Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 20:23, дипломная работа
Өзінің қызметі барысында банк әр түрлі аудиториялар типтерімен байланысқа түседі: бәсекелестермен, клиенттермен, мемлекетпен және т.б. Бұлармен банк пайданы оңтайландыру мақсатымен өзара әрекет етеді. Бірақ та бұл банктің банктік қызметтер нарығында қызмет атқара отырып, көздеген жалғыз мақсаты емес. Бұдан басқа, банктер қаржы ресурстарының өтімділігі мен табыстылығының колайлы үйлесімділігін, банк атағын құру мен қолдауын және т.б. қамтамасыз етуге ұмтылады. Өз кезегінде, банктің жақсы атағы тек осы банкке келетін клиенттердің санына әсер етеді. Банктің клиенттерімен қарым-катынасы банк өнімдерін сатып алу-сату процесінде пайда болды.
Кіріспе...........................................................................................................................3
Коммерциялық банктер және олардың қызметінің мәні мен теориялық аспектілері....................................................................................................................5
1.1 Коммерциялық банктердің экономикалық рөлі мен жағдайы..........................7
1.2 Коммерциялық банктердің атқаратын қызметтері мен операциялары..........10
1.3 Коммерциялық банк қызметтерінің принциптері............................................12
II.Қазақстан Республикасында дамыған коммерциялық банктердің нарықтағы орны, қызметтері және бәсекелестік деңгейі..............................................................
2.1 Қазақстан Республикасындағы банктердің экономикалық жағдайларын салыстыру...................................................................................................................12
2.2 Қазақстандық банк қызметтерінің артықшылықтары.....................................18
2.3 Қазақстандағы коммерциялық банктердің даму стратегиясы мен бәсекелестік деңгейі..................................................................................................25
III. Банк қызметін кеңейту арқылы коммерциялық банктердің табыстылығы мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату жолдары.................................................28
3.1 Коммерциялық банктер бәсекесінің қазіргі заманға сай ерекшеліктері және табысты арттыру жолдары мен модельдері...........................................................28
3.2 Қазақстандағы банк қызметтерінің даму перспективалары мен жаңашыл (инновациялық) технологиялар енгізу арқылы бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары......................................................................................................................32
3.3 Жаһандану жолындағы банк жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары......................................................................................................................35
Қорытынды.................................................................................................................39
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................41
01.11.2012 жылғы жағдай бойынша Банкке Бағдарламаға қатысу үшін кәсіпкерлерден 454 өтінім келіп түсті, бұл ретте кредиттердің жалпы сомасы 52,4 млрд. теңгені құрайды, олардың ішінде Банктің Уәкілетті органдары жалпы сомасы 31,8 млрд. теңгені құрайтын 388 өтінімді қарап, мақұлдады.
Өткен жылдың 20 ақпанында Алматыда жыл сайынғы «Деловар года»-2008 сыйлығын тапсыру рәсімінде Халық банк «2008 жылдың ең үздік банкісі» деп аталды. Отандық банк жүйесін қолдау қажеттілігі оның елдің экономикалық жүйесіндегі маңызды рөлінің болуымен түсіндіріледі[19].
Мемлекеттің мақсаты - жалпы жүйе тұрақтылығын қолдау және сақтау. Бұл мақсаттар үшін Қазақстанда тиісті реттеу мен қадағалау, сондай-ақ депозиттерге кепілдік беру жүйесі бар. Жүйе тұрақтылығына қауіп төнген жағдайларда мемлекет банк секторына жағдайды тұрақтандыруға қажетті тәртіпте және көлемде қаржылық қолдау көрсетеді. Мемлекет банктің борыштары бойынша ешқандай міндеттемелер алмайтыны сияқты банктердің операциялық қызметіне араласпайды. Ағымды жағдайда банктер банк депозиторларының мүдделерін барынша қорғалатындай етіп активтер мен пассивтерді тиімді басқаруды қамтамасыз етулері тиіс. Бұған қарамастан мемлекет қызметі ел экономикасының одан әрі дамуына ықпал ететін жүйе құраушы банктерге қатысты тұрақтандырушылық бастамаларымен шығады[21].
