Коммерциялық банктердің қызметін реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 20:07, курсовая работа

Описание

Банк деп ақша қаражаттарды тарту және оларды өз атынан қайтарымдылық, ақылық және мерзімділік шарттары негізінде орналастыру үшін құрылған ұйым аталады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің нұсқауларын орындап, оған бағынатын банктер екінші деңгейлі банктер деп аталады.
Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызметтер көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.

Содержание

Кіріспе……..……………………………………………………………………….3
І бөлім. Коммерциялық банктердің қызметін реттеудің мәні мен әдістері.
1.1. Коммерциялық банктердің мәні және экономикадағы рөлі.........................5
1.2. Коммерциялық банктердің қызметін реттеудің қажеттілігі және әдістері......................................................................................................................7
1.3. Коммерциялық банктердің қызметін реттеудің шетелдік тәжірибесі.......10
ІІ бөлім. «БТА Банкі» АҚ-ның ұйымдық - экономикалық сипаттамасы.
2.1.«БТА Банкі» АҚ-ның тарихы..........................................…....13
2.2.«БТА Банкі» АҚ-ның ұйымдық – құрылымдылық сипаттамасы................................................................................14
2.3.«БТА Банкі» АҚ-да қаржы жұмысының ұйымдастырылуы.....19
ІІІ бөлім. «БТА Банкі» АҚ қызметтерінің ҚР-да ретелудің экономикалық әдістері.
3.1. «БТА Банкі» АҚ – да уәкілетті орган және Үкімет тарапынан қолданған шараларға шолу.....................................................................................................27
3.2. «БТА Банкі» АҚ мысалы негізінде мемлекеттік реттеудің іске асырылу тәжірибесі...............................................................................................................30
3.2. «БТА Банкі» АҚ – да мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдары...............33
Қорытынды.............................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер тізімі әдебиеттер.........................................................39

Работа состоит из  1 файл

ком. банктер кызметин реттеу.doc

— 291.00 Кб (Скачать документ)

Мазмұны 

    Кіріспе

    Банк  деп ақша қаражаттарды тарту және оларды өз атынан қайтарымдылық, ақылық және мерзімділік шарттары негізінде  орналастыру үшін құрылған ұйым аталады.

    Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің нұсқауларын орындап, оған бағынатын банктер екінші деңгейлі банктер деп аталады.

    Коммерциялық  банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызметтер  көрсететін несиелік мекемелердің тобын  білдіреді. 

    Банктердің  негізгі мақсаты – ақшалай қаражатты кредиторлардан борышкерлерге және сатушылардан сатып алушыларға жеткізуге делдалдық.

    Коммерциялық  банктер өздерінің депозиттік және несиелік операцияларының көмегімен  олар уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтайды және несие түрінде оларды бере отырып, халық шаруашылығының қажетілігін қанағатттандырады, яғни жаңа төлем құралдарын жасайды.

    Қоғамымызда және еліміздің экономикасында коммерциялық банктердің атқаратын ролі мен орны ерекше. Сондықтан ол мемлекеттік  орындардың тарапынан мұқият қадағалау  және реттеу объектісі болып табылады. Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажыраттатын функцияларды орындаудан көрініс табады.

    Банк  қызметін – банктің клиент мүддесі  үшін белгілі бір іс - әрекеттерді  орындауын сипаттауға болады. Кез  келген банк өнімнің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға қажеттілігі жатады.

    Банктердің  қызметтерін мемлекеттік бақылау жасаудағы басты міндет - халықтың ақшалай салымдарының сақталуын, Қазақстанның банк жүйесіне деген сенімді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын ынталандыру жөнінен кең ауқымды бағдарламаны жүзеге асыру, сол сияқты жұмыссыздыққа қарсы күрес және халықтың осал топтарына қолдау көрсету болып табылады.

    Курстық жұмыстың объектісі ретінде «БТА Банкі» АҚ  алынған. Бұл объекті тақырыпты жан-жақты зерттеп, қолданудың ерекшеліктерін нақты көрсетуге мүмкіндік береді. Жұмысты орындау барысында «БТА Банкі» АҚ-ның ұйымдық-экономикалық жағдайы, қаржылық нәтижесі, қызметтерінің ҚР-да реттелу әдістері, дағдарыс кезңнде Үкімет тарапынан қолданылған шаралар және мемлекеттік реттеудің жетілдіру жолдары қарастырылмақ.

    Курстық жұмыстың тапсырмалары:

  • Коммерциялық банктердің мәні мен оның экономикалық рөлін анықтау;
  • Коммерциялық банктердің қызметін реттеудің қажеттілігіy және әдістерін көрсету;
  • Коммерциялық банктердің қызметін реттеудің шетелдік тәжірибесіне шолу жасау;
  • «БТА Банкі» АҚ-ның ұйымдық - құрылымдық сипаттама беру.
  • «БТА Банкі» АҚ-ның экономикалық көрсеткіштерін талдау.
  • «БТА Банкі» АҚ – да уәкілетті орган және Үкімет тарапынан қолданған шараларға шолу:
  • «БТА Банкі» АҚ мысалы негізінде мемлекеттік реттеудің іске асырылу тәжірибесін қарастыру;
  • «БТА Банкі» АҚ – да мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдарын анықтау:

    Курстық жұмысты орындау барысында ақпараттық және әдістемелік негізі болып, Қазақстан Республикасының заң актілері, отандық авторлардың еңбектері және «БТА Банкі» АҚ-ның жылдық есептері табылды.

    Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, әдебиет тізімінен тұрады. 
 
    І бөлім. Коммерциялық банктердің қызметін реттеудің мәні мен әдістері.

