Коммерциялық банк қызметтерін жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 20:23, дипломная работа

Описание

Өзінің қызметі барысында банк әр түрлі аудиториялар типтерімен байланысқа түседі: бәсекелестермен, клиенттермен, мемлекетпен және т.б. Бұлармен банк пайданы оңтайландыру мақсатымен өзара әрекет етеді. Бірақ та бұл банктің банктік қызметтер нарығында қызмет атқара отырып, көздеген жалғыз мақсаты емес. Бұдан басқа, банктер қаржы ресурстарының өтімділігі мен табыстылығының колайлы үйлесімділігін, банк атағын құру мен қолдауын және т.б. қамтамасыз етуге ұмтылады. Өз кезегінде, банктің жақсы атағы тек осы банкке келетін клиенттердің санына әсер етеді. Банктің клиенттерімен қарым-катынасы банк өнімдерін сатып алу-сату процесінде пайда болды.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
Коммерциялық банктер және олардың қызметінің мәні мен теориялық аспектілері....................................................................................................................5
1.1 Коммерциялық банктердің экономикалық рөлі мен жағдайы..........................7
1.2 Коммерциялық банктердің атқаратын қызметтері мен операциялары..........10
1.3 Коммерциялық банк қызметтерінің принциптері............................................12
II.Қазақстан Республикасында дамыған коммерциялық банктердің нарықтағы орны, қызметтері және бәсекелестік деңгейі..............................................................
2.1 Қазақстан Республикасындағы банктердің экономикалық жағдайларын салыстыру...................................................................................................................12
2.2 Қазақстандық банк қызметтерінің артықшылықтары.....................................18
2.3 Қазақстандағы коммерциялық банктердің даму стратегиясы мен бәсекелестік деңгейі..................................................................................................25
III. Банк қызметін кеңейту арқылы коммерциялық банктердің табыстылығы мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату жолдары.................................................28
3.1 Коммерциялық банктер бәсекесінің қазіргі заманға сай ерекшеліктері және табысты арттыру жолдары мен модельдері...........................................................28
3.2 Қазақстандағы банк қызметтерінің даму перспективалары мен жаңашыл (инновациялық) технологиялар енгізу арқылы бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары......................................................................................................................32
3.3 Жаһандану жолындағы банк жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары......................................................................................................................35
Қорытынды.................................................................................................................39
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................41

Работа состоит из  1 файл

МОЯ КУРСОВАЯ.doc

— 1.10 Мб (Скачать документ)

            Қазіргі таңда Еуразиялық Банк меншікті бөлшек желілерін кеңейту аясында қазақстандық нарықта теңдесі жоқ Бөлшек қызмет көрсету орталығының (БҚО) жаңа моделін ұсынды.

Қазақстанда 2012 жылдың аяғына дейін, Алматы қаласындағы бесеуін  қосқанда, жаңа үлгідегі 73 бөлшек қызмет көрсету орталықтары ашылатын болады. Еуразиялық Банктің аймақтық экспансия  бағдарламасы меншікті бөлшек желілерін 2013 жылдың аяғына дейін 3000 орыннан асатындай етіп (20 филиал толық қызмет спектрімен, 120-дан астам Бөлшек қызмет көрсету орталықтары және 2500 қызмет көрсету орындары) кеңейтуді қарастыруда. Басқарма Төрағасы Майкл Эгглтон атап көрсетті: «Банктің қаржы секторлары үшін офистер жобалауға маманданған танымал дизайнерлік компаниялармен бірлесіп қызмет істеу нәтижесінде, бізге, Банк пен Клиент арасындағы қарым-қатынаста жаңа айналымға бастау беретін банктік қызметтердің жоғары технологиялық орталықтарын көрсетуге жаңа мүмкіндіктер туды. Банктің клиенттерге қызмет көрсету саласында алдыңғы қатарда екендігін мақтанышпен айтқым келеді. Банк клиенттердің талабына байланысты өзінің қатысу саласын кеңейтеді, сондықтан клиенттермен қатар, Банк қызметкерлеріне де арналған ұтымды шешім шығаруда жұмыс істеуді одан әрі жалғастыруды жоспарлап отырмыз».  Еуразиялық өзінің бөлшек желілерін кеңейту есебінен қазақстандық нарықта айтарлықтай үлес алуға мақсат қойып отыр. Осылайша Банктің жоспары – бөлшек кредит беру нарығындағы үлесті бизнес көлемін екі есе арттырып, 15% -ға дейін ұлғайту[21].