Мемлекет капиталданған
III. Банк қызметін кеңіту арқылы коммерциялық банктердің табыстылығы мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату жолдары
3.1 Коммерциялық банктер бәсекесінің қазіргі заманға сай ерекшеліктері
Банк бәсекелестігі – шартты ұғым, себебі банк нарығында банктер ғана бәсекелеспейді.
Банк ісіндегі бәсеке өндірістегі және халық экономикасының басқа да салаларынан ерекшелейтін бірқатар ерекше сипаттарымен ерекшеленеді және жеке жалпылауды талап етеді. Анықталған ерекшеліктері жататындар:
Банк ісіндегі қазіргі кезеңге сай негізгі заңдылықтары ретінде келесілерді атауға болады:
2006 жылғы 1 наурыздағы
ҚР Президентінің халықққа
Банк қызметіне жасалған терең талдаулардың арқасында банктің бәсекелестік қабілеттілігі мен қызметінің тиімділігіне ықпал ететін факторлар ретінде мыналарды бөліп қарастыруға болады:
Осылардың ішіндегі ең өзектісі капиталдың жеткіліктілігі. Банктің капиталының жеткіліктілігі ұзақ уақыт бойы ғылыми-зерттеу затына және банктер мен оны реттеуші ұйымдар арасындағы пікірталасқа айналып келді.
1998 жылдан бастап,
осы күнге дейін капиталдың
өсуі банктеріміздің
Банк меншікті
капиталын ұлғайтуға негіз
Сондықтан, кез-келген саяси немесе эконмикалық өмірдегі жағдайлар банктердегі ресурстардың сыртқы ағылуына себеп болуға тиіс. Бастапқыда банк капиталының активтерге қатысты шекті қатынасы 20 % шамасында болса, ал қазіргі оның шамасы 12 %-ды құрайды. Бұл дегеніміз банк жүйесіндегі төлем қабілетінсіздік тәуекелдің уақыт өте келе арта түсетіндігін көрсетеді. Себебі, банк жүйесіндегі банктердің активтерінің сапасы әлі де болса өз деңгейінде еместігін ескерсек, онда болашақты оның орнын жабатын меншікті капитал үлесі жеткіліксіздігі байқалады. Демек, банк капиталының жиынтық деңгейінің жеткіліктілігі банк жүйесін қолдайтын басты шартардың біріне жатады. Банктердегі немесе банктік жүйедегі капитал көлемін тура анықтау қиын, бірақ жоғарыда қарастырылған қызметтердің орындалуы үшін, салым иелері мен бақылаушы ұйымдардың сенуі үшін капитал жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Қажетті капиталдың сомасы банктің тәуекел деңгейіне байланысты болуға тиіс. Мысалы, егер банктің берген несиелерінің тәуекел дәрежесі өте жоғары болса, онда банкке көп мөлшерде қорлар құруға тура келеді. Қажетті меншікті капитал мөлшерін анықтай отырып, банк алдында келесідей міндеттер тұрады: тәуеклдің артуына байланысты өз капитал мөлшерін ұлғайту қажет пе немесе тәуекел деңгейі төмен болып келетін активтерге өз қаражаттарын орналастырған тиімді ме? Осындай жағайда банк капиталы, оның активтер сапасына, басқару сапасына, қызметіндегі саясатқа және банктің басынан кешетін тәуекелдерге тәуелді деген қорытындыға келуге болады.
Яғни, коммерциялық банктердің қандай қызметін кеңейту арқылы банктің табыстылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажет. Бағалық емес нарық жағдайында келесідей шаралар (Сурет 9.) қолданылады[14].
Сурет 9. Банктің табыстылығы мен бәсекелік жағдайын арттыру жолдары
Сондай-ақ, бәсекеге оқып-үйренудің әдістері мен тәсілдерін ұсынған Дж. Пилдичтің үшбұрышын да атап көрсетуге болады. Бұл модель арқылы банк табыстылығын арттыруға болады. Төмендегі сызбаға(Сурет 10) аударайық[14].