    1.1. Коммерциялық банктердің мәні  және экономикадағы рөлі.

    «Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі  даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар  айырбасы операциялары мен төлемдеріне  қызмет көрсетуі барысында пайда  болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған. Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызметтер көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді. 

    Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан өнімдер мен  қызметтер  көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзіне пайдалы  жұмыс жасауға септігін тигізеді.

    Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әр түрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клинттер үшін облигацияға нмесе акцияға жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.

    Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз  қозғағанда, несиелік жүйенің басқа  да буындары сияқты олардың үнемі  дамып отырғандығын айта кету керек, Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелері өзгеруде.

    Коммерциялық  банктердің басқа қаржы институттарынан  айырмашылығы және ерекшелігі бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып  табылады. Бұл жерде ақша деп, тек  қолма – қол ақшалар ғана емес, сондай – ақ талап етуге дейінгі салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра отырып, экономиканың өсуіне қажетті жағдай туғызады. Банк несиелерінің жетіспеушілігі және өте жоғары пайыз мөлшерлемесі тұсында өндірісті кеңейту мүмкін емес. Халық шаруашылығындағы осы сияқты іс – тәжірибелер тиімсіз, себебі бір жағынан, мынадай ірі ақша сомасы белгісіз уақытқа қозғалыссыз жататын болса, екінші жағынан, мұндай ақшалар қажеті емес.

    Коммерциялық банктер мұндай сұрақтарды шешуде маңызды роль атқарады. Өздерінің депозиттік және несиелік операцияларының көмегімен олар уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтайды және несие түрінде оларды бере отырып, халық шаруашылығының қажетілігін қанағатттандырады, яғни жаңа төлем құралдарын жасайды.

     Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі  коммерциялық банктер акционерлік  қоғам нысанында құрылған, Қазақстан  Республикасының банктер,  банктік  қызмет туралы заңнамалық актілері, өздеріне қатысты өзге де заңнамалық актілер мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер, сондай – ақ арнаулы лицензиялар – рұқсаттар негізінде банктік операциялар мен мәмілелердің барлық түрлерін және тиісті қаржылық қызметті кең ауқымда жүзеге асыратын коомерциялық заңды тұлғалар несиелік ұйымдар болып табылады.

     Банк  жүйесінің төменгі деңгейіндегі коммерциялық банктер кәсіпкерлік  қызметтің айрықша түрін банктік  операцияларды тиісті заңдарға және лицензияларға сәйкес жүзеге асыру  арқылы белгілі бір көлемде мол  пайда табуды көздейтін, таза нарықтық сипаттағы коммерциялық институттар ретінде қарастырылады.

     Коммерциялық  банктер Қазақстан  Республикасының  тиісті заңдарында заңды тұлғалар үшін белгіленген тәртіппен және банктер  туралы  заңдарда белгіленген мән  – жайлар мен ерекшеліктер негізінде  акционерлік қоғам нысанында құрылады.

     1.2. Коммерциялық банктердің қызметін реттеудің қажеттілігі және әдістері.

    Қоғамымызда және еліміздің экономикасында коммерциялық банктердің атқаратын ролі мен орны ерекше. Сондықтан ол мемлекеттік  орындардың тарапынан мұқият қадағалау және реттеу объектісі болып табылады. Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажыраттатын функцияларды орындаудан көрініс табады.

    Банк  қызметін – банктің клиент мүддесі  үшін белгілі бір іс - әрекеттерді  орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімнің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға қажеттілігі жатады.

      «Қазақстан  Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сай банктер келесі операцияларды атқара алады:

      - депозиттерді қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;

      - депозиттерді қабылдау, заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;

      - кассалық операцияларды: қолма-қол ақшаны ұсатуды, айырбастауды, қайта санауды, сұрыптауды, қаттап бууды және сақтауды;

      - аударым операцияларын: жеке және заңды тұлғалардың төлемдер және ақша аударымдары бойынша тапсырмаларын орындау;

      - банктік заем операцияларын;

      - шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыруды;

      - төлем карточкаларын шығаруды;

      - банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауды;

      - коммерциялық мәмілелерді қаржыландыруды;

      - клиенттердің тапсырысы бойынша  сенім операцияларын;

      - банктік қызметпен байланыстың  кеңес беру қызметтерін көрсету;

      - лизингтік операцияларды атқару.

      Банктердің қызметтерін мемлекеттік бақылау жасаудағы басты міндет - халықтың ақшалай салымдарының сақталуын, Қазақстанның банк жүйесіне деген сенімді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын ынталандыру жөнінен кең ауқымды бағдарламаны жүзеге асыру, сол сияқты жұмыссыздыққа қарсы күрес және халықтың осал топтарына қолдау көрсету болып табылады.

          Банкiлердiң қаржы  тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың  депозиторларының мүдделерiн қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының  ақша-несие жүйесiнiң тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында уәкiлеттi орган банкiлердiң қызметiн реттеудi, соның iшiнде келесідей шаралардың көмегімен атқарады:

    - күдiктi және сенiмсiз активтерге қарсы провизияларды қоса, пруденциалдық қалыптарды және банкiлер сақтауға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi белгiлеу;

    - банкiлер орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық құжаттарды басып шығару;

    - банкiлердiң қызметiн тексеру;

    - банкiнiң қаржы жағдайын сауықтыру жөнiнде ұсыныстар беру;

    - банкiлерге немесе олардың лауазымды адамдарына ықпал етудiң шектеулi шараларын қолдану;

    - банкiлерге санкциялар салу арқылы реттеудi жүзеге асырады.

Информация о работе Коммерциялық банктердің қызметін реттеу