Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 20:07, автореферат

Описание

Осы Стандарттың мақсаты үлестік құралдарға негізделген төлем мәмілесін жүзеге асыратын кәсіпорын үшін қаржы есептілігін жасау тәртібін белгілеу болып табылады. Атап айтқанда, ол кәсіпорыннан қызметкерлерге үлестік құралдарға опциондар ұсынатын операцияларға байланысты шығыстарды қоса алғанда, үлестік құралдарға негізделген төлем операцияларының әсерін пайда немесе залал құрамында және қаржы жағдайында көрсетуді талап етеді.

Работа состоит из  1 файл

2-халықаралық қаржы есептілігінің стандарты (IFRS) Үлестік құралдар негіздегі төлемдер.doc

— 220.00 Кб (Скачать документ)

__________
*35-43-параграфтарда ақша қаражаттарына барлық сілтемелер кәсіпорынның басқа да активтерін қамтиды.

 

38              Кәсіпорын алынған немесе сатып алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді аралас қаржы құралының әрбір компонентіне қатысты бөлек есепке алуы тиіс. Борыштық компонент үшін кәсіпорын қарсы тарап үлестік құралдарға негізделген, есеп айырысу ақша қаражатымен жүргізілетін операцияларға қолданылатын талаптарға сәйкес (30-33-параграфтар) тауарларды жеткізген немесе қызметтерді көрсеткен кезде сатып алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді және осы тауарлар немесе қызмет көрсетулер үшін ақы төлеу міндеттемесін тануы тиіс. Үлестік компонент үшін (егер осындай бар болса) кәсіпорын алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді және меншікті капиталдағы ұлғаюды қарсы тарап үлестік құралдарға негізделген, есеп айырысу үлестік құралдармен жүргізілетін операцияларға қолданылатын талаптарға сәйкес (10-29-параграфтар) тауарларды жеткізген немесе қызметтерді көрсеткен кезде тануы тиіс.

39              Кәсіпорын өтеу күні міндеттемені оның әділ құны бойынша қайта бағалауы тиіс. Егер есеп айырысу кезінде кәсіпорын үлестік құралдар шығарса, ақша құралдарымен төлемесе, онда міндеттеме шығарылған үлестік құралдар үшін өтем ретінде меншікті капиталға тікелей аударылуы тиіс.

40              Егер өтеу кезінде кәсіпорын үлестік құралдар шығармай ақша қаражаттарымен төлесе, онда бұл төлем міндеттемені толық өтеуі тиіс. Бұрын танылған үлестік компонент меншікті капиталдың құрамында қалуы тиіс. Өтеу ретінде ақша қаражатын алуды таңдай отырып, қарсы тарап үлестік құралдарды алу құқығынан бас тартты. Дегенмен осы талап кәсіпорынға меншікті капитал құрамындағы қозғалысты, яғни меншікті капиталдың бір компонентінен басқасына аударуды тануға кедергі жасамайды.

Үлестік құралдарға негізделген, келісім талаптары кәсіпорынға есеп айырысу тәсілін таңдауды ұсынатын төлемдер мәмілелері

41              Үлестік құралдарға негізделген, келісім талаптары кәсіпорынға есеп айырысуды ақша қаражатымен немесе үлестік құралдар шығару арқылы жүргізуді таңдауды ұсынатын төлемдер мәмілелері үшін кәсіпорын тиісті түрде оның есеп айырысуды ақша қаражатымен жүргізу міндеттемесінің бар екендігін айқындауы және үлестік құралдарға негізделген төлем операциясын ескеруі тиіс. Кәсіпорында, егер есеп айырысуды үлестік құралдармен таңдаудың коммерциялық мазмұны болмаса (мысалы, егер кәсіпорынға акциялар шығаруға заңды түрде тыйым салынса) немесе кәсіпорынның ақша қаражатымен есеп айырысу тәжірибесі немесе белгіленген саясаты болса, немесе әдеттегідей, егер қарсы тарап өтініш білдіріп есеп айырысуды ақша қаражатымен жүргізсе, есеп айырысуды ақша қаражатымен жүргізу міндеттемесі бар.

