Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 20:07, автореферат

Описание

Осы Стандарттың мақсаты үлестік құралдарға негізделген төлем мәмілесін жүзеге асыратын кәсіпорын үшін қаржы есептілігін жасау тәртібін белгілеу болып табылады. Атап айтқанда, ол кәсіпорыннан қызметкерлерге үлестік құралдарға опциондар ұсынатын операцияларға байланысты шығыстарды қоса алғанда, үлестік құралдарға негізделген төлем операцияларының әсерін пайда немесе залал құрамында және қаржы жағдайында көрсетуді талап етеді.

Работа состоит из  1 файл

2-халықаралық қаржы есептілігінің стандарты (IFRS) Үлестік құралдар негіздегі төлемдер.doc

— 220.00 Кб (Скачать документ)


2 IFRS халықаралық қаржы есептілігінің стандарты

Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер

 

Бұл нұсқа 2005 жылғы 31 желтоқсанға дейін шығарылған түзетулері енгізілген жаңа IFRS-нан туындайтын түзетулерді қамтиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 IFRS халықаралық қаржы есептілігінің стандарты

Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер

МАҚСАТЫ

1 Осы Стандарттың мақсаты үлестік құралдарға негізделген төлем мәмілесін жүзеге асыратын кәсіпорын үшін қаржы есептілігін жасау тәртібін белгілеу болып табылады. Атап айтқанда, ол кәсіпорыннан қызметкерлерге үлестік құралдарға опциондар ұсынатын операцияларға байланысты шығыстарды қоса алғанда, үлестік құралдарға негізделген төлем операцияларының әсерін пайда немесе залал құрамында және қаржы жағдайында көрсетуді талап етеді.

ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ

2 Кәсіпорын, 5 және 6-параграфтарда көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы Стандарт:

(а)               үлестік құралдарға негізделген, есеп айырысу үлестік құралдармен жүргізілетін, кәсіпорын тауарларды немесе қызмет көрсетулерді кәсіпорынның үлестік құралдары (акцияларды немесе үлестік құралдарға опциондарды қоса алғанда) үшін өтемақы ретінде алатын төлемдер операцияларын;

(b)               үлестік құралдарға негізделген, есеп айырысу ақша қаражаттарымен жүргізілетін, кәсіпорын тауарларды немесе қызмет көрсетулерді сатып алатын және бұл ретте осы тауарларды немесе қызмет көрсетулерді жеткізушінің алдында кәсіпорын акцияларының немесе басқа үлестік құралдарының бағасына (немесе құнына) негізделген міндеттемелер қабылдайтын төлемдер мәмілелерін;

(с)               кәсіпорын тауарларды немесе қызмет көрсетулерді алатын немесе сатып алатын және келісімнің талаптары кәсіпорынға немесе осы тауарларды, немесе қызмет көрсетулерді жеткізушіге негізінде кәсіпорын операция бойынша не ақша қаражаттарымен (немесе басқа активтермен), не үлестік құралдар шығару арқылы есеп айырысуды жүзеге асыра алатын таңдауды ұсынатын операцияларды

қоса алғанда, барлық төлемдер операцияларын есепке алған кезде қолдануы тиіс.

3               Осы Стандарт мақсаты үшін акционерлердің тауарлар немесе қызмет көрсетулер жеткізген тараптарға (қызметкерлерді қоса алғанда), кәсіпорынның үлестік құралдарын өткізуі осындай өткізу кәсіпорынға жеткізілген тауарлар немесе қызмет көрсетулер үшін ақы төлеуден басқа мақсаттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, үлестік құралдарға негізделген төлемдер операциялары болып табылады. Осы ереже сондай-ақ негізгі кәсіпорынның немесе қарастырылып отырған сол топқа кіретін басқа кәсіпорынның үлестік құралдарын қарастырылып отырған кәсіпорынға тауарларды немесе қызмет көрсетулерді жеткізген тараптарға өткізуге қолданылады.

