Коммерциялық банктердің қызметін реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 20:07, курсовая работа

Описание

Банк деп ақша қаражаттарды тарту және оларды өз атынан қайтарымдылық, ақылық және мерзімділік шарттары негізінде орналастыру үшін құрылған ұйым аталады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің нұсқауларын орындап, оған бағынатын банктер екінші деңгейлі банктер деп аталады.
Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызметтер көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.

Содержание

Кіріспе……..……………………………………………………………………….3
І бөлім. Коммерциялық банктердің қызметін реттеудің мәні мен әдістері.
1.1. Коммерциялық банктердің мәні және экономикадағы рөлі.........................5
1.2. Коммерциялық банктердің қызметін реттеудің қажеттілігі және әдістері......................................................................................................................7
1.3. Коммерциялық банктердің қызметін реттеудің шетелдік тәжірибесі.......10
ІІ бөлім. «БТА Банкі» АҚ-ның ұйымдық - экономикалық сипаттамасы.
2.1.«БТА Банкі» АҚ-ның тарихы..........................................…....13
2.2.«БТА Банкі» АҚ-ның ұйымдық – құрылымдылық сипаттамасы................................................................................14
2.3.«БТА Банкі» АҚ-да қаржы жұмысының ұйымдастырылуы.....19
ІІІ бөлім. «БТА Банкі» АҚ қызметтерінің ҚР-да ретелудің экономикалық әдістері.
3.1. «БТА Банкі» АҚ – да уәкілетті орган және Үкімет тарапынан қолданған шараларға шолу.....................................................................................................27
3.2. «БТА Банкі» АҚ мысалы негізінде мемлекеттік реттеудің іске асырылу тәжірибесі...............................................................................................................30
3.2. «БТА Банкі» АҚ – да мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдары...............33
Қорытынды.............................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер тізімі әдебиеттер.........................................................39

Работа состоит из  1 файл

ком. банктер кызметин реттеу.doc

— 291.00 Кб (Скачать документ)

 

                                                                                                диаграмма-1

      Банк міндеттемелерінің балансталған  өсімі капиталдың өсуімен жүзеге  асырылды.

    Банктің бөлінбеген табысының және жарғылық капиталының өсуі есебінен жеке қаражаттарының жалпы көлемі 1,7 есеге өсіп, 2006 жылмен салыстырғанда  87108 млн. тенгені құрады, пассивтер құрылымында жеке қаражаттардың үлесі 8,1 пайызды құрады. Бұл банктің әрі қарайғы өсуіне де ықпал етеді.

    Банктің әрекетінің нәтижиелілігін көрсететін келесі көрсеткіш болып жиынтық  табыс табылады.

    2007 жылы банктің жиынтық табысы 78286 млн.тенгені құрады. Қаржылық әрекетті жан жақты жоспарлау және банктік операцияларды диверсификациялау шартында жыл бойына жүргізілген табыстар мен шығынды оптимизациялау табыстар мен шығындар құрылымының күшейюіне мүмкіндік берді. Табыстар мен шығындары өзгерісі 1- кестеде келтірілген.

    2- кесте

    «БТА Банк» АҚ әрекетінің қаржылық нәтижесі

    Көрсеткіштер     2005ж     2006 ж     2007ж
млн.тг     %     млн.тг     %     млн.тг     %
    1.Сыйлықақы бойынша табыстар:

    -қарыздар

    -бағалы қағаздар

    -басқалар

 
26263

4257

298

 
85,2

13,8

0,96

 
45444

3682

701

 
91,2

7,39

1,4

 
69789

6524

1973

 
89,1

8,33

2,52

    Барлығы 30818 100 49827 100 78286 100
    2.Сыйлықақыбойынша шығындар:

