Коммерциялық банктердің қызметін реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 20:07, курсовая работа

Описание

Банк деп ақша қаражаттарды тарту және оларды өз атынан қайтарымдылық, ақылық және мерзімділік шарттары негізінде орналастыру үшін құрылған ұйым аталады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің нұсқауларын орындап, оған бағынатын банктер екінші деңгейлі банктер деп аталады.
Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызметтер көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.

Содержание

Кіріспе……..……………………………………………………………………….3
І бөлім. Коммерциялық банктердің қызметін реттеудің мәні мен әдістері.
1.1. Коммерциялық банктердің мәні және экономикадағы рөлі.........................5
1.2. Коммерциялық банктердің қызметін реттеудің қажеттілігі және әдістері......................................................................................................................7
1.3. Коммерциялық банктердің қызметін реттеудің шетелдік тәжірибесі.......10
ІІ бөлім. «БТА Банкі» АҚ-ның ұйымдық - экономикалық сипаттамасы.
2.1.«БТА Банкі» АҚ-ның тарихы..........................................…....13
2.2.«БТА Банкі» АҚ-ның ұйымдық – құрылымдылық сипаттамасы................................................................................14
2.3.«БТА Банкі» АҚ-да қаржы жұмысының ұйымдастырылуы.....19
ІІІ бөлім. «БТА Банкі» АҚ қызметтерінің ҚР-да ретелудің экономикалық әдістері.
3.1. «БТА Банкі» АҚ – да уәкілетті орган және Үкімет тарапынан қолданған шараларға шолу.....................................................................................................27
3.2. «БТА Банкі» АҚ мысалы негізінде мемлекеттік реттеудің іске асырылу тәжірибесі...............................................................................................................30
3.2. «БТА Банкі» АҚ – да мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдары...............33
Қорытынды.............................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер тізімі әдебиеттер.........................................................39

Работа состоит из  1 файл

ком. банктер кызметин реттеу.doc

— 291.00 Кб (Скачать документ)

    Сурет 1. «БТА Банкі» АҚ ұйымдық құрылымы

    Банктің аға менеджментінің негізгі  бөлігі Казкоммерцбанк, бұрынғы Әлем банк, Қазақстандық Эксим банк, Қазақстанның Халық банкі сияқты алдыңғы қатардағы  банктерінен ауысты.

    «БТА  Банкі» АҚ-ның Басқарма төрағасы құрылымдық бөлімшелердің есептерін бекітеді. 1-суретте келтірілген ұйымдық құрылымының схемасы қысқартылған болып табылады. Себебі департаменттер мен басқармаларды қамтитын бөлімдерді қарастырмайды.

    Несиелендіру  басқармасы төмендегідей бөлімдерден  тұрады:

    - қаржыландыру бөлімі;

    - мониторинг бөлімі;

    - несие тәуекелдерін бағалау бөлімі.

    Операциялық департамент төмендегідей бөлімдерден  тұрады:

    - операциялық зал;

    - құжаттық есептесу бөлімі;

    - кассалық операциялар бөлімі;

    - саудалық емес операциялар бөлімі;

    - проводкалар бөлімі;

    - шет ел валютасын сатып сатып  алуды есепке алу бөлімі;

    - лоро-ностро бөлімі ( теңгемен);

    - лоро-ностро бөлімі (валютамен);

    - филиал аралық есептесу бөлімі;

    - бақылау жүргізу бөлімі.

    Активтер  мен пассивтерді басқару және талдау басқармасы төмендегідей бөлімдерден тұрады:

    - активтер мен пассивтерді талдау бөлімі;

    - банктің операцияларын талдау бөлімі;

    - банктің қаржылық жағдайының мониторингі бөлімі;

    - банктік тәуекелдер бөлімі.

    Мәселелі  несиелермен жұмыс жасау басқармасы мыналардан тұрады:

    -Үкіметтің  кепілдемесі бойынша берілген  несиелермен жұмыс жасау және  филиалдармен жұмыс жасау бөлімі;

    -жалға  алушылармен оперативтік жұмыс  жасау бөлімі және мәселелі  несиелердің жинақ есебі мен  талдау бөлімі.

      Бухгалтерлік  есеп департаменті  төмендегідей бөлімдерден тұрады:

    -ішкі  бухгалтерия;

    -бухгалтерлік  есеп пен есептіліктің методологиясы  бөлімі;

    -жинақ  есептілік бөлімі;

    -салық  есебі бөлімі.

    Халықаралық қатынастар басқармасы төмендегілерден  тұрады:

    - ТМД банктерімен корреспонденттік қатынастар бөлімі;

    - халықаралық қаржылық қатынастар бөлімі.

    Қауіпсіздік басқармасы екі бөлімнен тұрады:

    -экономикалық  қауіпсіздік бөлімі;

    -ішкі  қауіпсіздік бөлімі.

      Банктегі кадрлық менеджменттің  басты маңызы біріктірілген «БТА  Банкін» басқарып отырған кәсіби  күшті дайындалған банкирлерден тұратын және өз ісін білетін жаңа басшылықтың басқарудың корпоративтік стилін жасақтағанын дәлелдейді. Осының нәтижиесінде  олар бұрынғы әрекет еткен екі банктің басты мәселесінің банктің экономикалық дамуының жоғары мүмкіншіліктеріне қарамастан   кәсіби емес менеджментте болғандығын дәлелдеді. Бұл  факт экономикалық жүйедегі менеджменттің аса маңызды ролін бекіте түседі.

    Банкті  басқару құрылымының жалпы схемасы  банктік заңдылықпен анықталады. Сонымен қатар басқару құрылымы бойынша көпшілік сұрақтарды банк өз бетінше шешуге құқылы. Банкті басқарудың құрылымына шешуші әсер ететін фактор болып банктің жеке капиталын жинақтаудың құқтық нысаны және банктің ұйымдық құрылымы табылады. Мысалы, жеке капиталды қалыптастырудың акционерлік нысаны кезінде банкті басқару мен бақылауға толық құқ алу үшін акцияның бақылау пакетін иемдену қажет. Жеке капиталдың қалыптасу нысанына қарамастан банкті басқару құқы оның құрылтайшыларында болуы керек. Бұл құқ құрылтайшылардың банкті басқару органдарына қатысу жолымен жүзеге асырылады.

      «БТА Банкі» АҚ басқарудың  жоғарғы органы болып акционерлердің жалпы жиналысы табылады. Банкті басқарудың жоғарғы  органы банктің әрекетінің стратегиялық тапсырмаларын шешеді, олар:

    - банктің іскерлік саясатына қатысты акттер мен құжаттарды бекіту;

    - банктің әрекетінің қаржылық  нәтижиесін қарастыру және бекіту  және алынған пайданы пайдалану  немесе зиянды жабу жөніндегі  шешімді қабылдау;

    - банктің атқарушы және қадағалаушы органдарының мүшелерін таңдайды;

    - банк басқармасының төрағасын сайлайды.

    Коммерциялық  банкті басқарудың жоғарғы органы атқарушы және қадағалаушы органдар арқылы өзінің қызметтері мен тапсырмаларын жүзеге асырады. Және ол органдар жоғарғы органның алдында есепті болып табылады.

    Банктің басқарма төрағасы банкті басқарудың жоғарғы органымен сайланады және оның атқарушы органының мүшесі болып табылады. Банктің басқарма төрағасы акционерлердің жалпы жиналысының шешімдерін орындайды, олардың іске асырылуына жауап береді, банктің әрекетін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасайды, банктің ұжымын басқарады, банк әрекетінің заңдылығына жауап береді.

    Қадағалау органы бұл банктің ревизиялық комиссиясы. Ол банктің әрекетін атқарушы органдар арқылы, несиелік және басқа арнайы қызметтер арқылы бақылауы керек.

    Банктің атқарушы органдары басқару органдарының банктің ағымдағы әрекеттерін жүзеге асыру бойынша барлық шешімдерін жүзеге асырған кезде банктің ұйымдық құрылымына сүйенеді.  Ұйымдық құрылымның оптималды жүйесі «БТА Банкі» АҚ-на еліміздің  банктік нарығында өзінің мықты позициясын құруына мүмкіндік берді. 

    2.3. «БТА Банкі» АҚ-да қаржы жұмысының ұйымдастырылуы.

    "БТА  Банкі" АҚ 2015-жылға дейінгі ұзақ мерзімді стратегиясы барлық ТМД елдерінің қаржылық нарықтарында жұмыс жасаудан тұрады. 

    Халықаралық инвестицияны тарту бойынша және қаржылық қызметтің экспортеры ретінде орталық банк болуға "БТА Банкі" АҚ -ның барлық шансы бар.

    Қазіргі таңдағы "БТА Банкі" АҚ-ның бұл нарықтың барлық сегментінде қатысып отырған алдыңғы қатардағы қаржылық топ, ол нарықтар мыналар: корпоративтік және бөлшек бизнес, саудалық қаржыландыру, қор нарығы, шағын және орта бизнесті несиелендіру, лизинг, ипотека, зейнетақы қоры т.б.

    2005 жылы "БТА Банкі" АҚ «Евромани» журналымен «ТМД ең үздік банкі» және «Орталық Азияның үздік банкі» атанды.

    «The Banker» атты британиялық журналдың «Шығыс Еуропадағы шағын банктердің ішіндегі үздік банк» атты марапатына иемденді.

    "БТА Банкі" АҚ -ның авторитетті халықаралық Moodys және Standart and Poors агентстволарымен берілетін ұзақ мерзімді ағымдағы рейтингтер ТМД елдерінің ішіндегі қуатты банк екендігін көрсетеді, банк Қазақстанда екінші деңгейдегі банктердің ішінде активтерінің көлемі және жеке капиталының көлемі бойынша алдыңғы қатарларды алады.

    Банктің активтері 9 млрд. АҚШ долларын құрайды, жеке капиталы 1,5 млрд.АҚШ долларынан асады.

    Қазіргі заманғы "ТұранӘлем Банкі" АҚ бұл:

    - 750000 клиент;

    -Қазақстан  бойынша 22 филиал және 193 есеп  кассалық бөлімше;

    -ТМД  елдері бойынша бірнеше халықаралық  өкілеттіктер.

    Банктің акционерлері құрамына әлемнің төмендегідей ірі қаржылық институттары  кіреді: EBRD, RZB, IFS, FMO.

    Еуропалық реконструкция және даму банкісімен (EBRD) жұмыс жасау банктің іс әрекетіндегі стратегиялық басты элемент болып  табылады. Әсіресе бұл жерде 2001-жылы Еуропалық реконструкция және даму банкісімен басқа 4 шет елдік инвесторлармен бірге "БТА Банкі" АҚ акционерлерінің құрамына енгені есепке алынады.

      Еуропалық реконструкция және  даму банкісі 4 жылдық займ  берді. Бұл несиенің басты артықшылығы  болып шет елдік коммерциялық  банктердің тарапынан орта мерзімді  қаржыландыру нарығын ашуға мүмкіншілік бергені табылады. Еуропалық реконструкция және даму банкісінің үлесі 10 млн. АҚШ долларын құрады, 20 млн. АҚШ доллары Еуропаның ірі коммерциялық банктерінің синдикаттарының көмегімен тартылды.  Еуропалық реконструкция және даму банкі БТА-ның еншілес банктеріне де займдар береді, олар БТА Ипотека 15 млн. АҚШ доллары көлемінде, БТА Лизингке 5 млн. АҚШ доллары көлемінде.

    Ауыл  шаруашылығын дамыту мақсатында БТА  және Еуропалық реконструкция және даму банкісі бірігіп жалпы сомасы 25 млн. АҚШ доларын құрайтын астық қолхаттары бағдарламасын жүзеге асырды.

    Халықаралық қаржылық корпорация, банктің акционері  бола отырып, ол да БТАмен кешенді біріге отырып ұзақ мерзімді жобаларды қаржыландыруға 15 млн.АҚШ доллары сомасы көлемінде  қаражат бөлген

    Халықаралық қаржылық корпорация  банктің өзі  үшін және оның еншілес компаниялары үшін стратегиялық партнерлерді іздестіру  және тарту бойынша БТА партнері болып табылады. 2005 жылдың сәуір  айында Халықаралық қаржылық корпорация  Orix (Жапония) компаниясымен бірлесе отырып  БТА Лизинг компаниясының капиталына бірлесіп қатысуға байланысты келісімге келді, осыдан кейін компания атауы БТА Orix Лизинг болып өзгертілді.

                                                                                                             

 1 - кесте

 «БТА Банкі» АҚ жеке капиталының көлемі мен құрылымы

 Атауы  2005ж  2006 ж  2007ж
 млн.тг  %  млн.тг  %  млн.тг  %
 Жарғылық  капитал

 Сатып алынған жеке акциялар

 Қосымша төленген капитал

Негізгі құралды қайта бағалаудан қор

 Бөлінбеген  табыс

 Ағымдағы  жылдың пайдасы

 20959 

 628

 1413 

 -

 1737 

 7182

 68,03 

 2,05

 4,6 

 -

 5,7 

 23,4

 28320 

 516

 5996 

 2429

 6797 

 7302

 56,3 

 1,02

 11,9 

 4,8

 13,5 

 14,5

 36331 

 348

 19184 

 510

 15906 

 14307

 41,7 

 0,4

 22,02 

 0,5

 18,3 

 16,4

 Жеке  капиталдың барлығы  30683  100  50328  100  87108  100

Информация о работе Коммерциялық банктердің қызметін реттеу