Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 20:07, автореферат

Описание

Осы Стандарттың мақсаты үлестік құралдарға негізделген төлем мәмілесін жүзеге асыратын кәсіпорын үшін қаржы есептілігін жасау тәртібін белгілеу болып табылады. Атап айтқанда, ол кәсіпорыннан қызметкерлерге үлестік құралдарға опциондар ұсынатын операцияларға байланысты шығыстарды қоса алғанда, үлестік құралдарға негізделген төлем операцияларының әсерін пайда немесе залал құрамында және қаржы жағдайында көрсетуді талап етеді.

Работа состоит из  1 файл

2-халықаралық қаржы есептілігінің стандарты (IFRS) Үлестік құралдар негіздегі төлемдер.doc

— 220.00 Кб (Скачать документ)
y">(d)              қызметкердің ұйымдағы жағдайы. Мысалы, тәжірибе неғұрлым жоғары жағдайдағы қызметкерлердің әдетте неғұрлым төмен лауазымдағы қызметкерлерге қарағанда опциондарды кешірек орындайтынын көрсетеді (осы мәселе В21-параграфта барынша толық талқыланады);

(е)              акциялар негізінде жатқан күтілетін өзгергіштікті. Орташа алғанда қызметкерлер жоғары дәрежедегі өзгергіштігі бар үлестік құралдарға опциондарды неғұрлым төмен өзгергіштігі бар үлестік құралдарға қарағанда орындауға ұмтылады.

В19              В17-параграфта көрсетілгендей, ерте орындалудың ықпалы опционды қолданудың күтілетін мерзімін опционның бағасын белгілеу үлгісін бағалауды пайдалану арқылы ескерілуі мүмкін. Қызметкерлердің тобына ұсынылған акцияларға опциондарды қолданудың күтілетін мерзімін бағалау кезінде кәсіпорын қызметкерлердің опциондарды орындаудың ерекшелігі туралы неғұрлым нақты ақпаратқа (төменде қарастырылады) негіздей отырып, осы бағалауды қызметкерлердің барлық тобы үшін немесе топқа кіретін қызметкерлердің әрбір шағын тобы үшін тиісті түрде есептелген қолданудың орташа алынған күтілетін мерзіміне негіздейді.

В20              Опциондарды ұсыну туралы келісімді салыстырмалы түрде бірдей орындау ерекшеліктері бар қызметкерлер топтарына бөлу маңызды фактор болуы мүмкін. Опционның құны опционды қолдану мерзімінің желілік функциясы болып табылмайды; құн мерзімнің ұлғаюына қарай қарқынның төмендеуімен көтеріледі. Мысалы, басқа да тең жорамалдар кезінде екі жылдық опцион бір жылдық опционға қарағанда көп тұрса, бірақ екі есе емес. Бұл опционның болжанған құнын қатты айырмашылығы бар жекелеген қолдану мерзімі кіретін орташа алынған қолдану мерзімі негізінде ғана есептеу ұсынылған акцияларға опциондардың жалпы әділ құнын көтеретінін білдіреді. Ұсынылған опциондарды әрқайсының қолдану мерзімінің біршама қысқа диапазоны бар, орташа алынған қолдану мерзімінің есебіне кіргізілген бірнеше топқа бөлу осы көтерілуді төмендетеді.

В21              Осындай талқылау екі мүшелі немесе ұқсас үлгіні пайдалану кезінде қолданылады. Мысалы, барлық деңгейдегі қызметкерлерге опциондар ұсынатын кәсіпорынның тәжірибесі жоғары буынның басшылары өздерінің опциондарын орта буын басшыларына қарағанда көбірек ұстайтынын, ал төменгі буынның қызметкерлері өздерінің опциондарын кез келген басқа топқа қарағанда ерте орындайтынын көрсетеді. Сонымен қатар, жұмыс берушілерінің опциондарын қоса алғанда, үлестік құралдарының ең төменгі санын ұстап тұру талап етілетін немесе қолдауға болатын қызметкерлер орташа алғанда опциондарды осы талап қолданылмайтын қызметкерлерге қарағанда кейінірек орындайды. Осы жағдайларда опциондарды орындау ерекшеліктері біршама бірдей алушылардың тобына бөлу ұсынылған үлестік құралдарға опциондардың жалпы әділ құнын неғұрлым нақты бағалауға әкеледі.

