Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 20:07, автореферат
Осы Стандарттың мақсаты үлестік құралдарға негізделген төлем мәмілесін жүзеге асыратын кәсіпорын үшін қаржы есептілігін жасау тәртібін белгілеу болып табылады. Атап айтқанда, ол кәсіпорыннан қызметкерлерге үлестік құралдарға опциондар ұсынатын операцияларға байланысты шығыстарды қоса алғанда, үлестік құралдарға негізделген төлем операцияларының әсерін пайда немесе залал құрамында және қаржы жағдайында көрсетуді талап етеді.
Үлестік құралдарға негізделген, есеп айырысу үлестік
құралдармен жүргізілетін төлемдер
туралы келісімдерді өзгерту
В42 27-параграф үлестік құралдар, осы үлестік құралдарды ұсынуды жою немесе өтеу ұсынылған талаптардың кез келген өзгерістеріне қарамастан, кәсіпорын кем дегенде ұсынылған үлестік құралдардың ұсыну күнгі әділ бағасы бойынша өлшенген, алынған қызметтерді, осы үлестік құралдардың өту талаптары (нарықтық емес талаптарды қоспағанда) ұсыну күні белгіленген сақтамаудан өтпеген жағдайды қоспағанда, тануы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорын үлестік құралдарға негізделген төлемдер туралы келісімнің жалпы әділ құнынан аспайтын немесе өзгеше түрде қызметкерге пайдалы өзгерістердің ықпалын тануы тиіс.
В43 27-параграфтың талаптарын қолдану үшін:
(а) егер өзгеріс ұсынылған үлестік құралдың тікелей және өзгеріске дейін өлшенген әділ құнын ұлғайтса (мысалы, орындау бағасын азайта отырып), онда кәсіпорын ұсынылған қосымша әділ құнды ұсынылған үлестік құралдар үшін өтем ретінде алынған қызмет көрсетулерге қатысты танылған соманы өлшеудің әділ құнына кіргізуі тиіс. Ұсынылған қосымша әділ құн өлшенген үлестік құралдың әділ құны және бастапқы үлестік құралдың әділ құны арасындағы, олардың әрқайсысы өзгеру күні бағаланады, айырма болып табылады. Егер өзгеріс өту кезеңі ішінде болса, онда ұсынылған қосымша әділ құн өлшеу күнінен бастап құқық өзгерген үлестік құралдарға өткен күнге дейінгі кезең ішінде алынған қызмет көрсетулерге қатысты танылған соманы өлшеуге, бастапқы үлестік құралдардың ұсыну күнгі, өтудің бастапқы кезеңінің қалған мерзімі ішінде танылатын әділ құнына негізделген сомаға қосымша ретінде енгізіледі. Егер өзгеріс өту кезеңінен кейін болса, онда ұсынылған қосымша әділ құн, егер қызметкерден қызметтің қосымша кезеңін аяқтау ол осы өзгерген үлестік құралдарға нақты құқықты алғанға дейін талап етілсе, жедел немесе өту кезеңі ішінде танылады;
(b) осылайша, егер өзгеріс ұсынылған үлестік құралдардың санын ұлғайтса, онда кәсіпорын ұсынылған үлестік құралдардың өзгеру күні өлшенген әділ құнын жоғарыдағы (а) тармағына сәйкес ұсынылған үлестік құралдар үшін өтем ретінде алынған қызмет көрсетулерге қатысты танылған соманы өлшеуге кіргізуі тиіс. Мысалы, егер өзгеріс өту кезеңі ішінде болса, онда ұсынылған үлестік құралдардың әділ құны өлшеу күнінен бастап құқық үлестік құралдар бойынша өткен күнге дейінгі кезең ішінде алынған қызмет көрсетулерге қатысты танылған соманы өлшеуге, бастапқы үлестік құралдардың ұсыну күнгі, өтудің бастапқы кезеңінің қалған мерзімі ішінде танылатын әділ құнына негізделген сомаға қосымша ретінде енгізіледі;
(с) егер кәсіпорын өту талаптарын қызметкерге қолайлы етіп, мысалы, өту кезеңін азайта немесе ауыстыра немесе қызметтің талабын алып тастай (өзгерісі жоғарыдағы (а) тармағына сәйкес ескерілетін нарықтық талапты қоспағанда) отырып өзгертсе, онда кәсіпорын 19-21-параграфтардың талаптарын қолдану кезінде өзгерген өту талаптарын назарға алуы тиіс.
В44 Егер кәсіпорын ұсынылған үлестік құралдардың талаптарын үлестік құралдарға негізделген төлемдер туралы келісімнің жалпы әділ құнын азайтатын түрде немесе қызметкерге пайдалы болатындай етіп өзгертсе, онда кәсіпорын, кем дегенде, ұсынылған үлестік құралдар үшін өтем ретінде алынған қызмет көрсетулерді өзгеріс (28-параграфқа сәйкес ескерілуі тиіс ұсынылған үлестік құралдардың кейбіреуін немесе барлығын жоюды қоспағанда) болмағандай ескеруді жалғастыруы тиіс. Мысалы:
(а) егер өзгеріс ұсынылған үлестік құралдардың өзгеріске дейін және кейін өлшенген әділ құнын азайтса, онда кәсіпорын әділ құнның осы азаюын ескеруі тиіс емес және үлестік құралдар үшін өтем ретінде алынған қызмет көрсетулерге қатысты танылған соманы ұсынылған үлестік құралдардың ұсыну күнгі әділ құны ретінде өлшеуді жалғастыруы тиіс;
(b) егер өзгеріс қызметкерге ұсынылған үлестік құралдардың санын азайтса, онда осы азаю 28-параграфтың талаптарына сәйкес ұсыну туралы келісімнің осы бөлігін жою ретінде ескерілуі тиіс;
(с) егер кәсіпорын өту талаптарын қызметкерге пайдалы болмайтындай, мысалы, өту кезеңін ұлғайта немесе қызметтің қосымша талабын (өзгерісі жоғарыдағы (а) тармағына сәйкес ескерілетін нарықтық талапты қоспағанда) ауыстыра немесе кіргізе отырып өзгертсе, онда кәсіпорын 19-21-параграфтардың талаптарын қолдану кезінде өзгерген өту талаптарын назарға алуы тиіс емес.
___________
Қазақстанда мемлекеттік тілдегі ХҚЕС-ын тарату құқығы ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорымен жасалған шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиесілі. ХҚЕС-на авторлық құқық ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорына тиесілі.
[*] Осы Стандартта «бойынша» деген емес «негізінде» деген сөз қолданылады, себебі операция түпкілікті нәтижесінде 11 немесе 13-параграфтарда (қайсысы қолданылатынына қарай) көрсетілген күні өлшенген ұсынылған үлестік құралдардың әділ құнын 19-параграфта түсіндірілгендей өтетін үлестік құралдардың санына көбейту арқылы өлшенеді.
[((] Осы Стандарттың қалған бөліктерінде қызметкерлерге жасалған барлық сілтемелерге, сондай-ақ осындай қызметтерді көрсететін басқа тұлғалар кіреді.
[*] Осы Қосымшада ақша сомалары «ақша бірліктерімен» (а.б.) көрсетілген.
[((] ХҚЕСК Тұжырымдамасы міндеттемені кәсіпорынның өткен оқиғалардан туындаған, өтеуі кәсіпорындардан экономикалық пайдалар бар ресурстардың кетуіне (яғни, кәсіпорынның ақша қаражатының немесе басқа активтерінің кетуі) күтілетін міндеті ретіндегі міндеттемелерді айқындайды.