Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2012 в 21:13, курсовая работа
. Осының негізінде курстық жұмыстың негізгі міндеттері:
- лизинг ұғымының түсінігін айқындау;
- лизингтің даму тарихын, зерттелу үрдісі мен түрлерін сипаттау;
- әлемдік және Қазақстандағы лизингтік операциялардың ерекшеліктерін көрсету;
- Қазақстандағы лизингтік операциялардың дамуы мен болашағына зер салу.
Кіріспе .......................................................................................2
Негізгі бөлім
1.Лизингтің пайда болуы..........................................................4
1.1.Лизингтің экономикалық мәні...........................................4
1.2. Лизингтің түрлері...............................................................5
2. Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары ......14
2.1. Коммерциялық банк лизингтік оперцияларын талдау..14
2.2.Дамыған елдердегі лизингтік операциялар.....................16
3. Лизингтің Қазақстандағы даму жолдары мен болашағы..................................................................................22
Қорытынды.............................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ......................................30
Мазмұны
Кіріспе ..............................
Негізгі бөлім
1.Лизингтің
пайда болуы.........................
1.1.Лизингтің
экономикалық мәні..........................
1.2. Лизингтің
түрлері.......................
2. Коммерциялық
банктердің лизингтік
2.1. Коммерциялық банк лизингтік оперцияларын талдау..14
2.2.Дамыған
елдердегі лизингтік операциялар...................
3. Лизингтің
Қазақстандағы даму жолдары
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі ..............................
Кіріспе
Ғылыми-техникалық прогрестің әсерімен өндірістің қайта ұйымдастырылуы, шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының түбірімен өзгеруі еліміз үшін материалдық-техникалық базаны жаңартудың және әртүрлі меншік нысанындағы субъектілердің негізгі құрал-жабдықтарын жетілдіру үшін дәстүрлі емес әдістерді іздестіру және ендіру қажет болып отыр. Осындай әдістердің бірі лизинг. Кәсіпкерлік саласындағы лизингтік бизнестің орны ең алдымен лизингтің объектісіне орай айқындалады.
Лизингтің
инвестицияның басқа
Мемлекеттің қаржы жүйесінің негізгі буыны халық шаруашылығы салалары кәсіпорындарының қаржылары болып табылады. Міне, осы буында нақты түрлі экономикалық қатынастар жүргізіледі.
Қазақстан нарықтық қатынастарға еселеніп отырған дағдарыс кезеңінде өткен. Бұл дағдарыс өндірістің құлдырауы мен сауда-экономикалық қатынастарының жаппай бұзылуының, бағалардың қарқынды өсуі мен инфляцияның өрши түсуінің салдарынан инвестициялық белсенділік күрт төмендеді.
Қазақстан экономикасы дамуының өзекті мәселелерінің бірі экономиканың базалық және басым салдарындағы негізгі құралдардың физикалық және моральді тозуы болды. Бұл мәселені шешуде біздің ойымызша лизингтің, инвестициялаудың ерекше түрі ретінде, маңызы өте жоғары.
Лизингті
жіктеудің принциптері мен
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев Ұлттық экономиканы көтерудің басым шараларының бірі ретінде инвестицияларды пайдалануды атады. Бұл орайда экономиканы құрылымды өзгертуде және көп жылдық дағдарыстан шығуда лизинг алдыңғы қатарлы және тиімді қаржыландыру түріне айналды. Сондықтан да лизингтің табиғатын, пайда болу тарихын, шетелдік және отандық тәжірибелерді, елімізде даму келешегін талдаудың маңызы зор. Осыған орай курстық жұмыстың тақырыбын таңдауға біріншіден, Қазақстан Республикасында лизинг нарығы әлі де толығымен қалыптасып, игерілмеуі; екіншіден, лизинг арқылы экономиканы инвестициялау бірден-бір дұрыс жол деп есептейтінім негіз болып тақырыптың өзектілігін дәлелдейді.
Зерттеудің
негізгі мақсаты лизингтің
Осы курстық жұмысында лизингтің пайда болуы, табиғаты және түрлеріне; Қазақстанның лизинг арқылы инвестициялар тарту тәжірибесіне; республикамыздағы лизингтің нарықтың қалыптасуы мен дамуындағы қолдаушы және кедергі келтіруші факторларға талдау жүргізілді.
Курстық
жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан,
қорытынды мен пайдаланған
1.Лизингтің
пайда болуы
1.1.Лизингтің экономикалық мәні
Лизинг сөзі «to lease» ағылшын етістігінен аударғанда «жалға беру» дегенді білдіреді. Лизингтің жалға беруден айырмашылығы – жалға беруде екі жақ қатысса, яғни жалға беруші және жалға алушы болса, ал лизингте үш қатысушы: яғни лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.
Лизинг – бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ұйымдастыру техникаларын өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдаланкға беруін қарастыратын жалға беру шарты.
Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден бір айырмашылығы келісім-шартта келісілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.
Тарихта лизингке ұқсас операцияның б.э. 2000 жылдай бұрын ертедегі Вавильонда жасалғаны белгілі болғанымен, шетелдік зерттеушілер лизинг операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы «Белл Телефон Компани» деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына жалға бергендігін айта кетеді. «Юнайтед Стейтс лизинг корп.» атты алғашқы лизингтік компания 1952 жылы Сан-Францискода (АҚШ) құрылған. Еуропада 1962 жылы «Дойче лизинг ГМбХ» деген бірінші лизингтік компания Дюссельдорфа (Германия) пайда болыпты. 1972 жылдан бері еуропа лизинг нарығы дамып келеді.
Лизинг операция банк құрылымының іскерлік ортамен өндірісті қаржыландыру бойынша ынтымақтастық құруына және өзара әрекеттесуіне өз ықпалын тигізетіндіктен бүгінгі қазақстандық экономикаға қажетті операция болып табылады.
Лизингілік мәміленің мәні. Әлемдік іс-тәжірибеде «лизинг» термині ұзақ пайдалануға жарайтын тауарларды жалдауға негізделген әр түрлі мәмлелерді белгілеуде пайдаланылады. Жалдау келісім-шартты бекітілген мерзімге қарай жалгерлік операцияның үш түрі бөліп көрсетіледі:
Өзінің
заңды формасында лизингілік мәміле
инвестициялық құндылықтарды
Лизингілік
операцияны дәл анықтаудың іс-тәжірибеде
маңызы жоғары, өйткені оны ресімдеудің
заңмен белгіленген ережесі сақталмайтын
болса, ол лизингілік мәміле ретінде танылмайды.
Бұл операция қатысушылары үшін бірқатар
жағымсыз қаржылық салдарды тудырады.
1.2.
Лизингтің түрлері
Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.
1. Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.
2. Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.
Лизинг түрлері және лизингтік операцияларды жіктеу шетелдік және отандық теория мен іс-тәжірибеде маңызды мәнге ие. Лизинг түрлері оның белгілеріне қарай бөлініп көрсетіледі. Жіктелуіне қарай:
-Таза, яғни мұнда мүлікке қызмет көрсетуге жұмсалған шығындардың барлығын лизинг алушы өзіне алады;
-Толық, мұнда мүлікке қызмет көрсетуге жұмсалған шығындардың барлығын лизинг беруші өзіне алады;
-Бөлшектеп (чистичный), мұнда мүлікке
қызмет көрсетуге жұмсалған шығындардың
бір бөлігі ғана лизинг берушіге тиеді.
-Жедел, яғни мұнда мүлікті жалға бір-ақ рет беру орын алады;
-Қайта бастау, яғни мұнда лизингтік
келісім-шарттың бірінші мерзімі аяқталған
соң келесі кезеңге ұзартылатын жағдай
орын алады. Ол үшін белгілі-бір уақыттан
соң лизинг объектілері лизинг алушының
талабы бойынша жаңа түрлерге өзгереді.
Құрал-жабдықтарды өзгерткге жұмсалған
барлық шығындарды лизинг алушы өз мойнына
алады. Қайта бастау лизингі бойынша лизинг
объектілерінің саны және оларды пайдалану
мерзімдері екі жақпен алдын-ала келісілмейді.
-Тікелей лизинг, мұнда мүліктің меншік иесі (жеткізуші) лизингке объектіні дербес береді (екі жақты келісім-шарт). Негізінен бұл келісім-шартқа лизингтік компания қатыспайтындықтан классикалық лизингтік келісім-шарт деп атауға болмайды;
-Жанама лизинг, яғни мұнда мүлік делдал арқылы беріледі. Бұл жағдайда келісім-шартқа жабдықтаушы, лизинг беруші және лизинг алушы қатысатындықтан классикалық лизингтік операция деп атауға болады
-Бөлінген лизинг, бұл лизинг күрделі,
ірі масштабтағы обьектілерді қаржыландыру
тәсілі ретінде болады. Мұндай лизинг
жабдықтаушылардың, лизинг берушілердің
және банктерден несиелік қаражаттарды
тартатын, сонымен қатар лизингтік мүшелерді
сақтандыратын бірнеше компаниялардың
қатысуымен топтық немесе акционерлік
деп аталынады. Бұл лизинг түріне көп арналық
қаржыландырулар қатысатындықтан күрделі
болып саналынады.
-Жылжымалы лизинг (құрал-жабдық, техника, автомобильдер, самолеттер және тағы басқа);
-Жылжымайтын
лизинг (ғимараттар, сооружения).