4               Осы Стандарт мақсаты үшін кәсіпорынның үлестік құралдарының иесі ретінде болатын қызметкермен (немесе басқа тараппен) операция үлестік құралдарға негізделген төлем операциясы болып табылмайды. Мысалы, егер кәсіпорын өзінің үлестік құралдардың белгілі бір түрінің барлық иесіне кәсіпорынның қосымша үлестік құралдарын осы үлестік құралдардың әділ құнына қарағанда төмен баға бойынша сатып алуға құқық ұсынса және қызметкер осындай құқықты ол, осы белгілі бір түрдегі үлестік құралдардың иесі болып табылғандықтан, осы құқықты алса, онда осы құқықты ұсынуға немесе пайдалануға осы Стандарт талаптары қолданылады.

5              2-параграфта аталып өткендей, осы Стандарт үлестік құралдарға негізделген, кәсіпорын не тауарлар, не қызмет көрсетулер алатын төлем операцияларына қолданылады. Тауарларға қорлар, шығыс материалдары, негізгі құралдар, материалдық емес активтер және басқа қаржылық емес активтер кіреді. Дегенмен, кәсіпорын осы Стандарт кәсіпорын тауарларды бизнесті біріктіру кезінде алынатын, 3-«Бизнес бірлестіктері» IFRS қолданылатын таза активтердің бір бөлігі ретінде сатып алатын операцияларға қолданбауы тиіс. Тиісінше, бизнесті біріктіру кезінде сатып алатын кәсіпорынды бақылау үшін айырбас ретінде шығарылатын үлестік құралдар осы Стандарт қолдану аясына кірмейді. Дегенмен сатып алатын кәсіпорынның қызметкерлеріне қызметкерлер ретінде ұсыналатын (мысалы, олардың атқарып отырған қызметі үшін) үлестік құралдар осы Стандарт қолдану аясына кіреді. Сол секілді үлестік құралдарға негізделген төлемдер туралы келісімдерді қысқарту, ауыстыру және басқа өзгерісі бизнесті біріктіруге немесе капиталды басқа да қайта құрылымдауға байланысты осы Стандарт сәйкес ескерілуі тиіс.

6              Осы Стандарт үлестік құралдарға негізделген, 32-«Қаржы құралдары: ақпаратты ашу және беру» IАS (2003 жылғы редакция) 8-10-параграфтарын немесе 39-«Қаржы құралдары: тану және өлшеу» IАS (2003 жылғы редакция) 5-7-параграфтарын қолдану аясына кіретін шартқа сәйкес кәсіпорын тауарларды немесе қызмет көрсетулерді алатын немесе сатып алатын төлемдер операцияларына қолданылмайды.

ТАНУ             

7              Кәсіпорын үлестік құралдарға негізделген төлемдер мәмілелерінде алынған немесе сатып алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді осы тауарларды немесе қызмет көрсетулерді алу сәтінде тануы тиіс. Кәсіпорын, егер тауарлар немесе қызмет көрсетулер үлестік құралдарға негізделген, ол бойынша есеп айырысу үлестік құралдармен жүргізілетін төлемдер мәмілелерінде алынса, меншікті капиталдың тиісті ұлғаюын немесе, егер тауарлар немесе қызмет көрсетулер үлестік құралдарға негізделген, ол бойынша есеп айырысу ақша қаражаттарымен жүргізілетін төлемдер мәмілелерінде алынса, міндеттемелерді тануы тиіс.

8              Егер үлестік құралдарға негізделген төлемдер мәмілелерінде алынған немесе сатып алынған тауарлар немесе қызмет көрсетулер активтер ретіндегі тану критерийлеріне сәйкес келмесе, онда олар шығыстар ретінде танылуы тиіс.