42              Егер кәсіпорынның есеп айырысуды ақша қаражатымен жүргізу міндеттемесі болса, онда ол операцияны үлестік құралдарға негізделген, есеп айырысу ақша қаражатымен жүргізілетін төлемдер операцияларына қолданылатын 30-33-параграфтардың талаптарына сәйкес есепке алуы тиіс.

43              Егер кәсіпорында осындай міндеттеме болмаса, онда ол операцияны үлестік құралдарға негізделген, есеп айырысу ақша үлестік құралдармен жүргізілетін төлемдер операцияларына қолданылатын 10-29-параграфтардың талаптарына сәйкес есепке алуы тиіс:

(а)              егер кәсіпорын ақша қаражатымен есеп айырысуды таңдаса, онда ақшалай төлем меншікті капиталдың үлесін сатып алу ретінде, яғни төмендегі (с) тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, меншікті капиталдан шегерім ретінде ескерілуі тиіс;

(b)               егер кәсіпорын үлестік құралдар шығару арқылы есеп айырысуды таңдаса, онда төмендегі (с) тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, одан кейінгі есепке алу талап етілмейді (егер қажет болса, меншікті капиталдың бір компонентінен басқасына аударудан басқа);

(с)               егер кәсіпорын есеп айырысу күні неғұрлым жоғары әділ құнмен есеп айырысу тәсілін таңдаса, онда ол қосымша өткізілген құн сомасындағы қосымша шығысты, яғни осы ережелердің қайсысы қолданылатынына қарай төленген ақша қаражаты және керісінше жағдайда шығарылуы мүмкін үлестік құралдардың әділ құны арасындағы айырманы немесе шығарылған үлестік құралдардың әділ құны және керісінше жағдайда төленуі мүмкін ақша қаражаты сомасы арасындағы айырманы тануы тиіс.

АҚПАРАТТЫ АШУ

44              Кәсіпорын қаржылық есептіліктің пайдаланушыларына үлестік құралдарға негізделген, кезең ішінде болған төлемдер туралы келісімнің сипаты және мөлшерін түсінуге мүмкіндік беретін ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.

45              44-параграфта жазылған принципті жүзеге асыру үшін кәсіпорын тым болмағанда мынадай ақпаратты ашып көрсетуі тиіс:

(а)              әрбір келісімнің өту талаптары, ұсынылған опциондардың ең жоғары мерзімі және есеп айырысу әдісі (мысалы, ақша қаражатымен немесе үлестік құралдармен) сияқты жалпы талаптарын қоса алғанда, үлестік құралдарға негізделген, кезең ішінде кез келген уақытта болған төлемдер туралы келісімдердің әрбір түрінің сипатын. Біршама дәрежеде үлестік құралдарға негізделген келісімдердің ұқсас түрлері бар кәсіпорын олар туралы ақпаратты, егер 44-параграфтағы принципті қанағаттандыру үшін ғана әрбір келісім бойынша бөлек ашып көрсету талап етілмесе, біріктіреді;

(b)              опциондардың мынадай топтарының әрқайсысы үшін акцияларға опциондардың санын және орындалуының орташа алынған бағасын:

(i)      кезеңнің басында орындалмаған;

(ii)    кезең ішінде ұсынылған;

(iii)  кезең ішінде алынған;

(iv)  кезең ішінде орындалған;

(v)     мерзімі кезең ішінде аяқталған;

(vi)  кезең соңында орындалмаған; және

(vii) кезең соңында әлі де орындалуы мүмкін;

(с)              кезең ішінде орындалған акцияларға опциондар үшін орындау күніне акциялардың орташа алынған бағасын. Егер опциондар кезең ішінде жүйелі түрде орындалса, кәсіпорын мұның орнына акциялардың кезең ішіндегі орташа алынған бағасын ашып көрсетеді;

(d)              кезең соңында орындалмаған акцияларға опциондар үшін орындау бағаларының диапазоны және шартты қолданудың қалған мерзімдерінің орташа алынған мәнін. Егер орындау бағаларының диапозоны ауқымды болса, онда орындалмаған опциондар шығарылуы мүмкін қосымша акциялардың және осы опциондарды орындау кезінде алынуы мүмкін ақша қаражатының санын және уақыт бойынша бөлуді бағалау үшін көрсетілетін диапазондарға бөлінуі тиіс.

46              Кәсіпорын қаржылық есептіліктің пайдаланушыларына алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің құны немесе кезең ішінде ұсынылған үлестік құралдардың әділ құны қалай белгіленгенін түсінуге мүмкіндік беретін ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.

47              Егер кәсіпорын кәсіпорынның үлестік құралдары үшін өтем ретінде алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құнын ұсынылған үлестік құралдардың әділ құны негізінде жанама өлшесе, онда 46-параграфта көрсетілген принципті жүзеге асыру үшін кәсіпорын кем дегенде мыналарды ашып көрсетуі тиіс:

(а)              кезең ішінде ұсынылған акцияларға опциондар үшін осы опциондардың өлшеу күніндегі орташа алынған бағасын және мыналарды қоса отырып, осы әділ құн қалай өлшенгені туралы ақпаратты:

(і)              опционның бағасын айқындаудың пайдаланылған үлгісін және акциялардың орташа алынған бағасын, орындалу бағасын, күтілетін өзгергіштікті, опциондардың мерзімін, күтілетін дивидендтерді, пайыздың тәуекелсіз ставкасын қоса отырып, осы үлгіге арналған бастапқы ақпаратты, сондай-ақ пайдаланылған әдісті және күтілетін мерзімнен тыс орындаудың әсер етуін есепке алу үшін қабылданған жорамалды қоса отырып, үлгіге арналған басқа бастапқы ақпаратты;

(іі)              күтілетін өзгергіштік тарихи өзгергіштікке қаншалықты негізделгендігін түсіндіруді қоса отырып күтілетін өзгергіштіктің қалай анықталғандығы туралы ақпаратты;

(ііі)              опциондарды ұсынудың басқа талаптарының, мысалы, нарықтық талаптар сияқты, болғаны не болмағаны, әділ құнды өлшеу кезінде ескерілгені және қандай түрде ескерілгені туралы ақпаратты;

(b)              кезең ішінде ұсынылған басқа үлестік құралдар үшін (яғни, акцияларға опциондардан басқа) осы үлестік құралдардың өлшеу күнгі санын және орташа алынған бағасын және мыналарды қоса отырып, осы әділ құн қалай өлшенгені туралы ақпаратты:

(і)              егер әділ құн бақыланып отырған нарықтық баға негізінде өлшенбесе, онда ол қалай анықталғаны туралы ақпаратты;

(іі)              күтіліп отырған дивидендтер әділ құнды өлшеу кезінде ескергені не ескерілмегені және қандай түрде ескерілгені туралы ақпаратты;

(ііі)              ұсынылған үлестік құралдардың басқа сипаттарының әділ құнды өлшеу кезінде ескерілгені не ескерілмегені және қандай түрде ескерілгені туралы ақпаратты;

(с)              кезең ішінде өзгерген, үлестік құралдарға негізделген төлемдер туралы келісімдер үшін:

(і)              осы өзгерістердің түсіндірмесі;

(іі)              ұсынылған қосымша әділ құнның көлемін (осы өзгерістердің нәтижесінде);

(ііі)              ұсынылған қосымша әділ құн, егер қолданылса, жоғарыдағы (а) және (b) тармақтарында берілген талаптарға сәйкес қалай өлшенгені туралы ақпаратты.

48              Егер кәсіпорын кезең ішінде алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құнын тікелей өлшесе, онда ол осы әділ құн қалай анықталғаны, мысалы, ол осы тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің нарықтық бағасы бойынша өзгергені не өзгермегені туралы ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.

49              Егер кәсіпорын 13-параграфта көрсетілген жорамалды теріске шығарса, онда ол осы фактіні ашып көрсетуі және осы жорамалдың ненің негізінде теріске шығарылғанын түсіндіруі тиіс.

50              Кәсіпорын қаржылық есептіліктің пайдаланушыларына үлестік құралдарға негізделген төлемдер операцияларының кәсіпорынның кезең ішіндегі пайдасына немесе залалына және оның қаржылық жағдайына әсерін түсінуге мүмкіндік беретін ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.

51              50-параграфта көрсетілген принципті жүзеге асыру үшін кәсіпорын кем дегенде мынадай ақпаратты ашып көрсетуі тиіс:

(а)              шығыстың жалпы сомасының үлестік құралдарға негізделген, есеп айырысу үлестік құралдармен жүргізілетін төлемдер операцияларының нәтижесінде танылған бөлігіндегі жеке ашып көрсетуді қоса алғанда, кезең ішінде танылған, үлестік құралдарға негізделген, алынған тауарлар немесе қызмет көрсетулер активтер ретінде тану критерийлеріне сай келмеген және сондықтан бірден шығыс ретінде танылған төлемдер операцияларының нәтижесінде туындаған шығыстың жалпы сомасын;

(b)              үлестік құралдарға негізделген төлемдер операциялары нәтижесінде туындаған міндеттемелер үшін:

(і)              кезең соңындағы жалпы баланстық құнды;

(іі)              қарсы тараптың ақша қаражатына құқығы немесе басқа активтері кезең соңында өткізілген (мысалы, акциялар құнының өсуіне арналған, өткізілген құқық) кезең соңындағы міндеттемелердің жалпы ішкі құны.

52              Егер осы Стандартты ашып көрсетуді талап ететін ақпарат 44, 46 және 50-параграфтардың принциптерін қанағаттандырмаса, онда кәсіпорын оларды қанағаттандыру үшін қажетті осындай қосымша ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.

ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

53              Үлестік құралдарға негізделген, есеп айырысу үлестік құралдармен жүргізілетін төлемдер операциялары үшін кәсіпорын осы Стандарт акцияларды, акцияларға опциондарды немесе 2002 жылғы 7 қарашадан кейін ұсынылған, оларға құқықтар осы Стандарт күшіне енген күні әлі өтпеген басқа үлестік құралдарды ұсынуға қолдануы тиіс.

54              Егер кәсіпорын осы үлестік құралдардың өлшеу күні белгіленген әділ құнын жария түрде ашып көрсетсе, кәсіпорыннан осы Стандарт ұсынылған басқа үлестік құралдарға қолдану талап етілмейді, дегенмен құптауға болады.

55              Осы Стандарт қолданылатын үлестік құралдар бойынша барлық операциялар үшін кәсіпорын салыстырмалы ақпаратты қайта санауы және қолданылатын жерде бөлінбеген пайданың бастапқы сальдосын ұсынылған кезеңдердің ең біріншісі үшін түзетуі тиіс.

56              Осы Стандарт қолданылмаған үлестік құралдарды (мысалы, 2002 жылғы 7 қарашада немесе бұрын ұсынылған үлестік құралдар) ұсыну бойынша барлық операциялар үшін кәсіпорын сонымен қатар 44 және 45-параграфтарда талап етілетін ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.

57              Осы Стандарт күшіне енгізілгеннен кейін кәсіпорын осы Стандарт қолданылмаған үлестік құралдарды ұсыну жөніндегі келісімдердің талаптарын өзгертеді, онда кәсіпорын сонымен қатар осындай өзгерістерді есепке алу үшін 26-29-параграфтарды қолдануы тиіс.

58               Осы Стандарт күшіне енген күні қолда бар үлестік құралдарға негізделген төлемдер операцияларының нәтижесінде туындаған міндеттемелер үшін кәсіпорын Стандарт ретроспективті түрде қолдануы тиіс. Осы міндеттемелер үшін кәсіпорын кәсіпорыннан салыстырмалы ақпаратты осы ақпарат кезеңге немесе 2002 жылғы 7 қарашадағы күнге жататын дәрежеде қайта санауды талап етілмейтін жағдайды қоспағанда, салыстырмалы ақпарат қайта саналған ұсынылған кезеңдердің ең біріншісінде бөлінбеген пайданың бастапқы сальдосын түзетуді қоса алғанда салыстырмалы ақпаратты қайта санауы тиіс.

Информация о работе Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер