шілде айынан бастап оны жүзеге асыруға белсене ат салысып келеді. Қазіргі таңда Бағдарламаны жүзеге асыру төрт бағытта жүргізіліп жатыр: жаңа бизнес-бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру, кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін азайту және 2011 жылдың көктемінде іске қосылған жаңа төртінші бағыт – кәсіпкерлік әлеуетті күшейту.

       Бағдарлама кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау арқылы Қазақстан экономикасына басым жобаларды іске асыратын кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге бағытталған, алайда ондай кредиттердің теңгедегі пайыздық ставкасы 1 және 3-бағыт бойынша 14% аспауы тиіс, ал 2-бағыт бойынша 12% аспауы тиіс, бұл ретте субсидиялардың мөлшері 1-бағыт бойынша 7%, 2-бағыт бойынша 5% және 3-бағыт бойынша 8% құрайды[15].

       Бағдарламаны жүзеге асыру механизмдерін жетілдіру және жеңілдету мақсатында оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Нәтижесінде, бірінші бағыт бойынша 30% дейін айналымдағы қаражаттарды субсидиялауға рұқсат етілді, ал бұған дейін айналымдағы қаражаттарға субсидия беру рұқсат етілмейтін, екінші бағыт бойынша өтінімдерді қабылдау 2011 жылдың соңына дейін жалғасады. Тағы бір өзгеріс валюталық кредиттерді субсидиялау болып табылады. Бұл ретте субсидиялау кезеңін есептеу «Даму» КДҚ тарапынан шартқа қол қоюды күтпей, банк және кәсіпкер арасында шартқа қол қойылған сәттен басталады. Қатысушы банктер, Қор және «Қазақстан Қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ арасында сыртқы регламентке қол қойылды әрі ол жобаларды қарастырудың барлық сатысында өтінімдерді қарау мерзімдерін нақты реттейді.

Информация о работе Коммерциялық банк қызметтерін жетілдіру жолдары