Еуразиялық  Банктің Бөлшек қызмет көрсету орталығы – бұл клиент үшін 30 ш. метрден 100 ш.м. дейін ықшам аумақта банктік  қызмет көрсетудің ең жоғарғы мүмкін жинақталымы. Бұл жерде кез келген уақытта карта шотын толықтыруға, төлемдер жүргізуге, терминалдар мен банкоматтар зонасы тәулік бойы ашық тұратындықтан кредит өтеуге болады. Офистердің оңтайлы құрылымы, қажет болған жағдайда БҚО барынша ыңғайлы орынға ауыстыру үшін жылдам ауыстыруға мүмкіндік береді. Заманауи банктің стандартты жиынтығы – төлем терминалдары мен банкоматтардан басқа, Еуразиялық банк Еуропада және ТМД елдерінің біразында кеңінен қолданылып жүрген, бірақ қазақстандық нарықта бүгінге дейін беймәлім электрондық кассалық рециркуляторларды (ЭКР) пайдалануды іске қосайын деп отыр. ЭКР кассаға кезекке тұруды өткеннің қалдығына айналдыра отырып, үйреншікті банктік рәсімдердің бірқатарын автоматтандыруға және жылдамдатуға мүмкіндік береді, «электрондық кассир» банкноттарды қабылдап және сұрыптап қана қоймай, сонымен қатар купюраларды кассир-оператордың командасымен кері қайтарып береді. Ақша толтырып салу кезінде «ақылды» машина банкноттардың түпнұсқалығын тексереді[22].

Яғни, осы сияқты заманауи технологияларды енгізу нәтижесінде  банк қызметтері кеңею үстінде, ал соның нәтижесінде банктің бәсекеге қабілеттілігі мен табыстылығы артып келе жатыр дегенге кім кепілдік бере алмайды. Шет елдермен тәжірибе алмасу арқылы жаңа жетістіктерге жетеміз деп сеніммен айта аламын.

3.3 Жаһандану  жолындағы банк жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары

 

      Ұлттық экономиканың бәсекеге  қабілеттілігін қамтамасыз ету  жолдарының бірі қазіргі заманға  сай, тиімді қаржы-банкілік жүйені  қалыптастыру болып табылады. Банк  жүйесі нарықтық экономикада  екі жақты қарым-қатынасты ұстанады. Бір жағынан, ұлттық экономиканың құрамдас бөлігі ретінде автономды түрде дамып келеді, сондай-ақ ол экономикамызда болып жатқан маңызды процестерді көрсетеді. Тұрақты және бәсекеге қабілетті банк жүйесі мемлекеттің экономикалық өсіміне тиімді әсер етеді. Және керісінше, нашар дамыған банк жүйесі тиімсіз экономиканың кемшіліктерін корсете отыра, даму жолдарын тежейді. Банк жүйесі өзін-өзі ұйымдастырушы және ашық болып табылады. Мұндай жүйедегі өзін- өзі ұйымдастыру қызметін мемлекет тарапынан толықтырып отыру қажет. Ішкі және сыртқы қатынастарды тиімді реттеуді анықтау мемлекеттік басқару органдарының маңызды тапсырмасы болып табылады. Сол себепті де банк қызметтерінің бәсекеге қабілетті болуы Қазақстан үшін маңызды әрі қиын міндеттердің бірі болып табылады. Жаһандақ деңгейі бойынша Қазақстандық банк секторының бәсекелестік деңгейін төменде көрсетілген график түрінде (Сурет 11) бейнелеуге болады[24].

         ДСҰ-на кіруге мүмкіндік беретін халықаралық экономикадағы Қазақстанның белсенді интеграциясы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату бойынша пәрменді шаралардың жүзеге асуы мен әзірленуін талап етеді.

 

Сурет 11 Банк секторының бәсекелестік деңгейі (H-статистикасы)

 

 

 Н-статистикасы  – Банк секторының бәсекелестік деңгейін бағалау болып табылады, мұндағы 0- монополистік жағдайға тең болса, ал 1- нағыз бәсекеге қабілетті жағдай және 0.70 орташа бәсекелестік деңгейі[25].

        Әлем бойынша алдыңғы қатарлы  қаржылық институттардың пікірінше  Қазақстан республикасының банк жүйесі ТМД мемлекеттерімен салыстырғанда біршама алда деуге болады. Соған байланысты жалпы біздің банк жүйеміздің әлемдік деңгейге жету жолдарын қарастырмас бұрын, алдымен алдарыңызға Қазақстан банк жүйесінің SWOT- анализін  ұсынамын (Кесте 6)[14].

 

Кесте 6. Қазақстандағы банк жүйесінің SWOT- анализі.

Мықты жақтары

Әлсіз жақтары

  1. Қаржы нарығының қызметтері мен банк жүйесін реттеуші заңнамалар мен нормативтік актілердің жоғары сапалылығы.
  2. Коммерциялық банк қызметтерінің Ұлттық банк тарапынан реттеудің нарықтық механизмі
  3. Жетекші орындағы коммерциялық банктердің халықаралық қаржылық институттармен, рейтингілік, аудиторлық компаниялармен және даму институттарымен, халықаралық деңгейдегі ірі банктермен өзара әрекеттесу тәжірибесінің маңызды болуы
  4. Несиелік ұйымдардың қызметіне халықаралық стандарттарды енгізудің жоғарғы деңгейі, инвестициялық және несиелік портфельдерді қабылдауға болатын сапалық деңгейі, мүмкін болатын шығындарды жабатын резервтердің жеткіліктілігі.
  1. Жүйе элементтерінің арасындағы әлсіз ішкібайланыс
  2. Ұзақ мерзімді және орта мерзімді ресурстар нарығының шектеулігі.
  3. Қаржы құралдарына қойылатын ставка тербелісіне деген сезімталдығы.
  4. Операциялық шығындардың өсімі және кредиттік портфель сапасының нашарлауы.
  5. Корпоративтік басқару принциптерін енгізу деңгейінің жеткіліксіздігі, тәуекелдерді басқару мен бақылаудың тиімді механизмінің жоқтығы.

Қауіп-қатерлер

Мүмкіндіктер

  1. Экспорттық саланың даму қозғалысына тәуекелдердің жоғарғы деңгейі, осы тауарларға әлемдік бағаның тербелісі.
  2. ДСҰ-на кіруге байлансты бәсекенің артуы.
  3. Несиелеудің сапасын төмендетуге апаратын банк активтерінің өсімі, күмәнді және анықталмаған кредиттер үлесінің өсуі.
  4. Өтімділіктің тәуекелділігі, несиелік және валюталық тәуекелдер.
  1. Ішкі байланыстарды арттыру бағытында ұлттық банк жүйесінің құрылымын жетілдіру, даму банктерінің және инвестициялық банктер рөлінің артуы, коммерциялық банктер арқылы инвестициялық жобаларды қаржыландыру түрлерінің көбеюі.
  2. Банктік және қаржылық сферадағы экономикалық процестерді зерттеу бойынша мемлекеттік-жеке меншік серіктестіктер негізінде арнайы ғылыми орталықтар құру.
  3. Елдің банк жүйесіндегі ұлттық банктердің даму перспективаларын, ұлттық  және шетелдік банктер қатынасындағы мемлекеттік саясатты анықтау.

 

     Егер банк секторының бәсекеге қабілеттілігін жаһандық деңгейде қарастырсақ, онда банктің бәсекелесу стратегиясы – қызмет сапасын жоғарылату, шығындарды азайту, инфрақұрылымын дамыту, капиталды ұлғайту арқылы бәсекелестермен күресудің ұзақ мерзімді көрінісі ретінде анықталады. Осының нәтижесінде, банктердегі бәсекелік артықшылық макроэкономикалық көрсеткіштердің өсіміне әкелетін, елдегі қаржы тұрақтылығын жоғарылатады.     Стратегиялық жоспарлау, диверсификациялау, экспанциялау, құрылымдық бөлімшелер бойынша тәуекелдерді тарату сияқты әдістерден басқа, банк қызметінің бәсекеге қабілеттілігін  жаһандық деңгейде арттыру үшін, тек өз елімізде ғана емес, капитал нарығы дамыған елдерде қолданыс тапқан, өтімділік және төлемқабілеттілік сияқты туындайтын проблемалармен байланыстыкризистік жағдайлардан қорғау әдістерін қолдану қажет[22].

        Қазіргі заманға сай әлемде  экономикалық міндеттердің тез  өзгеруіне байланысты туындаған  проблемаларға тез жауап қайтару  қажеттілігі туындайды. Сондықтан  бұл жерде әр түрлі жағдайларды  болжауға арналған қажетті ақпараттарды  уақытында алу қажет. Соған байланысты отандық банктер әлемдік экономиканың, капитал нарығының даму тенденциясына байланысты туындаған сұрақтарға ең жуық, жақын қамтамасыз ететін қуатты ақпараттық-аналитикалық орталықтарға мұқтаж болады.

      ҚР-ң қаржылық секторындағы қосымша тәуекелдердің туындауы мен қазіргі таңдағы бар проблемалар Үкіметтің және Ұлттық банктің жаңа бастамаларымен шешуін табатын болады. Бұған 2007-2011 жылғы қаржы секторын дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру мүмкіндік туғызады. Жаһандық өзгерістер банк секторында оның бәсекеге қабілеттілігі мен табыстылығын ұлғайтуға көмектесетін жаңа қаржылық құралдардың пайда болуына әсер етеді.  Қазақстандық банк жүйесі талдай келе, жаһандану жолындағы банк жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру моделін ұсынамын.(Сурет 12).

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 12Жаһандану жолындағы Қазақстан банк жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағыттары.

 

 

 

Қорытынды 

 

Қорытындылай  келе, Қазақстанның банктік нарығы жетілмеген бәсеке нарығы болып табылады. Бұнда тауардың дифференциациясы маңызды орын алады, яғни сапаны жақсарту, атақты ұлғайту арқылы банктің банктік өнімінің бөлінуі. Қазіргі коммерциялық банктер — бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді.      Банктік қызмет - клиенттің қажеттілігін қанағаттандыру нысаны, банк клиентіне қызмет көрсетудің нәтижесі. Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шарушылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.

Операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі қызметтерді былай құруға болады:

  • уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар);
  • экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар);
  • қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
  • инвестициялық   қызметті;
  • клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.

 Қазіргі таңда Қазақстан нарығында екінші деңгейлі 39 банк бар, салыстыру үшін 90-жылдардың басында 230 банк болған, олардың 16-сы еншілес шетел банкі де, екеуі мамандандырылған мемлекеттік банк болды. Осылайша, қазақстандық коммерциялық банктер саны – 17.

Қызметтер аясын  кеңейту – барынша таралған филиал желісі арқылы қаржылық өнімдердің/қызметтердің ауқымды жиынтығын ұсыну мүмкіндігін неғұрлым жоғарғы деңгейде пайдалану; клиенттердің негізгі сегменттерінің сұраныстарын барынша толығымен қанағаттандыратын  және тұтастай алғанда табыстың өсімін қамтамасыз ететін  қызметтерді дамыту.       Қазақстан Халық Банкінің «Мобильдік банкинг» жүйесі – Қазақстандағы ұялы телефон көмегімен карт – шотты басқарудың алғашқы жүйесі.

    Банк бәсекелестігі – шартты ұғым, себебі банк нарығында банктер ғана бәсекелеспейді. Банк қызметіне жасалған терең талдаулардың арқасында банктің бәсекелестік қабілеттілігі мен қызметінің тиімділігіне ықпал ететін факторлар ретінде мыналарды бөліп қарастыруға болады:

  • капиталдың жеткіліктілігі;
  • банктің сенімділік рейтінгі;
  • банктің беделі;
  • банктің бәсекелестік стратегиясы.

Банктік қызметтегі инновациялар елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін бизнесті, халық пен мемлекеттік органдарды біріктіретін ұлттық идеяға айналуға тиіс.            Қазіргі таңда Еуразиялық Банк меншікті бөлшек желілерін кеңейту аясында қазақстандық нарықта теңдесі жоқ Бөлшек қызмет көрсету орталығының (БҚО) жаңа моделін ұсынды.

            Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету жолдарының бірі қазіргі заманға сай, тиімді қаржы-банкілік жүйені қалыптастыру болып табылады. ДСҰ-на кіруге мүмкіндік беретін халықаралық экономикадағы Қазақстанның белсенді интеграциясы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату бойынша пәрменді шаралардың жүзеге асуы мен әзірленуін талап етеді. Қазіргі заманға сай әлемде экономикалық міндеттердің тез өзгеруіне байланысты туындаған проблемаларға тез жауап қайтару қажеттілігі туындайды. Сондықтан бұл жерде әр түрлі жағдайларды болжауға арналған қажетті ақпараттарды уақытында алу қажет. Соған байланысты отандық банктер әлемдік экономиканың, капитал нарығының даму тенденциясына байланысты туындаған сұрақтарға ең жуық, жақын қамтамасыз ететін қуатты ақпараттық-аналитикалық орталықтарға мұқтаж болады.

      ҚР-ң қаржылық секторындағы қосымша  тәуекелдердің туындауы мен қазіргі  таңдағы бар проблемалар Үкіметтің  және Ұлттық банктің жаңа бастамаларымен шешуін табатын болады. Бұған 2007-2011 жылғы қаржы секторын дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру мүмкіндік туғызады. Жаһандық өзгерістер банк секторында оның бәсекеге қабілеттілігі мен табыстылығын ұлғайтуға көмектесетін жаңа қаржылық құралдардың пайда болуына әсер етеді.

     Егер банк секторының бәсекеге қабілеттілігін жаһандық деңгейде қарастырсақ, онда банктің бәсекелесу стратегиясы – қызмет сапасын жоғарылату, шығындарды азайту, инфрақұрылымын дамыту, капиталды ұлғайту арқылы бәсекелестермен күресудің ұзақ мерзімді көрінісі ретінде анықталады. Осының нәтижесінде, банктердегі бәсекелік артықшылық макроэкономикалық көрсеткіштердің өсіміне әкелетін, елдегі қаржы тұрақтылығын жоғарылатады.

       Яғни, Қазақстандағы коммерциялық  банктердің қызметін кеңейту арқылы банктің бәсекеге қабілеттілігі мен табыстылығын арттыру бағыттарының саны жыл сайын артып келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 
1 ”ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы” ҚР 30.08.1995заңы 
2 Мақыш С.Б. «Банк ісі»:Оқу құралы. -  Алматы: Жеті жарғы 2009 ж.-552б. 
3 Финансовый анализ в коммерческом банке / А.Д.Шеремет, Г.Н.Щербакова.-2009 г.-945л.

4 «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Қазақстан Республикасының заңы. 30.03.1995 

5 Банки Казахстан №8, 2012ж. « Қаржы нарығы мен қаржы 
ұйымдарының жай-күйі туралы» бет.2

6 Банки Казахстана №1 «О текущей ситуации на финансовом рынке» 
2012 ж. стр. 2

7 Жуков Е.Ф. Банки и банковские операции: Учеб. для ВУЗов. - М.: Банки и биржи: ЮНИТИ, 1997. -471 с.

8 «Қазақстан    Республикасының    Ұлттық   банкі    туралы»    Қазақстан 
Республикасының заңы. 30.03.1995

9 Мақыш     С.Б.     Коммерциялык    банктер    операциялары.     Алматы: 
ИздатМаркет, 2004ж.

10 Сейтқасымов Г.С. Ақша, несие, банктер. Алматы: Экономика, 2009ж.

11 Сейткасымов Г.С. Банковское дело. Алматы: Қаржы-Қаражат, 2009 ж.  
12 Б.А. Көшенова. Ақша, несие,банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы 
13 М.А.Бекбенбетова. Менеджмент в банковской системе. Учебное пособие. Тараз:ТарГу, 2010ж.

14 Экономика негіздері сызбаларда және кестелерде: Оқу құралы/Ә.Ж.Сапарбаев, А.Т Мақұлова, Б.Д. Шәріпова.-Алматы: «Бастау» баспасы, 2008.-343 бет.

15 Виноградова Т.Н. Банковские операции: Учебное пособие.-Ростов н/Д: “Феникс”, 2008.-535л.

Информация о работе Коммерциялық банк қызметтерін жетілдіру жолдары