Күтілетін өзгергіштік

В22              Күтілетін өзгергіштік күтіліп отырғандай кезең ішінде баға өзгеретін соманың көрсеткіші болып табылады. Опционның бағасын айқындау үлгісінде пайдаланылатын өзгергіштік көрсеткіштері уақыт кезеңі ішінде пайызды үздіксіз қосу формуласы бойынша есептелген акциялардың пайдалылық нормаларының жылдық мәнге келтірілген стандарттық ауытқуы болып табылады. Өзгергіштік әдетте жылдыққа келтірілген, уақыт кезеңіне қарамастан салыстыруға болатын, есептеу кезінде пайдаланылған мәндермен көрсетіледі, мысалы, бағаны күн сайын, апта сайын немесе ай сайын бақылау.

В23              Акция бойынша кезең ішіндегі пайдалылық нормасы (оң немесе теріс болуы мүмкін) акционердің дивидендтен немесе акция бағасының өсуінен (немесе азаюынан) қандай пайда алғанын өлшейді.

В24              Акцияның жылдық мәнімен көрсетілген күтілетін өзгергіштігі жобамен үштен екі жағдайда үздіксіз есептелген пайдалылық нормасының түсуі күтілетін диапазон болып табылады. Мысалы, егер үздіксіз қосылған пайыз формуласы бойынша есептелген, 12% күтілетін пайдалылық нормасы бар акцияның 30% өзгергіштігі бар екені айтылады, бұл акцияның пайдалылық нормасы бір жыл ішінде -18% (12% - 30%) және 42% (12% + 30%) арасында, жобамен үштен екіге тең болу ықтималдылығын білдіреді. Егер акцияның бағасы жыл басында 100 а.б. құраса және дивидендтер төленбесе, онда жылдың соңында акцияның бағасы 83,53 а.б. (100 а.б. х е-0,18) және 152,20 а.б. (100 а.б. х е0,42) арасында жобамен үштен екі ықтималдылықпен болады деп күтуге болады.

В25              Күтілетін өзгергіштікті бағалау кезінде қарау қажет факторларға мыналар кіреді:

(а)              нарықтағы айналыстағы кәсіпорынның акцияларға опциондардың немесе кәсіпорынның, егер бар болса, опциондардың сипаты (айырбасталатын берешек сияқты) кіретін басқа үлестік құралдарының жобаланған өзгергіштігі;

(b)              негізінен опционның күтілетін мерзімімен (опционның шартта көзделген қалған мерзімін және күтілетін мерзімнен бұрын орындаудың ықпалын ескере отырып) салыстырылатын соңғы кезең ішіндегі акциялар бағасының тарихи өзгергіштігі;

(с)              кәсіпорынның акциялары нарықта еркін айналатын уақыт ұзақтығы. Жақында листингтен өткен кәсіпорынның листингтен бұрын өткен осындай кәсіпорындармен салыстырғанда жоғары тарихи өзгергіштігі бар болуы мүмкін. Жақында листингтен өткен кәсіпорындар бойынша бұдан кейінгі нұсқау төменде берілген;

(d)                        өзінің орташа мәніне, яғни ұзақ мерзімді орташа деңгейге қайтып келу өзгергіштігінің үрдісі және күтілетін болашақ өзгергіштіктің өткен өзгергіштіктен айырмашылығы болатынын көрсететін басқа факторлар. Мысалы, егер кәсіпорын акциясының бағасы белгілі бір уақыт кезеңі ішінде болмай қалған жойылудан немесе біршама қайта құрудан өте өзгергіш болса, онда осы кезең тарихи орташа жылдық өзгергіштікті есептеу кезінде назарға алынбайды;

(e) бағаларды бақылауға арналған тиісті және жүйелі аралықтар. Бағаны бақылау кезеңнен кезеңге дейін келісілуі тиіс. Мысалы, кәсіпорын әрбір аптаның жабу бағасын немесе аптаның ең жоғары бағасын пайдаланады, бірақ бір аптаның жабу бағасын және басқа аптаның ең жоғары бағасын пайдаланбауы тиіс. Сонымен қатар бағаны бақылау нәтижелері орындау бағасының валютасымен көрсетілуі тиіс.

Листингті алғаш алған ұйымдар

В26              В25-параграфта айтылғандай, кәсіпорын акция бағасының тарихи өзгергіштігін негізінен опционның күтілетін мерзімімен өлшемдес ең соңғы кезең ішінде қарауы тиіс. Егер листингтен жақында өткен кәсіпорынның тарихи өзгергіштік туралы жеткілікті ақпараты болмаса, онда ол кем дегенде оның акцияларымен сауда-саттық өткен ең ұзақ кезеңнің тарихи өзгергіштігін есептеуі тиіс. Кәсіпорын сондай-ақ осындай кәсіпорындардың тарихи өзгергіштігін олардың қолдану мерзімінің салыстырмалы кезеңін пайдалана отырып қарайды. Мысалы, тек бір жыл бұрын ғана листингтен өткен және 5 жыл орташа күтілетін қолдану мерзімі бар опциондарды ұсынатын кәсіпорын сол сала кәсіпорындарының осы кәсіпорындардың акциялары ашық нарықта айналған алғашқы алты жылдағы схемасын және тарихи өзгергіштік деңгейін қарайды.

Листингтен өтпеген кәсіпорындар

В27              Листингтен өтпеген кәсіпорында күтілетін өзгергіштікті бағалау кезінде қарау үшін қажетті тарихи ақпарат жоқ. Оның орнына қарау үшін қажетті кейбір факторлар төменде берілген.

В28              Кейбір жағдайларда листингтен өтпеген, қызметкерлер (немесе басқа тараптар) үшін жүйелі түрде опциондар немесе акциялар шығаратын кәсіпорын өз акциялары үшін ішкі нарықты белгілей алады. Күтілетін өзгергіштікті бағалау кезінде акциялардың осы бағаларының өзгергіштігі назарға алынады.

В29              Балама ретінде кәсіпорын листингтен өткен, олар бойынша акциялардың бағасы немесе күтілетін өзгергіштік бағалау кезінде пайдалануға болатын опцион бағасы туралы ақпарат бар осындай кәсіпорындардың тарихи немесе болжанған өзгергіштігін қарайды. Бұл қадам, егер кәсіпорын өз акцияларының құнын бағалауды листингтен өткен осындай кәсіпорындар акцияларының бағысына негіздесе, дұрыс болады.

В30              Егер кәсіпорын өзінің акцияларының құнын бағалауды листингтен өткен осындай кәсіпорындар акцияларының бағаларына негіздемесе, ал оның орнына өз акцияларын бағалаудың басқа әдісін пайдаланса, онда ол күтілетін өзгергіштіктің осы бағалау әдісіне сәйкес келетін бағалауды алады. Мысалы, кәсіпорын өз акцияларын таза активтердің немесе пайданың мәндері негізінде бағалай алады. Ол таза активтердің немесе пайданың осы мәндерінің күтілетін өзгергіштігін назарға алады.

Күтілетін дивидендтер

В31              Күтілетін дивидендтерді ұсынылған акциялардың немесе опциондардың әділ құнын өлшеу кезінде назарға алуға болатыны не болмайтыны туралы мәселе қарсы тараптың дивидендтерге немесе дивидендтердің баламасына құқығы бар не жоқ екендігіне қатысты болады.

В32              Мысалы, егер қызметкерлерге опциондар ұсынылса және олардың негізінде жатқан акциялар бойынша дивидендтерге немесе дивидендтердің баламасына ұсыну күні және орындау күні арасындағы кезең ішінде олардың құқығы бар болса, онда ұсынылған опциондар олардың негізінде жатқан дивидендтер төленбегендей бағалануы тиіс, яғни күтілетін дивидендтер жөніндегі бастапқы ақпарат нөлге тең болады.

В33              Тиісінше ұсыну күні қызметкерлерге ұсынылған акциялардың әділ құны есептелсе, онда, егер қызметкердің өту кезеңі ішінде төленетін дивидендтерді алуға құқығы болса, күтілетін дивидендтерге ешқандай түзету талап етілмейді.

В34              Және керісінше, егер қызметкердің өту кезеңі ішінде (немесе опциондар жағдайында орындау күніне дейін) дивидендтерге немесе дивидендтер баламасына құқықтары жоқ болса, онда акцияларды немесе опциондарды ұсыну күнгі бағалауда күтілетін дивидендтер ескерілуі тиіс. Басқаша айтқанда, ұсынылған опциондардың әділ құны бағаланған кезде, күтілетін дивидендтер опционның бағасын айқындау үлгісін қолдану кезінде ескерілуі тиіс. Ұсынылған акциялардың әділ құны бағаланған кезде, осы бағалау өту кезеңі ішінде төленуі күтілетін дивидендтердің келтірілген құнына азайтылуы тиіс.

В35              Опциондардың бағаларын айқындау үлгілері үшін әдетте дивидендтер бойынша күтілетін кірістілік туралы ақпарат талап етіледі. Дегенмен үлгілер кірістілікті емес, дивидендтердің күтілетін сомасын пайдаланатындай өзгеруі мүмкін. Кәсіпорын не күтілетін кірістілікті, не күтілетін төлемдерді пайдаланады. Егер кәсіпорын кірістілікті пайдаланса, онда ол өзінің дивидендтердің тарихи қалыптасқан өсу схемасын ескеруі тиіс. Мысалы, егер дивидендтердің шамамен жылына 3 пайыз ұлғаюы әдетте кәсіпорынның саясаты болып табылса, онда опционның күтілетін құнында осы жорамалды қолдайтын куәлік бар болған жағдайларды қоспағанда, опционның қолдану мерзімі ішінде дивидендтің белгіленген сомасын көздемеуі тиіс.

В36              Әдетте күтілетін дивидендтер туралы жорамал жалпы рұқсат етілген ақпаратқа негізделуі тиіс. Дивидендтер төлемеген және оларды төлеуді жоспарламаған кәсіпорын дивидендтер бойынша нөлге тең кірістілікті қабылдауы тиіс. Дегенмен, дивидендтерді төлеу тарихы жоқ жаңа кәсіпорын қызметкерлерге ұсынылған акцияларға опциондардың күтілетін қолдану мерзімі ішінде дивидендтер төлеуді бастауды жоспарлай алады. Осы кәсіпорындар олардың дивидендтер бойынша өткен кірістілігінің (нөл) және олармен салыстырылатын кәсіпорындардың дивидендтері бойынша кірістіліктің орташа мәні арасындағы орташа мәнді пайдалана алады.

Тәуекелсіз пайыздық ставка

В37              Әдетте, тәуекелсіз пайыздық ставка нөлдік купоны бар, елде орындау бағасы көрсетілген валютамен шығарылған, өтелгенге дейін бағаланатын опционның күтілетін мерзіміне тең қалған мерзімі бар (шартта көзделген, опционды қолданудың қалған мерзімі негізінде және күтілетін мерзімінен бұрын орындаудың ықпалын назарға ала отырып) мемлекеттік облигациялар бойынша ағымдағы кірістілік болып табылады. Егер осындай мемлекеттік облигациялар болмаса немесе жағдай нөлдік купоны бар мемлекеттік облигациялар бойынша болжанған кірістіліктің тәуекелсіз пайыздық ставканы ашпайтынын көрсетсе (мысалы, жоғары инфляциясы бар экономикаларда), балама ставкаларды пайдалану қажет болады. Сонымен қатар қолдану мерзімі бағаланатын опционның күтілетін қолдану мерзіміне тең болатын опционның әділ құнын бағалау кезінде балама ставкалар, егер нарықтың қатысушылары әдетте тәуекелсіз пайыздық ставканы, нөлге тең купоны бар мемлекеттік облигациялар бойынша болжанған кірістілікті емес, осы балама ставкаларды пайдалану арқылы белгілеген жағдайда пайдалануы тиіс.

Капиталдың құрылымына ықпал ету

В38              Әдетте, нарықта айналыстағы акцияларға опциондарды кәсіпорын емес, үшінші тұлғалар шығарады. Осы опциондар орындалған кезде сатушы акцияларды опционның иесіне жеткізеді. Бұл акциялар акционерлерден сатып алынады. Осылайша, нарықта айналыстағы акцияларға опциондардың орындалуының ажырату әсері жоқ.

В39              Және керісінше, егер акцияларға опциондарды кәсіпорын шығарса, онда осы акцияларға опциондарды орындау кезінде жаңа акциялар шығарылады (нақты шығарылады не, егер бұрын сатып алынған және акционерден сатып алынған өзінің акциялары ретінде ұсталатын акциялар пайдаланылса, мәні бойынша шығарылады). Акциялардың орындалу күнгі ағымдағы нарықтық бағасы бойынша емес, орындалу бағасы бойынша шығарылатынын ескере отырып, осы нақты немесе әлуетті ажырату акцияның бағасын азайта алады, сондықтан опционның иесі нарықта осындай айналыстағы, акцияның бағасын ажыратпайтын басқа опционды орындау сияқты орындаудан соншалықты көп емес пайда алады.

В40              Осы фактордың акцияларға опциондардың құнына едәуір әсері бар немесе жоқ екені туралы мәселе опциондарды орындау кезінде шығарылған акциялардың санымен шығарылатын жаңа акциялардың санын салыстыру сияқты көптеген факторларға қатысты болады. Сонымен қатар, егер нарық опциондарды ұсынудың болатынын күтіп отырса, онда ұсыну күні ол акциялардың бағасына әлуетті ажыратуды кіргізуі мүмкін.

В41              Дегенмен кәсіпорын ұсынылған акцияларға опциондардың болашақ орындалуынан ажыратудың ықтимал әсері ұсыну күні олардың бағалау әділ құнына әсер ететінін не етпейтінін қарауы тиіс. Опционның бағасын айқындау үлгілері ажыратудың осы әлуетті әсері назарға алатындай бейімделуі мүмкін.

Информация о работе Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер