Лизинг

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2012 в 21:13, курсовая работа

Описание

. Осының негізінде курстық жұмыстың негізгі міндеттері:
- лизинг ұғымының түсінігін айқындау;
- лизингтің даму тарихын, зерттелу үрдісі мен түрлерін сипаттау;
- әлемдік және Қазақстандағы лизингтік операциялардың ерекшеліктерін көрсету;
- Қазақстандағы лизингтік операциялардың дамуы мен болашағына зер салу.

Содержание

Кіріспе .......................................................................................2

Негізгі бөлім
1.Лизингтің пайда болуы..........................................................4
1.1.Лизингтің экономикалық мәні...........................................4
1.2. Лизингтің түрлері...............................................................5
2. Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары ......14
2.1. Коммерциялық банк лизингтік оперцияларын талдау..14
2.2.Дамыған елдердегі лизингтік операциялар.....................16
3. Лизингтің Қазақстандағы даму жолдары мен болашағы..................................................................................22
Қорытынды.............................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ......................................30

Работа состоит из  1 файл

лизинг курсовой.doc

— 241.50 Кб (Скачать документ)

                - Несие берушінің көзқарасымен  қарағанда, несиенің мақсатты  пайдалануына ешқандай да қадағалау болмайды.

             -  жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарлануынан (әсіресе инфляциядан) ештеңе ұтпайды;

            -   ұйымдастырудың күрделілігі;

            -  лизинг құны несиеге қарағанда  жоғары, бірақ та ескерген құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің басында болатынын ұмытпау қажет, сондықтан да ол осындай шығынның  орнын толтыру үшін комиссияны көбірек алуға тырысады.

  Лизингтік контракт. Лизинг – бұл ұйымдастырылуы біршама күрделі операция. Көптеген мәмлелерде кемінде үш контракті жасалады: 1) лизинг беруші мен лизинг алушы арасында; 2) лизинг беруші мен жабдықтаушы арасында; 3) лизинг алушы мен банк арасында.

      Әдетте, мәмілеге келу алдында клиентті толық  қаржылық талдаудан өткізеді. Лизингте ең маңыздысы, бұл контрактінің соңында құрал-жабдықтың белгілі бір қалдық құнының қалуы. Ол үшін құрал-жабдықтың қалдық құнының сақтандыру жүйесі болуға тиіс. Лизингті алушы өзінің қаражаты есебінен лизинг затын әр түрлі тәуекел жағдайлардан (өрттен, ұрлықтан және т. б.) сақтандырады және лизинг берушіге сақтандыру полисінің куәландырылған көшірмесін береді.

      Іс  жүзінде кез келген лизингтік  контракт мынадай элементтерді қамтуға  тиіс:

  1. Объектісі.
  2. Жабдықтау мерзімі.
  3. Лизингке алу мерзімі.
  4. Лизингке берушінің меншікті құқы.
  5. Тәуекелдер, жауапкершілік, техникалық кепілхат.
  6. Құрал-жабдықты пайдалану.
  7. Күту, жөндеу және жаңарту.
  8. Зиян, қолайсыз жағдайлар.
  9. Сақтандыру.
  10. Лизингтік төлемдер, комиссиялар.
  11. Төлемді кешіктіргені үшін пеня.
  12. Сатып алу мүмкіндігі.
  13. Келісімшартты бұзу шарты.
  14. Құрал-жабдықты қайтару.
  15. Салықтар, баждар.
  16. Жаңа міндеттемелердің пайда болуы.
  17. Тараптардың қосымша құқықтары.
  18. Даулар мен арбитраждарды қалыпқа келтіру.
  19. Кешіктіру шарты (контракт кепілдеме алуына байланысты күшіне мінеді және т. б.)
  20. Қажетті ақпаратты беру міндеттемесі (мысалы, баланс).
  21. Тараптардың қолдары.
  22. Тараптардың орналасқан жері.
  23. Қосымша (материалдардың және т. б. сипаты).
  24. Қалдық құнын кепілдеу.
  25. Банктердің кепілдемесі.

      Қазақстандағы лизинг өзінің алғашқы қадамдарын 1989 жылдан бастады. Еліміздегі лизинг мынадай жолдармен қалыптасқан:

  1. аймақтық көтерме-делдалдық фирмалардың және «Қазконтракт» корпорациялардың жүргізілуіндегі жалға беруге байланысты кәсіпорындар және жұмыс істеп тұрған орындар және агроөнеркәсіп кешеніндегі облыстық және аудандық жабдықтау кәсіпорындары;
  2. екінші деңгейдегі банктердің лизингтік операциялары;
  3. жаңадан құрылған арнайы лизингтік фирмалар;
  4. лизингтік халықаралық формалар – экспорттық, импорттық және басқа да шетелдік фирмалармен бірлескен кәсіпорындар және республика аумағындағы шетелдік лизингтік компаниялардың дамуы.

      Келесі  қадамы ретінде лизинг қызметіне  байланысты қабылданған заңдар, айталық: «Қаржы лизингі туралы» ҚР заңының  (5. 07. 2000) ұзақ мерзімді лизингтің дамуына ықпал еткендігін айтуға болады.

      Лизинг  берушілерге лизингтік төлемдердің қайтатындығына кепілдеме беру, лизинг жобаларына қатысушылар арасында тәуекелді беру арқылы әр түрлі кепіл заттарын, айталық, өтімділігі жоғары бағалы қағаздарын беру және сақтандыру жолымен, кей жағдайларда мемлекеттің кепілдемесімен жүзеге асыруға тиіс.

      Қаржы лизингі үлкен күрделі қаржы  жұмсалымын талап ететіндіктен де, оларды банктермен ынтымақтаса отырып жүзеге асырады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2. Коммерциялық банктердің  лизингтік операциялары 

2.1. Коммерциялық банк  лизингтік оперцияларын талдау

      Қазақстан банктері игере бастаған несиелік қатынастардың  жаңа формаларының біріне лизинг жатады. Бұл операция әлемдік іс-тәжірибеде кеңінен тараған.

      Лизинг  феномені 80-жылдардың басында жай  ұзақ мерзімді жалгерлік (аренда) ретінде  емес кепілдік пен несиелік қаржыландырудың, борыштық міндеттеме бойынша есеп айырысудың және басқа да қаржылық тетіктердің элементтері кездесетін, жалгерлік қатынастың ықпалындағы келешегі зор қаржыландырудың жаңа, дәстүрлі емес, қосымша жүйесі ретінде анықталды.

      Лизингілік  операция банк құрылымының іскерлік ортамен өндірістік қаржыландыру бойынша ынтымақтастық құруына және өзара әрекеттесуіне өз ықпалын тигізгендіктен бүгінгі қазақстандық экономикаға қажетті операция болып табылады.

      Лизингілік  бизнес кәсіпкерлік қызметінің айрықша саласы. Оны өзінің мүмкіндігіне қарай қолданатын болса, ол өндірісті техникалық жағынан қайта жарақтандырудың, қазақстандық экономиканы құрылымдық тұрғыдан қайта құрудың, нарықты сапасы жоғары тауарлармен қамтамасыз етудің аса қуатты импульсіне айналуы мүмкін.

      Оны шаруашылық іс-тәжірибесінде қолданудың нәтижесінде қол жеткізуге болатын  лизингілік мәмленің тиімділігі мыналарда: лизинг алған кәсіпорын өзінің қаржылық жағдайын жақсартады, инвестициялық  процесті жандандырады, шағын және орта бизнестің бәсекеге жарамдылығын арттырады.

      Қаржылық  лизинг – банк лизингке алушының тапсырысы бойынша сатып алған жабдықты немесе техниканы клиентке жалға беру, ал жал мерзімі аяқталған кезде сол мүлікке меншік құқығы да клиентке беріледі.

- лизинг  өндіріс құралдары қоры нарықтың заманымызға лайық талаптарына сәйкес ұстауға мүмкіндік береді, ал бұл сіздің бәсекелестік қабілеттеріңізді артты түседі.

- лизинг  лизингке алушының таза табысын  сақтай отырып және оның тиімділігін  кемітпей, негізгі құралдарын көбейтуге мүмкіндік береді.

- лизинг  негізгі борыш сомасын өтеу  жөнінен лизингке алушыға белгілі  бір кезеңге жеңілдік жасайды.  Бұл орйда ерекше айта кететін  мәселе – Қазақстан нарығындағы  лизинг мерзімдері ақшалай несие  алу мерзімдерінен әлдеқайда  жоғары.

- лизинг шарты бойынша лизингке алушы барлық төлемдерді құрал-жабдықтың өзіндік құнына жатқыза алады.

      Лизнгтік  келісімшарттың мерзімі біткенде лизинг алушының мыналарға мүмкіндігі бар  болады:

  • ең қолайлы шартпен келісімшарттың мерзімін ұзартуға;
  • лизинг берушіге құрал-жабдықты қайтаруға;
  • нақты нарықтық құны бойынша сатуға келісім берсе (опцион) лизинг берушіден құрал-жабдықты сатып алуға. Келісімшартты бекіту барысында лизингтің контрактінің аяқталу сәтінде мәмленің қалған нарықтық құнын алдын ала дәл анықтау мүмкін емес, сондықтан да лизингтік форма құрал-жабдық нарығының конъюктурасын жақсы білуі керек.

      Лизинг  алушы мүлікті иеленумен байланысты, мысалы, оның сапа жағынан тозуымен, өндірілген өнімге деген сұраныстың өзгеруіне қарай пайдалылықтың  кемуімен, құрал-жабдықтың сынуымен, құрал-жабдықтың бос тұрып қалуы және жөндеуден өтуі салдарынан туындайтын тікелей және жанама өнімсіз шығынның тартуымен байланысты қатерлерден оперативті лизингтің көмегімен қашып құтылуға ұмтылады. Сол себепті де лизинг алушы оперативті лизингті мына жағдайларда қолайлы деп санайды:

  • жалға алынған мүліктің пайдалануынан түсетін ұйғарымды табыс оның бастапқы бағасын өтей алмайды;
  • құрал-жабдық аз ғана мерзімге қажет (маусымдық жұмыстар немесе бір жолғы пайдалану);
  • құрал-жабдық арнайы техникалық қызмет көрсетуді қажет етеді;
  • мәмленің объектісі ретінде жаңа, тексерілмеген құрал-жабдық алға шығады.

      Оперативті  лизингтің осы айтылған ерекшеліктері  оның ауыл шаруашылығы, кен өндіру өнеркәсібі, құрылыс салу, ақпаратты электрондық  өңдеуден өткізу секілді салаларда қолдануын белгілеп берді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.2.Дамыған  елдердегі лизингтік  операциялар 

      Leaseurope еуропа лизинг компаниялары ассоциациясының деректері бойынша, қауымдастыққа мүше 25 елдің лизингтік операцияларының жалпы көлемі 1994 жылы 85,3 млрд. ЭКЮ болған. Бұл жыл соңғы жылдардағы құлдырау кезеңдеріне қарағанда өрлеу, лизингтік қызметтің жандану кезеңінің басы болды.

      1994 жылы Еуропа Одағының 12 елінің  өнеркәсіптік өндірісі 5,2%-ке өсті. Сондықтан экономикалық белсенділіктің артуы сол сәтінде-ақ лизингтік операциялардың 7 процентке өсуіне әсер етті.

      Leaseurope мүше елдердің лизингтік операцияларының басым бөлігін жылжымалы мүліктермен операциялар құрайды. Алайда соңғы 9 жылдағы статистика жылжымайтын мүлікпен лизингтік операциялардың үлесі жыл өткен сайын қарқыны өсіп келе жатқанын көрсетеді. Бір қызығы, бұл үрдіс экономика көтерілген кезде де, сол сияқты құлдырау кезінде де сақталған. Дегенмен жекелеген елдердің лизингтік операцияларының көлемі әр түрлі. Сондай-ақ лизингтік қызмет туралы заңның болуы мен болмауы арасындағы байланыстың лизингтік операциялардың көлеміне әсер етуі жөнінде бір байлам жоқ. Мысалы, Германияда лизингтік қызмет арнайы заңмен реттеледі, ал жалпы инвестиция көлеміндегі лизингтің үлесі орташа деңгейде – 1994 жылы 15,8% болды. Жалпы Германия Еуропа мемлекеттерінің арасында лизингтік операциялар көлемі жөнінен көшбасшы болып табылады. Ал лизингтікке арналған заңдары бар Франция мен Португалияда лизингтік операциялардың көлемі айтарлықтау емес.

      Жалпы ұлттық инвестициялардағы лизингтің үлес салмағы бойынша екі негізгі ел – Ирландия (46%) және Англия (35,8%) көшбасшы болуда. Бұл ретте Англиядағы лизингтік операциялардың номиналдық сомасы немістердікінен қалыса қоймайды (18,853 млрд. ЭКЮ). Ирландияда бұл көрсеткіш аз – 1,05 млрд. ЭКЮ. Үшінші топқа Шығыс елдерін жатқызуға болады. Оларда бір таңқаларлығы лизингтік операциялар енді енді дамып келеді. Абсолютті көлемі мен үлес салмағы төмен, бірақ өсу үрдісі байқалады. Бұлардың қатарына Чехия қосылмайды. Былтыр олврдың лизингтік операцияларының жалпы көлемі 817 млн. еуроға жетті. Бұл Норвегия мен Германиядан анағұрлым көп.

      а) АҚШ-та лизинг ХХ ғасырдың 50-жылдарында пайда болған. АҚШ-тың үлесіне лизинг бойынша жеткілілетін тауар айналымының жартысына жуығы келеді. 1986 жылы АҚШ-қа лизинг бойынша 85 млрд. долларға жабдық жеткізілді (елдегі жабдыққа инвестицияның 28%).

      АҚШ-та лизигтің жылдам дамуының бір себебі салық жеңілдіктері болып табылады: жеделдетілген  амортизация және инвестициялық салық жеңілдігі (жаңа инвестиция құнының 10%-не дейін салық сомасы шегерілді). Мысалы, жабдық сатып алу бойынша шығыстар – 100 000 доллар, инвестициялық жеңілдік – 10%, 100 000 доллар салық сомасы шегеріледі. Бірақ салықтық жеңілдіктер алу құқығы шарт АҚШ-тың Қаржы министрлігінің Ішкі кірістер басқармасының жалдау үшін белгілеген ережелеріне сәйкес келгенде ғана ұсынылды. Ол ережелер мынадай:

  • лизингтің ұзақтығы 30 жылдан кем болмауы керек;
  • лизинг мүлікті нарықтық бағадан мүлдем төмен бағаға сатып алу мүмкіндігін көздемеуі тиіс;
  • лизинг бастапқыда көбірек, кейіннен азырақ болатын төлем графигін көздемеуі керек. Бұл лизингтің салықтан жалтару құралы ретінде пайдалануының дәлелі болады;
  • лизинг жалға берушіні қалыпты нарықтық деңгейдегі табыспен қамтамасыз етуі тиіс;
  • лизингті ұзарту мүмкіндігі жабдықтың қалыпты нарықтық құнын ескеруі тиіс.

      1994 жылға дейін фирмалар оның  құнын өз баланстарында көрсетпей-ақ  жабдықты жалға алатын еді,  яғни баланстан тыс есепке  алды. Сондықтан да фирмалар елеулі  қарызы болса да өсіп бара  жатқан берешек сомасын көрсетпестен тағы да жабдық ала беретін. Осылайша нақты борыш инвесторлар мен сарапшылардан жасырын қалатын. 1976 жылы Қаржылық есепке алуды стандарттау басқармасы № 13 қайлы шығарды. Онда бірқатар қаржылық мәмілелерді мүлік сатып алу және өзіне қаржылық міндеттеме қабылдау ретінде есепке алуға мәжбүрлеген. Бұл қаулының мақсаты «шынайы лизингті» және лизинг арқылы сатып алуды шектеу болды. Қаулыда мынадай пункттер келтірілді:

- мәміле  соңында еншік құқығы жалдаушыға  өтеді;

- лизингтік  мәміле жабдықты мәміле соңында нарықтық бағадан төмен бағаға сатып алуға мүмкіндік береді;

- мәміле  мерзімі пайдалы қызмет ету  мерзімінен көп немесе 75%-не тең;

- лизингтік  төлемдердің ағымдағы құны (сақтандыруға, басқаруға, салыққа төлеместен) жабдықтың  қалыпты нарықтық бағасынан артық немесе 90%-не тең.

Информация о работе Лизинг