Сурет 10.Бәсекенің үшбұрышы (Дж.Пилдич)
Яғни, қорытындылай келе, банк бәсекесі және банктердің бәсекеге қабілеттілігі – бұл табысты және динамикалық дамуының банк болудағы ең негізгі мақсаттың, яғни ойға қоңымды тәуелденген максималды пайда табудағы ең негізгі фактор. Бәсекелесушілердің көбі ғаламдық ауқымда әрекет етуге талпынуда. Заң тарапынан да шектеулер қойылмайтын нарық субъектілері пайда болды. Осының арқасында оларға бәсекелестікте еркін әрекет етуге және банктің табыстылық деңгейін арттыру үшін әр түрлі қызмет салаларын кеңейтуге мүмкіндіктер берілген.
3.2 Қазақстандағы банк қызметтерінің даму перспективалары мен жаңашыл (инновациялық) қызметтерді енгізу арқылы бәсекеге қабілеттілігн арттыру жолдары
Экономикалық механизмнің дамуы нарыққа өту жағдайында, ақшалай айналым жүйесін құруда, клиенттерге кассалық есеп айырысулық қызметте ұйымдастыруда өте жоғары талаптарды көрсетеді. Төлемдік айналымның өсуі немесе айналым шығынның өсуі, төлем түріндегі тез өсетін қажеттілікті қанағаттандыратын және айналым шығындарын бір уақытта төмендетуде ақша құралдарының айналымын тездететін және еңбек шығындарының қысқаруын қамтамасыз ететін ақшалай айналымның жаңа механизмін құрудың қажет екендігін білдіреді. Осыған байланысты банктік қызмет нарығында жаңа банктік өнімдер және қызметтер түрлері пайда болуда. Сонымен қатар, бұрын ұмытылып кеткен ескі аккредитив, банктік кепілдемелер және инкассо сияқты өнімдерді активтендіру жағдайларын да айтуға болады. Мынандай жаңа банктік қызметтерді атап өтуге болады: төлемдік карточкалар, форфейтинг, банк-клиент жүйесі, резервтік аккредитивтер, факторинг, траст операциялары, банк-клиент, НОМЕ-Банкинг және т.б[20].
Бұл банктік қызмет түрлері өздерінің қолдауларын тапты және ҚР-да соңғы төрт жылда кең тарады. Жаңа банктік өнімдерді жеке-жеке қысқаша қарастырайық (тәуекелдер, артықшылықтары, кемшіліктері).Несиелік және дебеттік карточкалар корпоративті де болуы мүмкін. Корпоративті карточкалар жол сапарлық және басқа да қызметтік шығындарды төлеу үшін өзінің жұмыскерлеріне компаниямен беріледі. Компанияның корпоративті карточкалары оның қандай да бір шотымен байланысты. Карточкаларда бөлінген және бөлінбеген шектері болуы мүмкін. Бірінші жағдайда корпоративті карточка ұстаушылардың әрқайсысына жеке шегі белгіленеді. Екінші вариант кішігірім компанияларға тура келеді және лимиттің шектелуін қажет етпейді. Корпоративті карточкалар кызметтердің қызметтік шығындарын қадалауға жақсы мүмкіндіктер береді.
Қазіргі уақытта форфейтингтін негізгі орталығы Лондон болып табылады, жаңа банктік технологияларды меңгеруде ешқашан әлсіз болмаған, көптеген европалық елдердің экспорты бұрыннан Ситиден қаржыландырудан. Форфейтингтік бизнестің маңызды бөлігі Германияда шоғырланған[20].
Банктік қызмет
нарығының әрі қарай дамуы
қор нарығының дамуымен тығыз байланысты
болады. ҚР-н бағалы қағаздар бойынша ұлттық комиссиясы және
ұлттық банкпен біріге отырып, акциялардың
және басқа да бағалы қағаздардың
ұйымдастырылған қор нарығында айналымды белсендіру бойынша
жұмыс жүргізілуде. Банктік қызметтердің одан
әрі дамуының перспективті бағыты жаңа технологияларды
және банктік кызмет көрсету түрлерін
енгізу болып табылады. Қазақстанда
банктік қызметтер нарығының маңызды
перспективті бағыттарының бірі интернет
әлемдік ақпарат жүйесін қолдану болып
табылады. Бұл сырттай қызмет көрсету
деп аталуы мүмкін. Қазіргі күні Қазақстандық
банктік қызмет нарығы үлкен өзгерістерді
басынан өткізуді және соңғы жылдары динамикалық
дамушы банктік қызмет нарығына сипатты
болды. Бір жағынан жүргізуші Қазақстандық
банктер халықаралык төлем жүйелерімен
белсенді жүмыс істейді, басқаша жағынан
олар өздерінің электрондық жүйелерін
құрай отырып, бәсекелестік күреске өздері қосылды.
Сонымен қатар, Дүниежүзілік Банк рейтингісіне
сәйкес инновациялылық көрсеткіші бойынша
Қазақстан қазіргі уақытта Марокко (91),
Филиппины (90), Кения (89), Мавритания (95)
және Ангола (96) сияқты елдермен қатар
92 орында. Дүниежүзілік экономикалық форумның
Бәсекеге қабілеттілік туралы 2011 – 2012
жылдарға арналған жаһандық есебіне сәйкес
инновациялылықтың және инновацияларды
банктерде пайдаланудың біріктірілген
факторы бойынша Қазақстан Бангладеш
(113), Монғолия (112), Мали (116) сияқты елдердің
арасында 114 орынды иеленген[21].
Жаһандық инновациялық индекс пен Дүниежүзілік
экономикалық форумның Бәсекеге қабілеттіліктің
жаһандық индексінің көшбасшысы болып
табылатын Швейцария жоғары орналасқан.
Бұл ретте, Қазақстан Мексика, Оңтүстік
Африка, Словакия сияқты елдермен бір
топта, бұларда инновацияларды жеке сектор
мен банктердің барынша аз қатысуымен
негізінен мемлекет құрады. Қазақстанның
мұндай жағдайы елдің инновациялық дамуының
іргелі негіздерін қалыптастыратын фактрорлармен
негізделген[20].
Сонымен қатар, интернет пайдаланушылардың
2008 жылғы 15.1 адамнан 2010 жылы бір жүз адамға
айтарлықтай өскеніне қарамастан, интернетті
білім алу және біліктілікті жоғарылату
мақсатында пайдаланудың төмендегені
байқалады (2008 жылы 34.1 % және 2010 жылы 25.9
%). Бұдан басқа, интернетті қоғамдық және
мемлекеттік ұйымдармен байланыс жасау
үшін пайдаланудың болмашы ғана өскені
байқалып отыр, мысалға 2008 жылдан бастап
2010 жыл аралығындағы өсу бар болғаны 3.6
%-ды құрады.
Жоғарыда келтірілген статистика мемлекеттік
ұйымдар мен банктердің заманауи технологияларды,
атап айтқанда интернет-технологияларды
енгізуі мен пайдалануының көрсеткіші
төмен екенін көрсетеді.
Екіншіден, қоғамда инновациялар «мәдениетін»
тарату деңгейінің жеткіліксіз екені
байқалып отыр. Әсіресе, бұл инновациялық
ойлауды қалыптастыруға төмен дәрежеде
бағытталған білім беру және кадрлар даярлау
жүйесіндегі тәсілдерден көрінеді. Бұдан
басқа, бұл отандық зерттеулер мен әзірлемелер
нәтижелерінің талап етілу деңгейінен
көрінеді де, ғалымның мәртебесімен және
тұтастай қоғам үшін ғылыми қызметтің
маңыздылығымен негізделеді.
Банктік қызметтегі инновациялар елдің
бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін
бизнесті, халық пен мемлекеттік органдарды
біріктіретін ұлттық идеяға айналуға
тиіс.
Информация о работе Коммерциялық банк қызметтерін жетілдіру жолдары