    -депозиттер

    -қарыздық бағалы қағаз

    -несие  мекемелерінің салымдары мен  қарыздары

 
6177

5711 

3875

 
39,1

36,2 

24,6

 
8730

10395 

5742

 
35,1

41,8 

23,09

 
13575

20969 

11155

 
29,7

45,9 

24,4

    Барлығы 15763 100 24867 100 45699 100
    3.сыйлықақы бойынша таза табыс 15055     - 24960     - 32587     -
    4.сыйлықақы есептелетін активтердің құнсыздануы  
10391
    -  
19251
    -  
15359
    -
    5.Құнсыздану есепке алынғаннан кейінгі таза табыс (3-4)  
4664
    -  
5709
    -  
17228
    -
    6.Комиссия түріндегі табыстар 6358     - 9297     - 12943     -
    7.Комиссия түріндегі шығындар 137     - 303     - 489     -
    8.Комиссия түріндегі таза табыс

    (6-7)

 
6221
    -  
8994
    -  
12454
    -
    9.Шет ел валютасымен операциялар бойынша шығындарды шегергеннен кейінгі табыстар:

    -дилинг

    -курстық айырма

    -сақтандыру әрекетінен таза табыс

    -басқалай операциялық табыс

 
 
 
1980

1720

260

1100

 
 
 
    -

    -

    -

    -

 
 
 
1517

6078

1478

567

 
 
 
    -

    -

    -

    -

 
 
 
1777

1183

539

1139

 
 
 
    -

    -

    -

    -

    10.Сыйлықақыға байланыссыз табыстар  
3982
 
100
 
722
 
100
 
5487
 
100
    11.сыйлықақыға байланыссыз шығындар

    -еңбек ақы

    -амортизация

    -әкімшілік шығындар

    -салықтар

    -сақтандыру

    -басқалай

    Барлығы

 
 
3432

926

5212

955

145

338

10021

 
 
34,2

9,2

52

9,5

1,4

3,8

100

 
 
4388

1029

4537

1604

371

2293

14222

 
 
30,8

7,03

31,9

11,2

2,6

16,1

100

 
 
6930

892

7933

1051

466

1642

18894

 
 
36,6

4,7

41,9

5,5

2,3

8,7

100

    12.КТС дейінгі табыс 4580     - 8230     - 16275     -
    13.КТС бойынша шығын 266     - 1047     - 1569     -
    14.Таза табыс 4620     - 7303     - 14706     -
 
 

    Банк  барлық операциялары бойынша оптималды  табыс табу мүмкіншілігімен жоғары баға мен сенімділікті қалыптастырады.Банктің  қаржылық нәтижиесінің қалыптасуына валюталық нарықтағы, қор нарығындағы, қарыздық операциялар неғұрлым жоғары әсер еткен.

    Табыстар  құрылымында бірінші орынды несие  операцияларынан алатын табыстар құрайды-89,1 пайыз 2007 жылы, 91,2 пайыз  2006 жылы.

    Несие операцияларының өсуі және бағалы қағаздар нарығындағы операциялардың дамуы тартылған қаражаттардың қажеттілігін талап етті, осыған байланысты тартылған қаражаттар бойынша төленген пайыздардың үлес салмағы өсті: 23,09 пайыздан 2006 жылғы 24,4 пайызға дейін 2007 жылы.

    Клиенттік базаның өсуі, есеп кассалық бөлімшелердің кеңейюі, құжаттық бизнестің кеңеюі мен санының өсуі комиссиондық табыстың өсуінің тұрақтылығын көрсетеді (2006 жылы 96,7 пайыз, 2007 жылы 96,2 пайыз құраған).

    Әрекет  масштабының кеңеюі жағдайында, қызметкерлер санының көбеюі және даму бағдарламаларын қаржыландырудың одан әрі өсуі персоналға кететін шығындардың үлесі 2006 жылмен салыстырғанда 5,8 пайызға өсті. Әкімшілік шығындары 41,9 пайызға дейін өсті (2006 жылы   31,9 пайыз болды).

    2007 жылы жиынтық табыс 63,6 пайызға өсті, яғни 49827 млн.тенгеден 78286 млн.тенгеге өсті, ол активтердің өсуі есебінен болды.

    Клиенттік несиелер бойынша пайыздық табыс 2007 жылы 65 пайызға, яғни 2006 жылғы 45444 млн.тенгемен салыстырғанда 69789 млн.тенгеге өсті. Бұл несие портфелінің орташа қалдығының өсуі есебінен жүзеге асырылды.

    Несие портфелі өсімінен болған тиімділік  несие бойынша орташа кірістіліктің  төмендеуі нәтижиесімен түсіндіріледі. 2006 жылдың 31-желтоқсанына несие бойынша  пайыздық ставка 12-30 пайыз аралығында болды, доллардағы несиелер бойынша ставка 12-24 пайыз аралығында  ауытқыды.

    Банктің активтері мен пассивтерінің  жағдайы жөніндегі неғұрлым толық картина  3-кестеде келтірілген.

    3 - кесте

«БТА Банкі» АҚ активтері мен пассивтерінің көлемі мен құрылымы 

 атауы  2005ж  2006 ж  2007ж
 млн.тг  %  млн.тг  %  млн.тг  %
 Активтер
 Ақшалар

 Міндетті  резервтер

 Саудалық  БҚ

 Басқа несие мекем.қаражат

 Сату  үшін БҚ инвестиция

 Клиенттерге қарыз

 Қарыздар  бойынша сыйақы

 Негізгі құралдар

 Басқалай  активтер

 13286

 3706

 61591

 14398

 26288

 232349

 7498

 6745

 7203

 3,56

 0,99

 16,5

 3,86

 7,05

 62,3

 2

 1,8

 1,93

 51740

 6971

 102182

 6038

 23881

 395513

 14004

 9396

 8577

 8,37

 1,13

 16,5

 0,98

 3,86

 64

 0,23

 1,52

 1,39

 119131

 10791

 110252

 23676

 42406

 680385 

 1940

 9224

 11,94

 1,08

 11,05

 2,37

 4,25

 68,2 

 0,19

 0,92

 Активтер барлығы  373064  100  618302  100  997805  100
 Міндеттемелер
 ҚРҰБ  қаражаттары

 Басқа қаржы мекем.қаражат

 Клиенттердің  қаражаты

 Шығарылған  қарыздық БҚ

 Басқалай  міндеттемелер

 5177

 115680

 139224

 73507

 4138

 1,51

 33,9

 40,8

 21,5

 1,21

 4424

 143256

 226710

 182079

 9852

 0,78

 25,3

 40,03

 32,15

 11,74

 844

 293047

 306714

 300009

 10083

 0,09

 32,18

 33,7

 32,9

 1,1

 Міндеттемелер барлығы  341051  100  566307  100  910697  100
 Жеке  капитал
 Жарғылық  капитал

 Жеке  сатып алынған 

 акциялар

 Қосымша төленген капитал

 НҚ  қайта бағалау қоры

 Бөлінбеген табыс

 Ағымдағы  жыл пайдасы

 20959 

 628

 1413

 -

 1737

 7182

 68,03 

 2,05

 4,6

 -

 5,7

 23,4

 28320 

 516

 5996

 2429

 6797

 7302

 56,3 

 1,02

 11,9

 4,8

 13,5

 14,5

 36331 

 348

 19184

 510

 15906

 14307

 41,7 

 0,4

 22,02

 0,5

 18,3

 16,4

 Жеке  капитал барлығы  30683  100  50328  100  87108  100
 Пассивтер барлығы  373064     618302     997805   
 

    3 - кесте мәліметеріне сүйенсек, активтің барлық статьялары бойынша өсу байқалады. 2006 жылмен салыстырғанда активтер саны 379503 млн.тенгеге өскен. Пассивтер саны да өскен, ҚРҰБ қаражаты және НҚ қайта бағалауқоры статьяларынан басқалары. Жалпы міндеттемелер саны мен жеке капитал саны 379485 млн.тенгеге өсіп, 2007 жылы 997805 млн.тенгені құраған.

    Несие жұмысының жинақталған тәжірибесін  пайдалана отырып, банк сенімді жалға  алушылардың базасын кеңейтті, клиенттерді несиелендіруді кеңейтті. Несие саясатының базалық ұстамдарына сүйене отырып ұлттық валютада да шет елдік валютада да несие операцияларын әрі қарай кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Банк ірі, орта және шағын компанияларға қысқа және ұзақ мерзімді несиелерді беруді активті береді. Сонымен қатар банк ипотекалық несиелендіру нарығын дамытуда «БТАИпотека» еншілес компаниясының көмегімен белсенді жұмыстар атқаруда.

    Халықтың  салымдарын тарту үшін мерзімдері мен  берілу шарттары бойынша депозиттердің  әр түрлі түрлері жасақталды. Олар ұлттық валютада да, еркін айырбасталатын валютада да жүзеге асырылады. Банктің банктік қызмет көрсету нарығындағы алдыңғы қатарда болуы, тұрақты қаржылық жағдайы депозиттік базаның өсуінің сенімді кепілі болып табылды және ол міндеттемелер бойынша тәуекелді диверсификациялауға  мүмкіндік береді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ІІІ бөлім. «БТА Банкі» АҚ қызметтерінің ҚР-да ретелудің экономикалық әдістері.

    3.1. «БТА Банкі» АҚ-да уәкілетті орган және Үкімет тарапынан қолданған шараларға шолу.

    Елдің банк жүйесі АҚШ-та басталған ипотекалық дағдарыс салдарынан 2007 жылдың соңында-ақ (“бірінші толқын”) қиыншылықтарға душар бола бастады. Әлемдік қаржы рыноктарындағы ахуалдың шиеленісуі нәтижесінде, дәлірек айтқанда, жаһандық дағдарыстың 2008 жылғы “екінші толқынында” қазақстандық банктер сыртқы рыноктардан келетін қаржылардың толық “жабылуы” немесе олардың шектен тыс қымбаттығына байланысты қол жеткізудің қиындығы жағдайларына тап болды. 
Әлемдік рыноктардағы капитал өтімділігі дағдарысы нәтижесінде Үкімет 2008 жыл бойына бүтіндей алғанда елдің қаржы жүйесінің, соның ішінде екінші деңгейдегі банктердің тұрақтылығын арттыру жөнінен бірқатар шаралар қабылдады. Бұл жұмыста негізгі салмақ елдегі жүйе құраушы банктерге  түсірілді. 
        Осы орайда жүйе құраушы банктер қалайша анықталады деген сауалға сәл-пәл тоқтала кеткен жөн. Бұл ретте екінші деңгейдегі банктердің жалпы көлеміне қатысты капитал мөлшері, отандық экономиканы несиелеу рыногындағы үлесі, жеке тұлғаларды несиелеу рыногындағы үлесі, заңды тұлғалар депозиттері рыногындағы үлесі, екінші деңгейдегі банктер төлеген жалпы салықтарға қатысты төлеген салықтарының үлесі және жұмыс істейтін қызметкерлерінің саны есепке алынады. Осы бес көрсеткіштің әрқайсысы банк жүйесінің жалпы көлемінің 5 пайызынан кем болмауға тиіс. Осылайша, қазіргі таңда Қазақстанда жұмыс істеп тұрған 36 банктің тек төртеуі ғана жоғарыда аталған критерийлерге жауап береді. Олар – Қазкоммерцбанк, Халық банкі, БТА Банк және Альянс банк.

      Бүтіндей алғанда осы төрт банк ел экономикасының шикізаттық емес секторының 80 пайыздан астамын қаржыландырады. Сондықтан Қазақстанның қаржы жүйесі мен банк секторының тұрақтылығы да негізінен алғанда осы банктер қызметіне тікелей байланысты. 
2008 жылдың 24 қазанында Үкімет капиталдандыруға қолдау жасауға және Қазақстандық банк секторының тұрақтылығы мен өтімділігін нығайтуға бағытталған бірқатар кешенді шараларды жүзеге асыру жөнінде банктерге ұсыныс жасағаннан кейін “Самұрық-Қазына” қоры БТА Банк, Альянс банк, Халық банкі және Казкоммерцбанк тәрізді төрт ірі жүйе құраушы банктерді қосымша капиталдандыру жөніндегі жұмыстарды бастады. Сөйтіп, 28 қарашада осы банктермен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды
.

    Төрт  банк мемлекеттен 476 млрд. теңге көлеміндегі  қаржыны алды: БТА—банкі 212 млрд.теңге, Қазкоммерцбанк — 120 млрд. теңге, Халық банкі — 120 млрд.теңге, Альянс банкі — 24 млрд.теңге алған.  
БТА банкке бөлінген қаржы осы банктің 75.1 пайыздық жәй акцияларын сатып алуға бағытталды. Мемлекет банктің негізгі акционері болып отыр. Банк басшылығында кадрлық өзгерістер болды: Негізгі акционері «Самұрық-Қазына» атынан Директорлар Кеңесінің төрағасы болып Арман Дунаев, ал Басқарма Төрағасы болып Әнуар Сәйденов тағайындалды.  
Ал ҰӘҚ мен банк арасында қосымша қол қойылған келісімге сәйкес, 84 млрд.теңгені банк нақты секторды несиелеуге жібереді. Дәлірегінде, корпоративті клиенттердің өндірістік  шаруасын  несиелеугебағытталады. 
        Осылайша, банк секторын тұрақтандыру мақсатындағы шаралар жүзеге асырылуда. «ҰӘҚ туралы» Заңға сәйкес, мемлекет атынан екінші дәрежелі банктердің акционері ретінде өзге акционерлермен бірге іс-қимыл жасауға Қордың  құқығы  бар.

    Альянс  және БТА банктері отандық қаржы жүйесінде маңызды рөл атқарады. Тек БТА Банктің өзі ғана 7 мың жұмыс орнын қамтамасыз ете отырып, жүйе құраушы банк болып саналады. Ал оның отандық экономиканы несиелеу рыногындағы үлесі 26 пайыздан асады. Альянс банктің де отандық экономиканы несиелеудегі алатын орны аз емес, ол көрсеткіш 8 пайыздан асады. Сондықтан да мемлекет аталған жүйе құраушы банктердің дефолтқа ұрынуына жол бере алған жоқ. Өйткен жағдайда оның елдің бүкіл банк жүйесі мен қаржы-экономикалық жүйесіне кері әсері тиер еді. 
        Осы орайда елімізге есімдері белгілі қаржы саласы мамандарының пікірлеріне назар аудара кеткен де артық емес. 
Б.Жәмішев, Қаржы министрі: “Соңғы уақыттары “Альянс банк” АҚ-та міндеттемелер пайда болды, банктің тұрақты жұмыс істеуінде тәуекелдер (маржин-кодтар) орын алды. Ахуал өзгерді. Үкімет осыған дейінгі меморандумда банктің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде өзіне міндеттемелер алды. Сондықтан бұл іс-қимылдар бұрын қол жеткізілген меморандумдағы уағдаластықтарды жүзеге асыру болып табылады”. 
Г.Марченко, Ұлттық банк төрағасы: “Соңғы уақыттары “БТА Банк” АҚ қысқа мерзімді шаралармен және Ұлттық банк тарапынан болған қолдаумен өмір  сүрді”. 
        Осы айтылғандардың негізінде Үкімет қабылдаған шешім қисынды әрі алдын ала есептелген, сонымен бірге ол құқықтық тұрғыда жүзеге асырылып отыр және банк акционерлерінің құқықтарына қысым жасамайды деп айтуға болады.  
         Бұл ойды барлық іс-қимылдар қолданыстағы заңнамалардың шеңберінде жүзеге асырылды және банк қызметін тексерудің тиісті нәтижелерімен айғақталды деу арқылы Қаржы қадағалау агенттігінің төрайымы  Е.  Бахмутова  да  растап  отыр.

      Банктерге мемлекеттік бақылау орнатудың тиімділігі - бұл біріншіден, банктердің өздеріне тиімді. Өйткені, қазіргі жағдайда билік қаржылық институттарды бақылауына алуы арқылы Қазақстанның барлық банкі жүйесіне деген тұрақтылық пен сенімді орнықтырады. Мемлекет қаржылық дағдарыс жағдайында әрі қатан, әрі қажетті шешімге барып отыр. Себебі, бұл салымшылардың мүддесін қорғау. Банк секторының тұрақтылығын сақтауға бағытталған негізгі шара - екінші деңгейлі банктердегі халықтың салымдарының толық сақталуына мемлекет кепілдік береді. Ол кепілдік - Елбасының арнайы жарлығымен заңдастырылды, 5 млн. теңгеге дейін ақша салған адамға ол ақшасының толық сақталатынына кепілдік бар. Яғни, қазақстандық салымшылардың бұған ешқандай да күмәні болмауы керек.  

    3.2. «БТА Банкі» АҚ мысалы негізінде мемлекеттік реттеудің іске асырылу тәжірибесі.

    Үкімет  еліміздің банк жүйесінің тұрақтылығы  мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету  үшін «ТұранӘлем" банкті толықтай өз бақылауына алды. Екінші ақпандағы  үкімет отырысында «Самұрық-Қазына»  әл-ауқат қорының «ТұранӘлем" банктің 78 пайыз акциясын сатып алатыны туралы шешім қабылданды. «Осындай шешімдердің нәтижесінде жүйе құраушы банк екі аяғын нық басады. Барлық салымшылар, азаматтық және заңды тұлғалар өздерінің салымдарының тұрақтылығына сенімді бола алады» деп мәлімдеді үкімет басшысы.

    Онымен  қоса, аталған  банк отандық қаржы жүйесінде ойып орын алады. Мысалы, жеті мың адамға жұмыс беріп отырған «ТұранӘлем" банкі жүйе құраушы банктердің қатарына жатады. Отандық экономиканы несиелеу нарығындағы оның үлесі 26 пайызды құрайды. Яғни, мемлекет бірінші,кезекте банктен несие алатын заңды тұлғалардың мүддесін ойлап отыр.

    Анықтап қарасақ, соңғы кездері «ТұранӘлем" банктегі дағдарысқа қарсы менеджмент әлсіздігін танытып ғана қоймай, қирап  қалды. Оған үкімет отырысындағы Ұлттық банктің төрағасы Григорий Марченконың мына сөздері дәлел: «Соңғы кездері «Тұран Әлем" банк АҚ қысқа мерзімдік шараларды жүзеге асырып, Ұлттық банктің берген қаражатына ғана өмір сүріп келді». Яғни, үкімет тұралаған банкке қол ұшын созды. Алайда елдегі ең ірі қаржылық институттардың бірін банкроттық жағдайға әкеліп тіреген банк басшыларының жүгенсіз әрекеті үшін халықтың қалтасынан салық төлеуге кімнің құқығы бар? Онымен қоса, дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде бөлінген қаражат діттеген жеріне жетпей жатса, оның сұрауы кімнен? Сондықтан, үкімет екі мәселені бір шешіммен шешті: яғни, сын сағатта өз ісін лайықты атқара алмаған банктің басшылығын ауыстырды және банкті толық мемлекет бақылауына алды. 
      
«БТА Банкі» АҚ-н мемлекет өз бақылауына алып, дағдарысқа қарсы мынадай іс-шараларды жүргізуде:

Информация о работе Коммерциялық банктердің қызметін реттеу