9              Әдетте, шығыс тауарларды немесе қызмет көрсетулерді тұтыну нәтижесінде туындайды. Мысалы, қызмет көрсетулер әдетте бірден тұтынылады және осы жағдайда шығыс қызмет көрсетуді қарсы тарап көрсету сәтінде танылады. Тауарлар қандай да болмасын уақыт кезеңі ішінде немесе қорлар неғұрлым кешірек күні сатылған жағдайда тұтынылуы мүмкін; осы жағдайда шығыс тауарлар тұтынылған немесе сатылған кезде танылады. Дегенмен кейде шығысты тауарлар немесе қызмет көрсетулер тұтынылғанға немесе сатылғанға дейін тану қажет, себебі олар активтер ретінде тану критерийлеріне сәйкес келмейді. Мысалы, кәсіпорын тауарды жаңа тауарды әзірлеу жөніндегі жобаны зерттеу сатысының бір бөлігі ретінде сатып алады. Бұл тауарлар тұтынылмағанмен, олар қолданылатын Стандартқа сәйкес актив ретінде тану критерийлеріне жауап бермеуі мүмкін.

ҮЛЕСТІК ҚҰРАЛДАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН, ҮЛЕСТІК ҚҰРАЛДАРМЕН ТӨЛЕНЕТІН МӘМІЛЕЛЕР

Жалпы ережелер

10              Үлестік құралдарға негізделген, есеп айырысу үлестік құралдармен жүргізілетін төлемдер операциялары үшін кәсіпорын алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді және меншікті капиталдағы тиісті ұлғаюды алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құны бойынша, осы әділ құн сенімді түрде өлшенбейтін жағдайды қоспағанда, тікелей өлшеуі тиіс. Егер кәсіпорын алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құнын сенімді түрде өлшей алмаса, ол олардың құнын және меншікті капиталдағы тиісті ұлғаюды жанама, яғни ұсынылған үлестік құралдардың әділ құны негізінде[*] өлшеуі тиіс.

11              10-параграфтың талаптарын қызметкерлермен және осындай қызмет көрсететін басқа тұлғалармен[((] операцияларға қолдану үшін кәсіпорын ұсынылған үлестік құралдардың әділ құны негізінде алынған қызмет көрсетулердің әділ құнын өлшеуі тиіс, өйткені әдетте алынған қызмет көрсетулердің әділ құнын 12-параграфта түсіндірілгендей сенімді түрде есептеу мүмкін емес. Осы үлестік құралдардың әділ құны олар ұсынылған күні өлшенуі тиіс.

12              Әдетте, акциялар, акцияларға опциондар немесе басқа да үлестік құралдар қызметкерлерге олардың сыйақыларының бір бөлігі ретінде, қызметкерлерге ақша қаражатымен төленетін жалақыларына және басқа сыйақыларына қосымша ретінде ұсынылады. Әдетте қызметкерлердің сыйақылары пакетінің белгілі бір компоненттері үшін алынған қызмет көрсетулерді тікелей өлшеу мүмкін емес. Сонымен қатар, ұсынылған үлестік құралдардың әділ құнын тікелей өлшемеуге қарамастан, барлық сыйақылар пакетінің әділ құнын тәуелсіз өлшеу мүмкін болмай қалады. Осыған қосымша ретінде акциялар немесе акцияларға опциондар кейде негізгі сыйақының бір бөлігі ретінде емес, сыйлықақы келісімдерінің бір бөлігі ретінде ұсынылады, мысалы, қызметкерлер үшін кәсіпорындағы жұмыстарын жалғастыруына немесе олардың кәсіпорын қызметінің нәтижесін жақсарту бойынша қосқан күштері үшін сыйақы мақсатында ынталандыру. Акцияларды немесе үлестік құралдарға опциондарды басқа сыйақылар түріне қосымша ретінде ұсына отырып, кәсіпорын қосымша пайда алу үшін қосымша сыйақы төлейді. Осы қосымша пайдалардың әділ құнын бағалау қиын болуы мүмкін. Алынған қызмет көрсетулердің әділ құнын тікелей өлшеудің қиындығы салдарынан кәсіпорын қызметкерлерден алынған қызмет көрсетулердің әділ құнын оларға ұсынылған үлестік құралдардың әділ құны негізінде өлшеуі тиіс.

