Лизинг

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2012 в 21:13, курсовая работа

Описание

. Осының негізінде курстық жұмыстың негізгі міндеттері:
- лизинг ұғымының түсінігін айқындау;
- лизингтің даму тарихын, зерттелу үрдісі мен түрлерін сипаттау;
- әлемдік және Қазақстандағы лизингтік операциялардың ерекшеліктерін көрсету;
- Қазақстандағы лизингтік операциялардың дамуы мен болашағына зер салу.

Содержание

Кіріспе .......................................................................................2

Негізгі бөлім
1.Лизингтің пайда болуы..........................................................4
1.1.Лизингтің экономикалық мәні...........................................4
1.2. Лизингтің түрлері...............................................................5
2. Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары ......14
2.1. Коммерциялық банк лизингтік оперцияларын талдау..14
2.2.Дамыған елдердегі лизингтік операциялар.....................16
3. Лизингтің Қазақстандағы даму жолдары мен болашағы..................................................................................22
Қорытынды.............................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ......................................30

Работа состоит из  1 файл

лизинг курсовой.doc

— 241.50 Кб (Скачать документ)
="center">Қорытынды 

      Лизинг  еліміздің экономикасының маңызды  тетігі ретінде қалыптасып келе жатыр. Инвестиция тартуда ел экономикасын көтеруде, ел экономикасын өмірге қажетті салаларына капитал әкелуде, шағын бизнеске нақты қолдау көрсетуде коммерциялық банктер мен лизингтік фирмаларға ұзақ және орта мерзімділік табыс әкелуде көптеген рөл атқарды деген болжаулар бар. Сонымен жоғарыдағыларға қарап лизингтің Қазақстанда дамуына көптеген мүмкіндіктер бар.

      Лизингтің дамуының әлемдік тәжірибесін зерттеу, оның теориялық негіздерін, сондай-ақ, Қазақстандағы лизингтік бизнестің даму жай-күйін, проблемалары мен перспективаларын қарастыру мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді:

  1. Экономикалық және заң әдебиеттерінде лизинг ұғымына бірдей түсінік берілмейді. Қазіргі кезде оның жүзден астам анықтамасы бар. Оның мәні мен пайда болуы туралы да болжамдар көп. Сол сияқты лизинг ұғымын түсіндіру тұжырымдамалары әрбір елде әр түрлі. Сондықтан да Қазақстанда да осы құбылыстың өзіндік түсінігі ұсынылғаны жөн. Бұл ел экономикасы алдында тұрған ерекшеліктер мен иіндеттерді ескергені абзал.
  2. Лизингтің жекелеген түрлеріне қойылатын талаптарға келгенде батыстық стандартты талдамай көшіріп ала салуға болмайды. Оны ел ерекшелігіне орайластырған жөн.
  3. Жалпы Қазақстандағы лизинг бизнесінің дамуын шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады:

  I кезең (1989-1992 ж. ж.). Республикамыздағы лизингтік бизнесінің туындауы. Бұл кезеңде бірінші рет елімізде лизингтік компаниялар құрылды. Лизингтік фирмалар мен кейбір коммерциялық банктер лизингтік операцияларды жеке түрде және аздаған көлемдерде жүзеге асырды.

      II кезең (1992-1994 ж. ж.). Ішкі нарықтағы жұмыссыз экономикалық жағдайларға байланысты лизингтік бизнестің үдеуінің төмендеуі.

      III кезең (1995-1997 ж. ж.). Елде лизингтік бизнестің қайта бас көтеріп, қалыптасуға бет алу, мемлекеттің лизингтік бизнеске қолдау көрсету кезеңі.

      IV кезең (1998-2005 ж. ж.). Лизингтік бизнестің дамып, қалыптасып, өрлеу кезеңі. Осы кезеңде көптеген лизингтік компаниялар жұмыс істеп, нормативтік құқықтық база жасалды.

      Осының  негізінде Қазақстанда лизингті ұйымдастырудың төрт негізгі бағыты шығады:

  • мемлекеттік лизинг немесе толықтай мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылатын лизинг;
  • коммуналдық (муниципалдық) лизинг немесе жергілікті бюджеттен қаржылыландырылатын лизинг;
  • коммерциялық лизинг, мұны толықтай коммерциялық банктер мен лизингтік компаниялар өз қаражаты және заем қаражаты есебінен жүзеге асырады;
  • аралас лизинг немесе мемлекет пен коммерциялық құрылымдардың үлестік қатысуы арқылы жүзеге асырылатын лизинг. Мұндайда мемлекеттік және жергілікті органдар – Үкімет, министрліктер мен ведомствалар, әкімшіліктер кепіл ретінде әрекет етеді немесе лизингтік мәмленің белгілі бір бөлігін бюджеттен қаржыландырады.

      Қорытынды лизингті несиеге арзан айырбас  еместігін айта кетуге болады.

      Біздің  көзқарасымыз бойынша, лизингтік бизнесті дамытуда кешенді бағдарлама жетіспеуге болады деуге болады. Оның құрамында келесідей элементтер болуы мүмкін:

  • Құрамында мамандарды дайындайтын, көрсетілетін қызметтерді жариялайтын ақпарат болатын лизингтік нарықтың инфрақұрылымын дамыту;
  • Лизингтік келісімшартты несиелеуде банктермен кең көлемде жеңілдіктер берілсе (3 жылдан жоғары).
  • Кепіл жүйесін дамыту.
  • Қазіргі кезде қолға алынған мәселелермен қоса (халықаралық лизнгтік келісімшарттарда валюталық бақылаудың болмауы) лизинг шегіндегі шетел инвестиция тартуды қадағалау.

      Осындай бағдарлама коммерциялық банктердің қысқа  мерзімді тәуекелі жоғары операциялармен қызмет істегенше, ұзақ мерзімді экономикагы қаржыландырудан тұрақты пайда алуға итермелейтін болар еді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

  1. Қазақстан Республикасының «Қаржы лизингі  туралы» Заңы. //Егемен Қазақстан 12/VII-2000
  2. Закон Республики Казахстан «Об иностранных инвестициях» от 28 декабря 1994 года (с изменениями)
  3. Программа развития лизинга в РК на 2006-2007 годы
  4. Абраимов Р. Развитие финансового лизинга в РК: реальность и перспективы //Аль-Пари 2006 г. № 4-5
  5. Айманова Л., Оралбаева Ж. Қаржылық лизинг және экономиканың нақты секторы //Аль-Пари 2006 г. № 4
  6. Комаров В. Реальная помощь реальному сектору //Развитие лизинговых отношений //Риск 1999 г. № 2-3
  7. Лизинг: Эффективные возможности инвестирования и реструктуризации производства //Бизнес 2006 г. № 3-4
  8. Сагадиев К. Лизинг в Казахстане: проблемы и перспективы развития. Азия-ЭЖ //1998 г. № 13
  9. Менсен Т., Цыганов А. Страхование лизинговых сделок в сфере малого бизнеса //Финансы 2005 г. № 13
  10. Сайденов А. «Операция лизинг» //газета «Казахстанская правда» № 209-210 от 28.09.2006 г. Стр. 6
  11. Национальное статистическое агенство РК http://WWW.kazstat.asdc.kz
  12. Национальный банк РК http://WWW.nationalbank.kz
  13. Тлеужанов Е., Киреева К. Лизинг – форма инвестиционного финансирования //Аль-Пари 2005 г. №4
  14. Газман В. Д. «Лизинг: теория, практика, коментарии» 1997 г.

Информация о работе Лизинг