Коммерциялық банктердің қызметін реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 20:07, курсовая работа

Описание

Банк деп ақша қаражаттарды тарту және оларды өз атынан қайтарымдылық, ақылық және мерзімділік шарттары негізінде орналастыру үшін құрылған ұйым аталады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің нұсқауларын орындап, оған бағынатын банктер екінші деңгейлі банктер деп аталады.
Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызметтер көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.

Содержание

Кіріспе……..……………………………………………………………………….3
І бөлім. Коммерциялық банктердің қызметін реттеудің мәні мен әдістері.
1.1. Коммерциялық банктердің мәні және экономикадағы рөлі.........................5
1.2. Коммерциялық банктердің қызметін реттеудің қажеттілігі және әдістері......................................................................................................................7
1.3. Коммерциялық банктердің қызметін реттеудің шетелдік тәжірибесі.......10
ІІ бөлім. «БТА Банкі» АҚ-ның ұйымдық - экономикалық сипаттамасы.
2.1.«БТА Банкі» АҚ-ның тарихы..........................................…....13
2.2.«БТА Банкі» АҚ-ның ұйымдық – құрылымдылық сипаттамасы................................................................................14
2.3.«БТА Банкі» АҚ-да қаржы жұмысының ұйымдастырылуы.....19
ІІІ бөлім. «БТА Банкі» АҚ қызметтерінің ҚР-да ретелудің экономикалық әдістері.
3.1. «БТА Банкі» АҚ – да уәкілетті орган және Үкімет тарапынан қолданған шараларға шолу.....................................................................................................27
3.2. «БТА Банкі» АҚ мысалы негізінде мемлекеттік реттеудің іске асырылу тәжірибесі...............................................................................................................30
3.2. «БТА Банкі» АҚ – да мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдары...............33
Қорытынды.............................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер тізімі әдебиеттер.........................................................39

Работа состоит из  1 файл

ком. банктер кызметин реттеу.doc

— 291.00 Кб (Скачать документ)

      Дағдарысқа қарсы бағдарламаның бірінші бағыты бойынша: орта және шағын бизнесті қолдау үшін банктерге «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры арқылы 16-26 ақпан аралығында 120 млрд.теңге бөлінген. Бұл қаржы 14 ақпан күні екінші дәрежелі банктермен арада қол қойылған келісім және Үкіметтің мақұлдаған жарғысы бойынша бөлінген. Бұл бағдарлама аясында мына банктерге мынадай сома бөлінген: Қазкоммерцбанк—16 млрд.теңге, Халык банк — 11,7 млрд.теңге, БТА банк—22 млрд.теңге, Альянс банк—18 млрд.теңге, АТФ банк—10 млрд.теңге, ЦентрКредитБанк—10 млрд.теңге, kaspi bank—6 млрд.теңге, Еуразиялық банк — 3 млрд.теңге, Цеснабанк—3.3 млрд.теңге, Нұрбанк — 8 млрд.теңге, Астана Финанс—3 млрд.теңге, Сбербанктің қазақстандық еншілес компаниясы — 6 млрд.теңге.

     26 ақпанға дейін «Даму» Қоры 500-ге  тарта орта және шағын кәсіп  субъектісімен жобаларды несиелеу  және несиелерді қайта қаржыландыру  шарттарын түсіндіріп жиылыстар  өткізді. Осы бағдарламаға қатысқан  банктер орта және шағын кәсіпті  12.5 пайыздан аспайтын тиімді жүйе бойынша несиелейтін болды. Несиелеу мерзімі 7 жылға дейін болмақ. Бір несие алушы 750 млн.теңгеге дейін несие ала алады. Бұл қаржының 70 пайызы бұған дейінгі несиені қайта қаржыландыруға, қалған 30 пайызы жаңа жобаларды несиелеуге бағытталмақ. Бұған қоса, банктерге несие берердегі шарт, ол ақшаның 30 пайызы ауыл шаруашылығы және азық түлік өнімдерін өңдеуге арналған жобаларды қаржыландыруға жіберілуі тиіс. Қор бөлген қаржыны игеру мерзімі 2009 жылдың 1-шілдесіне дейін айқындалған. Олар ай сайын игеру жайлы есебін беріп тұруы тиіс.  
Осылайша, орта және шағын кәсіп секторын қолдау бойынша бөлінген қаржы банктерге құйылды, ол қаржыға кәсіпкерлердің қол жететіндей жағдай жасалынды.  
        Банктермен арадағы келісімдерге сәйкес, олар берілген несиенің ауқымымен қатар несиені алған адам жайлы нақты ақпарат беруге міндетті.  
Ақпарат «Бірінші несиелік» бюро арқылы беріліп отырады. Бұлайша есеп беру – Ұлттық қор ақшасының қалай игеріліп жатқанын бақылап отырған жұмысшы тобы мен мемлекеттік қаржыны қадағалайтын комитеттің дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында бөлініп жатқан соманың нақты орта және шағын кәсіпке кеткендігіне көздерін жеткізу үшін қажет.  
Дағдарыс кезінде, мемлекеттік қаржының ашық және тиімді түрде жұмсалғаны  дұрыс. 
        Дағдарысқа қарсы бағдарламаның екінші бағыты - тұрғын үй нарығындағы жағдайды тұрақтандыру шаралары, яғни Алматы мен Астанадағы және Алматы облысындағы (Алматы қаласына жақын жерде орналасқан аудандары) бітпей қалған объектіні аяқтау. 
        Бітпей қалған үйлердің құрылысын аяқтау шарасы құрылысшылар мен сол үйлерді сатып алушыларды несиелеу арқылы жүзеге асырылмақ.  
Қор мен екінші дәрежелі банктер арасында қол қойылған келісімдерге сәйкес, 15-cәуірге дейін банктер мен құрылысшылар бітпей қалған үйлерді қаржыландыру бойынша нақты объект пен қажетті қаржы және қаржыландыру  схемасын  ұсынуы  тиіс.  
        «Самұрық-Қазына» бұл бағыт бойынша қаржыландыруда мынадай шарттар қойды: банктер құрылыс компанияларын олардың құрылыс объектілерін аяқтағанынша несиелеуі керек. Бұл шара үлескерлер құқығын қорғау масатында  жасалынуда. 
        Осы механизмдерді жүзеге асыруға жұмсалатын қаржы қазір «Самұрық -Қазынаның» Ұлттық банктегі шотында тұр. Ақшаның ауқымы 240 млрд.теңге.  
        Тұрғын үй нарығын қолдаудағы ең маңызды жайт - ол жаңадан салынған үйлерді сатып алған және өздеріне дейін пайдаланылған үйлерді сатып алушыларға бұған дейін берілген ипотекалық несиені қайта қаржыландыру;  
Қайта қаржыландыру мақсаты үшін банктерге 120 млрд.теңге бағытталды. Бүгінге дейін Қор 10 банктің шотына 120 млрд.теңгені жіберді. Бағдарламаға мына банктер қатысты: Қазкоммерцбанк—24 млрд.теңге, Халық банк—24 млрд.теңге, БТА банк — 40 млрд.теңге, Альянс банк —14 млрд.т, АТФ, ЦентрКредит банк, kaspi bank, Евразиялык банк, Темірбанк, Цеснабанктің әрқайсысы  3 млрд. теңгеден бөлінді.

    1 наурыздан бастап, банктер ипотекалык несиесі бар азаматтардан өтініш кабылдап бастаулары тиіс. Азаматтар ипотекалық несие алған банктерге немесе өзге банктерге барып 11 пайыздық (бюджетік және әлеуметтік сала қызметкерлері 9 пайызбен) жаңа өлшеммен өз несиелерін қайта қаржыландыра  алады.  
        Несиені қайта қаржыландырудағы негізгі шарт: бұған дейін берілген несиеге алынған баспана адамның жалғыз баспанасы болуы тиіс. Аумағы 120 шаршы.метрден аспауы қажет, отбасындағы ерлі-зайыптылардың біреуінің өзге  қалада  үйі  болмауы  тиіс.  
        Қайта қаржыландыру мақсаты—несие ставкасын арзандатып, несиелеу мерзімін 20 жылға дейін артыруға, яки, несие алушы адамның бұған дейінгі төлеп келген сомасынан аз ақша төлеуіне әсер етеді. Алайда, қайта қаржыландырудың мақсатын несие төлейтін мерзімді ұзарту деп түсінбеу қажет.

    Осылайша, Ұлттық Қордан «Самұрық-Қазына» Қорына 1.08 трлн.теңге бөлінсе, оның 716 млрд.теңгесі  Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасын  жүзеге асыру үшін екінші дәрежелі банктерге берілді. Осылайша, Үкіметтің барлық тапсырмалары дағдарысқа қарсы бағдарламаның жоспарына сәйкес уақытылы  атқарылып  келеді.  

    3.3. «БТА Банкі» АҚ – да мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдары.

    Елдегі  қаржылық тұрақтылықты сақтауға бағытталған басым мақсаттарды басшылыққа ала отырып Үкімет өзінің тұрақтандыру бағдарламасы шеңберінде қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде алдын  ала қадамдар жасады.

      Мамандардың пайымдауынша, банктердің мемлекет бақылауына көшуі жүйе құраушы банктердің іркіліссіз жұмыс істеуін, елдің экономикалық мүдделерін, ұлттық қауіпсіздік пен Қазақстан азаматтарының ақшалай салымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Осы қадам арқылы Қазақстан экономикасының қаржылық “қан айналысы” жүйесінің тұтастығы қамтамасыз етіліп, банктердің ел ішіндегі және шетелдердегі инфрақұрылымы  сақталатын болады.

    Үкіметтің 2008 жылы алдын ала жоспар бойынша  қаржылық тұрақтылық туралы заң қабылдағаны  белгілі, оның шеңберінде банктерді  басқаруға мемлекеттің араласуы нақты белгіленген. Банктерге мемлекеттік бақылау жасаудағы басты міндет халықтың ақшалай салымдарының сақталуын, Қазақстанның банк жүйесіне деген сенімді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын ынталандыру жөнінен кең ауқымды бағдарламаны жүзеге асыру, сол сияқты жұмыссыздыққа қарсы күрес және халықтың осал топтарына қолдау көрсету болып табылады.

    Ал  енді “БТА Банк” АҚ-қа келер болсақ, жоғарыда аталған шара национализациялау  болып табылмайды, қолданыстағы заңға  сәйкес уақытша сипатқа ие және мемлекеттің келешекте акционерлер құрамынан шығуын қарастырады.

    Үкімет  басшысы атап өткендей, банкті мемлекет тұрақтандыру бағдарламасын жүзеге асыру үшін пайдаланатын болады. Бұл банктің тармақталған филиалдары мен құрылымдары мемлекет бөлген қаржыларды соңғы тұтынушыға дейін (кәсіпкерлер, құрылыс салушылар, фермерлер) оперативті түрде жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, Премьер-Министр атап көрсеткендей, БТА Банк Астана мен Алматы қалаларындағы құрылыс саласын қаржыландыру үшін пайдаланылатын болады.

      Ең маңыздысы, осы қадам арқылы Үкімет ел тұрғындарының осы банктегі ақшалай салымдарын қамтамасыз етті деп санайды мамандар. Өйткені, мемлекет аталған банктегі ақшалардың сақталуы мен олардың өз иелеріне кейін қайтарылуы үшін өзіне міндеттеме алып отыр. Сонымен қатар, аталмыш банк туралы шешім қабылдай отырып, Үкімет елдегі экономикалық ахуалды толықтай бақылауда ұстап отыр деп айтуға болады. 
Аталған банкке мемлекеттік бақылау орнату Үкіметке кемінде екі маңызды экономикалық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Елдің банк жүйесі “тромбылар” мен “масыл банктерден” тазарады, ал халық өз салымдары үшін алаңсыз  болады.

    Банктерді мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдары:

    • Үкімет, Ұлттық банк, Қаржылық бақылау агенттігі мемлекеттің қаржылық тұрақсыздық қатерлеріне қарсы жүйелі де жедел іс-қимылдар жасауының ықпалды тетігін қалыптастыру қажет;
    • Халықаралық рыноктардың Қазақстан экономикасына деген сенімін нығайту керек;
    • ҚБА әр банктегі ахуалды неғұрлым мұқият қадағалап, қажет болған жағдайда алдын алатын және ықпалды шаралар қабылдауы керек:
    • Мемлекеттік қолдау біржақты бола алмайды, сондықтан банктер тәуекелдің өздеріне тиесілі бөлігін өз мойындарына алуға тиіс. Егер банктердің акционерлері өздерін дамыту үшін қосымша ресурстар тартқысы келмесе немесе оған қабілетсіз болса, ондай кезде мемлекет қажетті шаралар қабылдауға дайын болуы керек.Мұндай жағдайда реттеушілік араласу бүкіл банк секторы үшін барынша мөлдір және ұғынықты болуға тиіс.
    • Біздің қаржы жүйемізді құрылымдық реформалауды одан әрі жалғастыру қажет. Мұның құнды қағаздар рыногын, қазіргі заманғы қаржылық құралдарды дамытуға, банкроттық туралы заңдарды жетілдіруге, сот жүйесін тереңдете реформалауға қатысы бар.
    • Бізге жеке сектордағы да, сонымен бірге, мемлекеттік сектордағы да жүйелік тәуекелдерді басқаруды дамыта түсу қажет. Үкімет, ҚҚА және Ұлттық банк тәуекелдерді басқарудың икемді де сенімді жүйесін құруы керек.
    • Шетелдік капиталдың банк секторына келуіне біз Қазақстанға көрсетілген сенім, қажетті қаржылық қолдаудың көзі және банк қызметінің халықаралық озық тәжірибесі ретінде қарауымыз керек:
    • Халық пен бизнестің, оның ішінде шетелдіктердің де сенім деңгейі елдің қаржы жүйесі тиімділігінің негізгі критерийіне айналуға тиіс.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қорытынды

    «Екінші деңгейлі банктер қызметтерінің  ҚР-да реттелудің экономикалық әдістері» атты тақырыбында жазылған курстық жұмысты қорытындылай келе, келесідей тұжырым жасауға болады.

    Коммерциялық  банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызметтер  көрсететін несиелік мекемелердің тобын  білдіреді. 

    Қоғамымызда және еліміздің экономикасында коммерциялық банктердің атқаратын ролі мен орны ерекше. Сондықтан ол мемлекеттік орындардың тарапынан мұқият қадағалау және реттеу объектісі болып табылады.

    Банктердің мемлекет бақылауына көшуі жүйе құраушы банктердің іркіліссіз жұмыс істеуін, елдің экономикалық мүдделерін, ұлттық қауіпсіздік пен Қазақстан азаматтарының ақшалай салымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Осы қадам арқылы Қазақстан экономикасының қаржылық “қан айналысы” жүйесінің тұтастығы қамтамасыз етіліп, банктердің ел ішіндегі және шетелдердегі инфрақұрылымы  сақталатын болады.

    Банктерге мемлекеттік бақылау орнатудың тиімділігі - бұл біріншіден, банктердің өздеріне тиімді. Өйткені, қазіргі жағдайда билік қаржылық институттарды бақылауына алуы арқылы Қазақстанның барлық банкі жүйесіне деген тұрақтылық пен сенімді орнықтырады. Мемлекет қаржылық дағдарыс жағдайында әрі қатан, әрі қажетті шешімге барып отыр. Себебі, бұл салымшылардың мүддесін қорғау. Банк секторының тұрақтылығын сақтауға бағытталған негізгі шара - екінші деңгейлі банктердегі халықтың салымдарының толық сақталуына мемлекет кепілдік береді. Ол кепілдік - Елбасының арнайы жарлығымен заңдастырылды, 5 млн. теңгеге дейін ақша салған адамға ол ақшасының толық сақталатынына кепілдік бар. Яғни, қазақстандық салымшылардың бұған ешқандай да күмәні болмауы керек.

    Курстық жұмыстың тексеру объектісі болып табылған «БТА Банкі» АҚ-ның соңғы 3 жылдың мәліметтері бойынша экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізген уақытта мынадай тұжырымдарға келдік:

    Қазіргі таңдағы БТА Банк бұл нарықтың барлық сегментінде қатысып отырған  алдыңғы қатардағы қаржылық топ, ол нарықтар мыналар: корпоративтік және бөлшек бизнес, саудалық қаржыландыру, қор нарығы, шағын және орта бизнесті несиелендіру, лизинг, ипотека, зейнетақы қоры т.б.

    2005 жылы БТА «Евромани» журналымен  «ТМД ең үздік банкі» және  «Орталық Азияның үздік банкі»  атанды.

    БТА-ның  авторитетті халықаралық Moodys және Standart and Poors агентстволарымен берілетін ұзақ мерзімді ағымдағы рейтингтер ТМД елдерінің ішіндегі қуатты банк екендігін көрсетеді, банк Қазақстанда екінші деңгейдегі банктердің ішінде активтерінің көлемі және жеке капиталының көлемі бойынша алдыңғы қатарларды алады.

    БТА банктері отандық қаржы жүйесінде маңызды рөл атқарады. Ол еліміздегі ірі жүйе құраушы банктердің бірі болып табылады. Сондықтан да мемлекет аталған жүйе құраушы банктің дефолтқа ұрынуына жол бермей, қаржылық тұрақтылығын сақтап қалу үшін қолдау көрсетті. Бірақ мемлекеттік қолдауға ғана сеніп тоқтап қалмай, ары қарай қызметтерін тиімді атқарып, дамытуы қажет.  Сонда ғана «БТА Банкі» АҚ қазіргідей қиын жағдайға төтеп беретін, қаржылық тұрақтылығы мығым, ең ірі жүйе құраушы банк болатыны сөзсіз.  
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер тізімі: 

 Нормативтік актілер:

1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі туралы» Заң күші бар Жарлық 31.08.1995 ж.

2. «Қазақстан  Республикасындағы банктер және  банктік қызмет туралы» ҚР  Президентінің күші бар 1995 ж. 31 тамыздағы жарлығы

3. «Қазақстан  Республикасы Ұлттық банкінің  және Қаржылық Қадағалау Агенттігінің инструкативтік нормативтік акті» 27.05.2006 ж. 

Негізгі әдебиеттер: 

1. Жуков Е.Ф.  Деньги кредит банки М: Юнити 1999г

2. Көшенова Б. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары А: Экономика 2000ж

3. Колесникова В.И. Банковское дело М: Финансы и статистика 1997г

4. Лаврушина О.И. Банковское дело М.: Кнорус, 2006

5. Саниев М. Ақша, несие, банктер. Оқу құралы. А.: Экономика, 2001. 28-31 бет.

7. Сахариевич С.С. Әлем экономикасы А: Дәнекер 2003ж. 

Мерзімді  басылымдар: 

1. Аралбаев А. «Бүгінгі таңдағы банктегі заңдардың дамуының кейбір мәселелері» // Банки Казахстана-2008, №11. 37-40 бет.

2. Бердібай К. «Банк жүйесімен өзара іс-қимыл жасау үшін «төлем илюзін» жасау» // Егемен Қазақстан – 2008, 19 қараша.

Информация о работе Коммерциялық банктердің қызметін реттеу