13              Қызметкерлер болып табылмайтын тараптармен операцияларға 10-параграфтың талаптарын қолдану үшін алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құны сенімді түрде бағаланатыны туралы теріске шығаруға болатын жорамал болуы тиіс. Осы әділ құн кәсіпорын тауарларды алған немесе қарсы тарап қызмет көрсеткен күні өлшенуі тиіс. Сирек жағдайларда, егер кәсіпорын осы жорамалды теріске шығарса, себебі алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құнын сенімді түрде бағалай алмаса, ол алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді және меншікті капиталдағы тиісті ұлғаюды ұсынылған үлестік құралдың кәсіпорын тауарларды алған немесе қарсы тарап қызмет көрсеткен күні өлшенген әділ құны негізінде жанама өлшеуі тиіс.

Қызмет көрсетулер алынған мәмілелер

14              Егер ұсынылған үлестік құралдар шұғыл түрде берілсе, онда қарсы тараптан ол осы үлестік құралдарға нақты құқықты алардан бұрын қызмет көрсетудің белгілі бір кезеңін аяқтау талап етілмейді. Кері дәлелдер жоқ болған кезде, кәсіпорын қарсы тараптың үлестік құралдар үшін өтемақы ретінде көрсеткен қызмет туралы жорамал қабылдауы тиіс. Бұл жағдайда үлестік құралдарды ұсыну күні кәсіпорын алынған қызмет көрсетулерді толық тануы тиіс, сондай-ақ меншікті капиталдағы тиісті ұлғаюды тануы тиіс.

15              Егер ұсынылған үлестік құралдарға құқық қарсы тарапқа ол қызмет көрсетудің белгілі бір кезеңін аяқтағанға дейін берілмесе, онда кәсіпорын қарсы тарап осы үлестік құралдар үшін өтемақы ретінде көрсетуі тиіс қызмет көрсету болашақта осы құралдарға құқықтардың өту кезеңі ішінде алынатыны туралы жорамал қабылдауы тиіс. Кәсіпорын осы қызмет көрсетуді оларды қарсы тарап өту кезеңі ішінде көрсетуіне қарай ескеруі және бұл ретте меншікті капиталдағы тиісті ұлғаюды тануы тиіс. Мысалы:

(а)               егер қызметкерге үлестік құралдарға опциондар ол кәсіпорында үш жыл істеуі шартымен ұсынылса, онда кәсіпорын қызметкер үлестік құралдарға опциондар үшін өтемақы ретінде көрсетуі тиіс қызметтердің болашақта үш жылдық өту кезеңі ішінде алынатыны туралы жорамал қабылдауы тиіс;

(b)               егер қызметкерге үлестік құралдарға опциондар қызметтің белгілі бір нәтижесіне жетуі, сондай-ақ қызметкердің кәсіпорындағы қызметін осы қызмет шарты орындалғанға дейін және өту кезеңінің ұзақтығы қызметтің осы талаптарының орындалуына қарай өзгеруі шартымен ұсынылса, онда кәсіпорын қызметкер үлестік құралдарға опциондар үшін өтемақы ретінде көрсетуі тиіс қызметтердің болашақта күтілетін өту кезеңі ішінде алынатыны туралы жорамал қабылдауы тиіс. Кәсіпорын күтілетін өту кезеңінің ұзақтығын ұсыну күні қызмет талаптарын орындаудың неғұрлым ықтимал нәтижесіне негіздей отырып бағалауы тиіс. Егер қызметтің талаптары нарықтық талаптар болып табылса, онда күтілетін өту кезеңінің ұзақтығы ұсынылған опциондардың әділ құнын есептеу кезінде пайдаланылған жорамалдарға сәйкес келуі тиіс және салдарынан қайта қаралмауы тиіс. Егер қызметтің талаптары нарықтық талаптар болып табылмаса, онда кәсіпорын қажеттілігіне қарай, егер кейінгі ақпарат өту кезеңінің ұзақтығының өткен есептерден айырмашылығы болатынын көрсетсе, өзінің күтілетін өту кезеңінің ұзақтығын бағалауды қайта қарауы тиіс.

Ұсынылған үлестік құралдардың әділ құны
негізінде өлшенетін мәмілелер

Ұсынылған үлестік құралдардың әділ құнын айқындау

16              Ұсынылған үлестік құралдардың әділ құны негізінде өлшенетін операциялар үшін кәсіпорын ұсынылған үлестік құралдардың әділ құнын, егер бар болса, нарықтық бағаларға негіздей, осы үлестік құралдар ұсынылған талаптарды ескере отырып, өлшеу күні өлшеуі тиіс (19-22-параграфтардың талаптарына сәйкес).

17              Егер нарықтық бағалар жоқ болса, онда кәсіпорын ұсынылған үлестік құралдардың әділ құнын тәуелсіз, жақсы хабардар, осындай операцияларды жасауға ниетті тараптар арасында операциялар жасау кезінде өлшеу күні осы үлестік құралдардың бағасы қандай болғанын айқындауға арналған бағалау әдістерін пайдалана отырып есептеуі тиіс. Бағалау тәсілі қаржы құралдарының бағасын айқындаудың жалпы қабылданған әдістемесіне сәйкес келуі және жақсы хабардар, осындай операцияларды жасауға ниетті нарық қатысушылары баға белгілеу кезінде қарайтын барлық факторлар мен жорамалдар кіруі тиіс (19-22-параграфтардың талаптарына сәйкес).

18              В қосымшасында акциялардың және үлестік құралдарға опциондардың әділ құнын өлшеу жөніндегі неғұрлым нақты нұсқаулар қамтылған. Осы қосымшада шарттың қызметкерлерге акцияларды немесе үлестік құралдарға опциондарды ұсыну бойынша операциялардың жалпы сипаттамалары болып табылатын белгілі бір талаптары қарастырылады.

Үлестік құралдар беру шарттарын есепке алу

19              Үлестік құралдарды ұсыну белгілі бір үлестік құралдарды беру талаптарын орындауға байланысты. Мысалы, қызметкерлерге акциялар немесе акцияларға опциондар ұсыну әдетте қызметкердің осы кәсіпорында белгілі бір уақыт кезеңі ішінде жұмыс істеуін жалғастыратынына не жалғастырмайтынына байланысты болады. Қызметтің орындалуы тиіс, кәсіпорынның пайданың белгілі бір өсуіне немесе кәсіпорын акциялары бағасының белгілі бір өсуіне жетуі сияқты талаптары болуы мүмкін. Өтудің нарықтық талаптардан өзгеше талаптары акциялардың немесе акцияларға опциондардың өлшеу күні әділ құнын бағалау кезінде назарға алынбауы тиіс. Өтудің осы талабының орнына операция сомасын өлшеуге қорытындысында үлестік құралдарды ұсынғаны үшін өтемақы ретінде алынған тауарларды немесе қызмет көрсетуге қатысты танылған сома нақты өткізілетін үлестік құралдардың санына негізделетіндей етіп енгізілген үлестік құралдар санын түзету арқылы есепке алынуы тиіс. Осылайша, егер өту талаптары орындалмағандықтан ұсынылған үлестік құралдар өткізілмесе (21-параграфтың талаптарына сәйкес), мысалы, егер қарсы тарап көрсетілген кезеңде қызметті көрсетуді аяқтай алмаса немесе қызметтің талабы орындалмаса, онда алынған тауарларға немесе қызмет көрсетуге қатысты ешқандай сомалар жинақтау негізінде танылмайды.

Информация о работе Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер