Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 20:07, автореферат
Осы Стандарттың мақсаты үлестік құралдарға негізделген төлем мәмілесін жүзеге асыратын кәсіпорын үшін қаржы есептілігін жасау тәртібін белгілеу болып табылады. Атап айтқанда, ол кәсіпорыннан қызметкерлерге үлестік құралдарға опциондар ұсынатын операцияларға байланысты шығыстарды қоса алғанда, үлестік құралдарға негізделген төлем операцияларының әсерін пайда немесе залал құрамында және қаржы жағдайында көрсетуді талап етеді.
20 19-параграфтың талаптарын қолдану үшін кәсіпорын, егер кейінгі ақпарат құқықтарының өтуі күтілетін үлестік құралдар санының өткен есептерден өзгеше болатынын көрсетсе, өту кезеңі ішінде алынған тауарларға немесе қызмет көрсетулерге қатысты құқықтарының өтуі күтілетін үлестік құралдардың санын неғұрлым жақсы бағалауға негізделген соманы тануы тиіс және қажеттілігіне қарай осы бағаны қайта қарауы тиіс. Кәсіпорын өту күніне осы бағаны оның түпкілікті қорытындысында құқықтары өткен үлестік құралдардың санына тең болатындай етіп қайта қарауы тиіс. Бұл ретте 21-параграфтың талаптарын ескеру қажет.
21 Нарықтық, мысалы, акциялардың берілген бағасына жету сияқты, өту (немесе орындау мүмкіндігі) қатысты болатын талаптар ұсынылған үлестік құралдардың әділ құнын бағалау кезінде назарға алынуы тиіс. Тиісінше, үлестік құралдарды нарықтық талаптармен ұсыну кезінде кәсіпорын өтудің барлық басқа да талаптарын (мысалы, белгілі бір кезең ішінде жұмысын жалғастыратын қызметкерден алынған қызмет көрсетулер) орындайтын қарсы тараптан алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді нарықтың талаптарын қанағаттандыратынына не қанағаттандырмайтынына қарамастан тануы тиіс.
22 Қайталап алу құқығы бар опциондар үшін, осы сипат өлшеу күні ұсынылған опциондардың әділ құнын бағалау кезінде назарға алынбауы тиіс. Мұның орнына қалпына келтіру опционы, егер қайталап алу опционы кешірек және ол ұсынылған кезде берілсе, опционды жаңадан беру ретінде есепке алынуы тиіс.
Үлестік құралдарды беру күнінен кейін
23 Кәсіпорын 10-22-параграфтарға сәйкес алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді және меншікті капиталдағы тиісті ұлғаюды танығаннан кейін, ол өту күнінен кейін меншікті капиталдың жалпы сомасына әсер ететін кейінгі ешқандай түзетулерді жасамауы тиіс. Мысалы, егер кейіннен қызметкер оған өткен үлестік құралдардан айырылса немесе егер үлестік құралдарға опциондар жағдайында опциондар орындалмаса, кәсіпорын кейіннен қызметкерден алынған қызмет көрсетуге қатысты танылған соманың реверсивтік жазбасын жасамауы тиіс. Дегенмен осы талап кәсіпорынға меншікті капитал ішіндегі қозғалысты, яғни соманың меншікті капиталдың бір компонентінен басқасына өтуін тануға кедергі жасамайды.
24 16-23-параграфтардың талаптары кәсіпорыннан үлестік құралдарға негізделген төлем операциясын ұсынылған үлестік құралдардың әділ құны негізінде өзгертуді талап ететін жағдайда қолданылады. Сирек жағдайларда кәсіпорын өлшеу күні 16-22-параграфтарға сәйкес ұсынылған үлестік құралдардың әділ құнын сенімді түрде бағалай алмайды. Осы сирек жағдайларда ғана кәсіпорын:
(а) үлестік құралдарды олардың ішкі құны бойынша, ең алдымен кәсіпорын тауарларды сатып алған немесе қарсы тарап қызмет көрсеткен күні және одан әрі әрбір есепті күні және түпкілікті есеп айырысу күні өлшеуі тиіс, бұл ретте пайдадағы немесе шығындағы ішкі құнның өзгерісі танылады. Акцияларға опциондар ұсыну үшін үлестік құралдарға негізделген төлемдер туралы келісім бойынша түпкілікті есеп айырысу опциондар орындалған, алынған (мысалы, қызметкер жұмыстан шыққан кезде) немесе күші жойылған (мысалы, опцион мерзімінің соңында) кезде жүргізіледі;
(b) алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді түпкілікті қорытындысында өткізілетін немесе (қайда қолданылса) түпкілікті қорытындысында орындалатын үлестік құралдар саны негізінде тануы тиіс. Осы талаптарды қолдану үшін, мысалы, акцияларға опциондарға кәсіпорын, егер осындай бар болса, өту кезеңі ішінде алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді 14 және 15-параграфтардың талаптарына сәйкес тануы тиіс, бірақ бұл ретте 15(b)-параграфының нарықтық талап туралы талабы қолданылмайды. Өту кезеңі ішінде алынған тауарға немесе қызмет көрсетулерге қатысты танылған сома құқықтарының өтуі күтілетін акцияларға опциондардың санын есептік бағалауға негізделуі тиіс. Кәсіпорын, қажет болған кезде, егер кейінгі ақпарат құқықтарының өтуі күтілетін акцияларға опциондардың саны бұрынғы есептерден өзгеше болатынын көрсететін болса, осы есептік бағалауды қайта қарауы тиіс. Кәсіпорын өту күніне есептік бағалауды оның нақты өткен үлестік құралдардың санына тең болатындай етіп қайта қарауы тиіс. Кәсіпорын өту күнінен кейін, егер акцияларға опциондар кейінірек алынса немесе акцияларға опцион мерзімінің соңында күшін жойса, алынған тауарларға немесе қызмет көрсетулерге қатысты танылған соманың реверсивтік жазбасын жасауы тиіс.
25 Егер кәсіпорын 24-параграфты қолданса, онда 26-29-параграфтарды қолданудың қажеттілігі жоқ, себебі үлестік құралдар ұсынылған талаптардың барлық өзгерісі 24-параграфта жазылған ішкі құн әдісін қолдану кезінде есепке алынады. Дегенмен, егер кәсіпорын 24-параграф қолданылған үлестік құралдарды ұсыну туралы келісім бойынша өтеуді жүргізсе, онда:
(а) егер өтеу өту кезеңі ішінде жүргізілсе, кәсіпорын осы өтеуді өтуді жеделдету ретінде ескеруі тиіс және сондықтан керісінше жағдайда өту кезеңінің қалған мерзімі ішінде алынған қызмет көрсетулерге қатысты танылуы мүмкін соманы жедел тануы тиіс;
(b) өтеу кезінде жүргізілген төлем үлестік құралдарды сатып алу ретінде, яғни төлем сатып алу күні өлшенген үлестік құралдың ішкі құнынан асатын соманы қоспағанда, меншікті капиталдан шегеру ретінде есепке алынуы тиіс. Осындай кез келген асып кету шығыс ретінде танылуы тиіс.
Жоюды және есеп айырысуды қоса алғанда,
үлестік құралдар ұсынылған талаптардың өзгеруі
26 Кәсіпорын үлестік құралдар ұсынылған талаптарды өзгерте алады. Мысалы, ол қызметкерлерге ұсынылған опциондарды орындау бағасын азайта (яғни, өзге бағаны белгілей) алады, бұл осы опциондардың әділ құнын ұлғайтады. 27-29-параграфтардың осындай өзгерістердің ықпал етуін есепке алу жөніндегі талаптары қызметкерлермен жасалған, үлестік құралдарға негізделген төлемдер операцияларының мазмұнында беріледі. Дегенмен осы талаптар қызметкерлер болып табылмайтын тараптармен жасалған, үлестік құралдарға негізделген, ұсынылған үлестік құралдардың әділ құны негізінде өлшенетін төлемдер операцияларына да қолданылуы тиіс. Соңғы жағдайда «ұсынылған күніне» сілтеменің орнына 27-29-параграфтарда кәсіпорын тауарларды алған немесе қарсы тарап қызмет көрсеткен күніне сілтеме қолданылуы тиіс.
27 Кәсіпорын, кем дегенде, алынған, ұсынылған үлестік құралдардың ұсынылған күнгі әділ құны бойынша өлшенген қызмет көрсетулерді, осы үлестік құралдарға құқықтар ұсыну күні анықталған өту талаптарының (нарықтық талап болып табылмайтын) сақтамаудан өтпейтін жағдайларды қоспағанда, тануы тиіс. Осы ереже үлестік құралдар ұсынылған талаптардың өзгерістеріне немесе осы үлестік құралдарды ұсыну туралы осы келісім бойынша жоюға немесе өтеуді қарамастан қолданылады. Сонымен қатар кәсіпорын үлестік құралдарға негізделген төлем туралы келісімнің жалпы әділ құнын көтеретін немесе өзгеше түрде қызметкерге пайдалы өзгерістердің әсерін тануы тиіс. Осы талапты қолдану жөніндегі нұсқау В қосымшасында келтірілген.
28 Егер кәсіпорын өту кезеңі ішінде (ұсыну өту талаптарын орындамау нәтижесінде алу арқылы жойылатын жағдайларды қоспағанда) үлестік құралдарды ұсынуды жойса немесе өтесе:
(а) кәсіпорын жоюды немесе өтеуді өтуді жеделдету ретінде ескеруі тиіс және сондықтан керісінше жағдайда өту кезеңінің қалған мерзімінің ішінде алынған қызмет көрсетулерге қатысты танылуы тиіс соманы жедел тануы тиіс;
(b) ұсынылған үлестік құралдардың сатып алу күні өлшенген әділ құнынан төлем асып кететін соманы қоспағанда, жою немесе ұсынуды өтеу кезінде қызметкерге жүргізілген кез келген төлем меншікті капиталдың үлесін сатып алу ретінде, яғни меншікті капиталдан шегерім ретінде есепке алыну тиіс. Кез келген осындай асып кету шығыс ретінде танылуы тиіс;
(с) егер қызметкерге жаңа үлестік құралдар ұсынылса және осы жаңа үлестік құралдар ұсынылған күні кәсіпорын оларды жойылған үлестік құралдардың орнын ауыстыру ретінде бірегейлендірсе, онда ол 27-параграфқа және В қосымшасындағы нұсқауға сәйкес, орны ауыстырылған үлестік құралдарды ұсынуды үлестік құралдарды ұсыну жөніндегі бастапқы келісімді өзгерту сияқты ескеруі тиіс. Ұсынылған қосымша әділ құн орны ауыстырылған үлестік құралдарды ұсынылған күнгі орны ауыстырылған үлестік құралдардың әділ құны және жойылған үлестік құралдардың әділ құны арасындағы айырма ретінде есептеледі. Жойылған үлестік құралдардың таза әділ құны олардың әділ құны ретінде олар жойылғанға дейін тікелей, үлестік құралдарды жою кезінде қызметкерге жүргізілген төлемнің жоғарыдағы (b) тармағына сәйкес меншікті капиталдан шегерім ретінде есептелген соманы шегере отырып есептеледі. Егер кәсіпорын ұсынылған жаңа үлестік құралдарды жойылған үлестік құралдардың орнын ауыстыру ретінде бірегейлендірмесе, онда ол осы жаңа үлестік құралдарды жаңа ұсынылған үлестік құралдар ретінде ескеруі тиіс.
29 Егер кәсіпорын өткізілген үлестік құралдарды сатып алса, онда қызметкерге жүргізілген төлем сатып алынған үлестік құралдардың сатып алу күні өлшенген әділ құнынан асатын соманы қоспағанда, меншікті капиталдан шегерім ретінде есепке алынуы тиіс. Осындай кез келген асып кету шығыс ретінде танылуы тиіс.
Ақша қаражаттарымен төленетін үлестік құралдар негізіндегі мәмілелер
30 Үлестік құралдарға негізделген, есеп айырысу ақша қаражаттарымен жүргізілетін төлемдер мәмілелер үшін кәсіпорын сатып алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді және міндеттемелердің әділ құны бойынша туындаған міндеттемені өлшеуі тиіс. Міндеттеме өтелмейінше кәсіпорын міндеттемелердің әрбір есепті күнгі, сондай-ақ міндеттемелер бойынша есеп айырысу күнгі әділ құнын кезең ішіндегі пайданың немесе залалдың құрамындағы міндеттеменің әділ құнындағы өзгерісті тани отырып қайта бағалауы тиіс.
31 Мысалы, кәсіпорын қызметкерлерге акциялар құнының олардың сыйақы пакетінің бір бөлігі ретінде өсуіне құқық бере алады, нәтижесінде қызметкерлер болашақта ақша қаражатын (үлестік құралдарды емес) алу құқығын алады, олардың сомасы кәсіпорынның акцияларының бағасының белгілі бір уақыт кезеңі ішінде белгілі бір деңгеймен салыстырғанда ұлғаюы негізінде есептеледі. Кәсіпорын сондай-ақ өзінің қызметкерлеріне оларға болашақта не міндетті түрде (мысалы, жұмыстан шыққан кезде), не қызметкердің таңдауы бойынша өтелетін үлестік құралдарға (акцияларға опциондарды орындау бойынша шығарылатын акцияларды қоса алғанда) құқық беру арқылы ақша төлемін алу құқығын ұсынады.
32 Кәсіпорын алынған қызмет көрсетулерді және міндеттемелерді тануы, оларды қызметкерлердің осы қызметті көрсетуіне қарай төлеуі тиіс. Мысалы, кейбір акциялар құнының өсу құқығы қызметкерлерге бірден өтеді, сондықтан қызметкерлерден ақшалай төлемге құқық алу үшін қызметтің белгілі бір кезеңін аяқтау талап етілмейді. Кері дәлелдер болмаған кезде кәсіпорын қызметкерлер көрсеткен қызметтердің акциялар құнының өсу құнының орнына алынғаны туралы жорамал жасауы тиіс. Тиісінше, кәсіпорын алынған қызмет көрсетулерді және міндеттемені бірден тануы, оларды төлеуі тиіс. Егер акциялар құнының өсуіне құқықтар қызметкерлерге олар қызметтің белгілі бір кезеңін аяқтағанға дейін өтпесе, онда кәсіпорын алынған қызмет көрсетулерді және міндеттемені тануы, оларды қызметкерлер осы кезең ішінде қызмет көрсетуіне қарай төлеуі тиіс.
33 Міндеттеме бастапқы және сол сияқты әрбір есепті күні, ол өтелгенше, акциялар құнының өсу құқықтарының әділ құны бойынша, опциондар бағасын айқындау үлгісін қолдану арқылы, акциялар құнының өсу құқықтары берілген талаптарды және қызметкерлер есепті күнге дейін ұсынған қызмет көрсетулердің көлемін ескере отырып өлшенуі тиіс.
Ақша қаражаттарымен төлеу мүмкіндігі бар үлестік құралдар негізіндегі мәмілелер
34 Үлестік құралдарға негізделген, келісім талаптары не кәсіпорынға не қарсы тарапқа негізінде кәсіпорын ақша құралдарымен (немесе басқа активтермен) не үлестік құралдар шығару арқылы операциялар бойынша есеп айырысуды жүргізетін таңдау ұсынады, кәсіпорын осы операцияны немесе осы операцияның компоненттерін, егер кәсіпорында ақша қаражатымен немесе басқа активтермен өтелетін міндеттеме туындауына қарай, үлестік құралдарға негізделген, есеп айырысу ақша құралдарымен жүргізілетін төлем операциясы ретінде немесе міндеттеменің туындамауына қарай үлестік құралдарға негізделген, есеп айырысу үлестік құралдармен жүргізілетін төлем операциясы ретінде ескеруі тиіс.
Үлестік құралдарға негізделген, келісім талаптары қарсы тарапқа есеп айырысу тәсілін таңдауды ұсынатын төлемдер мәмілелері
35 Егер кәсіпорын қарсы тарапқа үлестік құралдарға негізделген төлемдер мәмілелер бойынша ақша қаражатымен немесе үлестік құралдар шығару арқылы есеп айырысу тәсілін таңдау құқығын ұсынса, онда кәсіпорын борыштық компонент (яғни, қарсы тараптың ақыны ақша қаражатымен төлеуді талап ету құқығы) және үлестік компонент (яғни, қарсы тараптың есеп айырысуды ақша қаражатымен емес, үлестік құралдармен талап ету құқығы) кіретін аралас қаржы құралын ұсынады. Қызметкерлер болып табылмайтын тараптармен алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құны тікелей өлшенетін операциялар үшін, кәсіпорын аралас қаржы құралының үлестік компонентін тауарлар немесе қызмет көрсетулер алынған күнгі алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құны және борыштық компоненттердің әділ құны арасындағы айырма ретінде өлшеуі тиіс.
36 Қызметкерлермен операцияларды қоса алғанда, басқа операциялар үшін кәсіпорын аралас қаржы құралдарының өлшеу күнгі әділ құнын ақша қаражатына немесе үлестік құралдарға құқықтар ұсынылған талаптарды ескере отырып өлшеуі тиіс.
37 36-параграфты қолданған кезде кәсіпорын ең алдымен борыштық компоненттің әділ құнын, ал одан кейін үлестік компоненттің әділ құнын қарсы тараптың үлестік құралды алуы үшін ақша қаражатын алу құқығынан бас тартуын назарға ала отырып өлшеуі тиіс. Аралас қаржы құралының әділ құны екі компоненттің әділ құндарының сомасы болып табылады. Дегенмен үлестік құралдарға негізделген, қарсы тарап өтеу тәсілін таңдайтын төлемдер операциялары әділ құн бір балама өтеу кезінде екінші кездегідей болатындай түрде жиі құрылымдалады. Мысалы, қарсы тараптың үлестік құралдарға опциондарды немесе акциялар құнының ақша қаражатымен өсуі құқығын алуды таңдауы бар. Осындай жағдайларда үлестік компоненттің әділ құны нөлге тең және тиісінше аралас қаржы құралының әділ құны борыштық компоненттің әділ құнына тең. Және керісінше, егер өтеудің әр түрлі тәсілдерінің әділ құндарының айырмашылығы болса, онда үлестік компоненттің әділ құны әдетте нөлден жоғары болады; бұл жағдайда аралас қаржы құралының әділ құны борыштық компоненттің әділ құнынан көп болады.